Жеделдетілген әдіс: менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ, РИТ және иммунды электрофорез, коаглютинация, ПТР реакциялары арқылы зерттейді. Менингококтық инфекциямен ауырған науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан сарысуында антиденелер (бактериоцидтер, аглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың титрі 2-3 аптадан соң ең жоғары дәрежеге жетеді, содан кейін төменде бастайды.
Задача №6.
Жұқпалы аурулар бөліміне 4 жасар бала түсті. Науқасты қарау кезінде дәрігер баланың ес-түссіз, температурасы 38,9 градус, пульсі 120 соққы/мин екенін анықтады. Дәрігер менингококкты менингитке күдіктенді. Цереброспинальды пункция кезінде сұйықтық қысыммен ағып, лайланған болды, микроскопия кезінде грам теріс бұршақ тәрізді диплококктар табылды.
Менингит қоздырғышын атаңыз, оның таксономиялық орнын (тұқымдастығы, туыстастығы, түрін) айтыңыз. Морфологиясын, дақылдық және биохимиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
Менингококты инфекция - Neisseria meningitidis тудыратын жукпалы ауру, олардыц көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр турдеп менингиалды формаға дейін болуы мумкін. Қоздыргышты алгаш ашып жэне зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялык құрылысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы наукастың канынан менингококты бөліп алды.
Таксономиясы:
Тұқымдастығы: Neisseriaceae.
Туыстастығы: Neisseria.
Түpi: Neisseria meningitidis
Менингоктар – ұсақ диплококтар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналасатын, грам-теріс боялатын, қозғалмайтын, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік орталарда тұрақсыз микрокапсула түзетін қоздырғыштар.
Дакылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсiру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректiк орталарда өспейдi, сондықтан құрамында қой немесе жылкының дефибринделген (фибринсiз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылган селективтi ортада өсiредi. СО2 концентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуiне ыкпал етедi. Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта - Мюллер, Хинтон ортасы (өсу факторы ретiнде кұрамында толық аминқышкылдар жиыны және ет экстракттары болады). Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ, түссiз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм. Шартты-патогендi нейссериялардан айырмашылығы-пигмент түзбейді. Гемофилдер мен грам оң коктардан айырмашылығы-қанды агарда гемолиз бермейді. Шартты патогендi нейссериялардан менингококтардың айырмашылығы: 37 °С температурада сарысуы жок ортада, 20 °С температурада сарысулы агарда және 3% от косылган ортада өспейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |