Єабит Мїсірепов


Ғабит Мүсірепов өмірі



жүктеу 3,1 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата19.04.2023
өлшемі3,1 Mb.
#42218
1   2   3   4   5   6   7   8
 
32

Ғабит Мүсірепов өмірі
.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классигі Ғабит 
Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиетіне қосқан 
көркемдік үлесі үлкен. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме, 
очерк, публицистика, повесть, роман, драма 
шығармаларының
қалыптасып,
дамуында 
Ғ.Мүсіреповтің орны бар. Сондай–ақ, әдеби–сын мен 
әдебиеттану саласында да оның еңбегі елеулі. Жер жүзі 
әдебиеті мен орыс әдебиетінің алтын қазынасын байыта 
түскен ірі аудармашы да. Идеялық мазмұны терең, 
көркемдік қасиеті көзтартарлық талай–талай асыл 
бұйымдардың авторы.
Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетіндегі майталман 
жүйрік сөз зергерлерінің бірі.Оның көркемдік шеберлігі 
кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық 
әдеби мектебіне айналды.Қазақ әдебиетінің дамуына 
келелі үлес қосқан Ғ.Мүсірепов тек қазақ еліне ғана емес, 
бүкіл халыққа да кең танылған ірі суреткер. Оның 
көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар 
тілдеріне аударылумен қатар, шетел тілдеріне де 
аударылып, кеңінен таралғаны мәлім. Қазір Ғабит 
Мүсіреповтің есімі бүкіл дүние жүзіне әйгілі.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 
наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі 
Жамбыл ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауылында 
кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1908-1910 
жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат 
таниды. 1916 -1918 жылдары Қостанай уезінің Обаған 
5


болысындағы екі класты орыс мектебінде оқиды.
1918-1921 жылдары Пресногорьковтың жоғары басқыш 
училищеде оқып, бітірген.1923-1926 жылдары Орынбор 
қаласындағы жұмысшы факультетін / рабфакты / оқып 
тәмамдайды.1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы 
Ауыл шаруашылық академиясында оқиды. 1927 -1928 
жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында 
оқытушы қызметін атқарады.
1928 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов Қазақстанның 
партия, кеңес баспа орындарындағы әртүрлі жауапты 
қызметтерде болды. 1928 -1932 жылдары Қазақстан 
мемлекеттік баспасының бас редакторы міндетін 
атқарды. 1933 жылы Қазақ АССР Оқу халық 
комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-
1935 жылдары алдымен «Қазақ әдебиеті», кейін 
«Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы.
1936 жылы ВКП (б) Қазақстан Өлкелік 
Комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісінің орынбасары, 
1937 жылы Қазақстан Компартиясы саяси- ағарту 
бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1938 жылдан 1955 
жылға дейін бірыңғай жазушылық еңбекпен 
шұғылданды.
1956-1957 жылдары Қазақстан Компартиясы 
Орталық комитетінің органы «Ара -Шмель» атты 
сатиралық журналдың бас редакторы болып істеді.
1956-1961, 1964-1966 жылдары Қазақстан 
Жазушылар Одағы басқармасының бірінші секретары 
міндетін атқарды.
6

Ғабит Мүсіреповтың 75 жасқа толған


мерекесінде

Академик – жазушы Ғ. Мүсірепов пен 


Сұлтан Оразалин
31


Ғабит Мүсірепов Петропавл қаласында.
1980 ж.
Ғ. Мүсірепов, И. Абашидзе, С. Сейітов.
О. Сүлейменов, Ш. Айтматов, М. Қаратаев т.б.
(солдан оңға қарай)
30
1957 жылдан 1958 жылға дейін СССР Жазушылар Одағы 
басқармасының секретары болып сайланды. 1972 жылы 
18 қаңтардағы Қазақстан Жазушылар Одағы 
басқармасының ІІІ пленумында Қазақстан Жазушылар 
Одағы басқармасының секретары болып сайланды. 1958 
жылдан СССР Министрлер Советінің жанындағы 
әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Лениндік 
және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің 
мүшесі. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі.
Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 
Қазақстан Коммунистік партиясының І (1937 ж), Х (1960 
ж), ХІ (1961ж.) сьездерінде КП Орталық Комитетінің 
мүшесі болды, 1963, 1967, 1971, 1975, 1980, 1985 
жылдардағы сайлауларда Қазақ ССР Жоғары Советінің 
депутаттығына сайланды. 1958- 1962 жылдары СССР 
Жоғары Советінің депутаты болды.
Ғ.Мүсірепов бүкіл халықтар жетістіктерін жер 
жүзіне насихаттап, танытуға белсенді еңбек сіңірген 
даңқты жазушы. Ол Азия және Африка жазушыларымен 
байланыс жөніндегі Советтік Комитет председателінің 
орынбасары, Европа мәдениеті қоғамының мүшесі 
ретінде шет елдің прогрессивті, демократ 
жазушыларымен мәдени, достық қарым – қатынасты 
күшейтіп, нығайтуға да үлкен үлес қосты. 
Совет әдебиетін өркендетудегі аса елеулі еңбегі 
үшін Ғ.Мүсірепов Ленин (үш рет), Октябрь революциясы 
(1972), Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Халықтар достығы» 
(1982) ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ 
7
ССР Жоғары советінің Құрмет грамоталарымен 


марапаттаған. 1970 жылы Ғ.Мүсірепов «Кездеспей 
кеткен бір бейне» кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты болды.Оған 1974 жылы 
Социалистік Еңбек Ері, 1984 жылы Қазақ ССР Халық 
жазушысы атағы берілді. 1977 жылы «Суреткер парызы» 
кітабы үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясының 
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығы 
берілді.
Жазушы дүние жүзі әдебиетінің классиктерінен, 
әсіресе орыс халқы әдебиетінің классиктерінен үйрене 
жүріп, өзі де өсті.
Ғабит Мүсірепов – шеберлігі шығарма сайын 
ширығып, шыңдала берген, бірден – бірге өрлеп, ең 
шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір 
шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі. 
Оның өзіне қояр, көркем шығармаға қояр талабы өзгеше. 
Ол - өз шығармашылығының елең – алаңындағы көркем 
сөздің алыбы, кеңес әдебиетінің атасы ұлы Горькийден, 
әлем әдебиетінің басқа да ұлыларынан 
үйренген.Солардың дәстүрін қазақ әдебиетіне 
дамытушылардың бірі болған қаламгер.
Ол – жазушылық өнерді өз әдебиетіміздің айтулы 
шебері Бейімбет Майлиннен үйренген, жаңа әдебиеттің 
негізін Сәкен, Ілиястармен бірге қаласқан, солардың 
эстафетасын алып қалған жазушы. Ол – қазақ әдебиетінің 
кемеліне келіп толысқан кезеңінде ұлы суреткер Мұхтар 
Әуезовпен қаламдас, замандас болған жазушы
8

Қазақстан жазушылары мен өнер қайраткерлері


Солдан оңға қарай М. Қаратаев, Б. Төлегенова,
Ғ. Мүсірепов, Р. Бағланова, Ә. Тәжібаев. 
Е. Серкебаев т. б.1965ж.
Ғ. Мүсірепов студенттер арасында 1983ж
.
29


Ғ. Мүсірепов пен Ғ Мұстафин Талдықорған 
.облысын аралаған сапарлары кезінде
Михаил Исаковский, Ғ. Мүсірепов және 
Әбділдә Тәжібаев
28
Әсіресе, оған жазушы М.Горькийдің ықпалы мол. 
Горький мен Мүсірепов арасындағы творчестволық 
байланыс жазушының ана тақырыбындағы әңгімелерінен 
айқын танылатыны мәлім.
Жазушы қай – қай шығармасында да ешкімді 
қайталамай, тыңға, алға ұмтылуға тырысқанын 
байқаймыз. Бұған «Жапон балладасы» дәлел. «Арқаның 
әңгімесі», «Көздің әңгімесі» сияқты туындыларымен 
жазушы
бұл
тақырыпқа
бірінші
жол 
тартты.Халықаралық тақырыпты қозғаған «Жапон 
балладасы» тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл халықтар 
әдебиетінің идеялық көркемдік табысы еді.
Ғ.Мүсіреповтің жазушылық жолы бірте –бірте 
сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен 
шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі. 
Әңгіме, новелла, очерк, повесть, жанрларын еркін 
меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты. Ең 
алғашқы романы «Қазақ солдаты». Бұл шығарма 1945 
жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесть ретінде 
жарияланды да, кейін өңдеп, толықтырып 1950 жылы 
«Қазақ солдаты» романы жұртшылыққа ұсынды.
Ғ.Мүсіреповтің творчестолық жолындағы көрнекті 
шығарма «Оянған өлке» романы. Бұл романды о баста 
жазушы трилогия ретінде жазбақ болғаны мәлім. Сол 
трилогияның бірінші кітабын 1953 жылы жариялап 
оқырман қауымға ұсынды. 1984 жылы романның екінші 
кітабы «Жат қолында» деген атпен жарық көрді.
Идеялық мазмұны терең, көркемдік сипаты көз 
9


тартарлық «Оянған өлке», «Жат қолында» романдары 
тек жазушы творчествосынан ғана емес, бүкіл қазақ 
әдебиетінен келелі орын алатын көрнекті шығарма 
ретінде танылды. Жазушының өмірінің соңғы кезеңіндегі 
екі үлкен туындысы – «Кездеспей кеткен бір бейне» атты 
прозалық поэмасы мен «Ұлпан» атты романы еді. 
Жазушының бұл романдары қазақ әдебиетінің асыл 
қорына қосылған елеулі көркемдік үлес.
Жазушының драматургия саласына сіңірген еңбегі 
де орасан зор. Қазақ әдебиетіндегі драма жанры кейіннен 
қалыптасып, дамығаны баршаға мәлім. Ж.Аймауытов, 
С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, М.Әуезовпен бірге 
ұлттық драматургияның негізін қалап, іргесін көтеріскен 
Ғабит Мүсіреповтің есімі қазақ театрының тарихынан 
елеулі орын алады. 
Ғ.Мүсірепов Шекспир, Мольер, Шиллер, Гоголь, 
Островский сияқты драматургия алыптарынан 
творчестволық үлкен қуатпен үйрене отырып, ұлттық 
драматургияға ірі олжа салды. Оның «Қыз Жібек», 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты пьесалары халық 
жырларының негізінде туса да, өз алдына дербес 
туындылар ретінде танылған еңбектер. Халықтық 
шығармалардың идеялық, тақырыптық негізін сақтай 
отырып, ол бүтіндей тың өрнекті сом дүниелерді жасады.
Мүсірепов бірнеше либеретто, сценарийдің де 
авторы. Ол жазған «Қыз Жібек» операсы мен «Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу» балетінің либереттолары қазақ 
операсындағы таңдаулы либереттоның қатарынан орын 
алды. 
10
Ғ. Мүсірепов жазушы С. Мұқановтың 
80 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан
облысына барған делегацияның арасында
1980ж.
27


Ғ. Мүсірепов Азия және Африка елдері
жазушыларының конференциясында 1978ж
.
26
Ғ.Мүсірепов «Аманкелді» атты бірінші қазақ киносының 
сценарийін жазысты. «Махаббат туралы дастан» атты 
көркем суретті және екі сериялы «Қыз Жібек» 
фильмдерінің сценарийін жазған да Мүсірепов. Әсіресе 
соңғы туындысымен ол киносценарийдің үлкен шебері 
екенін танытты.
Ұлттық әдебиеттің тынысын кеңейтіп, 
халықтардың рухани байланысын нығайтатын аударма 
саласында да жазушының сіңірген біраз еңбектері бар. 
Бұл ретте оның О.Генридің новеллаларын, Сильвестр 
Тагароның әңгімесін, А.М.Горький, М.Шолохов, 
В.Василевская шығармаларын қазақ тіліне аударғанын 
айтсақ та жеткілікті.
Жазушының
проза, драматургия, аударма 
саласында сіңірген еңбегімен қатар, қазақ әдебиеттану 
ғылымы мен сынына қосқан үлесі де елеулі. Ғ. 
Мүсіреповтің сыншылдық ой –пікірінің аса бір шарықтап 
шыққан биігі, кемел ойының кең көсіле өрістеген бір 
тұсы – Мұхтар Әуезовтің «Абай» романына байланысты 
айтқандары. Жиырмасыншы жылдардан бастап өмірінің 
соңына дейін қазақ әдебиетінің даму процесінің 
көкейкесті проблемалары жайында үздіксіз пікір айтқан 
аға жазушылардың бірі Ғабит Мүсірепов болды.
Ғ.Мүсіреповтің республикалық газеттер, 
журналдарда, жинақтарда жарияланған әдебиет 
мәселелері жайлы еңбектер көп. Солардың ең 
таңдаулысы 1970 жылы «Суреткер парызы», 1982 жылы 
11


«Заман және әдебиет», 1986 жылы «Дәуір дидары», 1987 
жылы «Әдебиет – кәсіп емес, өнер» деген атпен кітаптар 
болып шықты.
Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, 
көрнекті жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1985 
жылы 31 –інші желтоқсанда, 83 жасында Алматы 
қаласында қайтыс болды..
Жазушының есімін мәңгі сақтау мақсатында, Қазақ 
мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына 
жазушының есімі берілген.
1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов 
атындағы әдеби – мемиоралдық мұражай үйі ашылған.
2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдық 
мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарсаңында 
Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана 
қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсірепов есімі 
беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен 
жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні 
қойылған.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, 
журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының 
мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді.Қазақ халқы оны 
үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас 
шебері деп біледі.Ол ел –жұртына кеңінен танылған, 
халықтың адал азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі 
халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір 
өміршең еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, 
рухани асыл бұйымына айналды.
12

25




Ғ. Қайырбеков пен Ғ. Мүсірепов 1965ж
.
Ғ. Мүсірепов Солтүстік
Қазақстан жерінде
1970ж
24

жүктеу 3,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау