Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
VI ТАРАУ

 
Эпидемиологиясы
Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын 
антропонозды инфекцияға жатады. Инфекция көзі – жедел НEV-инфекциясымен, әсiресе оның
сарғаюсыз, немесе латенттi түрiмен ауыратын адамдар. Таралу жолы – көбiнесе су арқылы, HEV-
нi water born hepatitis virus деп атайды. А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек 
тарайды. Жанұялық ошақтар тiркелген емес. Бұны HAV-мен салыстырғанда HEV-нiң нәжiстегi 
концентрациясы аз болатынымен түсiндiруге болады.
 
Е гепатиті көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тiркеледi. Ер адамдар жиiрек ауырады. Бұл 
ауру кезiндегi өлім-жітім көрсеткiшi жоғары емес. Қытайда болған вирусты Е гепатиттiң iрi 
эпидемиясы кезiнде (1986 жылы шамамен 120 мың адам ауырды) өлiм көрсеткiшi 0,58% болды. 
Жүктi әйелдерде ауру ағымы ауыр, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеп соғады. Егер ауру жүктiліктiң 
екiншi жартысында пайда болса, науқастардың 20% өледi. 
Е гепатитімен ауыру көбiнесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, iрi өзендер 
толады. Осыған байланысты жерасты суларының деңгейi жоғарылап, сумен қамтамасыз ету 
көздерi залалданады. 
Е вирусты гепатиттiң эпидемиялық аумақтары Оңтүстiк-Шығыс Азияда, Индияда, 
Орталық Америкада тiркелген. Аурудың бiрен саран жағдайлары Америка мен Европада да 
кездеседi. 
Патогенезі. 
Патогенез факторлары А гепатитке ұқсайды. HEV, HAV тәрiздi, цитопатиялық 
әсер етiп, гепатоциттердiң тiкелей вирусты цитолизiне әкеп соғады. HEV-инфекциясы кезiнде 
иммунопатологиялық механизмдердiң маңызы үлкен емес. Бiрақ, Е гепатиті кезiнде А гепатитке 
ұқсас жылдам иммундық жауап дамиды.
 
Реинфекция болуы мумкiн. А вирусты гепатиттен ерекше, Е вирусты гепатиттен кейiн 
өмiр бойы сақталатын иммунитет болмауы мүмкiн. Е гепатиті вирусының созылмалы 
тасымалдаушылығы және аурудың созылмалы түрлерi болмайды. 
Е гепатитiнiң басқа гепатиттерден ерекше, жүкті әйелдерде ауыр ағымы және өлiм қаупі 
патогенездiң шешiлмеген сұрақтарына жатады. 
Е гепатиті кезiндегi бауырдың патоморфологиялық өзгерiстерi А гепатитке ұқсас. 
Некробиоздық процесс нүктелi немесе дақты некроздың дамуымен шектеледi; гепатоциттердiң 
көбiсi зақымдалмайды. Осыған байланысты ауру көбiнесе жеңiл, сарғаюсыз немесе көмескi түрде 
өтедi. Е гепатиттiң ауыр және фульминантты түрлерi дамыған кезде (әсiресе, жүкті әйелдерде) 
бауырдың тараған көпір тәрiздi, субмассивтi немесе массивтi некроз белгiлерi анықталады. 

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау