Заманынан озып туѓан азамат еді


АУЫР КЕЗЕҢНІҢ ЖҮГІН ЖҮРЕКПЕН КӨТЕРГЕН



жүктеу 369,93 Kb.
бет2/2
Дата07.12.2017
өлшемі369,93 Kb.
#3434
1   2

АУЫР КЕЗЕҢНІҢ ЖҮГІН ЖҮРЕКПЕН КӨТЕРГЕН

Телевизияға әдебиеттен келген Сағат Әшімбаев алдымен барлығын өзінің кішіпейілдігімен, биязылығымен таңғалдырды. Әсілі, бұл ортада адам өзін танытуы, жол ашуы үшін кеуде керек болуы мүмкін. Ал 1986 жылы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары деп таныстырылған адам соншалықты жұмсақ жүректі болып шықты. Тіпті, оған дейін сырттан келіп “Жүректен қозғайық” пен “Қарыз бен парыз” бағдарламаларын жүргізіп жүрген комментатор мен мына орынбасарды бір адам деуге болмайтындай.

Қалың көрермендерге бастапқыда Сағат Әшім­баев “Жүректен қозғайық” бағдарламасы арқылы танылды. Бұл — телеклуб түрінде өтетін хабар. Ол оған дейін Дулат Исабеков жүргізген “Әдептен озбайықты” алмастырды. Бір топ білімді, ойы озық, көзі ашық азаматтар ұдайы эфирге шақырылды. Түрлі тақырыптарды талдады. Бағдарламаға телеви­зиядағы жауап беретін Жүрсін Ерманов бастаған шығармашылық топ алғашқы хабарларды Алматы малдәрігерлік және Қазақ ауыл шаруашылығы институттарында өткізді. Түрлі тақырыптарға орай студент жастар мен келетін қонақтар өз көзқа­растарын, байламдарын білдірді. Лұқпан Садықов, Мақаш Тәтімов, Күләш Ақжолтаева, Өтебай Қанахин, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар Мекішов сынды түрлі саланың жүйріктері қосыла шапқанда, қалың көрермен айызы қана көрді. “Жүректен қозғайықтың” барлығы 14 саны түсірілді.

Қазақ тілі мен рухы жан-жағынан қысым көр­ген тұйық қоғамның сеңін бұзуға түрткі түсірген атақты “Қарыз бен парыз” бағдарламасы ұлттық даму жолын іздегендерге шамшырақ сияқты кө­рінді. Өйткені, Сағатпен әңгімелескеннің қайсысы болса да оған ағынан жарылатын. Сағаттың тазалығы мен тәрбиесі студияға шақырылғандардың ешқайсына бұра тартатын жол қалдырмайтын. Көпке ұнаған бұл бағдарлама, бірақ, сол кездегі Компартияға жақпады. Сағат Әшімбаев туралы жұрт өте жылы пікірлер айтып жатқанда, биліктің жүрегі жібімеді. “Парыз бен қарыз” хабарында ұлттық рухтың, тарихтың, тілдің көкейкесті мәсе­лелері неге қозғалады деген сұрақ жоғары жақта жиі қойылып жатты.

Сағаттың кезекті хабарына Камал Смайылов пен академик Төрегелді Шарманов келеді. Эфир басталғанда комментатор қазақ мектебінде оқып, алыс ауылда білім алған адамдардың ешкімнен кем болмағанын айтады. Бұл “ұл-қызымыз қазақша білім алмаса, ортасынан кем қалады” деген қисынсыз пікірге берілген дәл соққы еді. “Міне, менің қасымда екі азамат отыр. Екеуі де сонау Жезқазған даласында, қасиетті Ұлытауда туып-өскен, қазақ мектебін бітірген. Қараңыз­даршы, осылар қазір кімнен кем?” деп Сағат қонақтарды таныстырды. Камал Смайыловтың кейінгі естелігі бойынша: “Өзінің сезімтал білгіш әдетімен біздің білім-тәжірибеміз, атқарған қызметтеріміз туралы қызына айтып, сол жолы қазақ мектебінің намысын, маңызын қорғап жатты”. Міне, осы эфирге қатысып кеткен Смайылов кешікпей өзі қызмет істейтін Орталық комитет Хатшылығының кезекті мәжілісіне келеді. Онда мәжілісте қаралатын бір қаулының жобасына көзі түседі. Қараса, “Мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары С.Әшімбаев туралы”. Толық оқыса оны қыз­меттен босату туралы шешімнің жобасы екен. Сол отырыста Смайылов бір кезде өзі орынбасар болған, басқарған ұжым басшыларының бірі Әшімбаевты қорғап сөз сөйлейді. Бұл тұжырымға сол кездегі Орталық комитеттің идеология хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков те қосылады. Ақыры мәжілісті жүргізген екінші хатшы Сағидолла Құбашев: “Қаулыны түбірінен өзгерту керек, Әшімбаевқа тек сөгіс берумен шек­телейік”, деді.

Сағатты пікірлес қайраткерлер ғана емес, мемлекеттік комитетте қызмет атқаратын барлық мамандар қорғай білді. 1986 жылдан оның “мінездемесін беру” деген науқан басталды. Сағаттың басшылық қызметтегі таза қызметін көрген қызметкерлер тегіс оған жақсы мінездеме берді. Бірінші жолы өздеріне ауадай қажет пікірді ести алмаған Орталық комитеттің өкілдері тағы “Әшімбаевқа мінездеме беру” мәселесіне айналып соқты. Бұл жолы олар ұжымды тіл жағынан екіге жару арқылы зымиян ойларын іске асырмақ болды. Әшімбаевтың қазақ тілі үшін тер төккенін білетін олар енді орыс тілді бағдарламалардың қызметкерлерін, ұлты басқа қызметкерлерді қарсы айдап салуға ниеттенді. Бірақ, жолдары болмады. Жанна Ахметова, Владимир Назаров, Семен Газарх сияқты маман­дар Әшімбаевтың өте дұрыс азамат және білікті басшы екенін нақпа-нақ дәлелдеді.

Бүкіл Қазақстан Желтоқсан көтері­лісін бастан кешкенде Сағат басын бәйгеге тігіп, алаңдағы оқиғаларды шатырдан түсіртіп алды. Ол таспаны режиссер Рубикжан Яхин түсірткен. Сосын әскери-патриоттық тәрбие және спорт редакциясының бас редакторы Рабат Жәнібе­ковке тықтырып қойды. Осы оқиғаның ащы ақиқаты сақталған таспаны қауіпсіздік орган­дарының адамдары айлап іздеді. Сағат ешкімді ұстап бермеді. Тек мезгілі келгенде оны көпші­ліктің көз алдына жеткізу үшін журналистер қолына қайта тапсырған. Жай тапсырмай, Желтоқсан туралы барлық ақиқат айтылған алғашқы бағдарламаны жасатты. Басты бәйгеге тігіп түсірілген әрі сақталған кадрлар өтіп жатқанда “Сағат Әшімбаевтың жеке архивінен” деген жазу дүркін-дүркін өтіп тұрды.

Сексенінші жылдардың соңында жариялы­лық желі жетті. Бұрынғы жалғыз жүкті арқалаған “Қарыз бен парыздың” орнына ондаған жаңа бағдарламалар шығып жатты. Сағат Әшімбаев комитет төрағасы ретінде осы жұмысты жалық­пай ұйымдастыра білді. Қазақстанда айтылмаған ақиқаттарды ашуға Қазақ телевизиясы мен радиосы белсене кірісті. Әсіресе, Семей ядролық полигонын жабу туралы бүкілхалықтық қозғалыс экран бетінен түспеді. Арал теңізі тартылып кеткендіктен, оның маңындағы халықтың судан да у ішіп, ауадан да у жұтып отырғаны туралы ащы шындық апта сайын айтылып, дабыл қағылып жатты.

1990 жылдың жазында Қазақстанның шығыс өңірінде бірнеше ауданды қиратып өткен зілзала болды. Оны алдында Армениядағы Спитак жер сілкінісі және Тәжікстандағы Ғиссар көшкіні табиғи апаттары кезінде Қазақстан алдымен көмек қолын созған. Бірақ, қазақ жеріндегі зілзала кезінде одақтық үкімет пен одақтас республикалардың көмегі сезілмеді. Бар қиын­дық Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың иығына түсті. Зайсанда жер сілкінген күні қазақ теледидарына ұлттың ең аузы дуалы кісілері Әбу Сәрсенбаев пен Тұрсынхан Әбдірах­манова шақырылды. Олар барлық адамдарды жер сілкінісі зардаптарын жоюға көмектесуге шақырды. Экран арқылы арнайы ашылған есеп-шот көрсетіліп тұрды. Төраға Сағат Әшім­баев осы орайда арнайы тілшілер қосынын құрды. Құсман Игісінов бастаған журналистер айына екі рет арнайы хабар жасап тұрды. Сол кезде республика басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты, жауапты министр Макиевскийді Алма­тыдан мың шақырымнан алыс Зайсан мен Тарбағатай аудандарында Қазақ телевидениесінің камерасы қарсы алып тұратын. Бұл да төрағаның халық үшін қандай қызметке де әзір екенін білдіретін бір мысал.

Одақ тағдыры қыл үстінде тұрды. Қазақ­станның іргелі кәсіпорындарының бәрі бұған дейін одақтық бағыныста болып келген. Олар бүкіл өнімді алып, пайдасын көріп, жергілікті жұрт ауыр экологиялық жағдайда қала беретін. Міне, осы мәселені көтерген Қазақ КСР Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қазақ жеріндегі барлық ақпарат құралдары тірек болды. Оның ішінде көзге көрсете отырып дәлелдейтін телевизияның жөні бөлек.

Президенттің баспасөз хатшысы Ғаділбек Шалахметов пен комитет төрағасы Сағат Әшім­баев келісімімен саяси-қоғамдық редакция ұсын­ған “Президент сағаты” бағдарламасы алғаш эфирге шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түрлі сауал­дарға орай тыңғылықты жауап беретін бағ­дарлама 45 минөттік еді, бірақ бір сағаттан асып кететін кездері болды.

Тура осындай қауырт жұмыс кезінде 1991 жылғы тамыз айының екінші жартысында ГКЧП, яғни Төтенше жағдай жөніндегі мемле­кеттік комитет оқиғасы басталды. Мәскеуде бір топ жоғары лауазымды қызметкер Орталықтың өктем билігін, коммунистердің елді қызыл қан еткен бағытын жалғастыра беру үшін жанта­ласты. Олар өздерінің шешімдері барлық ақпарат құралдары арқылы таратылуын талап етті. Міне, тура осы оқиға талантты сыншы, білікті басшы Сағат Әшімбаевтың жүрегіне соңғы жүк болып түсті. Кезіндегі Желтоқсан оқиғасында сына түссе де сыр бермеген жүрек мына зомбылыққа шыдамады.

Сәл шыдағанда Сағат Әшімбаев Қазақ­станның арман болған бостандыққа жеткенін көрер еді. Өзі көріп қоймай, жалпақ әлемге жар салар еді. Оны телевизордан күндіз-түні бергізер еді. Амал нешік!

«Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясының негізгі қос ғимараты да Республика алаңы жанында орналасқан. Көңілде өшпес мұң, жүректерде жазылмас сызат қалдырған 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасына сол кездері Қазақ телевизиясында қызмет атқарған бүкіл журналист куәгер. Желтоқсан оқиғасының қалай басталғаны, қалай өткені, қалай аяқталғаны сол жылдардағы қызметкерлер жадынан әлі күнге ұмытылған жоқ.

Қазақ телевизиясының ғимараты орналасқан жерден алаң алақандағыдай көрінетін. Екі ғасырға бергісіз екі күн бойы алаңнан көз алмаған журналистердің жан дүниесі қандай арпалыста болғанын тілмен жеткізу тым қиын...

Бағымызға орай Кеңестер алып империясының ыдырауына түрткі болған Одақ көлеміндегі социалистік жүйеге қарсы тұңғыш бас көтеру «жабулы қазан жабулы» күйінде қалып қалмай, көп ұзамай шындық бетін бері бұрды. Мәскеудегі Съездер сарайынан депутат Мұхтар Шаханов жасаған үш минуттық Мәлімдеме Желтоқсан оқиғасын түбегейлі зерделеудің бетбұрысы болды. Өздерінің көз алдында өткен оқиғаға қатысты әңгімені қалт жібермей қадағалап жүретін Қазақ телевизиясының журналистері қолдарына түскен мәліметтерді дер мезгілінде көрермен назарына ұсынуға тырысты. Желтоқсан оқиғасы жайлы тұңғыш хабарды Сағат Әшімбаевтың басшылығымен жастар редакциясының журналистері әзірледі. Сол алғашқы хабардағы 1986 жылдың 17 желтоқсанында алаңдағы жастар ереуілінен түсірілген бейнекөріністер эфирден өтіп жатқан сәттері «Бұл кадрлар Сағат Әшімбаевтың жеке архивінен алынды» деген титрдағы жазуды оқыған кез келген көрермен көкейінде «түсірген оператор кім?» «қалай сақтап қалған?» сынды ойлардың қылаң бергені анық-тұғын.


Үмбет ӘБНАЗАРОВ, зейнеткер-журналист:

– Сағаттың басын өлімге тіккен көзсіз ерлігіне осы күні таң қаламын. Таңертеңгілік эфирден өтер жаңалықтарға жауапты редактор едім сол күні. Телетайппен келген «ҚазТАГ-тың» материалдары ішіндегі «қазақ ұлтшылдығы, нашақорлар» деген сөзді сызып тастап, эфирге жібермегенім үшін түске дейін мәселемді дирекцияда, түс қайта коллегияда қарап, «Қызмет бабын асыра пайдаланғаным үшін» 248-бап бойынша жұмыстан шығарды. Коллегияда Сағат Әшімбаев «тұтас бір халыққа қара күйе жағу, тұтас бір ұлтты кінәлау қиянат, мұның бүткіл халыққа жабылған жала» екенін ашына айтты. Ойын нығырлап, дәлелдеді. Өзі сын үстінде тұрғанына қарамастан, мені ақтап сөйлеп, жазамның жеңілдеуіне ықпал еткен азаматтың сол жолы ерлігіне куә болған бір мен емес. Сағат араша түспегенде, кемінде 4-5 жылды арқалап кетуім де әбден мүмкін еді.


Шолпан БАЙМОЛДИНА, режиссер:

– Сол күндер еске түссе, жанарыма еріксіз жас үйіріледі. Желтоқсан оқиғасы аяқталысымен, іле-шала желтоқсанның 21-і күні АСБ-1-дегі үлкен студияда ұжымның қатысуымен жиналыс өтті. Бұрын көрмеген бөтен адамдар өте көп болды. Олардың кімдер екенін де ішіміз сезді. Сол жиналыста әрбір сөзін абайлап, халықтар арасындағы ұлы достық дегенді желеулетіп, жастарды кінәламақ ниетпен сөйлегендер секілді Сағат Әшімбаев екіжүзділік танытпады. Жарты сағат тоқтамай, бір деммен ойындағысын айтып шыққан кезде көкейдегісін естіген көпшілік ду қол шапалақтады. Сол сәт есімнен еш шықпайды. Еңсесі түскен жұрт бір көтеріліп қалған-ды.


Шәрбану БЕЙСЕНОВА, жазушы, Сағат ағаның зайыбы:

– Сағат қатты күйзелді. Орталық партия комитетінің идеология бөліміне алаңға жиналып жатқан жастарды бейбіт жолмен тарату қажеттігін айтып телефон соққанында, ондағылар «жұмысың болмасын, өз ісіңді біл» деп келте жауап қайтарғандарына күйініп келді. «Арты қырғын болмаса болды. Жастарға обал» деп әбден қиналды. Сол аласапыран күндері түптің түбінде керек болар деп бейнетаспаға түсіруге тапсырма беріпті. Кімге, қандай жағдайда тапсырылды, одан бейхабармын. Кейін таспаны Рабат Жәнібеков әкеліп бергенде оның осы уақытқа шейін жасырып келгенін білдім. Қазір сол таспа Сағаттың архивінде сақтаулы. Сағат ауыр күндерді бастан өткерді. «Үлкен ұлдарың желтоқсанда алаңға барыпты» деген желеумен қатаң ескерту де алды. Ұжымында бір емес, екі аттестациядан өтті.


Рабат ЖӘНІБЕКОВ, спорт журналисі:

– Қатты қудалауға түсті. Бір күні хатшы қыз: «Сізді Сағат аға шақырып жатыр» деген соң бардым. «Сізге сеніп бір іс тапсырғалы отырмын. Басқа амалым жоқ. Амандық болса, кейін қажет кезінде қайтарарсыз. Мынау – Желтоқсан оқиғасы түсірілген таспа. Жастарымызды нашақорлар, маскүнемдер деп жатыр. Жала екенін көзбен көрген біз білеміз. Ешкімге білдірмеңіз. Жасырыңыз. Күндердің күнінде желтоқсандықтарға қатысты оларды ақтауға керекті таптырмас айғақ» деді. Алайда кім түсіргенін, оператордың аты-жөнін айтпады. Орталық партия комитеті өкілінің корпорацияда өткен аттестацияда «Сағат Әшімбаевқа қатысты арнайы дайындаған тек бір жақты қаралаудан тұратын мінездемені телефильм, телеорталық, Қазақ радиосы, Қазақ телевизиясында өткен ашық жиналыстарда бірауыздан қабылданған» деп көпшілікті сендірмек болған ниеті іске аспады. Жоғары жақ ұйымдастырған аттестацияда конференц-залға адам сыймай кетті ғой. Жұдырықтай жұмылған ұжым абзал азаматты бір кісідей жазықсыз жабылған жаладан арашалап қалды емес пе?! Ол күндерде, міне, енді тарих қойнауына ысырылды.


Рубикжан ЯХИН, режиссер:

– Ақпарат редакциясы болған соң бар жаңалықтың бел ортасында жүретініміз аян. Сол күні таңертеңгісін Сағат аға үйге телефон соқты. «Рубикжан, алаңға жастар жиналып жатыр, керек болар, түсіру керек» деді. Жұмысқа келсем, операторлар келе қоймаған екен. Содан бейнекамераны өзім алып, алаңға бет алдым. Бір сағат шамасында оқиға ортасында болдым. Ұзағырақ түсіруге КГБ өкілдері кедергі келтірді. Түсіргендерімді оларға көрсету үшін кассетаны аппаратқа қосып жатқан кездері «керек боп қалар» деген Сағат аға сөзі ойыма сап ете қалды. Жалма-жан таспаның айналдырып болған жартысына жуығын кесіп алып, қойныма тықтым. Алуын алғанмен, бойымды үрей биледі. Ұстап алса, оңдырмайтынын білемін. Жан тәтті ғой. Кабинетке келіп, күдіктеніп іздеген болса, таба алмасын деген оймен сейфтің ішіне емес, астына тықтым. Содан бір күн өткесін, Сағат ағаның қолына аман-есен тапсырдым.


P.S. Желтоқсанның кез келгеніміз үшін тағылым алар тұсы зиялы қауым өкілдерінің 37-жылғыдай жаппай бірін-бірі сатпағаны, мүмкіндігінше бірін-бірі қолдап, қорғап отырғаны. Сағат аға мысалы – соның бірі ғана. Рухы мықты, иманы кәміл елдің сағын сындыру қиын. Рухани қамалы берік елді ешқандай күш бағындыра алмасына тарих дәлел. Жалпы, 1986 жылғы Желтоқ- санда бойында көшпенді елдің қызу қаны ойнаған, еркіндікті пір тұтқан қазақ деген өр халықтың, ер халықтың ұрпағы иіле берудің, бұға берудің шегі жеткенін айдай әлемге паш етті.

Желтоқсанға құрмет – ел намысы сынға түскен шақта қаймықпаған, қайтпаған жастар ерлігіне тағзым.



Желтоқсанға құрмет – халық намысының тұншығып, табан астында тапталып қалмай ел үшін сын сағатта өре түрегелер лайықты ұрпақ ерлігіне тағзым.
жүктеу 369,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау