Законы 10-е издание москва



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет69/86
Дата08.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26038
түріЗакон
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86

210 
 
орналасқан  сағатқа  жеткен  кезде,  оның  көрсетуі 
/   тең,  яғни 
сигналдың  жолдағы  қалысы  ескеріледі.  Сигналды  белгілі  уақыт 
аралықтарында қайталап беріп отыру арқылы əрбір бақылаушыға сағатын О 
нүктедегі  сағатпен  синхрондауға  мүмкүндік  береді.  Осындай  операцияның 
арқасында  берілген  санақ  жүйесінің  барлық  санақтары  əрбір  уақыт 
мезетінде бəріне бірдей уақытты көрсетеді.  
Бұл жерде баса айта кететін жағдай осылай анықталған уақыт тек өзіне 
қатысты  синхрондалған  сағаттар  тыныштықта  болатын  санақ  жүйесі  үшін 
ғана орындалады. 
 
Оқиғалар арасындағы қатынастар  
Əртүрлі  инерциaлдық  санақ  жүйелеріндегі  берiлген  оқиғалардың 
арасындағы  кеңістіктік  жəне  уақыттық  қатынастар  мəселесiне  тоқталайық.
 
Классикалык 
механиканың 
өзінде-ақ 
түрліше 
оқиғалардың 
apaсындaғы 
кеңiстiктiк 
қатынастар 
қай 
санақ 
жүйесiнде 
қapaстырылғандығына  тəуелдi  болатын.  Мысалға,  қозғалатын  пойыздағы 
шамның  қатарынан  екі  рет  жануы  пойызбен  қатынасты  санақ  жүйесiнде 
кеңістіктің  бiр  ғана  нүктесiнде  өтетін  болса,  ал  жол  табанымен  қатынасты 
санақ жүйесiнде ол кеңістіктің түрлі нүктелерінде өтедi. Əртүрлі уақыттарда 
өтетін  екі  оқиға  бiр  жерде  немесе  бiр-бiрiнен  қандай  да  бiр  қашықтықта 
өтедi деп тоқтам жасау үшін бұл оқиғаның қандай санақ жүйесiне қатысты 
екендiгiн көрсету керек. 
Ал  оқиғалардың  арасындағы  уақыттық  қатынастарға  келетiн  болсақ, 
классикалық механикада олар санақ жүйесiне тəуелсiз болып саналады. 
Егер қандай да бiр екі оқиға бiр санақ   жүйесінде өтетін  болса,  онда 
олар барлық санақ жүйелерінде де бiрмезгiлде өтеді. Жалпы алғанда берiлген 
екі  оқиғаның  арасындағы  уақыт  аралығы  барлық  санақ  жүйелерінде  бiрдей 
болып саналады. 
Бipақ,  шындығында  бipмезеттіліктiң 
өзі 
де 
(демек 
уақыттың 
өтуі 
де) 
салыстырмалы түсінік екендiгiне жеңіл көз 
жеткiзуге  болады,  яғни  тек  осы  түсінік  қай 
санақ  жүйесiне  қатысты  айтылғандығын 
көрсеткен кезде ғана оның мағынасы болады. Жай пікірдің көмегімен-ақ бiр 
санақ  жүйесiнде  бiрмезгiлде  өтетін  екі  оқиғаның  басқа  санақ  жүйесiнде 
бiрмезгiлде болмайтындығын көрсетейiк. 
К-санақ  жүйесiне  қатысты  тұрақты    жылдамдықпен  қозғалатын 
 
шыбықты  қарастырайық.  Шыбықтың  қақ  ортасында  О  нүктеде  шам,  ал 
шеттeрiнде   жəне   нүктелерінде фотоэлементтер бар (7.3-сурет). Қайсыбiр 
уақыт мезетiнде шам лып етіп, лездiк жарық шығарсын делiк. 
Шыбықпен  байланысты  санақ  жүйесi (кез  келген  инерциалды  санақ 
жүйесi  тəрiздi)  екі  бағытта  да  болатындықтан,  жарық  импульстерi  О 
нүктеден  бipдей  қашықтықта  орналасқан    жəне    фотоэлементтeрге  бiр 
мезгiлде  келіп  жетіп («шыбық»  санақ  жүйесiнде),  фотоэлементтeр  бiр 
7.3-сурет 


211 
 
мезгiлде іске қосылады. 
К-санақ  жүйесiнде  жағдай  басқаша.  Бұл  жүйеде  де  жарық  импульсінің 
екі  бағытта  да  таралу  жылдамдығы  бiрдей 
,  бiрақ  олардың  жүрген 
жолдары əртүрлі. Шынында да, жарықимпульстерi   жəне   нүктелерге келе 
жатқан  кезде  бұл  нүктелер  оңғақарай  жылжып  үлгередi,  демек 
 
фотоэлемент   фотоэлементке қарағанда eртeрек іске қосылады. 
Cонымен,  бiр  санақ  жүйесiнде  бірмезеттік  болып  табылатын  оқиғалар 
басқа  санақ  жүйесiнде  бірмезеттік  болып  табылмайды,  яғни  бірмезеттік 
түсінігі  классикалық  механикадағыдай  абсолют  емес,  салыстырмалы.  Ал 
олай болса əртүрлі санақ жүйелерінде уақыттың өтуі əртүрлі. 
Егер бiздің қолымызда лезде таралатын сигналдар болса, онда бiр санақ 
жүйесiнде бiрмезгілде өтетін оқиғалар кез келген басқа санақ жүйелерінде де 
тура  сол  мезгiлде  өтер  eдi.  Мұны  бiз  тiкелей  жаңа  ғана  қарастырылған 
мысалдан  көрiп  отырмыз.  Бұл  жағдайда  уақыттың  өтуі  санақ  жүйесiне 
тəуелсiз, бiз Галилей түрлендiрулерінде кездесетiн абсолют уақыт жайлы сөз 
ете  алар  едiк.  Сонымен,  Галилейдің  түрлендiрулері caғaттapдың 
синхрондалуы  лезде  таралатын  сигналдардың  көмегімен  іске  асырылады 
деген болжамға сүйенедi. Бірақ мұндай сигналдар табиғатта жоқ. 
 
 
§ 7.3. Уақыттың баяулауы жəне ұзындықтың  
қысқаруы
 
 
Эйнштейннің  постулаттарынан  шығатын  аса  манызды  үш  салдарды – 
денелердің  көлденең  қималарының  мөлшері  əртүрлі  санақ  жүйелерінде 
бiрдей  болатындығын,  қозғалыстағы  сағаттар  жүрісiнің  баяулауын, 
қозғалыстағы  денелердің  барлық  мөлшерлерінің  қысқаруын  қарастырып, 
алынған  нəтижелерді  координаттар  мен  уақыттың  сəйкес  түрлену 
фомулалары түрiнде жалпылаймыз. 
Осы  мəселелердi  қарастыруға  кiрiспестен  бұрын  санақ  жүйесi  деп 
координат  өстерімен  байланысқан  санақ  денесiн,  өзара  тыныштықтағы 
бiрдей синхрондалған сағаттар қатарын түсінетiндiгiмiздi еске алайық. Одан 
əрі  барлық  санақ  жүйелерінде  координаттар  мен  сағаттар  бірдей  түрде 
өлшемденген  (градуирленген)  деп  есептелінедi.  Мұны  тек  ұзындық  пен 
уақыт  эталондары  көмегімен  бiрдей  түрде  барлық  санақ  жүйелерінде  іске 
асыруға болады.  
Бұл үшін ұзындықтың да, уақыттың да табиғи масштабын беретiн таби-
ғаттың қандай да бiр периодтық процесiн, мысалға, берiлген санақ жүйесiнде 
тыныштықта  болатын  белгiлi  бір  атомдардың  шығаратын  монохроматтық 
толқындарының  бiрiн  пайдалануға  болады.  Осы  санақ  жүйесiнде 
ұзындықтың  эталоны  ретiнде  толқын  ұзындығын,  ал  уақыт  эталоны  ретiнде 
сəйкес  тербелic  периодын  алуға  болады.  Осы  эталондардың  көмегімен 
берiлген толқын ұзындықтарының белгiлi санын бip метр эталоны деп жəне 
берiлген  тербелicтердің  периодтарының  белгiлi  санын  бip  секунд  эталоны 


жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау