Зао "казахстанская фондовая биржа"



жүктеу 112,54 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.12.2017
өлшемі112,54 Kb.
#4273


"ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ 

 

 



 

"

Қазақстан қор биржасы" АҚ 



Басқармасының шешімімен 

(2013 


жылдың 10 маусымындағы 

№ 85 отырыс хаттамасы) 



б е к і т і л д і  

2013 


жылдың 01 шілдесінен бастап 

қолданысқа енгізілді 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру 

тәртіптемесінде жұмыс жасау 

Е Р Е Ж Е Л Е Р І

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы қ. 

2013 



Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



Осы Ережелер "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) сауда-саттық жүйесімен жұмыс 

жасау  үшін  оған  қосылу  және  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасаудың  негізгі 

талаптарын анықтайды. 





Тарау. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР 

1. 


Осы Ережелерде қолданылған ұғымдар келесіні білдіреді: 

 

1) 



"

Биржа  маклері"  –  қаржы  құралдарының  сауда-саттығын  ұйымдастырып,  өткізу 

бойынша қызметтер атқаратын, Биржа қызметкері; 

 

2) 


"интернет–клиент" – DMA жүйесі арқылы, Биржаның сауда-саттық жүйесі көмегімен 

Биржа  мүшесіне  берілген  нұсқаулар  (клиенттік  тапсырыстар,  бұйрықтар)  негізінде, 

соның  есебінен  және  мүддесіне  сауда-саттық  жүйесінде  мәміле  жасау  бойынша 

Биржа мүшесімен келісім-шарт жасасқан, тұлға; 

 

3) 


"интернет–провайдер"  –  Интернет  желісіне  кіру  бойынша  телекоммуникациялық 

қызметтер көрсететін, ұйым; 

 

4) 


"

байқаушы  ұйым"  –  сауда-саттық  жүйесінде  өткізілетін  сауда-саттық  барысы  мен 

нәтижелерін қарауға құқылы, ұйым; 

 

5) 


"провайдер"  –  терминалдар  мен  сауда-саттық  жүйесін  "нүкте-нүкте"  принципімен 

қосу бойынша телекоммуникациялық қызметтер көрсететін, ұйым; 

 

6) 


"

бағдарламалық  терминал"  –  сауда-саттық  жүйесі  терминалының  бағдарламалық 

қамтуы; 


 

7) 


"

қашықтан  кіру  тәртіптемесі"  –  сауда-саттық  жүйесін  пайдаланушысының  (сауда-

саттық жүйесінде белгілі бір әрекеттер жүргізуге өкілденген жеке тұлғаның) Биржада 

болуын талап етпейтін, сауда-саттық жүйесімен жұмыс жасау әдісі; 

 

8) 



"

Растау жүйесі" – осы жүйеге қосылған тұлғаларға сауда-саттық жүйесі арқылы осы 

тұлғалардың атынан, осы тұлғалардың тапсырмасымен немесе осы тұлғалардың не 

олардың  клиенттерінің  мүддесіне  жасалған  мәмілелер  туралы  мәліметтер  алып, 

алынған  мәліметтерді  өңдеу  негізінде  Биржаға  осы  мәмілелерді  растау  (жасалған 

мәмілелердің  шарттарының  осы  мәмілелер  жасалуы  тиіс  немесе  жасалуы  мүмкін 

шарттарына  сәйкестігі  туралы  хабарламалар)  немесе  осы  мәмілелерді  растаудан 

бас тарту туралы мәліметтерді беруге мүмкіндік беретін, Биржаның бағдарламалық-

техникалық кешені; 

 

9) 


"

сауда-саттық  жүйесінің  терминалы"  немесе  "терминал"  –  қашықтан  кіру 

тәртіптемесінде жұмыс жасауға арналған, сауда-саттық жүйесінің клиенттік бөлімі; 

 

10)  "



Сауда-саттық  ақпарат"  –  биржалық  сауда-саттық  барысында  Биржаның  сауда-

саттық  жүйесімен  нақты  уақыт  тәртіптемесінде  қалыптастырылып,  ақпараттық 

мақсаттарда  DMA  жүйесі  арқылы  немесе  сауда-саттық  жүйесінде  мәміле  жасасу 

үшін жіберілетін ақпарат болып табылатын, ақпараттық өнім.  

 

 

Осындай ақпарат деп мәміле жасасуға Биржа қабылдаған өтінімдердің бағалары мен 



көлемдері  (саудаланатын  қаржы  құралдарының  саны)  туралы  мәліметтерді, 

жасалған 

мәмілелердің 

бағалары 

мен 

көлемдері 



(саудаланатын 

қаржы 


құралдарының саны) туралы мәліметтерді, Биржаның ішкі құжаттарымен белгіленген 

тізімдегі  нарық  индикаторларының  сауда-саттық  күннің  барысында  және/немесе 

қорытындысы  бойынша  есептеп  шығарылатын  мағынасы  туралы  мәліметтер  түсіну 

керек: 


 

11)  "



сауда-саттық  жүйесі"  –  Биржада  айналысқа  жіберілген  қаржы  құралдарымен 

мәміле жасасуға арналған, Биржаның бағдарламалық-техникалық кешені; 

 

12)  "



Қатысушы"  –  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс 

жасауге құқылы (заңды тұлға – интернет-клиенттен басқа), ұйым; 

 

13)  "



Растау жүйесінің қатысушысы" – Растау жүйесіне қосылған, ұйым. 

2. 


Осы Ережелерде қолданылған ұғымдар, Биржаның басқа да ішкі құжаттарында, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған, ұғымдарға ұқсас. 




Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



3. 


Сауда-саттық  жүйесінде  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасауға  тек  келесілерге 

ғана рұқсат етіледі: 

 

1) 


Биржа өткізетін сауда-саттыққа қатысушыларға (Биржа мүшелеріне); 

 

2) 



Растау жүйесінің қатысушыларына; 

 

3) 



байқаушы ұйымдарға; 

 

4) 



DMA 

жүйесі арқылы интернет–клиенттерге; 

 

5) 


сауда-саттық  жүйесінің  баптауын,  әкімшілік  етуін,  қызмет  көрсетуін  және  қолдауын 

жүзеге асыратын, Биржа қызметкерлеріне. 

4. 

Осы Ережелердің 3 тармағының 1) – 2) тармақшаларында аталғандар арасындағы ұйым 



сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасауге  мүмкіндік  алу 

үшін, осы Ережелердің 1 қосымшасында берілген  үлгі бойынша өтініш беруі тиіс.  Биржа 

айтылмыш  өтінішті  алған  күннен  кейінгі  бірінші  жұмыс  күні,  осы  ұйым  Қатысушы 

мәртебесіне  ие  болып,  минималды  техникалық  және  осы  Ережелердің  2 бабының 

– 7тармақтарында белгіленген басқа да талаптарды орындау шартымен, сауда-саттық 



жүйесіне қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау үшін қосылады

.

 

5. 



Байқаушы-ұйым  ретінде  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс 

жасауға  ниет  білдірген  ұйым,  осы  Ережелердің  1 қосымшасында  берілген  үлгі  бойынша 

өтініш беріп, аталған ұйымның сауда-саттық жүйесімен байқаушы-ұйым ретінде қашықтан 

кіру тәртіптемесінде жұмыс жасауге Биржаның жазбаша келісімін алуы тиіс. 

 

Биржа  айтылмыш  өтінішті  алған  күннен  кейінгі  бірінші  жұмыс  күні,  осы  ұйым  Қатысушы 



мәртебесіне  ие  болып,  минималды  техникалық  және  осы  Ережелердің  2 бабының 

– 7тармақтарында белгіленген басқа да талаптарды орындау шартымен, сауда-саттық 



жүйесіне қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау үшін қосылады

.

 

6. 



Интернет-клиенттер  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде,  олар  мен 

оларға қызмет көрсететін Биржа мүшелері арасында жасалған келісім-шарттар негізінде, 

жұмыс жасайды. 

7. 


Биржа  қызметкерлері  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс 

жасау үшін, Биржа Президентінің немесе оның орнындағы Вице-президенттің рұқсатымен 

(соның ішінде ауызша) қосылады. 

8. 


Осы  Ережелердің  3 тармағының  1)-3) тармақшаларында  аталған  тұлғалар  үшін  осы 

Ережелер  қосылу  келісім-шартының  күшіне  ие.  Аталған  тұлға,  осы  Ережелердің  4  және 

тармақтарына сәйкес, Қатысушы мәртібесін алуы осы Ережелерде белгіленген барлық 



шарттар негізінде келісім-шарт жасауын білдіреді. 

9. 


Бағдарламалық  терминал  мен  Сауда-саттық  ақпаратқа,  зияткерлік  меншік  ретінде 

айрықша  құқықтар  Биржаға  тиесілі;  Қатысушыларға  тек  оларды  пайдалану  құқығы 

беріледі. 

 

Биржа  Қатысушыларға  Сауда-саттық  ақпаратын  өз  клиенттеріне  DMA  жүйесі  арқылы 



көрсету  (көрсетілім)  құқығын  тек  Биржада  мәміле  жасасуға  қажетті  көлем  мен  құрамда 

ғана  береді.  Сауда-саттық  ақпаратын  кез  келген  басқа  әдіспен  және  кез  келген  басқа 

мақсаттарда тарату Сауда-саттық ақпаратын қайталап тарату болып табылып, тек Нақты 

уақыт тәртіптемесінде жүргізілетін сауда-саттық туралы Биржалық ақпараттарды берудің 

коммерциялық шарттары туралы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 

10. 


Сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасау  тәртіптемесі 

Биржаның  сауда-саттық  залындағы  жұмыс  орындарынан  жұмыс  жасау  тәртіптемесіне 

іспеттес  және  Биржаның  сауда-саттық  жүйесімен  жұмыс  жасау  сұрақтары  жөніндегі 

түсініктеме-нұсқаулық 

сипаттағы 

материалдарында 

(пайдаланушыға 

арналған 

жетекшілікте) белгіленген. 

 

Сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасағанда  ақпараттарды 



қорғаудың  бағдарламалық-криптографиялық  құралдарын  қолданып  жұмыс  жасау 

ерекшеліктері  Сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасағанда 

ақпараттарды  қорғаудың  бағдарламалық-криптографиялық  қорғау  құралдарын  қолдану 

Ережелерінде анықталған. 




Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



11. 


Осы  Ережелерге  енгізілетін  өзгертулер  мен  толықтырулар  бекітілгеннен  соң  тек 

15 


күннен  кейін  ғана  қолданысқа  енгізілуі  мүмкін  және,  осындай  өзгертулер  мен 

толықтырулар бекітілгеннен кейін, сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде 

жұмыс жасайтын тұлғалардың назарына кешіктірмей жеткізілуі тиіс. 



Тарау. Сауда-саттық жүйесіне қосылудың минималды техникалық және өзге талаптар.  

1. 


Қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасау  мақсатында  сауда-саттық  жүйесіне  қосылу 

үшін Қатысушының (Қатысушыға талапкердің) мынадай байланыс арналары болуы тиіс: 

 

1) 


қашықтан кіру провайдерінің желісі немесе интернет-провайдері көмегімен Интернет 

желісі  арқылы  тікелей  байланыс  бойынша  ұйымдастырылған,  негізгі  байланыс 

арнасы. 

 

 



Қашықтан  кіру  желісінің  провайдерісіз  тікелей  байланыс  бойынша  негізгі  байланыс 

арнасын  ұйымдастыру  тек,  бағалы  қағаздар  нарығының  реттеуі  мен  қадағалауын 

жүзеге асыратын, мемлекеттік органына ғана рұқсат етіледі

 

2) 



осы  тармақтың  1) тармақшасында  көрсетілген  провайдерден  басқа,  өзге  интернет-

провайдердің  көмегімен  Интернет-провайдер  арқылы  ұйымдастырылған,  резервтегі 

байланыс арнасы. 

 

 



Осы  тармақтың  1) тармақшасына  сәйкес  ұйымдастырылған,  негізгі  арнаның  істен 

шыққан  жағдайында,  Қатысушылар  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру 

тәртіптемесінде жұмыс жасауы үшін резервтегі байланыс арнасн қолданылады. 

2. 


Сауда-саттық  жүйесіне  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасау  мақсатында  қосылу 

үшін, Биржамен белгіленген, IP-мекен-жайлар қолданылады. 

 

Негізгі  және  резервтегі  байланыс  арналары  бойынша  қосылу  үшін  IP-мекен-жайлардың 



тізімі,  сонжай-ақ  осы  тізімге  енгізілетін  өзгертулерді  Биржа  Қатысушыларға 

(Қатысушыларға үміткерлерге) жазбаша түрде ұсынады. 

3. 

Интернет  желісі  арқылы  сауда-саттық  жүйесіне  қосылу  тек  ақпараттарды  қорғаудың 



бағдарламалық-криптографиялық құралдарын қолдану шартымен ғана рұқсат етіледі. 

4. 


Бағдарламалық терминал инсталляцияланатын персоналды комьютердің, Core2Duo–дан 

төмен  емес  класстағы  процессоры  болуы  тиіс,  операциялық  есте  сақтау  құрылғысының 

сыйымдылығы 

1 гигабайттан 

кем 

болмауы 


тиіс. 

Аталған 


компьтерде 

Microsoft

® 

Windows


® 

XP 


немесе одан да жоғары операциялық жүйесі орнатылуы тиіс. 

5. 


Бағалы қағаздардың нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын, мемлекеттік 

органға қашықтан кіру желісінің провайдерісіз тікелей байланыс арнасы бойынша сауда-

саттық жүйесіне қосылу үшін: 

 

1) 



осы  баптың  7 тармағында  белгіленген  талаптарға  сай,  Биржа  жайларына  дейін 

жүргізілген істегі тікелей байланыс арнасы; 

 

2) 


сауда-саттық  жүйесінің  терминалына  қосуды  қамтамасыз  етуге  қажетті  жұмысқа 

жарамды телекоммуникациялық жабдықтар қажет. 

6. 

Қатысушыны 



(Қатысушыға 

үміткерді) 

сауда-саттық 

жүйесіне 

қашықтан 

кіру 


тәртіптемесінде қосу үшін: 

 

1) 



қашықтан кіру желісі провайдерлерінің бірімен

1

 



келісім-шартқа отырып, осы келісім-

шарт  негізінде  Қатысушы  (Қатысушыға  үміткер)  өз  терминалын  (терминалдарын) 

сауда-саттық жүйесіне қосу мүмкіншілігін алады; 

                                                      

1

 

Қашықтан  кіру  желісінің  провайдерлерінің  тізімін  Биржа  анықтайды  және  қатысушыларға 



(Қатысушы  болуға  үміткерлерге)  Биржаның  интернет-ресурсында  жариялау  арқылы  танысуға 

ұсынылады. 

 

Қашықтан кіру желісі провайдерлерінің тізімімен қосып Қатысушыларға (Қатысушыға үміткерлерге), 



әәрбір  жеке  провайдермен  бірлесіп  Биржамен  жасалған,  құжаттар  болып  табылатын,    қашықтан 

кіру желісін пайдаланудың жалпы шарттары ұсынылады. 




Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



 

2) 



осы  баптың  7 тармағында  белгіленген,  талаптарға  сәйкес  келетін,  осы  тармақтың 

1) 


тармақшасында  аталған,  провайдерге  дейін  қолданыстағы  тікелей  байланыс 

арнасы болуы тиіс; 

 

3) 


сауда-саттық  жүйесінің  терминалына  қосуды  қамтамасыз  етуге  қажетті  және,  осы 

тармақтың  1) тармақшасында  белгіленген,  провайдермен  келісілген,  жұмысқа 

жарамды телекоммуникациялық жабдықтар болуы тиіс 

 

4) 



Қатысушының  (Қатысушыға  үміткердің)  негізгі  және  резервтегі  байланыс 

арналарының  бар  болуын  растайтын,  осы  баптың  1 тармағында  белгіленген 

талаптарға сәйкес, фирмалық бланкіде толтырылған хатты Биржаға жолдау қажет. 

7. 


Сауда-саттық жүйесіне қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау үшін қосылған кезде 

(сауда-саттық  жүйесіне  тікелей  байланыс  арнасы  арқылы  қашықтан  кіру  желісінің 

провайдері – CIR

2

 



арқылы қосылғанда) байланыс арнасының өткізгіш қабілеттілігі сауда-

саттық жүйесінің бір терминалына есептегенде секіндына 256,0 килобиттан еем болмауы 

тиіс.  

8. 


Биржа Қатысушыларға (Қатысушыға үміткерлерге)  қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс 

жасау үшін сауда-саттық жүйесіне қосылу амалдарын таңдау бойынша кеңес береді. 

 

Айтылмыш  кеңес  берулер,  Биржа  қызметкерінің  орындарда  кеңес  беру  жағдайларынан 



басқа  кезде,  тегін  беріледі.  Мұндай  жағдайларда  Биржа  өз  қызметкерінің  барып-қайту 

шығындарын  өтеу  ретінде  Қатысушыдан  (Қатысушыға  үміткерден)  төлемақы  алуға 

құқылы. 

9. 


Бағдарламалық  терминал,  сондай-ақ  бағдарламалар  және/немесе  оны  инсталляциялау 

бойынша  нұсқаулықтар  Қатысушыларға  электрондық  пошта  арқылы,  осындай 

мақсаттарда Қатысушымен Биржаға берген мекен-жайлары бойынша, беріледі. 

 

Қатысушы  бағдарламалық  терминалдың  инсталляциялауын  өз  бетінше,  қажет  болса 



Биржа қызметкерлерінің кеңесін алып, жүзеге асырады. 

 

Айтылмыш  кеңес  берулер,  әдетте,  телефон  арқылы  беріледі.  Егер  Биржа  қызметкері 



осындай  кеңес  беру  орындарда  жасау  қажеттілігі  болса,  Биржа  Қатысушыдан 

(Қатысушыға үміткерден) қызметкерінің барып-қайту шығындарын өтеу ретінде төлемақы 

алуға құқылы. 

10. 


Биржа жауапты емес: 

 

1) 



осы Ереженің 4-6 тармақтарында белгіленген талаптарды Қатысушы орындамағаны 

себебінен инсталляциялау және бағдарламалық терминалды қосу мүмкін; 

 

2) 


Қатысушы  инсталляциялауды  қате  жасап,  осындай  қате  инсталляциялаудың 

салдарына; 

 

3) 


байланыс  арналары  мен  телекоммуникациялардың  жұмысқа  жарамсыздығы 

салдарынан,  сондай-ақ  провайдердің  немесе  интернет-провайдердің  жұмысындағы 

жаңылыстар себебімен терминалдың сауда-саттық жүйесіне қосу мүмкін еместігіне; 

 

4) 



Қатысушы  осы  Ережелердің  4  -  7 тармақтарында  белгіленген  талаптар  мен 

нұсқауларды  орындамағаны  себебінен  сауда-саттық  терминалы  жұмысының 

жаңылыстары үшін. 

11. 


Егер  Қатысушының  (Қатысушыға  үміткердің)  байланыс  арнасының  (арналарының)  және 

телекоммуникациялық  жабдықтарының  өткізгіш  қабілеттілігі  жеткілікті  болса,  сондай-ақ 

Биржаның  телекоммуникациялық  жабдықтарында  бос  телефон  линиялары  мен 

порттарының 

қажетті 

саны 


болса, 

бір 


Қатысушыдағы 

сауда-саттық 

жүйе 

терминалдарының санына шектеу қойылмайды. 



 

Қатысушы  түрлі  терминалдарға  қатысты  сауда-саттық  жүйесіне  қосылудың  түрді 

әдістерін қолдануға құқылы. 

                                                      

2

 

"committed  information  rate"  ("



ақпаратты берудің кепілденген жылдамдығы") ағылшын сөз тіркесінің 

аббревиатурасы



.

 



Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 







Тарау. Ерекше шарттар 

1. 


Бағдарламалық  терминалды  түрлендіру  немесе  жаңа  буынын  әзірленгенде,  Биржа,  осы 

Ережелердің 2 бабы 9 тармағында белгіленген тәртіпте, Қатысушыларға ұсынады. 

 

Қатысушыларға 



бағдарламалық 

терминалдың 

модификацияланған 

версиясын 

пайдалануға бергенде, Қатысушылардан ақы алынбайды. 

 

Қатысушыларға жаңа буындағы (сауда-саттық жүйесін бағдарламалық қамтуын ауыстыру 



шеңберінде  әзірленген)  терминалды  бергенде  Биржа  Қатысушылардан  бағдарламалық 

термирналды  пайдаланғаны  үшін  ақы  алуға  құқылы.  Ақының  көлемі  мен  төлеу 

тәртіптемесін Биржа Басқармасы белгілейді. 

2. 


Қатысушыларға тыйым салынады: 

 

1) 



бағдарламалық терминалдың кодын ашып, өзгертуге; 

 

2) 



бағдарламалық  терминалды  үшінші  жақтарға  кез  келген  әдіспен  және  кез  келген 

түрінде беруге; 

 

3) 


осы  Ереженің  9  тармағында  белгіленген  Сауда-саттық  ақпаратын  таратуға  қатысты 

шектеулерді бұзуға. 

3. 

Осы  Ережелердің  2 тармағында  белгіленген  шарттардың  кез  келгенін  бұзғаны  үшін 



Қатысушы  Биржаға  АЕК

3

  1.000-



есе  көлемінде  (осындай  тәртіп  бұзушылықтың  әрбір 

жағдайына) тұрақсыздық ақысын төлейді. 

4. 

Биржа Қатысушының сауда-саттық жүйесіндегі жұмысын уақытша тоқтатуға құқылы (осы 



Қатысушыға кейін ескерпе жолдаумен): 

 

1) 



Қатысушы  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасауға 

жататын,  көрсеткен  қызметтер  үшін  Биржаның  алымдарын  төлеушарттарын  бұзған 

жағдайда; 

 

2) 



Қатысушы осы баптың 2 тармағында белгіленген тыйымдарды бұзған жағдайда; 

 

3) 



Қатысушы  осы  Ережелердің  2 бабы  1 тармағының  2) тармақшасында  белгіленген 

шарттарды жағдайда; 

 

4) 


Қатысушы  осы  баптың  3 тармағында  қарастырылған,  тұрақсыздық  төлемені 

төлемеген жағдайда. 

5. 

Қатысушының сауда-саттық жүйесімен жұмысын қайта бастауды Биржа (осы Қатысушыға 



кейін  бұл  туралы  жазбаша  ескертпе  берумен)  осындай  Қатысушы  осы  баптың 

тармағында  белгіленген  талаптарын  бұзушылықтарды  жойғаннан  кейін,  сондай-ақ  осы 



баптың  3 тармағымен  қарастырылған  тұрақсыздық  төлемдерін  төлегеннен  кейін,  жүзеге 

асырады. 

6. 

Қатысушының  IP мекен-жайынан аномалиялық белсенділік анықталған жағдайда (қосуға 



көптеген  сауалдар,  DоS-шабуыл  және  осы  сияқты)  Биржаның  мұндай  белсенділікті  жою 

бойынша  қажетті  шаралар  қолдану,  тіпті,  осындай  жағдайлардың  туындауына  әкеп 

соқтырған жайттарды анықтағанға дейін, IP мекен-жайын оқшаулау құқығы бар. 

 

Бұл  ретте  Биржа  осы  Қатысушыға,  оның  IP  мекен-жайын  оқшаулау  күннен  бастап  үш 



жұмыс күн аралығында, тиісті жазбаша ескертпе жолдауы тиіс. 

7. 


Осы  баптың  3  -  6 тармақтарында  анықталған  ықпалшараларынан  басқа,  осы  баптың 

тармағында  белгіленген  тыйымдардың  кез  келгенін  айтылмыш  Қатысушы  бұзуы 



салдарынан,  Биржаның  пікірі  бойынша,  сауда-саттық  жүйесінің  жұмысқа  қабілеттілігіне 

немесе  бағдарламалық  терминал  мен  Сауда-саттық  ақпаратына  зияткерлік  меншік 

ретінде  Биржаның  айрықша  құқықтарына  елеулі  қауіп  төндірген  жағдайларда,  Биржа 

Қатысушыны сауда-саттық жүйесімен жұмыс жасауден шеттетуге құқылы. 

                                                      

Зейнетақылар,  жәрдемақылар  және  басқа  да  әлеуметтік  төлемақыларды  есептеуге,  сондай-ақ 



Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  сәйкес  айыптық  ықпалшаралар,  салықтар  және  басқа  да 

төлемақыларды  есептеуге  арналған  айлық  есептік  көрсеткіш,  оның  мағынасы  тиісті  жылдарға 

бекітілетін республикалық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 



Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



8. 


Сауда-саттық жүйесі мен терминалдардың жұмысындағы жаңылыстар (бұзылу, қате кету 

және іркілістер) болу жағдайларын реттеу тәртіптемесі Биржаның сауда-саттық жүйесінің 

жұмысындағы техникалық сұрақтар мен жаңылыстарды шешу Ережелерінде белгіленеді.  



Тарау. Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасауға қатысты, 

қызметтерді көрсеткені үшін Биржа алымдары 

1. 


Қатысушылар,  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасауға 

қатысты,  қызметтерді  көрсеткені  үшін  Биржа  алымдарын  Мүшелік  жарналар  және 

биржалық алымдар туралы қағидаға сәйкес төлейді: 

2. 


Қатысушы  сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасаудан 

уақытша немесе біржола бас тартуға, тиісінше осы Қатысушыны сауда-саттық жүйесімен 

қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасауға  қатысты  қызметтерді  ұсынғаны  үшін 

Биржаның  алымдарынан  босатумен,  Биржа  бас  тарту  айының  басында  сауда-саттық 

жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасауды уақытша тоқтатуды (тоқтатуды) 

қалауы туралы осы Қатысушыдан жазбаша ескертпесін алуы шартымен, құқылы. 

37. 

Сауда-саттық  жүйесіне  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасаудан  уақытша 



(біржола) бас тарту айынан бастап Қатысушы оған сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру 

рұқсаттамасын ұсыну қызметтері үшін алымдарын төлеуден босатылады. 

 

 

 



 

 

Президент 



А.М. Жолдасбеков 


Сауда-саттық жүйесімен қашықтан кіру тәртіптемесінде жұмыс жасау ережелері 

 

 



Сауда-саттық жүйесімен 

қашықтан кіру тәртіптемесінде 

жұмыс жасау Ережелеріне 



1 қосымша 

[фирмалық бланкіде] 

"

Қазақстан қор биржасы" АҚ 



Ө Т І Н І Ш  

Осы  өтінішпен  Сіздердің  сауда-саттық  жүйелеріңізбен 

[

атаңыз]  ретінде 



қашықтан  кіру 

тәртіптемесінде жұмыс жасауге өз ниетімізді білдіреміз  

 

сауда-саттық қатысушысы 



 

Растау жүйесіне қатысушысы  

 

байқаушы ұйым 



оған қосылу әдісі 

[

белгілеңіз]



 

 

қашықтан  кіру  желісінің  провайдерісіз  (бағалы  қағаздар  нарығын  қадағалауды  жүзеге 



асыратын, мемлекеттік орган үшін ғана) тікелей байланыс арнасы бойынша 

 

қашықтан кіру желісінің провайдері арқылы тікелей қосылу 



 

Интернет желісі арқылы интернет-провайдері арқылы 

Сауда-саттық  жүйесінің 

[

санын  белгілеңіз]  терминал(дар)ын  пайдалануды  көздеп  отырмыз,  олардың 



орналасу мекен-жайы

[



атаңыз]

Сауда-саттық  жүйесімен  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасау  ережелерімен  танысып, 



олардың  шарттарымен  келісіп,  талаптарын  орындауға  міндеттенеміз.  Осы  міндеттемеге, 

айтылмыш  Ережелердің  1 бабының  11 тармағына  сәйкес  біздің  назарымызға  жеткізілген, 

аталған  Ережелерге  кейін  енгізілетін  өзгертулер  мен  толықтырулардың  талаптарын  орындау 

міндеттемесі де кіреді. 

Осы  өтініште  белгіленген  міндеттемелерді  орындамағанымыз  үшін  толық  жауапкершілікті  өз 

мойнымызға аламыз. Сондай-ақ осы жауапкершілікке біздің атымыздан Сіздердің сауда-саттық 

жүйелеріңізге  қашықтан  кіру  тәртіптемесінде  жұмыс  жасайтын  қызметкерлеріміз  бен 

клиенттеріміздің  (клиенттеріміздің  қызметкерлерінің)  жоғарыда  аталған  Ережелердің 

нормаларын  бұзып  (орындамай)  жүзеге  асырған  әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне)  және  осындай 

әрекеттердің салдарына жауапкершілік те кіреді. 

 

[

қызметі] 



[

қолтаңбасы] 

[инициалдары, тегі]

4

 



[

қызметі] 

[

қолтаңбасы] 



[инициалдары, тегі]

5

 



                                                      

4

 



Қатысушы (Қатысушыға үміткер) атынан бірінші қол қоюға өкілденген тұлғаның қызметі, қолтаңбасы, 

инициалдары және тегі. 



5

 

Қатысушы (Қатысушыға үміткер) атынан екінші қол қоюға өкілденген тұлғаның қызметі, қолтаңбасы, 



инициалдары және тегі.

 

жүктеу 112,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау