|
Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттерДиагностикасы және салыстырмалы диагностикасыVI ТАРАУДиагностикасы және салыстырмалы диагностикасы.
Е вирусты гепатиті диагнозы
клиникалық және эпидемиологиялық ерекшелiктердiң негiзiнде койылады. ИФА әдiсiмен HEV-ге
антиденелер анықталады. Анти-HEV IgM канда аурудын 10-12 күнi пайда болып 1-2 ай сақталады.
Содан кейiн, қысқа уакыттан соң анти-HEV IgG қаннан анықталады. Бұл антидененiң анықталуы
HEV-мен қатынас болғаны туралы айтады. Инфекциялық процестiң ерте фазасында HEV-РНҚ
табылуы мүмкiн.
Салыстырмалы диагноз Агепатиті кезiндегiдей өткiзiледi.
Емi.
Е вирусты гепатиті кезiнде жургiзiлетiн емдеу комплексi А вирусты гепатиті
кезiндегi емге ұқсас.
Болжамы.
Ауруханадан шығару ережелерi және диспансерлік бақылау А гепатитіне ұқсас.
Е гепатиттiң натижелерi де А гепатитіне тән, бiрақ жүктi әйелдер арасындағы жоғары өлiм
көрсеткiшi ерекше.
Алдын алу шаралары.
А гепатитімен ауырушылдықты төмендетуге бағытталған
гигиеналық шаралар (соның iшiнде, түрғындарды сумен қамтамасыз етудi жақсарту), Е гепатиті
кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина өнделген емес.
Микст-гепатиттер
Гемоконтакты микст-гепатиттер есірткі заттарды көктамырға салатындарда жиі кездеседі.
Осыған орай, микст-инфекция жастар арасында жиі кездеседі. Жиі В гепатиттің және С гепатиттің
үйлесіп кездесуі байқалады. Клиникалық-лабораторлық және эпидемиологиялық мәліметтер В
гепатиттің алдында болған С гепатитімен қосарлануы (жедел В гепатиті созылмалы С гепатитімен
қосарланады) немесе үйлесе залалдануына дәлел. Соңғы жағдайда клиникалық көріністер
моноинфекция – В гепатитіне сәйкес. Жедел микст-инфекция В және С гепатиттерімен жедел С
гепатиттің созылмалы түрге айналу жиілігі бірдей. В және С микст гепатиттерінің жартысынан
көп жағдайында клиникалық практикада созылмалы аралас этиологиялық гепатиттердің өршу
сатысына тура келетінін атап өту қажет, олардың ерекшелігі С гепатиттің активтігі басым және ол
инфекцияның ағым сипатын анықтайды. Науқастардың аз пайызында HDV-инфекция маркерлері
анықталуы мүмкін. Бұндай «үштік» микст-гепатит жедел фазасында потенциалды ауыр ағымын
білдіреді, осы жағдай жиі созылмалы түріне айналады. Вирусқа қарсы емінің тағайындалуы,
арасындағы бір қоздырғыштың репликативті белсенділігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|