ДАСТАН
Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріндегі жазушы шеберлігі
Ғ. Мүсірепов - қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері
Ә. Нарымбетовтың айтуынша, Ғабит Мүсірепов үлкен прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы-ғалым ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңін бейнелеген, сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Ол ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың адал азаматы, қадірмен ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы.
Ғабиттің жазушылығын тұтас алғанда, өзіне тән бірнеше өзгешеліктері бар: бірінші - бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды; екінші – бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды; үшінші - жазатын тақырыбына күй таңдайды; күйі жетпесе, игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртінші - шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал-қадары жеткенше, олпы- солпысыз шығарады; бесінші - тілге үнемшіл, сипаттап отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншы жарқылдақ сөздерді көбірек қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетінші адам портретін жасауға, қазақ жазушыларының ең шеберінің бірі [
Ғабит Мүсірепов - шеберлігі шығарма сайын ширығып, шындала берген, бірден-бірге өрлеп, ең шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір шығармасы көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі. Оның өзіне қояр, көркем шығармаға қояр талабы өзгеше. Олай болатын жөні де бар. Ол - өз шығармашылығының елең-алаңында көркем сөздің алыбы, кеңес әдебиетінің атасы Горькийден, әлем әдебиетінің басқа да ұлыларынан үйренген. Солардың дәстүрін қазақ әдебиетіне дарытушылардың бірі болған қаламгер.
Ол - жазушылық өнерді өз әдебиетіміздің айтулы шебері Бейімбет Майлиннен үйренген, жаңа әдебиеттің негізін Сәкен, Ілиястармен бірге қаласқан, солардың эстафетасын алып қалған жазушы. Ол - қазақ әдебиетінің кемеліне келіп толысқан кезеңінде ұлы суреткер Мұхтар Әуезовпен қаламдас, замандас болған жазушы. Оның артында үлгі алар, өнер жарыстырар қалың қатпарлы қаламгер ұрпағы бар. Сондықтан ол осы деңгейден, өзі шыққан биіктен сәл де болса төмен түсуге хақысы жоқ екенін айқын түсінген жазушы
Ғ.Мүсіреповтің әңгіме, очерктерінің үлкен тобы социалистік заманда жаңарған ауыл, өзгерген ел бейнесін суреттеген шығармалары. Жазушы өндіріс тақырыбына барсын, мейлі колхоз өмірін суреттесін, бәріне де социалистік құрылысты нығайту үшін күресіп жатқан адамдардың іс әрекетін көрсетуге талаптанады. Қос шалқар, Көк үйдегі көршілер, Кусен, Алғашқы адымдар, Шұғыла, Талпақ танау. Туннель секілді шығармаларында өмірді өз қолымен өзгертіп жатқан кеңес адамдарының тұлғаларын жасау мақсаты көзделген.
Ғ. Мүсіреповтің колхоз тақырыбына арналған әңгімелерінің басы 1928 жылы шыққан Қос шалқар болып табылады. Әңгімеде қазақ ауылындағы егіндік, шабындық жерлерді бөлу жайы, колхоздастыру оқиғасы баяндалады. Жаңа өмірге араласқан адамдардың жасампаздық еңбектегі белсенділігі, жігерлігі қарқыны суреттеледі. Ал, шындығында қазақ халқы күштеп ұжымдастыруға қарсы болды және оны іспен де дәлелдеп отырды. Т.Омарбеков: Халық күштеу саясатына деген өзінің наразылығын көтеріліс түрінде ғана білдіріп қоймай, өкімет және кеңес белсенділеріне қарсы қастандық (террор) жасауға да, сондай-ақ колхоз және совхоз мүліктерін әдейі өртеу әрекеттеріне де барды деп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |