Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет39/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49

134
48-ТАҚЫРЫП
ЖАРЫҚТЫҢ ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ ТАРАЛУЫ.  
КӨЛЕҢКЕ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ КӨЛЕҢКЕ
Жарықтың  таралуын  оқып  үйрену  үшiн  мынадай  тәжiрибе  өткiзейiк. 
Жарық  көзi  (К)  және  экран  (Э)  арасына  тосқауыл  (T)  қояйық  (103-а  су-
рет).  Сонда  экраннан  тосқауыл  түсiрген  көлеңкенi  көремiз.  Егер  көз  бен 
(К)  экран  арасына  саңылаулы  тосқауыл  (СТ)  қойсақ,  экраннан  саңылау 
пiшiнiне  сай  дақты  көремiз  (103-ә  сурет).  Көлеңкенiң  шетiнен  тосқа уылға 
қарай  түзу  түсiрсек,  олар  көзде  қиылысады.  Мұндай  жағдай  жарықты 
дақ  және  саңылау  арқылы  түзу  сызықты  жүргiзсек  те  анықталады.  Бұдан 
жарық  түзу  сызықпен  тарайды  деген  қорытынды  жасаймыз.  Сондықтан 
жарықты  «сәуле»  деп  те  атайды.  Математикада  кейде  түзу  сызықты 
қолданғанда «сәуле жүргiзейiк» деген сөйлемдi қолданады.
 
a
ә)
103-сурет.
M
M
T
TT
E
E
S
1
S
2
 
a
ә)
104-сурет.
104-суретте  заттың  сыртында  пайда  болған  көлеңке  көрсетiлген. 
Көлеңкенiң  орта  бөлiгi  толық  қараңғы,  шет  жағы  онша  қараңғы  емес. 
Сондықтан  толық  қараңғы  бөлiгiн  көлеңке,  көмескi  бөлiгiн  жарты
-
лай  көлеңке  деп  атаймыз.  104-a  суретте  затқа  жарық  екi  көзден  (S
1
  және 
S
2
)  түскен  жағдай  бейнеленген.  Заттың  сыртында  пайда  болған  көлеңке 


135
бөлiгiне  бiрде-бiр  көзден  жарық  түспейдi.  Жартылай  көлеңке  бөлiгiне 
жарық  көзiнiң  бiреуiнен  жарық  түседi.  Егер  шамдардың  бiреуiн  өшiрсек, 
заттың сыртында тек көлеңке пайда болады.
104-ә  суреттегi  көрiнiстердi  түсiндiрiп  көр.  Ондағы  шардың  өлшемi 
жарық көзi болған электр шамынан едәуiр кiшi.
Практикалық тапсырма
Ыдысқа  су  толтыр.  Қолыңдағы  қаламды  ыдысқа  ұстап,  оның 
көлеңкесiн судың түбiнен бақыла. Сосын қаламның жартысын суға 
батырып,  тағы  да  көлеңкесiн  бақыла.  Көлеңкенiң  екiге  бөлiнетiнiне  көңiл 
бөл. Себебi жайлы ойлап көр.
1. Неге ауа бұлт болғанда заттардың көлеңкесi болмайды?
2. Егер  қабырғаға  бiр  бұйымның  көлеңкесi  түсiрiлсе,  бұл  көлеңкенiң 
өлшемi неге тәуелдi болады?
3. Жарықтың  түзу  сызықты  таралатынын  тағы  қандай  құбылыс-
тар дә лел дейдi?
49-ТАҚЫРЫП
КҮН МЕН АЙДЫҢ ТҰТЫЛУЫ
Табиғатта  көлеңке  және  жартылай  көлеңкенiң  пайда  болуы  үлкен  мас-
штабта  Күн  мен  Ай  тұтылғанда  байқалады.  Күннiң  айналасында  бас қа 
ғаламшарлар  сияқты  Жер  де  өзiнiң  табиғи  серiгi – Аймен  бiрге  айналаты-
ны  белгiлi.  Жер  Күндi  365,26  тәулiкте  бiр  рет  айналады.  Ал  Ай  Жердi  27 
тәулiк  7  сағат  43  минутта  бiр  рет  айналады.  Олардың  қозғалысы  кезiнде 
әлдеқандай  бiр  мезетте  Жер  мен  Күннiң  арасына  Ай  түсiп  қалса,  Ай 
Күннен  келетiн  сәулеге  бөгет  болады  да,  Күннiң  тұтылуы  байқалады 
(105-сурет).
A
B
B
Күн
Жер
Ай
Ай орбитасы
105-сурет.


136
Жердегi  A  аймаққа  түсетiн  Күн  сәулесiн  Ай  толық  тосып  қал-
ғандықтан,  ол  жердi  қараңғылық  басып,  Күннiң  толық  тұтылуы 
байқалады.  Жердiң  B  аймағында  жартылай  көлеңке  болады.  Ол  жер-
де  Күннiң  жарым-жартылай  тұтылуы  болады.  Күннiң  толық  тұтылуы 
байқалған  жерлерде  толық  қараңғы  болғандықтан,  аспанда  жұлдыздар 
жарқырап  тұрады.  Жердiң  бұл  аймағында  жылу  тоқтап,  жел  тұрады. 
Қолайсыз жағдай болады, иттер үрiп, жануарлар мазасызданады. Адамдар 
да уайымға түседi.
Ай  мен  Күннiң  арасына  Жер  түсiп  қалғанда  Айдың  тұтылуы  бо-
лады  (106-сурет).  Ай  өзiнен  сәуле  шығармайды.  Ол  Күн  нұры  арқылы 
жарықтанады.  Айға  түсетiн  Күн  сәулесiн  Жер  тосып  қойғанда,  Жердiң 
көлеңкесi  Айға  түседi.  Егер  Жердiң  атмосферасы  болмағанда,  Айдың 
тұтылуы  кезiнде  ол  көрiнбей  қалар  едi.  Жер  атмосферасы  Күннен  келетiн 
жарықты  шашыратады,  сондықтан  Ай  тұтылған  кезде  бiз  Айды  қызғыш 
диск түрiнде көремiз.
Күн
Ай
Ай орбитасы
Жер
106-сурет.
Айдың  тұтылуының  себе бiн  бiлмеген  кезде  адамдарда  қорқыныш 
болған.  Оны  түсiн дiру  үшiн  әр  түрлi  аңыздар  ойлап  тапқан.  Қазiр  Күн 
мен  Айдың  тұтылуын  алдын-ала,  қашан  және  қалай  болатынын  айтып 
бере  аламыз.  Ғалымдар  бұл  құбылысты  зерттеуге  дайындық  жасайды. 
Күн толық тұтылғанда «Күн тәжi» деп аталатын шұғыланы көруге бо-
лады.
Жердiң  өз  бiлiгiн  айналуы  себептi  күн  мен  түн  алмасады.  Ай  да 
өз  бiлiгiнде  айналады.  Күндiзгi  жарық  түсiп  тұрған  Ай  бөлiгi  бiзге 
көрiнiп,  жарық  түспеген  бөлiгi  көрiнбейдi.  Оны  Айдың  тұтылуымен 
шатастырмаңдар.


137
Практикалық тапсырма
100  сомдық  немесе  50  сомдық  теңге  алып,  ол  арқылы  Күнге 
қара. Егер теңгенi көзiңе өте жақын қойсаң, Күн толық көрiнбейдi. 
Жайлап  теңгенi  көзiңнен  алыстатсаң,  Күннiң  ортасы  көрiнбестен,  шеткi 
бөлiгi  шеңбер  сияқты  көрiнедi.  Тәжiрибе  жасаған  кезде  қара  көзiлдiрiк 
киiп ал!
1. Айда тұрып Күннiң тұтылуын бақылауға бола ма?
2. Жыл  бойына  қайсы  құбылысты  көбiрек  бақылауға  болады:  Айдың 
тұтылуын ба, Күннiң тұтылуын ба?
3. Айда да жарым-жартылай тұтылу бола ма?
• Жер  мен  Күннiң  арасында  екi  ғаламшар  қозғалады.  Олар  Мерку-
рий  және  Шолпан  деп  аталады.  Бұл  ғаламшарлар  Жер  мен  Күннiң 
арасына  түсiп  қалғанда,  Күннiң  тұтылуы  бола  ма?  Жер  мен  бұл 
ғаламшарлардың  арасы  өте  қашық  болғандықтан,  олардың  көлеңкесi  өте 
кiшкентай болады. Сондықтан арнайы аспаппен қарасақ, Күннiң ортасында 
кiшкентай қара дақтың өтiп бара жатқанын байқаймыз.
• Ежелгi  вавилондықтар  эрамыздан  бұрынғы  2000-жылдары  Күн 
мен  Айдың  тұтылуында  қайталану  бар  екенiн  анықтаған.  Бұл  кезең  са
-
рос  (арабша – қайталану)  деп  аталып,  6585
1
3
  тәулiкке,  яғни  18  жыл  және 
11,3  тәулiкке  тең.  Осы  кезде  43  рет  Күннiң  тұтылуы  және  28  рет  Айдың 
тұтылуы болады.
50-ТАҚЫРЫП
ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ.  
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУЫ ЖӘНЕ СЫНУЫ
Аристотель  жарық  сәулесi  бiр  нүктеден  екiншi  нүктеге  бiр  сәтте 
жетедi  деп  есептеген  едi.  Галилей  жарықтың  жылдамдығын  тәжiрибе  жа-
сап  анықтауға  әрекет  жасады.  Бiр-бiрiнен  бiрнеше  километр  қашықтықта 
тұрған  екi  адамның  бiреуiне  фонус  берiлген.  Фонусты  бiр  сәтке 
көлегейлеп,  қайта  ашқан  адам  уақытты  белгiлеген.  Екiншi  бақылаушы 
жарықты  көрген  уақытты  белгiлеген.  Бiрақ  тәжiрибе  сәтсiз  аяқталған. 
Жарықтың  жылдамдығын  бiрiншi  болып  1676  жылы  даниялық  астро-
ном  Олаф  Риомер  анықтауға  қол  жеткiздi.  Содан  соң  басқа  ғалымдар 
да  жарықтың  жылдамдығын  әр  түрлi  әдiспен  өлшедi.  Жарықтың 
жылдамдығы өте үлкен, ол вакуумда  = 300  000 км/сек-қа тең.


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау