Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ баспасөзі дамуы


М.Мақатаев лирикасының өміршеңдігі



жүктеу 29,91 Kb.
бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі29,91 Kb.
#44937
1   2   3   4   5   6
20 ғасыр сұрақтары

М.Мақатаев лирикасының өміршеңдігі

Қазақ әдебиетінде өзіндік айқын із қалдырған қайратты дарындардың бірі - Мұқағали Мақатаев. Оның өлеңдерінен байқалатын көркемдік айырмашылықтардың бірі - ырғағының ешбір мүдіріссіз құйылып тұруы, қазақы таным үшін етенелігі, табиғилығы. Біз аталған тарауда ақыннның өлендеріндегі шеберлік қырларын қарастыратын боламыз.


Көзі тірісінде ұсынған кітабы жарыққа шықпай қалмаған автордың бірі - Мұқағали. Атап айтқанда, "Ильич" (Поэмалар, 1964), "Армысыңдар, достарым" (өлеңдер мен поэма, 1966), "Қарлығашым, келдің бе?" (өлеңдер, 1967), "Мавр" (өлеңдер мен поэма, 1969), У.Уитмен "Шөп жапырақтары" ("Ұлы ақындар кітапханасы" сериясы, аударма (1969), В.Шекспир. "Сонеттер" ("Ұлы ақындар кітапханасы" сериясы, аударма (1970), Данте. "Құдіретті комедия" (бірінші бөлімі "Тамұқ", аударма (1971), "Дариға-жүрек" (өлендер мен поэма, 1972), "Аққулар ұйықтағанда" (өлеңдер мен поэма, 1974), "Шуағым менің" (өлеңдер мен поэма, 1975), "өмірдастан" (Таңдамалы, 1976).
[Поэзия - адам табиғатының, ақын табиғатының жаршысы, жыршысы. өзектен өніп шыққан өлең ақынның өз табиғатын танытқанда, табиғилығымен тәнті етеді. М.Мақатаев өлеңіндегі осы табиғилық, қарапайым қазақы табиғат болмысының шынайы бейнеленуімен үлкеннің де, кішінің де көңіліне ұялай кетеді. Бүгінде саңлақ сардары санаулы, самғауы биік қазақ жырының сырлы өлкесінде көкіректің тұңғиық сырын сыбызғы сазымен сапырған сыршыл әуен- Мұқағали Мақатаев мұрасы.

Ақын-Жүрек миллион жүректі адамгершілік тегімен жақын тартып, бауырына балады.


Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің. Бұйрат құмдар бұйығып шөлдегенім, Бура бұлттар бусанып терлегенім. Аспанындай кей сәтте күрсінемін, Жас талындай жауқазын бүршік едім.


Мақатаев жырлары азаматтық жан-дүние сырлары. Ал, оны өлең тілімен жеткізуде жоғарыдағы атаған сипаттардың бәрі де туынды табиғатына сай әр тұста әр түрлі деңгейде көрінеді. Ақиқаты адамның, былайша айтқанда, кәдімгі жұмыр басты пенденің бойында, мінез-құлқында, тағдырында жақсы мен жаман қатар арпалысып жүр. Тек кейде жақсының бел алатынына, кейде жаманның дендеуіне қарай, жақсы адам, жаман адам дейміз. Ақын жырларының жан өзегі осы Адам атты ұлы тұлға бойындағы екі ұдай тайталас. Жақсы мен жаманның текетіресі. Ақын уытты жырларымен (пендешілік, арамдық, көрсеқызарлық, жауыздық, қараниеттілік, екі-жүзділік толып жатқан түрлі зымияндықты білдіретін) жамандық атты ұғымның өзін тұншықтыруға, жоғалтуға құштар. Жақсы жыр, жақсы сыр, ақеден тебіреніс жамандықты жеңуге тиіс деп сенеді автор. Ақындық мінез, ақындық рух...
Олай болса, әділ сыншылдық ашық, жарқын үн, жарқын ойлы ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығының ерекше мінезінің бірі. Мұндай сыншылдық қазақ поэзиясының реалистік туындыларына тән классикалық дәстүр ренктерінен саналады. Абайды, Сұлтанмахмұтты, Қасымды даралап көрсеткен ерекшеліктің өзі осы сыншылдық өткірлік, өлеңнің өзегіне өмірдің отын құю. өмірдің ащы шындығымен бақай есепшілердің етін күйдіру. Бұл өлеңнің мінезі ғана емес, ақынның, азаматтың үні, ел ішінде Халық Ана салтына сүйегіне сүтпен сіңген қасиеті. Әдебиеттің дамытушылық қуаты да осындай сипатында. Мұқағали Мақатаев өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарын. Өмірі де бір өзен, өлеңі де бір өзендей, тұңғиық. Мұқағали жырлары бірде үн-түнсіз шымырлап қайнап, тереңге тартып, бірде ақ күміс бұлттарын түйдектетіп аспанға атқан сол өмірдің өзіндей. Егер дәстүрлі зерттеу салтына бағынсақ, өлеңдерді алуан-алуан тақырыпқа жіктер едік (Отан, ана, махаббат, пенделік тебіреніс, табиғат, т. б.)

жүктеу 29,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау