Єож ќолжазба ќ±ќыѓында



жүктеу 421,5 Kb.
бет1/4
Дата02.02.2020
өлшемі421,5 Kb.
#28070
түріДиссертация
  1   2   3   4

ӘОЖ 373.016:821.512.122 Қолжазба құқығында

АКМАНОВА ГАЛИЯ РАХМЕТОЛИНОВНА
Орта мектепте Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын оқыту

әдістемесі

13.00.02- Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010 ж.

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды.




Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Т. Қ. Жұмажанова




Ресми оппоненттері:

педагогика ғылымдарының

докторы И.Ч.Исамединов





педагогика ғылымдарының

кандидаты К.Құрманбай




Жетекші ұйым:

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынастар және

әлем тілдері университеті

Диссертация 2010 жылы «30» қыркүйекте сағат 16-00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы филология және педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.05.05 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

(050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13).

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы «28» тамызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология



ғылымдарының докторы,

профессор Б. Әбдіғазиұлы




Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру», – делінген [1, 26 б.]. Демек, бүгінгі қоғам өміріндегі даму, жаңару бағыты терең білімді, ұлттық рухта және ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар негізінде жан-жақты жетілген жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеуге, сонымен қатар ұлттық тарихи-мәдени, көркемдік-эстетикалық құндылықтарымыздың аса маңызды мәселе ретінде жан-жақты зерттелуіне толық жол ашты.

Еліміз тәуелсіздік алған дәуірде отаршылдықтың темір қақпанына түсіп, cөзін оқымақ түгел, атын атауға тиым салынған ойшыл тұлғалардың даналық сөздері мен ой-толғамдарын танып білуге мүмкіндік туды. Қаншама уақыт қараңғы қапаста жатып, «тас құдықта» құндақталса да, егемендіктің арқасында небәрі ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына таман ғана халқымен қайта қауышқан «өзі өлсе де, сөзі өлмеген» қазақ елінің біртуар арыстары: А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтар ақталып, олардың еңбектері баспа беттеріне шыға бастауы, шығармаларының жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына енуі қазақ халқын зор қуанышқа бөлеп, мерейін асқақтатып, қазақ рухын жаңаша биікке көтерді.

Өмірлері өнегеге айналған, еліміздің мәдени-рухани қазынасын ту еткен жеке тұлғалардың өмірі мен шығармалары турасында зерттеп, зерделеу, жас ұрпақ бойына тереңінен сіңіру, шығармашылықпен оқыту, ұлттық сананың негіздерін қалыптастыру – бүгінгі таңда өте өзекті.

Елбасының Жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемді өркендеуінің дәлелі бола тұра, өткен тарихымызға көз жіберіп, ұлттың баға жетпес құнды дерек көздерін жинақтау, зерттеу, саралау, сақтау қажеттілігін айқындап берді. «…Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманттау – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс», – деп атап көрсетті [2, 1 б.]. Осының бір айқын дәлелі Ш.Құдайбердіұлы егемендігіміздің арқасында әдебиетіміздің ақтаңгері болып қайта әдебиет алыптарының қатарына қосылды. Ақынның мол мұрасы жайында ашық айтуға, философиялық ой-дүниелерін зерттеп, қарастыруға, насихаттап жазуға мүмкіндік туып отырғаны да ақиқат.

Жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру барысында Шәкәрім мұрасының орны ерекшелене түседі. Бірақ Кеңес дәуірінде Шәкәрім шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға көңіл бөлініп, арнайы сөз болған жоқ. Себебі, кеңестік саясатты жүзеге асыруда Шәкәрімнің дүниетанымдық көзқарасы, даралығы, даналығы кедергі болады деп, ақынды қудалап, шығармаларын өртеп, артында қалған мол мұрасын құртып жіберуге барынша әрекет еткені белгілі. Соған орай пән бағдарламаласы мен әдебиет оқулықтарына Шәкәрім еңбектері мүлде енгізілмеді. Академик С.Қирабаев өз еңбегінде: «...Ұлт әдебиетіндегі осы идеяның жаңғырып, жаңаша естілуі бүгінгі әдебиеттік көзқарас пен дәстүрдің жаңа байланысын зерттеуге жол ашады. Осы ұлттық дәстүрді қолдап, елдің тәуелсіздігін ту еткен азаматтардың, ақын-жазушыларымыздың көпшілігі кеңес заманында ұлтшыл ретінде қуғындалып, жойылып кеткені белгілі. Солардың шығармашылық жолын терең зерттеп, ой-пікірлерін, көркем образдарын бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерімен үндестіру қажет», – деп жазғаны Шәкәрім мұраларын зерделеп, оны жас ұрпақ өкілдерінің бойына сіңіру жолында еңбек етуге түрткі болды [3, 6 б.].

Шәкәрімнің шығармашылық еңбектерін зерттеу, ұлы тұлғаның көп салалы шығармашылық туындыларының мән-мағынасын, философиялық тереңдік сипатын, маңызын саралап ашу, шығармаларының құндылығын өскелең ұрпақтың бойына дарыту –бүгінгі күннің басты бағыттағы ұстанымы болмақ. Сондықтан да қазірге дейін Шәкәрім шығармашылығы мен өнерін, талант-дарынын, туған өскен ортасын, тәлім-тәрбиесін, өнегесін көрген ұстаздарын, діни көзқарас танымын, рухани ағартушылық миссиясын, тарихын түгендеген, эстетикалық сұлулық, парасат әлеміне құштарлығын, т.б. қырларын еңбектеріне арқау еткен Қ.Мұхамедханов, М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев, М.Базарбаев, Р.Нұрғалиев, С.Қирабаев, Ш.Сәтбаева, Ш.Елеукенов, әдебиеттану саласы бойынша Б.Әбдіғазиев, Е.Жармұхамбетов, М.Мырзахметұлы, Т.Жұртпаев, Б.Сапар-Әлі, Р.Сейсенбаев, Т.Кәкішев, С.Қарамендин, Қ.Шаяхметұлы, Т.Шаңбай, А.Тілеуханова, т.б көптеген әдебиеттанушы ғалымдар Шәкәрімді тануға сүбелі үлестерін қосты.

«Шәкәрімнің қай шығармаларын алып қарастырсақ та, айдыны да, арнасы да кең дүние! Өзінің жарты ғасырдан астам уақыт кеңістігіндей шығармашылық жолында ол әдебиеттің барлық жанрына еңбек етті. Салмақты да сүбелі туындылар тудырды. Абай талантының алтын бесігінде ер жеткен Шәкәрім ақынның мұралары өз заманының үнін көтерді, тынысын танытты», – деп шәкәрімтанушы ғалым Б.Әбдіғазиұлы өз еңбегінде орынды көрсетеді [4, 128 б.].

Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға жетелейтін, адалдылық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтылыққа үндейтін Шәкәрім шығармаларын оқытуда мектептегі әдебиет пәнінің атқарар рөлі де айырықша.

Жалпы орта білім беретін мектептерінде қазақ әдебиетін оқыту мәселелері

Ы.Алтынсарин, Б.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ. Жұмалиев, т.б. еңбектерінен бастау алады. С.Қирабаев, А.Көшімбаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Тілешова, Т.Жұмажанова, С.Мақпырұлы, Б.Сманов, Г.Құрманбаева, А.Тамаев, Б.Әрінова, т.б. ғалым-зерттеушілердің зерттеу еңбектерінде, сонымен бірге М.Мұстафина, Р.Бораш, С.Жибраев, Ә.Мұхтарова, Д.Аңсабаев, Н.Дөкенова, Б.Жұмақаева, А.Демеуова, т.б. әдіскерлердің зерттеулерінде қарастырылғанымен, «қайта оралған» ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту мәселелері ғылыми-әдістемелік жағынан толық зерттелген жоқ. Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын журнал-газет беттеріндегі мақалалар болмаса, оларды оқыту мәселелелері арнайы зерттеу нысаны болмады. Уақыт сұранысына сай ұлттық құндылықтарымызға терең үңіліп, қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру – бүгінде көкейкесті, аса өзекті мәселелеріміздің бірі.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын озық технология бойынша оқыту.

Зерттеу пәні: Орта мектепте Ш. Құдайбердіұлы шығармаларын оқытудың әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің оқу бағдарламасына енген Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын озық технологияның кейбір тиімді түрлерімен оқытудың ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну. Ақынның өмірі мен шығармаларын меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін нақтылау, кешенді әдістемелік жүйесін тәжірибеден өткізе отырып, белгілеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Зерттеудің міндеттері:


  • Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының зерттелуіне шолу жасау;

  • Орта және жоғарғы сыныптардың пән бағдарламаларына Шәкәрім шығармаларының енгізілуі және оқытылу жайын зерделеу;

  • Шәкәрім шығармашылығын әр сыныпта озық технология арқылы оқытудың тиімділігін, тәсілдерін, құралдарын, қорытынды нәтижелерін ғылыми жүйеде көрсету;

  • Ш.Құдайбердіұлының ақындық жолын танытып, меңгертуде сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін жүйелеу;.

  • Ақын шығармаларын насихаттауда әдеби шараларды өткізудің үлгі, жоспарын

ұсыну.

Зерттеудің болжамы: Шәкәрім шығармаларын орта және жоғарғы сыныптарда озық технология үлгілерін қолдана отырып оқыту барысында оқушылардың дүниетанымы артып, эстетикалық талғамы қалыптасады, қабілеттері жан-жақты дамиды. Оқырмандық қызығушылығын тудырады, білім деңгейін арттыруға жәрдемін тигізеді.

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын бірлікте қарастыру- жүзеге асырылса, елге, тілге, туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, логикалық ойлау қабілетін дамытады.



Жетекші идея: Оқу-тәрбие үрдісінде Ш.Құдайбердіұлының асыл мұраларын меңгертуге қажетті әдістерді анықтау мектеп мұғалімдеріне жаңа әдіс-тәсілдерді игеруге, оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ш.Құдайбердіұлының терең мазмұнды шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесін ұсыну арқылы оқушылардың ізгілікті, адамгершілігі мол азамат болып өсуіне ықпал етіп, сапалы біліммен қаруланған ұлттық тұлға қалыптастырады. Жалпы білім беретін орта мектептерде ақын туындыларын озық технология үлгілерін ұтымды қолдана отырып, білімді тиімді жолдармен меңгерту әдебиет сабағының құндылығын арттырады, жеке тұлғаның әдеби-интелектуалдық қабілетін дамытады және көркемдік-эстетикалық, рухани жан-дүниесін байытуға игі ықпалын тигізеді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері:

Зерттеуде оқытудың соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген озық инновациялық әдіс-тәсілдер, білім беру технологияларының теориялық- практикалық қағидалары басшылыққа алынды; педагогика, психология, ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер, ғылымдағы жетістіктер, ғылыми жаңалықтар мен еңбектер зерделенді;



Зерттеу жұмысының әдістері: педагогика, психологиялық, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, сауалнамалар алу, бақылау жұмыстарын жүргізу, әңгімелесу, сараптау, салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдертәжірибелік байқаудан өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығын алғаш рет терең меңгертудің жолдары ғылым-теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеніп, кешенді жұмыстың жүйесі жасалынды;

  • әдебиеттану пәні бағдарламасына сәйкес ақын шығармаларын озық технология арқылы оқытудың тиімді әдістемесі жасалып, сабақ үлгілері ұсынылды;

  • Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын сыныпта тыс оқу жұмыстары арқылы терең меңгертудің жолдары, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мәні ашылып, нақты мысалдармен жүйеленді;

  • Ш.Құдайбердіұлының еңбектерін оқыту барысында нақты нәтижеге қол жеткізу, шығармашылық шешімге өз бетімен келе алу дағдыларына бағыттайтын әдеби жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі ұсынылып, тиімділігі экперимент арқылы дәйектелді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу жұмысында

– Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығын меңгерту әдістемесінің мазмұны ғылыми-теориялық тұрғыдан әдіснамалық негізде сараланды;



  • зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен педагогика ғылым салаларындағы оқыту технологиясы теорияларын жетілдіруге, оның әдіснамалық және ғылыми теориялық негіздерін кеңейтуге мүмкіндік береді;

  • ақын шығармаларын оқыту негізінде жүргізілген оқушының жеке тұлға ретінде өзін өзі дамытуға бағытталған жұмыс түрлері теориялық тұрғыдан толық дәйектелді.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы:

Зерттеу мәселелері қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу- әдістемелік құралдарын жасауда, қазақ әдебиетін оқытудың сапасын арттыруға көмегін тигізеді. Әдебиет пәні мұғалімдеріне, оқушыларға өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыстарды орындау барысында әдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Зерттеу еңбегінде берілген жұмыс түрлерін мұғалімдер білімдерін жетілдіру институтарында арнайы курстар мен семинарлар өткізуде пайдалануға болады.



Зерттеу нәтижелері негізінде қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

– жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ әдебиеті пәнін оқытуда Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын терең меңгерту – оқушы бойындағы адамгершілік, ұлтжандылық, әсемдік сезімдерді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға жол ашады;

– оқушы бойында өткенді ұлықтап, ақын-жазушылардың өнегелік ұстанымдарын бойына сіңіруге, өмір-жолдарын танып біліп, білімге деген құштарлығын оятады;

– оқушының ақын шығармаларымен жан-жақты танысуы логикалық ойлау қабілетін дамытып, өзін-өзі тануға және көркем әдебиетке деген оқырмандық қызығушылығын арттырады;

– Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын сыныптан тыс оқуларда және сыныптан тыс жұмыстарда терең меңгертудің жолдарын кешенді іздестіру – оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына, білім деңгейінің артуына ықпал етеді.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.) ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы нақтыланып, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы туралы ғылыми-теориялық, зерттеу жұмыстары, әдістемелік материалдар жинақталып, сараланды; Шәкәрім шығармаларын орта мектепте оқыту әдістемесінің тарихы қарастырылды; Эксперименттік жұмыстар жүргізетін мектептердегі сыныптар іріктелді. Эксперименттік жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, алғышарттары белгіленді.

Екінші кезеңде (2006-2008 жж.) Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын меңгертудің негізгі іс-әрекеттері ұйымдастырылды; Оқушылардың ой белсенділігін арттыратын танымдық сұрау тапсырмалар, шығармаларын оқытуда озық технология үлгілерін дайындап, оларды меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктелді және сабақ барысында іске асырылды; Теориялық, тәжірибелік-экперименттік жұмыстар жүргізіліп, нәтижелері ғылыми басылымдарда жарық көрді.

Үшінші кезеңде (2008-2010 жж.) Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын игерту кезінде әдістемелік жағы жан-жақты қарастырылып, оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығы, танымы, өз бетінше ізденімі, нәтижесі қорытындыланып, зерттеу дағдыларына талдау жасалынды; Ақын шығармаларын игертуге байланысты тәжірибе материалдары сұрыпталып, оқушыларға арналған жұмыстар мен тапсырмалар жүйесінің тиімділігі анықталды. Эксперимент нәтижелері жинақталды. Оқушылар арасында жүргізілген тәжірибе нәтижелері қорытындыланып, сараптаудан өткізілді.

Зерттеу базасы: Семей қаласындағы №22 қазақ орта мектебінде, №33 орта мектебінде және Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылындағы Күлмен орта мектептерінде жоспарлы бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, бақылау-эксперимент нәтижелері қорытындыланды.

Зерттеу жұмысының жариялануы: ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мамұны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде, Баян-Өлгей аймағындағы Қ.Биқұмар атындағы Түркітану ғылыми-зерттеу орталығында, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында өткен халықаралық, республикалық ғылыми- педагогикалық конференцияларда жарияланды. «Ұлт тағылымы», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Хабаршы», «Ізденіс», «Қазақстан мектебі», «Шәкәрім» басылымдарында жарық көрді. Авторлық бірлестікте Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған «Шәкәрім энциклопедиясы», «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған 1 оқу-әдістемелік құрал шығарылды. Зерттеу жұмысы бойынша 15 мақала жарияланды.

Ғылыми-зерттеу жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланды.



Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Орта мектепте Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертация жұмысының кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, мақсат-міндеттері белгіленіп, зерттеу әдісі анықталды. Ғылыми жұмыстың жаңалығы, теориялық және тәжірибелік маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырым, жұмыс мазмұнының жариялануы және талқылануы баяндалды.

«Қазақ әдебиеті тарихында Шәкәрім шығармашылығының зерттелуі» атты І тараудың алғашқы тараушасында Ш.Құдайбердіұлы мұрасының зерттелу тарихы кезең-кезеңге бөлініп, қарастырылды. Ш.Құдайбердіұлының қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлендерін түрлендіре түскен, жазба қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың нағыз ізбасар шәкірті екендігі диссертацияда толық жан-жақты сипаттап берілді. Ел аузында жатталып қалған шығармаларын жинақтап, керекті орындарға тапсырған А.Шәкәрімұлының және ғалым- зерттеушілердің арқасында ақынның асыл мұрасы бүгінгі күнге жеткені жайында еңбекте нақты құжаттар арқылы дәйектелді.

Шәкәрімнің шығармашылық жолы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр арасында қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ғалым этнограф Ш.Уәлихановтың, балалар әдебиетінің атасы, педагог Ы. Алтынсариннің, хакім Абайдың көзқарастарын, шығармаларының идеялық тақырыптарын С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Торайғыров, тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектерімен байланыстырған «рухани алтын діңгек».

Шәкәрімнің ақындық тұлғасын бізге алғаш рет танытқан ақын – С.Торайғыров. Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт шығармаларында әр қырынан ашылатын тақырыптар, әсіресе, оқу-білімді насихаттау, адалдықты паш ету сияқты ұлттық рух тұнып тұр. «Қазақтың екі ұлы перзентінің сырттай танысуы «Айқап» журналымен тікелей байланысты. Ұлт қамын ойлаған Ш.Құдайбердіұлы мен С. Торайғыров «Қазақ» газеті арқылы түйдектелген түйінді ойларын оқырманмен бөлісіп, келелі проблемаларды бүкпесіз батыл талқыға, көптің назарына дер кезінде ұсынып, қалың жұртшылықтың үнемі ілтипатында болды», – деген зерттеуші ғалым А.Еспембетовтың [5] пікірінен қос классиктің баспасөз арқылы бірін-бірі тануы, қазақ ұлтының аласапыран уақытта мұң-мұқтажын, отарлық езгіден құтқару керектігін сезініп, олардың жүзбе-жүз танысып, араларында үзілмеген сыйластық, қаяусыз достық, шексіз сүйіспеншілік болғандығын аңғарамыз.

ХХ ғасырдың басында Шәкәрімнің жарыққа шыққан шығармаларына айырықша назар аударып, баспа бетінде пікір білдіріп отырған Әлихан Бөкейханов екендігі еңбекте нақты көрсетілді. Ш.Құдайбердіұлы мен Ә.Бөкейхановтың бір-бірімен таныстығы 1900 жылдан басталса керек. Олардың рухани қарым-қатынаста болғандығын Семей қаласында кездесіп тұрғандықтарын кейбір саяси мәселелерге байланысты хат жазысып, пікір алысып отырғандықтары жайлы ғалымдардың дәлелді дәйектері бар. «Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі» жайында жазған мақаласына пікірін айтып жазған мақаласында Ә.Бөкейханов Шәкәрім мұрасын бүкіл халықтың тануы керектігіне мән бере отырып, оны насихаттау керектігін жете түсінген [6]. Демек, аталған халық зиялыларынан басқа елге қамқор, зерек ойлы азаматтар да Шәкәрім шығармаларына дер кезінде үн қосып, өз ойларын білдіріп, құнды еңбектер екендігін бағалап отырған.



«Қазіргі кездегі Шәкәрім ақынды танудағы ғылыми соңғы ізденістер» атты келесі тараушада Ш.Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінің тарихында алатын орны, Абайдың тәлімін алған талантты шәкірті екендігі сөз болады. Оның Абай негізін салған реалистік әдебиеттің дәстүрлерін жалғастырудағы рөлі, Абай тәрбиесін алған шәкірттері жайлы баяндалады.

Ақынның есімі халқына қайта оралғаннан бастап, 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде ақынның бір топ өлеңдерінің алғы сөзін атақты ақын Ә.Тәжібаев жазды [7]. Шәкәрім шығармаларын танытуда көп еңбек сіңірген ғалым-жазушы – М.Мағауин. Шәкәрім есімі жаладан арылмай, қасиетті қазынасы қыл бұғауда байлаулы жатқанда Ленинградтан «Поэты Казахстана» [8] атты жинақ шығарып, оған Р.Рождественскийдің аудармасы мен Шәкәрімнің 14 өлеңін енгізіп, ондағы мақаласында ғалым оның ұлттық әдебиетіміздегі салмағын саралап берді.

Тәуелсіз ел болып, өткен тарихымызға қайтадан үңіліп, көне мұраларымызды түгендеп, өшкенімізді жандырып, халық арасына шығармаларын зерттеп насихаттауға қол жеткізген уақытта, ақын мұрасына ғылыми негізде талдау қажеттілігі туындады.

Ш.Құдайбердіұлы мұрасын жинауға, баспаға дайындауға, ғылыми-зерттеуге негіз жасаған Ы.Дүйсенбаевтың мақаласы әдеби энциклопедияға жарияланды [9].

Ақынның асыл мұрасын халқына табыстауда А.Шәкәрімұлының еңбегі ұшан теңіз. З.Ахметов: «Шәкәрім ұлы гуманистік, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі», – [10] деп ақынға баға бере отырып, «Өлең өрнектері», «Дәстүр жалғастығы» «Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде алатын орны» деген мақалаларында ақынның қазақ әдебиетінде алатын орнын айқындап берді.

Осы қатарда абайтану мен шәкәрімтануда қомақты үлес қосқан белгілі филолог – ғалым Қ.Мұхамедханов болды. Әсіресе, ақын өлеңдерінің текстологиясын, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы дәстүр жалғастығы проблемасын зерттеуде, поэмаларын зерделеуде Қ.Мұхамедханов көп еңбектенді. Ол сонымен қатар, Шәкәрім кейіпкерлерінің образдық, психологиялық ерекшеліктері, қоғам мен адам туралы пікірлері жайында көптеген құнды пікірлер айтты. Ғалым Шәкәрім еңбектерін бағалауда ірі қадам жасай отырып, мұндай шығармаларға нақты талдаулар бере білді.

Зерттеуші Ғ.Есім Абайдан кейін философ Шәкәрімге ертеден ден қоя бастаған. Ол «Мұтылған философиясы» атты зерттеу мақаласында Шәкәрімнің «Мұтылған» сөзіне, осы атпен шыққан өлеңіне талдау жасайды. Шәкәрімнің ақындығы, поэзиясының тұлғалық қасиеттері, ақынның тұлғасы жайында құнды деректерді М.Базарбаев, М.Әлімбетов, Ш.Елеукенов, Б.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, С.Қирабаев, т.б. ғалымдарымыздың еңбегінен табуға болады. Әдебиеттану саласы бойынша Ш.Сәтбаева, Р.Сейсенбаев, Т.Кәкішев, Е.Жармұхамбетов, Б.Сапар-Әлі, С.Қарамендин, М.Мырзахметұлы, Б.Әбдіғазиев, Т.Жұртпаев, Қ.Құрманбаева сияқты көптеген әдебиеттанушы ғалымдар Шәкәрімді тануға сүбелі үлестерін қосты. Сонымен қатар, ғылымның басқа салалалары бойынша да ақынның шығармалары әр қырынан зерттеле бастады. А.Шәкәрімұлы, М.Әпсәматов, К.Мырзабеков, Д.Сейсенұлы, М.Қалдыбаев, М.Дүйсенбаев, Т.Досаев, Т.Жұртбай, А.Омаров сынды көптеген зерттеушілер ақынның өмірі мен өскен ортасы, ұрпақтары жайлы мәліметтерге толы мақалалар жариялап, шығармаларының баспа беттерін көруіне көп көмегін тигізді. Бұл ғалым-зертеушілердің еңбектерінің құндылығы - ақынның ақындығын әр қырынан танытты.

«Шәкәрім шығармаларының орта мектептің пән бағдарламасында берілуі» деген тараушада ақын шығармаларының мектеп бағдарламасынан алатын орны, мектеп бағдарламасына әр жылдары кіру тарихы зерделенген. 1990 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептің әдебиет пәні бағдарламасына Шәкәрім шығармаларын оқытуды міндеттеді. 1991 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақ мектептің оқу-әдістемелік негіздерін қалауға бағытталып, өзінің тілі, ұлттық рәміздері бар егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық рухани қазынамызға оралу, жаңаша ойлау тұрғысынан пәннің бүкіл оқу-әдістемелік жүйесін түбірлі жаңарту мәселесі қолға алынды. Халқымызға қайта оралған көптеген асыл қазыналарымыз, соның ішінде М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары толықтай қарастырылып, оларды әдеби білім мазмұнына іріктеп алу ісі жүзеге асырылды.

1991-1992 оқу жылына арналған әдебиет пәнінің өтпелі бағдарламасына Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығы алғаш рет енгізілді. Әдеби білім мазмұны жаңаша қайта қаралып жатқан кезең болғанымен бағдарлама авторлары Шәкәрімнің әр сыныпқа лайықтап, көркемдік қуаты жоғары, оқушының жас ерекшілігіне сай келетін лирикалық шығармаларын саралай отырып, таңдап ала білген. Осы бағдарламада Ш.Құдайбердіұлының ҮІ сыныпта «Адамдық борышың» өлеңі берілсе, ҮІІІ сыныпта «Жолама қулар маңайға», «Жасымнан жетік білдім» өлеңдерін оқытуға екі сағат бөлінген. Х сыныпта «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ашу мен ынсап», «Бай мен кедей», «Бостандық туы жарқырап», «Ажалсыз әскер», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жапанда жалғыз жатып елден безіп» және «Еңлік-Кебек» поэмасын оқытуға барлығы сегіз сағат бөлінген. Ш.Құдайбердіұлының шығармаларын жанрлық алуан түрлілігі, тақырыптық ауқымның кеңдігі, идеялық мазмұнының байлығы, көркемдік әсерлігі қарастырыла отырып, «Қалқаман-Мамыр» поэмасы, «Жастарға», «Анық пен танық», «Бай мен қонақ», «Бостандық таңы атты», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңдері және А.С.Пушкиннен Шәкәрімнің аудармасы «Дубровский», «Бәйшешек бақшасы», «Шын бақыттың айнасы» қара сөздері берілген.

ҮІІ сыныпта ақынның айтайын деген өзекті ойы байлық, бақ еңбекте, қанағатта, риясыз адал болуда екендігін оқушыға саналы түрде меңгерту болса, қосымша оқуға «Епті тышқан» өлеңін оқыта отырып, адамның жағымсыз жат қылықтарынан аулақ болуына оқушылардың бой алдырмауына жол сілтейді. Оқушылардың орта буын сыныптарында алған әдеби білімі жоғарғы сыныптарда күрделене түседі. Мұны Х сыныпта арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған тараудан көруге болады. «Тумақ, өлмек – тағдырдың қазасы», «Мен адамның таппаймын өнерлігін», «Біреудің мінін кешірсең», «Ей көп халық, көп халық», «Жасымнан жетік білдім», «Елге көнсем, ақ жолдан адасамын», «Анадан алғаш туғанымда», «Жуандар», «Бай мен қонақ», «Өмір», «Бостандық таңы атты», «Насихат», «Патшалар сансыз шығын қылды» өлеңдері және «Еңлік-Кебек», «Ләйлі- Мәжнүн» поэмалары оқытуға бөлінген жеті сағатты қамтиды. Мектептегі жоғарғы буын – әдеби білім берудегі шешуші кезең. Оқушыларға қаншама уақыт халқынан қол үзіп қалған Шәкәрім шығармаларын кеңінен оқытуға байланысты Т.Ақшолақов, Ә.Дайырова, С.Қалиев, Ә. Қанафиндердің құрастыруымен 1992 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясы» жарық көрді. Бұл оқу құралы Х-ХІ сыныптарға арналған қазақ әдебиеті хрестоматияларын толықтыру ретінде ұсынылды. Біздің нысан Шәкәрім шығармаларын оқыту болғандықтан, Шәкәрімге қатысты тұстарын ғана қарастырамыз. «Жастарға», «Ашу мен ынсап», «Шын сырым», «Бай мен кедей», «Бостандық таңы атты», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Ажалсыз әскер», «Сен ғылымға», «Ақындарға», «Жасымнан жетік білдім», «Қазақтың жаманы болмас», «Мал жимақ», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары енгізілген. Шәкәрім шығармалары негізінде оқушыға әдеби білім беру тұрғысынан ақын өлеңдерінің енгізілгендігі әдебиет оқулықтарының сапалық деңгейінің қаншалықты екендігіне тікелей қатысты. Оқушының Шәкәрім шығармаларын мектеп оқулығы көлемінде ғана танылып білу, ақынның суреткерлік құпияларын мәнді де мағыналы, терең меңгеру үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясына» енген еңбектерінің құндылығы ерекше.

«


жүктеу 421,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау