Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет17/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
VI ТАРАУ

Болжамы
В гепатит реконвалесценттерінің ауруханадан шығару көрсеткіштері А гепатит 
кезіндегідей. Диспансерлік бақылау 12 ай жүргізіледі. Әр 3 ай сайын зерттеу өткізіледі – 
клиникалық қарап тексеру, лабораторлық зерттеулер (билирубин, АЛТ, тимол сынамасы, вирусты 
гепатит маркерлері).
 
Созылмалы гепатит болмаса және HВsAg анықталмаған жағдайда В гепатитімен ауырған 
науқастар есептен шығарылады. Әйелдерге ауруханадан шыққаннан кейін 1 жыл жүкті болмаған 
дұрыс. 
Гепатиттен кейінгі синдромдар арасында өт шығару жолдарының дискинезиясы, олардың 
қабынуы жиі кездеседі. Созылмалы гепатит 10-15% жағдайда түзіледі.
Гепатиттен кейінгі HВsAg «тасымалдаушылыққа» ерекше назар бөлу керек. Жедел В 
гепатиттің циклдік ағымынында антигенемия ұзақтығы әдетте 3-6 айдан аспайды. Қанда HВsAg-
нің ұзақ уақыт (3 айдан көп) жоғары концентрацияда анықталуы (клиникалық белгілерінсіз, 
цитолизсіз, активті вирустық репликация маркерлерінсіз) аурудың созылыңқы (прогредиентті)
ағымының жанама белгісі болып табылады.
HВsAg қанда 6 айдан көп тұрақты титрде анықталуы (клиникалық-лабораторлық 
көрсеткіштері қалыпты болса да) процестің созылмалы түріне өткені туралы айтады. 
Алдын алу шаралары.
Алдын алу шаралары жұқпа көздерін активті анықтауға
таралудың табиғи және жасанды жолдарының үзілуіне, қауіп топтарында вакцинацияны жүргізуге 
бағытталған.
 
1996 ж. Қазақстанда В гепатитіне қарсы вакцинация профилактикалық егулер күн тізбесіне 
енгізіліп, «Смит Кляйн Бичем» фирмасымен өндірілген «Энджерикс-В» гендік-инженерлік 
вакцинасымен жүргізіледі. 
В гепатитімен залалдану қаупі жоғары топқа жататын адамдар вакцинацияланады: 
медицина 
қызметкерлері, 
медициналық 
мекемелердің 
студенттері, 
қайталамалы 
гемотрансфузияларды қабылдайтын немесе гемодиализдегі науқастар, В гепатитімен ауырған 
науқастың туыстары, нашақорлар. Егер вакцина жеткілікті болса, тұрғындардың барлығы 
вакцинацияланған дұрыс. Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады: екі егу 1 ай 
аралықпен еңгізіледі, үшінші – 6 айдан соң жасалынады. Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді.
Балаларда вакцинопрофилактика сатылы түрде жүргізіледі. 
●Бірінші орында HВsAg бар және жүктіліктің III триместрінде В гепатитпен ауырған 
әйелдерден туылған нәрестелер вакцинацияланады. Оларға 4 егу жасалынады: үш егу 1 ай 
аралықпен, төртінші – 12 айда. Бірінші егу нәресте өмірінің 24 сағат ішінде енгізіледі. 


●Одан кейін HВsAg «тасымалдаушылық» 5%-тен жоғары аймақтарда туылған нәрестелер;
●HВsAg «тасымалдаушы» немесе созылмалы В гепатитпен ауырған науқас бар жанұяларда 
туылған нәрестелер;
●Балалар үйлеріндегі және интернаттардағы балалар;
●Қан немесе қан препараттарын жиі қабылдайтын және гемодиализдегі балалар 
вакцинацияланады. 
Вакцинацияның екінші сатысы – егулер күн тізбесіне сай балаларды вакцинациялау.
Үшінші сатыда, жасөспірімдер арасындағы В гепатитпен аурушылдықтың жоғарылауын 
ескере отырып, 11 жастағы балаларды вакцинациялау керек. 
Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірлік)-тен жоғары деңгейі иммунизацияның 
толық курсын өткен адамдардың 85-95%-де дамиды. Екі егуден кейін антиденелер 50-60%-те 
пайда болады. 
Шұғыл көрсеткіштер бойынша иммунопрофилактика қоздырғышпен қатынасы болған 
адамдарға жүргізіледі. Вакцинамен бірге құрамында В гепатит вирусына қарсы антиденелер бар 
арнайы иммуноглобулинмен енгізілсе, иммунопрофилактиканың нәтижелігі жоғары болады. 

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау