Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет34/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49

114
42-ТАҚЫРЫП
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.  
ТЕРМОМЕТРМЕН АУАНЫҢ ЖӘНЕ  
СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ
Қажеттi  құралдар:  термометр,  ыстық  су,  суық  су,  мензурка,  шыны 
таяқша, су құятын кесе.
Жұмысты орындау тәртiбi:
1.  Термометрдi  физика  кабинетiнiң  күн  сәулесi  тiкелей  түспейтiн,  жы-
лыту  құралдарынан  (батарея,  плитка)  ұзақ,  бiрақ  шкаласы  анық  көрiнетiн 
жерiне iлiп қоямыз.
2.  Тәжiрибенi  өткiзуге  дайындалғанда  (5–6  мин)  термометрдiң  көр-
сеткiшi  өзгермей  тұрғаннан  кейiнгi  бөлме  температурасы  жазып  қойы-
лады.
3. Плиткаға немесе газға суы бар ыдысты қойып, қыздырамыз.
4.  Мензуркамен  100  мл  суды  өлшеп  алып,  кесеге  құямыз  да,  оған 
термометрдi  батырамыз.  Бiраздан  соң  термометрдiң  t
1
  көрсеткiшi  жазып 
алынады.
5. Мензуркамен 100 мл су алып, оған термометрдi батырамыз. Бi раздан 
соң термометрдiң t
2
 көрсеткiшi жазып алынады.
6.  Мензуркадағы  ыстық  суды  суық  суы  бар  кесеге  құямыз.  Шыны 
таяқшамен араластырып, t
3
 температураны өлшеймiз.
7. Жоғарыдағы тәжiрибенi ыстық судың температурасы әр түрлi болған 
жағдайларда қайта жасаңдар.
1.  Нелiктен  суға  батырып  алғаннан  кейiн  термометрдiң  көрсеткiшi 
төмен түсiп кетедi?
2. Тәжiрибенi  түтiгiнiң  диаметрi  кiшiлеу  термометрмен  өткiзсе, 
өлшеу дiң анықтығы қалай өзгередi?
3.  Бірдей  екі  стаканның  біреуі  бос,  екіншісінде  кант  бөлегі 
бар.  Оларға  шай  құйып,  температураларын  өлшесе,  қант 
салынғанында температура төмендеу болады. Бұның себебі неде?


115
IV ТАРАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА АРНАЛҒАН  
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.  Неге жылыту қазандарының мұржасы биiк болады?
A) жылыту көздерiнiң қай жерге орналасқаны ұзақтан көрiнiп тұру үшiн;
B) конвекция жақсы болуы үшiн;
C) архитектура талаптарына орай;
D) жану өнiмдерiн адамдар тыныс алатын ауа қабатынан жоғары шығару 
үшiн.
2.  Қатты денелерге жылу негiзiнен қай əдiспен берiледi?
A) конвекция;              B) жылу өткiзгiштiк;
C) сәуле шығару;          D) жоғарыдағылардың барлығы.
3.  Конвекция деген не?
A)  бiр  қалыпсыз  қыздырылған  сұ й ық тық  немесе  газ  қабаттары  ара сында 
ағымның пайда болуы;
B)  бiр  қалыпсыз  қыздырылған  сұ йық тық  немесе  газ  қабаттарының  сәуле 
шығару жолымен жылу алмасуы;
С) заттың газ күйiнен сұйық күйге өтуi;
D) жылу алмасу кезiнде iшкi энер гияның өзгеруi.
4.  Су мұздағанда массасы өзгере ме?
A) өзгермейдi;              B) артады;
C) кемидi;                D) сыртқы қысымға тәуелдi.
5.  Есiктiң темiр тұтқасы қыстыгүнi неге ағаш тұтқаға қара ғанда суық-
тау болады?
A) металдар жылуды көп жұт қандықтан;
B) металдың жылу өткiзгiштiгi ағаш тiкiне қарағанда үлкен бол ғандық тан;
C) ағаштың жылу өткiзгiштiгi те мiрдiкiнен үлкен болғандықтан;
D)  темiр  тұтқа  ағаш  бөлiгiне  қа рағанда  сыртқа  қарай  көп  шығып  тұрған-
дықтан.
6.  Күннiң энергиясы Жерге қалайша берiледi?
A) конвекция;               B) сәуле тарату;
C) жылу өткiзгiштiк;         D) А және С жауаптағы әдiстер мен.
7.  Қыстыгүні  аяқкиім  кең  болғанда  аяқ  көбірек  тоңа  ма,  əлде  тар 
болғанда көбірек тоңа ма?
А) тар болғанда көбірек тоңады, өйткені сыртқы суық аяққа тікелей өтеді.
В) кең болғанда көбірек тоңады, өйткені аяқ киім мен аяқ арасындағы ауа 
суықты өткізбейді.
С) тар болғанда көбірек тоңады, өйткені адам аяғы киімді де жылытуға тиіс.
D) аяқтың тоңуы аяқ киімнің кең яки тар болуына қатысты емес.


116
8.  Бiр  шелек  көмiр  үйдiң  төр тiншi  қабатына  шығарылып  жағылды. 
Бiрiншi  қабатта  жағыл ғандағыға  қарағанда  одан  қанша  жылу  көп 
бөлi недi?
A) 4 есе;      B) 2 есе;      C) 3 есе;      D) бiрдей жылу бөлiнедi.
9.  Неліктен жылу батареялары терезелердің астына орналастырылады?
А) дизайны жақсы болуы үшін.
В) массасы ауыр болғандықтан.
С) конвекция құбылысы ескерілгендіктен.
D) бұл жағдай сәнге айналғандықтан.
ҚОРЫТЫНДЫ СҰХБАТ
Бұнда  сендер  IV  тарауда  өтілген  тақырыптардың  қысқаша  тұжырым-
дарымен танысасыңдар.
Термометр Температураны  өлшейтiн  аспап.  Сынапты  немесе  спирттi  түрi 
болады.  Температура  өзгерсе,  түтiктегi  сұйықтық  бағанының 
биiктiгi өзгерiп тұрады.
Бейметалл 
пластина
Жылу  өткiзгiштiгi  әр  түрлi,  бiр-бiрiне  қапсыра  жабысты рылған 
екi металл пластина.
Жылу 
өткiзгiштiк
Дененiң  қыздырылған  бөлiгiнен  қыздырылмаған  бөлiгiне 
жылудың  өтуi.  Затты  құрайтын  бөлшектердiң  қозғалысымен 
жүзеге  асады.  Металдарда  пластмасса,  кiрпiш,  шыны,  суға 
салыстырғанда  бiрнеше  есе  үлкен  болады.  Газдарда  өте  кiшi  бо-
лады.
Конвекция Бiр  қалыпсыз  қыздырылған  газ,  сұйықтықтарда  заттың  бiр 
жерден  екiншi  жерге  ағым  арқылы  жылу  тарату  құбылысы. 
Конвекцияның 
жылдамдығы 
қабаттар 
температурасы 
айырмашылығындағы ортаның жылу өткiзгiштiгiне тәуелдi.
Сәуле 
шығару
Қызған  денелердiң  өзiнен  сәуле  шығару  құбылысы.  Олардың 
кейбiреулерi  көзге  көрiнедi,  кейбiреуi  көрiнбейдi.  Сәуле  өзiмен 
бiрге  энергия  әкеледi.  Денелер  мен  заттар  сәуленi  жұтудың 
арқасында қызады.
Цельсий 
температура 
шкаласы
Температураны  өлшейтiн  шаманың  бiреуi.  Санақ  басы  нөл  үшiн 
ерiген  мұздың  температурасы  алынған.  Атмосфералық  қысымда 
қайнап жатқан таза судың температурасы 100ºС.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау