Занятость населения



Дата07.02.2020
өлшемі58 Kb.
#28590
түріБағдарламасы

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



БІРІНШІ БАҒЫТ: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Бұл бағыт мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

1) Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

ТжКБ бар кадрлар даярлау бағдарламасына қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.

2) Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шығыстарының орнын толтыру қарастырылған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бір айдан алты ай мерзімге дейін жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды қамтиды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен Бағдарлама қатысушылары 29 жасқа дейінгі және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастар болып табылады.

Алыс ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өтеді.

Бағдарламаға қатысу үшін Бағдарламаға қатысу өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына, Кәсіпкерлер палатасына, ауылдық округ немесе елді мекеннің әкіміне өтіну қажет.



ЕКІНШІ БАҒЫТ: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру.

4)Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттары бойынша оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Микрокредит беру шарттары:

- бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты - жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;

- микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, сатып алу мен салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизге жатқызылған өнімді өндіруге берілмейді;

- микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін микрокредит мерзімі - 7 жылға дейін;

- микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 мың АЕК дейін;

- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6 %-дан артық емес.

Мемлекеттік гранттар 100 АЕК-ке дейінгі жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған және қажетті жабдықтар, құрал-саймандар мен технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Үміткерлер кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

 Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.



ҮШІНШІ БАҒЫТ: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Бұл бағыт аясында Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

 - әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

- бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға көмек көрсету;

- әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

- жастар тәжірибесін ұйымдастыру;

- Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзімді құрайды. Субсидияның ай сайынғы мөлшері жалақының белгіленген мөлшерінен 35 %-ды құрайды, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.

Жастар практикасы түлектер оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішінде алған кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін арналған.

Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайтын мерзімді құрайды. Жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуге субсидиялардың мөлшері 25 АЕК құрайды.

Қоғамдық жұмыстар қызметкерден алдын-ала кәсіптік даярлықты талап етпейді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру:

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Үміткерлер Бағдарламаға қатысу үшін консультациялар алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.
Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру:

Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.

«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:

1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);

 2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;

 3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы деректер қамтылған.

 Портал enbek.kz интернет-ресурсының негізінде жұмыс істейді және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының байланыс телефондары


Алтынсарин ауданы

(71445) 34281

Аманкелді ауданы

(71440) 22123

Әулиекөл ауданы

(71453) 21906

Денисов ауданы

(71434) 22056

Жанкелдин ауданы

(71439) 21689

Жітіқара ауданы

(71435) 26768

Қамысты ауданы

(71437) 21169

Қарабалық ауданы

(71441) 32923

Қарасу ауданы

(71452) 22058

Қостанай ауданы

(71455) 26217

Меңдіқара ауданы

(71443) 34192

Науырзым ауданы

(71454) 21057

Сарыкөл ауданы

(71451) 36889

Таран ауданы

(71436) 36273

Ұзынкөл ауданы

(71444) 21144

Федоров ауданы

(71442) 21306

Арқалық қаласы

(71430) 75398

Қостанай қаласы

(7142) 522045

Лисаков қаласы

(71433) 20258

Рудный қаласы

(71431) 24494

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау