Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет22/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
VI ТАРАУ

Патогенезі
. Д гепатиттің ең басты патогенезіндегі ерекшелігі микст гепатиттің дамуы 
болып келеді. Сондықтан гепатоциттер бір вирустың емес, екі – HDV және HВV – вирустарының 
әсерінен зақымдалады. Бұл жерде зақымдаушы әсері HDV–да басымырақ болады. Бірден
HDV/HВV – коинфекциясы кезінде HDV-ң белсенді репликациясы жүреді де, ол HВV-ң 
репродукциясын тежейді. Осының әсерінен HВV-ДНҚ-ң мөлшері қанда азаяды немесе тіпті 
жойылады, HBеAg циркуляция тоқтайды да HBsAg мөлшері азаяды немесе 2-10% ауруларда тіпті 
жоғалады. Көбінесе HВV-ң репликациясының тежелуі уақытша, бірақ кейде тұрақты түрде де 
тежелуі мүмкін. Екінші жағдайда HВV мен бірге HDV –инфекциясы да жойылады. 
HDV/HВV – суперинфекциясы кезінде, аурудың ауыр түрде фульминантты ағыммен 
немесе бауыр циррозымен өтуі де Д гепатитінің вирусына байланысты. 
Д гепатиті кезінде, В гепатитінен ерекшелігі, вирустың тікелей цитопатиялық әсері 
болады. Мұны А гепатитіне ұқсас болып келетін қысқа инкубациялық кезеңінен және 
цитолитикалық белгілердің ерте айқындалуынан көруге болады. Алайда иммундық жауаптың 
алатын орны да өте зор, себебі HDV инфекциясы алуан түрде – латенттіден бастап манифестті өте 
ауыр түрлеріне дейін өтеді. 
Д гепатитінің В гепатитімен салыстырғанда айтарлықтай патоморфологиялық ерекшелігі 
болмайды. 
Клиникасы.
Жоғарыда айтып кеткендей, HDV-инфекциясының ағымы алуан түрлі болып 
келеді – субклиникалық және манифестті, жеңіл және өте ауыр, жедел және созылмалы оның өзі 


әртүрлі факторларға байланысты болып келеді, мысалы: HDV/HВV –коинфекциясының немесе 
суперинфекциясының дамуына, әр вирустың репликациялық белсенділігіне, инфекцияның 
дозасына, процесстің ұзақтығына, иммундық жауаптың толықтылығына және т.б. 
Жедел микст HDV/HВV гепатиті.
Көбінесе коинфекция түрінде дамиды. Клиникалық 
көріністері жағынан жедел В гепатитіне ұқсас өтеді де, дұрыс диагноз қоюды қиындатады. 
Инкубациялық кезеңі – 20-40 күн. Продромалды кезеңнің ерекшелігі, ауру жедел басталып, 
жоғары қызбамен өтеді, бұл белгілері В гепатитіне емес, А гепатитіне ұқсас болады. Сонымен 
қатар, В гепатитіндегідей ірі буындардың ауруы байқалады. Сарғаю пайда болғанда, науқастардың 
жағдайы жақсармайды, керісінше улану белгілері айқындалады. Көп жағдайда сарғаю кезеңінде 
субфебрильді температура сақталады. Микст-гепатитінің ерекшелігі, аурудың басталғанына 2-3 
апта болғанда клиникалық белгілердің қайта өршуі немесе АЛТ-ң жоғарылауы болады. 
Лабораториялық тексерулер кезінде тимол сынағының жоғарылағанын байқаймыз, ол В 
гепатитіне онша тән емес. Аурудың ағымы орташа ауырлықта, циклды өтіп, айығумен аяқталады. 
Ауру өздігінен жазылып кетуі де мүмкін. Аурудың созылмалы түрге ауысуының жиілігі В 
гепатитіндегімен сәйкес келеді.
HDV/HВV – суперинфекция түрінде жүрсе, жедел гепатиттің манифестті түрлері 
коинфекциямен салыстырғанда сирек кездеседі. Бірақ кездессе ауыр немесе фульминантты түрде 
өтеді. Д гепатитінің тағы да ерекшеліктерінің бірі, ол инкубациялық және сарғаю алды кезеңінің 
қысқа болуы, сонымен қатар продромында жоғары қызбаның болуы, құсу, оң жақ қабырға 
астындағы ауыру сезімінің орын алуы, бауырының ғана емес көк- бауырының да ұлғаюы. Бұл 
науқастарда сарғаю айқын түрде өтіп, улану белгілері өршиді. Ауру қайта-қайта өршіп, улану 
белгілері мен клиникалық көріністері алғашқыдан да күштірек байқалуы мүмкін. Кей жағдайларда 
өршу кезінде тек аминотрансферазалардың активтілігі жоғарылауы мүмкін, ал клиникалық 
көріністері өзгермейді. Диагноз тек қан сарысуында В және Д гепатиттерінің маркерлерін (HBsAg 
мен анти HDV IgM немесе HDV РНҚ) анықтау арқылы қойылады. 

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау