Болжамы.
Ауруханадан шығару және диспансерлік бақылау ережелері В гепатитіндегідей.
Жедел HCV–жұқпасының 85-90% созылмалы түрге ауысады, ал 10-15%-ғана айығады.
Алдын алу шаралары.
В гепатитіндегідей. Қазіргі кезге дейін вакцинасы жоқ.
Д вирусты гепатиті
Д вирусты гепатиті – антропонозды, парентералды жолмен жұғатын жұқпалы ауру.
Этиологиясы.
Д гепатитінің вирусын (HDV) ең алғаш рет 1977 ж. М.Rizetto ашқан. HDV
диаметрі 35-37 нм болатын сфералық бөлшектер. Д гепатитінің вирусы өзінің РНҚ-нан, ішкі
антигеннен (HDAg) және сыртқы HBsAg–нен тұрады.
HDV-ң ерекшелігі, оның өмірлік циклінде көмекші HВV-ң орын алуы мүмкін. Сондықтан
Д гепатиті тек қана В гепатитімен инфекцияланған адамдарда ғана болады.
HDV-ң құрамында өзіндік полимераза ферменті болмайды, сондықтан оның функциясын
HВV-ң РНҚ полимеразасы атқарады.
Вирус геномы 1700 нуклеотидтерден құралған бір тізбекті сақиналы негативті жалғыз РНҚ
молекуласынан тұрады. HDV көбінесе гепатоциттердің ядроларында және өте сирек жағдайда
цитоплазмасында орналасады.
HDV температураға тұрақты, оның белсенділігі ультракүлгін сәулелерінің әсерінен де
жойылмайды.
HDV-ң үш негізгі генотипі белгілі. I-ші генотипі Солтүстік Америкада, Европада,
Оңтүстік-Тынық мұхит аймағында, Шығыста кездеседі де, екі субтипке бөлінеді: 1а (азиялық)
және 1в (Европалық немесе Солтүстік Америкалық). II-ші генотип Жапондықтар мен Солтүстік
аймақтағы Тайваньдықтарға тән. III-ші генотип Оңтүстік Америкада жиі кездеседі.
Адамға бір уақытта екі инфекция қатарынан жұғу мүмкін HВV/HDV, бұл кездегі жағдайды
ко-инфекция деп атайды (В+Д микст-гепатиті) және HВV инфекциясы бар науқастарға Д гепатиті
жұқса HDV/HВV - суперинфекциясы дамиды.
Эпидемиологиясы.
Д гепатитінің таралуы әр түрлі аймақтарда әр түрлі болады да, HBsAg
таралу жиілігімен сай келеді. Бақылай келе HDV инфекциясының таралуы HВV-инфекциясының
0,1%-тен 20-30%-ке дейінгі жиілікте кездесетіні анықталды. Инфекция көзі мен таралу механизмі
В гепатитіндегідей, бірақ ауру тудыратын мөлшері анағұрлым төмен болады. Д гепатитінің берілу
жолдары В гепатитіндегідей болғанымен, ауру анадан баласына перинаталды жолмен берілуі өте
сирек кездеседі. Сондықтан Д гепатитіне балалар сирек шалдығады.
Соңғы кезде дамыған елдерде активті В гепатитіне қарсы вакцинация жақсы жолға
қойылғандықтан, Д гепатитінің де азаюы байқалуда және ол өте жиі нашақорларда кездеседі.
В гепатитімен ауыратын немесе HBsAg тасымалдаушысы болатын адам Д гепатитімен
ауруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |