«Үздік іс-тәжірибе алаңы» атты аудандық Қббп арасындағы шеберлік сыныптар байқауы



жүктеу 0,93 Mb.
Дата15.09.2022
өлшемі0,93 Mb.
#39272
Шеберлік сынып Кажгалиева С

«Үздік іс-тәжірибе алаңы» атты аудандық ҚББП арасындағы шеберлік сыныптар байқауы

Кажгалиева Салтанат Оразовна- Мерген жалпы орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогы

«Жас актер» үйірме жетекшісі

2021 жыл 23 қараша


Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Балалар шығармашылығы орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Мерген ЖОББ мектебінің қосымша білім беру педагогы С.О.Кажгалиева



Сахна тілі бойынша шеберлік сынып

Кіріспе

Кіріспе

  • Тіл – халық өмірінің айнасы, әр халықтың әдебиеті арқылы жүйелі қалыпқа түскен, әлеуметтік қызметі әр алуан қатынас құралы. Сондықтан да, тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Өйткені ол әрбір адамға ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің, ұлттың мақтанышы, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра.
  • Сөйлей білу - эстетикалық тәрбиенің бір саласы. Айтатын ойыңның мағынасын бөліп-жармай жеткізе білу, әр сөзді анық айту, дыбысты меңгерту мәдениеттіліктің белгісі.
  • Сахна тілі – тілді өз мәнінде қолданып тіл техникасымен жұмыс жасауға ,сөзді дұрыс сөйлеуге, тілді, ерінді, дауысты, тынысты дұрыс қолдана білуге үйретеді.

Таңғы гимнастика жасау. Тыныс алу процесіндегі қатысты бұлшық еттерге өзіндік массаж жасау. Гигиеналық өзіндік сылап-сипау немесе массаж. Дыбыспен жасалатын тербелмелі өзіндік массаж. Мұрынмен тыныс алуға арналған жаттығулар. Тыныс аппаратыныңи бұлшық еттерін жаттықтыру Аралас диафрагмалық тыныс алуды меңгеру.


Тілге арналған жаттығулар:
1-жаттығу. Ауыз екі елі ашық, бірақ ендігі көңіл – тілдің қимылына ауады. Тіл ұшы жәй ғана тіске тиіп жатсын,ауызды ашқанда, көмейдегі кішкене тілді көтеріп, дауысты дыбыстарды еркін шығарыңыз. ( Дыбыс тамақта болсын)
2-жаттығу. Тіл ақырын көтеріліп, жоғары тіске тиіп ( иек қозғалмайды) қайта орнына келуі тиіс.
3-жаттығу. Енді тіл жоғарғы көмейге қарай жиырылсын. Сонда тілдің астындағы көк тамырларына күш түсіп, р әріпі сөйлемде анық шығатын болады.
4-жаттығу. Тілді жиырып алып, біресе оң ұртқа, біресе сол ұртқа тигіземіз. ( Ауыздың жағдайы бұрынғысынша)

Ерінге арналған жаттығулар


1-жаттығу Тісті көрсерпей езу тартыңыз.
2-жаттығу. Алдымен тек жоғары тісті көрсетіңіз,төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрыңыз.
3-жаттығу. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көріңіз.
4-жаттығу. Екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрыңыз да, сонан соң ерініңізді әуелі сәл жоғары, төмен қозғаңыз.
5-жаттығу. Енді екі ерінді сүйірлеп алып әуелі оң жаққа, сонан соң сол жаққа бұрып көріңіз. Иек қозғалмасын

ДИКЦИЯ

«Дикция» латын тілінен аударғанда «айту», «айтылу» деген мағынаны білдіреді. Сахнада әртістің аузынан шыққан үнге қойылатын ең басты талап – дыбыстың таза және анық болуы.Егер сөйлеп тұрған сөзіңізден бір дыбыс естілмей қалса немесе күңгірт шала естілсе, бар сөйлемнің мән-мағынасы бұзылады. Олар кетік тіс және қысқа тіл. Ал көбінесе сәби күніне қалыптасқан жақты ашпау, дыбысты тістің арасынан шығарып сөйлеу, сөзді асығыс быдықтап айту, сөздің соңғы әріптерін айтпай кету, болмаса естіртпей сөйлеу – осының бәрін күнделікті дыбыстардың, дыбысталу мүшелерінің кемшілігін жаттықтыру арқылы ғана жоюға болады. Тек әрбір адамның осындай жаттығуларды қажымай-талмай жасауға ынтасы болғаны, ерінбегені аса қажет.Дыбысталу мүшелеріне жататын: ерін, тіс, таңдай, иек, тіл, кішкене тіл, көмей.


Жаңылтпашты үш түрде айтамыз. Бірінші – тістеніп: жақ тістенген күйде қалады, тек еріндеріміз бен тіл жұмыс істейді. Екінші – асықпай, түсіндіріп: жақ ашылады, тәтпіштеп, орташа жылдамдықпен айтылады. Үшінші – шапшаң айтылады: жақ ашылады, түсінікті түрде айтылады. Жаңылтпаш айтудың үш сатысында да сөздің анықтығын жоғалтпау керек.
Практикалық жұмыс 4 топқа
Жаңылтпаштар
Былдыр, былдыр бүлдіршін, Көк көйлек керекпе?
Бұл бір білгір бүлдіршін. Көп көйлек керек пе?
Білгір бұл бір бүлдіршін, Көк көйлекте керек.
Білгірлігін білдірсін. Көп көйлекте керек
Зырылдақты зырылдат, Үйір-үйір үйректі,
Зыр ойнасын зырылдап. Үйірге кім үйретті.
Зыр ойнаса зырылдақ, Үйір-үйір үйректі,
Зуылдайды зыңылдап. Үйірге өзім үйреттім
«Жамал Жаңылды,
Жаңылдырмақшы болды,
Жаңыл Жамалды,
Жаңылдырмақшы болды.
Жаңылдырғаны дұрыс па?
Жаңылдырмағаны дұрыс па?»
Сөз техникасын қалыптастырып, табиғи дауыстың өзіндік мәнерін тауып алғаннан кейін жаттығу жұмыстары үйірме мүшелерімен күрделене түседі. Мұнда, шағын мәтіндерден бастап көлемді шығармалармен жұмыс жасалады. Сахна өнері үшін аса қажетті осындай методикалық тәсілдерді меңгерген қосымша білім беру педагогы ғана білімі мен талантын ұштастырып, көркем дүние жасай алады.
жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау