Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Дата: 20.05.2016 12:00:53
3
2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган
жүзеге асырады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
5-бап жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн
алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру объектiсi мен субъектiлерi
2015.27.04. № 311-V ҚР
Заңымен
1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - қызметкердi жазатайым оқиғалардан
мiндеттi сақтандыру) объектiсi оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн
белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен
денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы,
сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
6-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен
негiзгi принциптерi
1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек
(қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген
қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру
арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша
тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып
табылады.
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.
ред
.қара); 2015.27.04.
№ 311-V ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.24.11. № 422-V ҚР
Заңымен
(2016 ж. 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
) 1-тармақ өзгертілді
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн
астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік
орталықтарында филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз
артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.
7-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
алып тасталды
(ресми
жарияланғаннан
кейiн
алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушының:
1) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн
сақтандырушыны таңдауға;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Дата: 20.05.2016 12:00:53
4
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң
қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;
4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкердi жазатайым
оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi
талап етуге;
5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның
мөлшерiн азайту жөніндегі шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.
ред
.қара)
1) сақтандырушымен:
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-
V ҚР
Заңымен
1-1) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші
онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті
сақтандыру шартын жасасуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және
өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-
V ҚР
Заңымен
2-1) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2-1) қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап
он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны
хабардар етуге;
3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
2007.07.05.
№ 244-III
ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.
ред
.қара)
4) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу,
бірақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға;
5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен
сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге;
7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде
сақтандырушыға ұсынуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi
медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге;
9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы
құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға;
10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей
оқытуға;
11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу
мен тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмiн орындауға;
12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы
хабарлауға;
13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар
қолдануға;
14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының
сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз етуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР
Заңымен
15) тармақша жаңа редакцияда (ресми
жарияланғаннан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)