83
7. Джусубалиева Д. М. Использование новых информационных технологии для
реализации дистанционной формы обучения. // Вестник КазУМОиМЯ. 2005. № 11
Аннотация
Мақалада қазіргі уақытта шеттілдік білім беруде негізгі мақсаттар ретінде заманауи
ақпараттық жаһандану қоғамының сұранысына сай жаңаша сипаттағы тұлғаға талап етілетін
сапаларды анықтау және оларды құрудың әдістемесін жасау мақсатында қашықтықтан оқыту
технологиясы негізінде мәдениетаралық қатысымдық біліктілікті қалыптастыру.
Аннотация
В статье исследуются вопросы использования дистанционных обучающих и
образовательных технологий в формировании межкультурной коммуникативной компетенции
студентов языковых вузов, их преимущества и важность актуального в эпоху глобализации и
межународной интеграции.
Annotation
In this article researched issues of usage of distance learning and educational technologies in
forming of the intercultural communicative competence of the students of language high school, their
advantages and importance in a period of globalization and international integration.
ӘОЖ 325.85
КӚРКЕМ МӘТІНДЕГІ ОЙТАЛҚЫНЫҢ ТІЛДІК - СТИЛИСТИКАЛЫҚ
СИПАТЫ
Мақҧлова Л.Т.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақ тіл білімінде ойталқы мәселесі туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым тіл
білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынов болған. Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін
салушылар – А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы
ойларды кездестіреміз. Пайымдау немесе ойталқы мәселесі
кӛркем мәтін
лингвистикасының ең маңызды мәселелерінің бірі. Автор бейнесінің күрделене,
жұмырлана кӛрінетін тұсы да осы пайымдау бӛлімінде болса керек. Алдымен, ойталқы
мәселесі туралы қазақ тіл білімінде біраз айтылған ғылыми ойларға тоқталайық.
Жоғарыда келтіргеніміздей, ойталқы жӛнінде алғашқы ғылыми пікірді айтқан ғалым
Ахмет Байтұрсынұлы пайымдама туралы анықтама бере отырып, оның негізгі екі түрлі
әдісі болатынын жазған еді. Автор былай деп жазады: ―Пайымдама әдісі екі түрлі:
Негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру
бар. Яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, бӛлекей пікірлермен қуаттап пайымдау бар;
бұл жалқылау әдіс.
Әуелі бӛлекей пікірді айтып, жалпы пікірді солардың дәлелдерімен пайымдау. Бұл
жалпылау әдіс болады‖ [1].
Біздің ойымызша, Шерхан Мұртаза пайымдаулары жалпылау әдіске келетін сияқты.
Олай деуіміздің мәнісі, автор ӛзін ің түпкі ойын, тұжырымын, істің қалай бітетінін бірден
айтып, ойын ашып тастамайды. Оған оқиғаның ӛрістеуі барысында оқырманның ӛзінің
кӛзі жетеді. Пайымдау туралы ғалым Б.Шалабай кӛптеген ғылыми саралы ойлар айтқан.
Ғалым пайымдауды ойталқы деген терминмен атайды да, оған ғылыми түсінік береді.
―Ойталқы түріндегі баяндау формасының заттық мазмұнын ойдың немесе белгілі бір
күрделі тақырып-мәселенің логикалық дамуы құрайды. Ал оның құрылымдық формасына
логикалық ізбе-ізділік жатады. Ойталқы – әңгімелеу сияқты динамикалы форма, бірақ
одан айырмашылығы – оқиғаның дамуы емес, ой, тақырып, мәселенің дамуы бейнеленеді.
Сондықтан мұнда мезгілдік ӛрім болмайды‖,- деп жазады Б.Шалабай.
84
Ш.Мұртазаның ―Қызыл Жебе‖ романында ойталқы да жиі кездесетін баяндаудың
түрі. Ш.Мұртаза ӛзіне тән стильдік ерекшелікпен ойталқыны да ұзарған құрмалас
сӛйлемдермен емес, тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізіп жазады. Айталық ―Қызыл
Жебенің‖, ―Қыл кӛпір‖ атты кітабында мынадай баяндау бар: ―Тегінен безіну жаңалық
емес. Әсіресе тӛңкеріс кезінде әке мен бала, аға мен іні бір-біріне қарсы келіп, тіпті бір-
біріне оқ атысқан оқиғаның тарихта талайы бар. Мәселе адамның нанымында ғой.
Адамның иманында‖ (Ш.М.,Қыл кӛпір,356). Осы авторлық баяндауда үлкен ой бар. Адам
баласының жаңылуы лезде-ау, туғандардың бір-бірімен жауласуы да оңай. Нанып қалса
болды. Ал соның бәрін таразылап, салмақтап Тұрар иман болуы керектігін автор шегелеп
айтады. Шағын мәтінде үш жай сӛйлем, бір сабақтас құрмалас сӛйлем бар. Жай
сӛйлемдердің кӛтеріп тұрған жүгі мәнді әрі ауыр. Барлық ойдың негізгі тоқтамы осы үш
жай сӛйлемде тұр. Мәселе адамның танымында ғой. Адамның иманында деген
сӛйлемдерді тұлғалық жағына қарай емес, мағыналық жағынан талдау, түсіну керек.
Әрбір сӛйлем туралы ғылыми ой айтуға болар еді. Имандылық болса. Адамдардың
жауласуы да тиылар еді деген ойды айтады автор-жазушы.
Автордың Тұрарға деген ықыласы, оның басынан ӛткені мен халқына жасаған
жақсылық әрекеттері мынадай ойталқы арқылы беріледі: ―Халқының қан жылаған сонау
патша заманынан кӛріп, куәсі болған Рысқұлов; сол халыққа кәйтсем қол ұшын беремін
деп жастайынан шырылдаған Рысқұлов; алтын сандықтың үстінде отырып, сол
сандықтың кілті қолына тимей, ӛз жеріне, ӛз байлығына ие бола алмай, қорлық кӛрген
еліне еңіреп жүріп жаны ашыған Рысқұлов; сонау Түркістан ӛкіметі тұсының ӛзінде
жергілікті халықтардың правосы үшін, Кушекиндермен арпалысқан Рысқұлов;
―Түркістан, Қазақстан патша отаршылығынан Совет тұсында да арылып болған жоқ!‖ деп
айқасқа түскен Рысқұлов …енді келіп сол халықты бір сәтте сатып кеткен болды ғой!
Мұнан асқан масқара, мұнан асқан сатқындық болар ма ӛмірде?! Мұндай қара таңбаны
маңдайға басып, жер үстінде жүргенше сол қара жер қақ айрылып, неге мына азғын
Рысқұловты табан астында жұтып кетпейді‖ (Ш.М.,Қыл кӛпір,452).
Сталиннің алдында тұрған Тұрардың ойы ретінде берілген бұл баяндаудың мәні ӛте
ерекше деп бағалаймыз. Бұл мәтінде автор Рысқұлов сӛзін алты рет қайталап береді. Осы
алты қайталауды басқаша әр түрлі етіп беріп, оның орнына бір жерінде Тұрар деп, бір
жерінде азамат т.б. деп берсе ой дұрыс шықпас еді. Автордың діттегені тап осы қалпында
экспрессия мен эмоциялық мағынаға ие болмай қалар еді.
Кӛркем прозадағы қайталамалар туралы Р.Сыздық ӛзінің ―Сӛз құдіреті‖ атты
зерттеуінде былай деп жазады: ―Прозадағы рефрендер, сӛз жоқ, поэзиядағыдан ӛзгешелеу
келеді. ӛлеңде рефрен тармақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып келетін
сӛздер болса, прозадағы авторлық баяндаудың біртектес үзіктерінің соңында не басында
қайталанып келетін тұтас сӛйлем не шағын мәтін болуы мүмкін‖ [2, 31].
Прозадағы қайталамалардың бұдан басқа да ӛзгешілігі О.Бүркіт еңбегінде былай деп
жазылған: ―Прозалық мәтіндегі қайталамалардың қолданысы белгілі бір еркіндікке ие
болады. Соның нәтижесінде бір абзац анафоралы қайталамалардан басталса, екіншісінде
ол құрылым қолданылмауы мүмкін‖ [3, 119]. Ал бұл жайында профессор Б.Шалабайдың
мынадай пікірі бар: ―Синтаксистік қайталаулар лексикалық қайталаулармен, лексикалық
қайталаулар дыбыстық қайталаулармен ұштасып, шығарманың қайталанбас ӛзіндік ырғақ-
әуенін, құрылым-жүйесін жасайды. Бұл, әсіресе, ерекше сезімдік тебіреніспен
баяндалатын тұстарда, кейіпкердің ішкі жан-дүниесін ашатын баяндауда айрықша рӛл
атқарып тұрады‖ [4, 121].
Жоғарыда келтірілген мәтіндегі Рысқұлов сӛзінің бірнеше рет қайталануы осы ғалым
кӛрсетіп отырған кейіпкердің жан-дүниесін ашу үшін, оның халық үшін жылаған
жүрегінің дүрсілін сездіру үшін қолданған кӛркемдік шешім деп пайымдаймыз.
Осындай қайталаулар Ш.Мұртаза шығармашылығында мол кездеседі. Мысалы:
―Декрет бойынша теңдік те, еркіндік те бар. Декрет бойынша. Ал іс жүзінде сол декреттің
сәулесін әлдекімдер Түркістанға толық түсірмей, әлі тасалап тұрған сияқты. Оны тасалап
Достарыңызбен бөлісу: |