111
Күн нұрының Жерге түсу бұрышының өзгеруiнен болады деп дұрыс
түсiндiредi.
Ибн Синаның ойынша, табиғатта жылудыңда, суықтыңда табиғи
және жасанды көздерi бар. «Жылудың сыртқы себебi үшеу. Бiрiншiсi,
ыстық дененiң суық денеге жақындығы. Мысалы, от суды жылытады.
Екiншiсi, қозғалыс пен үйкелiс. Мысалы, суды шайқасақ – жылиды, тас-
ты тасқа үйкесең – ысиды, от шығады. Үшiншiсi, сәулеленген әрбiр дене
сәулеленбеген денеге қарағанда жылы болады», – дейдi ол. Бұл жерде
жылудың сәуле шығару жолымен таралатыны жайлы айтылады.
Ғұламалар жылудың әсерiнен су булары жоғарыға көтерiлiп, бұлтқа ай-
налып, олардан төмен температурада қар, жаңбыр, нөсер пайда болатыны
жайлы да жазып қалдырған.
1. Сен Берунидiң сұрағына қалай жауап берер едiң?
2. Қайсы жағдайда жайылған кiр тез кебедi, күн нұры тiк түскенде
ме, әлде көлбеу түскенде ме?
3. Суды ыдыста ұзақ уақыт айналдырып, қаншаға дейiн қыздырса
болады? Әрекет жасап көр!
Балалардың ойыншық металл тәрелкесiн алып, отқа қой. Әбден
қызғанда оған жарты қасық су құй. Су сол сәтте-ақ буланып
кетудiң орнына домалақтанып, ыдыстың шұңқырлау жерiне тұрып
қалады. Оның себебi, су мен қызған тәрелке арасында бу пайда болып, сол
будың өзi жылуды өткiзбейтiн қабатты түзедi. Бұл құбылысты қызған
үтiкке су шашып, бақылап көруге болады.
Қыстыгүнi тоңбау үшiн пальто және қалпақ киемiз. Олар адамды жы-
лыта ма? Екi кесек мұзды целлофанға салып, бiреуiн ашық қалдырайық,
екiншiсiн пальтоға орап қояйық. Белгiлi уақыттан кейiн қарасақ, ашық
тұрған мұздың бiразы ерiгенiн, пальтоға оралғанының ерiмегенiн көремiз.
Демек, пальто мен қалпақ ешнәрсенi жылытпайды. Олар тек жылуды на-
шар өткiзедi екен.
112
41-ТАҚЫРЫП
ТЕМПЕРАТУРА. ТЕРМОМЕТРЛЕР.
ДЕНЕНIҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ
Алдыңғы тақырыптарда «бөлме жылыды, дене суыды» деген
сияқты сөйлемдердi қолдандық. Өз сезiмiмiзге сүйене отырып, осын-
дай қорытынды жасаған едiк. Бiрақ бiздiң сезiмiмiз әрдайым дұрыс
қорытынды жасауға мүмкiндiк бере ме? Оны тексерiп көрейiк: үстел үстiне
үш стакан қояйық. Бiреуiне ыстық, екiншiсiне жылы, үшiншiсiне суық су
құямыз. Сол қолымызды суық суға, оң қолымызды ыстық суға бiраз ба-
тырып тұрайық. Содан соң екi қолымызды да жылы суға батырайық.
Сол қолымыз ыстық, оң қолымыз суық сияқты болып сезiледi. Тек ар-
найы өлшеу аспабын жасағаннан кейiн ғана температураны объективтi
түрде анық өлшеу мүмкiндiгi туды. Температураны өлшейтiн аспапты
термометр дейдi. Оны Галилей ойлап тапқан. Дәрiгердiң температураңды
өлшеген термометрiн көргенсiң. Қазiргi термометрдiң Галилей ойлап
тапқан термометрден айырмашылығы бар. Термометрлерде заттардың
ұлғаю қасиетi пайдаланылады. Галилей өз термометрiнде ауаның
ұлғаюын пайдаланған едi (80-сурет). Кейiн франциялық ғалым Рей 1631
жылы сулы термометр жасады. Қазiргi термометрлерде негiзiнен сынап
пен спирт қолданылады. Олардың бiреуi суретте көрсетiлген (81-сурет).
Қыздырылғанда түтiктегi зат ұлғайып, жоғарыға көтерiледi, суығанда
кiшiрейiп, төмен түседi. Бұл термометрлердiң көрсеткiшi – градус. Швед
ғалымы А. Цельсий (1701–1744) температураны өлшегенде санақ басы
0 (нөл) үшiн ерiген мұздың температурасын алады (82-а сурет). Қалыпты
атмосфералық қысымда қайнайтын таза судың температурасы 100 гра-
дус деп қабылданған (82-ә сурет). Олардың арасы 100 бөлiкке бөлiнiп, бiр
бөлiгi 1ºС деп қабылданған. Бөлмедегi немесе ыдыстағы сұйықтың темпе-
ратурасын өлшеу үшiн термометрдi өлшенетiн затта бiраз ұстап тұру ке-
рек. Сонда термометрдегi сұйықтықтың температурасы ортаның темпера-
турасымен теңеледi. Ыдыстағы судың температурасын термометрдi судан
алмай тұрып көру керек. Әйтпесе термометрдi судан алысымызбен оның
көрсеткiшi өзгередi.
Науқастың температурасын өлшейтiн медициналық термометр-
де ондай кемшiлiк жоқ. Дәрiгер термометрдi алып, жайбарақат көруi
мүмкiн. Өйткенi ондағы сынап бағаны төменге түспейдi. Ол үшiн термо-
метр түтiгiнiң төменгi жағы жiңiшкелеу болады. Ысыған сынап бағаны
көтерiлсе де, суығанда жiңiшке жерден өздiгiнше төмен түспейдi. Термо-
метрдiң көрсеткiшi анықталғаннан соң, оны сiлкидi. Сонда жоғары
113
бөлiгiндегi сынап төменге түседi. Медициналық термометрдiң 35º-тан
42º-қа дейiн өлшеу шекарасы бар. Денi сау адамның қалыпты температу-
расы ~36,6ºС болады. Дене температурасының бұдан асып кетуi – аурудың
белгiсi. Үй жануарлары – қой, сиыр, ат, қояндардың температурасы 38–
40ºС, құстардыкi 41–42ºС төңiрегiнде болады.
80-сурет.
81-сурет.
82-сурет.
а)
ә)
Зат температурасының төменгi немесе жоғарғы шегi бар ма? Жерде
табиғи жағдайда Антарктидада минус 88ºС температура тiркелген (1960 ж.
ғылыми станцияда). Есеп-қисаптарға қарағанда температураның төменгi
шекарасы минус 273,15ºС-ге тең.
Үй жағдайында бiз қандай температуралармен жұмыс iстеймiз?
Су 100ºС-де қайнайды. Оны қайнату үшiн жұмсалатын табиғи газ
жалынының температурасы 1500–1800ºС-ге жетедi. Электр шамындағы
температура 2500ºС төңiрегiнде болады. Автомобиль двигателiне құйыл-
ған жанармай беретiн температура ~1700ºС болса, электрмен дәнекерлеуде
7000ºС-ге жетедi. Жоғары шекара тiркелмеген.
1. Егер ауаның температурасы адам денесiнiң температурасынан
жоғары болса, медициналық термометрмен науқастың темпера-
турасын қалай өлшеуге болады?
2. Термометр түтiгiнiң диаметрi кiшiрейтiлсе, термометр
көрсеткiшiнiң анықтау дәрежесi қалай өзгередi?
3. Медициналық термометрдi қандай сумен жуу керек? Суық сумен
бе, әлде ыстық сумен бе?
Достарыңызбен бөлісу: |