Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер


Диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет23/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
VI ТАРАУ

Диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы.
Жедел вирусты Д гепатиті деген 
диагнозды қою үшін қаннан HBsAg мен бірге анти HDV IgM немесе HDV-ң РНҚ-н анықтау қажет. 
Егер анти-HBcIgM мен HBeAg анықталмаса (және керісінше, анти-HBcIgG мен анти HBe 
анықталса) HDV/HВV-суперинфекциясы деген диагноз қойылады. Ал егер, керісінше анти- 
HBcIgM мен HBeAg анықталса HDV/HВV – коинфекциясы деген диагноз қойылады. Қан 
сарысуында HDАg өте сирек жағдайда кездеседі, ал анти HDV IgG кешірек түзіледі. 
Салыстырмалы диагностикасы А және В гептиттерімен салыстыратын аурулармен 
жүргізіледі. 
Емі.
Д гепатитінің емі А және В гепатиттерінің еміндей болады. 
Болжамы.
Ауруханадан шығару мен диспансерлік бақылауға алу ережелері В 
гепатитіндегідей. Жедел коинфекциясының болжамы В гепатитімен сәйкес келеді. Жедел 
суперинфекцияның ағымы көп жағдайда созылмалы түрге ауысады (себебі бұл науқастарда 
созлымалы В гепатиті өтуде), ол 20% жағдайда өлім- жітіммен аяқталуы мүмкін. 
Алдын алу шаралары. 
В гепатитіндегідей. В гепатитіне қарсы вакцинация дельта 
гепатитінің таралуына да әсер етеді.
Е вирусты гепатиті 
Е вирусты гепатиті кұрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттiң 
таралу механизмі– фекалды-оралды. 
Е гепатиті, ДДҰ мәлiметтерi бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарындағы 
(Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы,т.б.) ересек турғындарының арасында ең жиi 
кездесетiн жедел вирусты гепатиті болып табылады. Бiрақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен 
Ресейде де кездеседi.
Этиология. 
1990 жылы молекулярлы гибридизация әдiciмен вирусспецификалық клон 
бөлiнiп алынған. Бұл клон Азияның әртүрлi аймақтарындағы эпидемиялық өршулер кезiнде 
науқастардың нәжiсiнен бөлiнген клонға ұқсас болды. Иммундық-электронды-микроскопиялық 
зерттеулер барысында Е гепатит вирусының құрылымы анықталды. Сынамаларда диаметрi 27-
33нм (көбiнесе 32-34нм) сфера тәрiздi вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус – бiр жiпшелi, 
құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, НЕАg-ге ие. Е гепатит вирусының таксономдық жiктелуi әлi 
толығымен анықталған емес. HEV –ң HAV-дан, жалпы пикорнавирустар тұқымдастығынан 
анағұрлым айырмашылықтары бар, бiрақ Caliciviridae тобына құрылымы жақын. Сонымен қатар, 
Togaviridae тобына ұқсас екеуi де анықталған. HAV-мен салыстырғанда, HEV қоршаған ортаның 


әртүрлi факторларына төзiмдiлiгі төмен; лабораторлық жағдайларда тез жойылады. Вирустың 3 
генотипiн ажыратады: мексикалық және 2 азиялық (Бирма, Пакистан). Олардың барлығы бiр 
серотипке жатады, сондықтан серологиялық реакциялар қиылысуы мүмкін.

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау