Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет37/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49

125
 – қосып-жалғағыш; 
 – электр шамы;
 – жалғау сымы; 
 – ток көзi.
95-сурет.
Бұл сызба электр шынжыры деп аталады (96-сурет).
12 V
12 V
 
a) 
ә)
96-сурет.
96-а  суретте  ток  көзі,  электр  шамы  және  қосып-жалғағыштардан 
тұратын  сызба  келтірілген.  96-ә  суретте  олардың  нақты  көрінісі  бей-
неленген.  Есте  сақтайтыны  сол,  барлық  электр  жалғанулар  қосып-
жалғағыштардың ашық жағдайында орындалады. Қосып-жалғағыш жабық 
күйде өткізілгенде шынжырдан ток өтеді де, шам жанады.
Осылайша  шынжырда  электр  тогы  болуы  үшін  екі  шарт  орындалуға 
тиіс:
    Ток көзі болуы керек;
Шынжыр жабық болуы керек.
Шынжырдан  өтіп  жатқан  ток  күші  арнайы  құрал – амперметрдің 
көмегімен өлшенеді. Оның сыртқы көрінісі мен қосылу сызбасы 97-суретте 
келтірілген. Амперметр шынжырға бірінен соң бірі жалғанады.
Ток күшінің өлшеу бірлігі ретінде бір ампер (1 А) қабылданған.
 
   
A
 
a) 
ә)
97-сурет.


126
Қалыпты  жағдайда  ток  көзіне  бірнеше  тұтынушы  жалғануы  мүмкін. 
Бұндайда  олар  электр  шынжырына  параллель  (98-а  сурет)  немесе  бірінен 
соң бірі (98-ә сурет) жалғанатын болады.
a)
ә)
98-сурет.
 
1. Электр шынжыры қалай сызылады?
  2. 10 V неше mV-ға тең?
  3. Вольтметр қандай шаманы өлшейді?
1.  Калькулятор,  қалта  шамы,  ойыншық  тапанша,  басқарылатын 
машина  және  сол  сияқтылардың  батареяларын  алып  қараңдар 
және  олардың  неше  вольт  кернеу  бере  алатынын  дәптерлеріңе 
жазып қойыңдар.
2.  Батарея  мен  екі  шамды  өткізгіштер  арқылы  алдымен  бірінен 
соң  бірін,  содан  кейін  параллель  жалғаңдар.  Әрбір  жағдайда 
шамдардың  қалай  жанатынына  назар  аударыңдар.  Себебін 
түсіндіруге әрекет жасаңдар.


127
46-ТАҚЫРЫП
ҮЙДЕГІ ЭЛЕКТР АСПАПТАРЫ.  
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ
Жоғарыда  айтылғанындай,  күнделікті  тұрмысымызды  электрсіз  елес-
тету  өте  қиын.  Үйде  біз  қолданатын  электр  құралдарының  кейбір  түрлері 
99-суретте келтірілген.
99-сурет. 
Бұл  суретте  электр  плитасы,  шаңсорғыш,  кір  жуу  машинасы, 
микротолқынды  пеш  және  электр  үтігі  көрсетілген.  Бұл  құралдардың 
барлығы  да  үйге  енгізілген  электр  жүйесінен  қуат  алып  жұмыс  істейді. 
Үйге енгізілген электр жүйесінің кернеуі 220 Вт-қа тең. Бұл едәуір жоғары 
кернеу  болғандықтан,  адам  өмірі  үшін  қауіпті  екенін  ұмытпау  керек. 
Жалпы  алғанда,  ток  кернеуі  36  Вт-тан  жоғары  болса,  онда  ол  өмір  үшін 
қауіпті  болып  саналады.  Соған  орай  үй  аспап-құралдарын  үлкендердің 
рұқсатынсыз электр көзіне қосуға болмайтынын ұмытпа!
Электр  энергиясын  пайдалану  үшін  ақы  төленеді.  Бұл  ақшаның 
мөлшері  жұмсалған  электр  энергиясына  байланысты.  Энергия  ұғымының 
толық  мағынасымен  оқулықтың  келесі  тақырыптарында  тансысасың. 
Үйде  жұмсалған  электр  энергиясының  мөлшері  электр  есептегіш  арқылы 
анықталады (100-сурет).
Ондағы  цифрлар  жұмсалған  энергияның  мөлшерін  көрсетеді.  Электр 
есептегіштің  бұдан  өзгеше  түрлері  де  бар.  Жұмсалған  электр  энергия-
сы  үшін  ақы  төленетін  болғандықтан,  оны  барынша  үнемдеп  жұмсау  ке-
рек.  Егер  үйде  қажеті  болмаса,  шамдарды  сөндіріп  қойған  жөн,  көрші 
бөлмеде  жұмыс  істеп  жатқанда  теледидардың  дауысын  жоғары  көтеруге 
болмайды.  Компьютерде  ұзақ  уақыт  бойы  әр  түрлі  ойындар  ойнау  да 
электр  энергиясының  мөлшерден  артық  жұмсалуына  соқтырады,  әрі  ол 
денсаулыққа да зиянын тигізеді.


128
Электр  энергиясын  үнемдеудің  тағы  бір  тиімді  әдісі – шоғырлы  электр 
шамдарын үнемді электр шамдарымен ауыстыру (101-сурет).
Бұндай  шамдар  электр  энергиясын  бірнеше  есе  үнемдеу  мүмкіндігін 
береді.
 
100-сурет. 
101-сурет.
1. Сен  бөлмені  жылытатын  тағы  қандай  құрылғыларды  білесің? 
Олардың  аттарын  санап  шық  және  орындайтын  міндетін 
түсіндір.
Үйдегі  электр  құралдарының  біреуін  электр  желісіне  қосқан  кезде 
есептегіштің  қалай  жұмыс  істейтінін  бақыла.  Олардың  қайсысы 
энергияны  көбірек  жұмсайтынына  көңіл  бөл.  Электр  энергиясын 
үнемдеу  жөнінде  ата-анаңмен  әңгімелес.  Олардың  ұсыныстарын  дәптерге 
жазып ал.
V ТАРАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Сөйлемді дұрыс жауаппен толықтыр. Денелер электр тогынан ...
А) ... қызады.
В) ... суиды.
С) ... қозғалысқа келеді.
D) ... бір-біріне тартылады.
2.  Сөйлемді  дұрыс  жауаппен  толықтыр.  Электр  зарядтары  ...  мəнді  бола-
ды.
А) ... оң ... В) ... теріс ... С) ... оң және теріс ... D) ... түрлі ...
3. Қайсы суретте келтірілген зарядтар өзара тебіледі?
+   –     +   +     –   –     –   +
 



4
A) 1 және 3.  B) 1 және 4. 
C) 2 және 4.  D) 2 және 3.


129
4. Сөйлемді дұрыс жауаппен толықтыр. Электрометр ... аспап.
А) ... электр құбылыстарын зерттейтін ...
В) ... электр зарядтарын анықтайтын ...
С) ... денелерді электрлейтін ...
D) ... электр зарядтарының өзара әсерлесуін тіркейтін ...
5. Қандай заттарды өткізгіштер деп атайды?
А) Электр зарядтарын алған заттар.
В) Оңай электрленетін заттар.
С) Өзінен оң зарядтарды өткізе алатын заттар.
D) Өзінен электр зарядтарын өткізе алатын зарядтар.
6. Атом ядросында қандай бөлшектер бар?
А) Протондар мен электрондар. 
В) Нейтрондар мен протондар.
С) Нейтрондар мен электрондар.
D) Электрондар, протондар, нейтрондар.
7. Протон, нейтрон жəне электрон қандай зарядқа ие болады?
А) Протонда оң, нейтрон мен электронда теріс.
В) Протонда теріс, нейт рон мен электронда оң.
С) Протонда оң, электронда теріс, нейтрон зарядсыз болады.
D) Протонда теріс, электронда оң, нейтрон зарядсыз болады.
8. Қайсы бөлшектер есебінен металдардан ток өтеді?
A) Электрондар. 
B) Протондар. 
C) Еркін атомдар. 
D) Еркін электрондар.
9. Сөйлемді дұрыс жауаппен толықтыр. ... электр тогы деп аталады.
А) Зарядталған бөлшектердің қозғалысы...
В) Бөлшектердің ретті қозғалысы...
С) Зарядталған бөлшектердің ретті қозғалысы...
D) Электрондардың ретті қозғалысы...
10. Электр шынжырының сызбасы дегенде нені түсінеміз?
А) Түрлі электр аспаптарының шартты белгілері.
В) Электр аспаптарының бейнесі орнына шартты белгілермен белгіленуі.
С) Электр аспаптарының жалғану сызбасы.
D) Аспаптардың шартты белгілер көмегімен өзара жалғану сызбасы.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау