180
басында халық саны 16 204 617 адам болатын [16]. Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%)
адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
Діні Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса
алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін
кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бӛлігі мұсылмандар
болса да, ҚР зайырлы мемлекет.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл
жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен
мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл
саясатына мемлекет тарапынан ерекше кӛңіл бӛлініп отыр. Тіл
саясаты Қазақстандағы ұлт
саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси
тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған.
Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мӛлшерде халықтар
арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да ӛзіндік әсерін тигізеді [17]. Сонымен
қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен
азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін
мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан
халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың ӛзінің жеке мүдделерімен қатар
жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе
жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес
жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен
ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде
шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика
азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен
ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып
келеді.
Қазіргі Қазақстан – бұл бұрынғыдан ӛзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-
экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған тәуелсіз мемлекет. Мұнда
жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, ӛзара келісімді
қоятын кӛптеген ұлт ӛкілдері бейбіт және тату-тәтті ӛмір сүруде. Аса жоғарғы руханият
пен ой-ӛріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам ӛмірін
батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.
Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің,
бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу – ӛмірлік
маңызды мәселе болып саналады. Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз
да ӛзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан ӛткеріп отыр. Бұл
жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты
екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-
экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп,
жұмыспен қайту ӛзекті мәселеге айналып барады.
Сондықтан,
жұмыссыздыққа тап болған
адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан
әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар[18].
Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт
саясатындағы ӛзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық
қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі – осы жұмыссыздық. Бұл
тұрғыдан
алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты
бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық. Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-
этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және
ӛздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен
ӛзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен
181
этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді
жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен
тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси
санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып
табылады.
Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық
қаныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен
мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек. Әлемдегі
қазіргі кездегі демократиялық кӛпұлтты мемлекеттердің жамуына зер салып қарасақ, онда
олапрдың барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп ӛмір дің әр түрлі
салаларындағы
демократиялық
тетіктерді
нығайту
мен
полиэтникалылықтың
сақталуының және ұдайы ӛндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп
отырудың шешіп отырудың қиын жолдарынан ӛткендігін байқаймыз.
Дүниежүзінің тарихи тәжірибесінің кӛрсетіп отырғандай, ұлт саясатының қандай
кезеңде, қандай жағдайда болмасын мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды
проблеманың және болып қала бермек. Сондықтан елімізде іске асырылып отырған ұлт
саясаты ұлттық ӛмірде бейіт жолмен реттеудің және дамытудың маңызды фокторы болып
табылады. Бұл бағыттағы Қазақстанның тәжірибесі, атқарып жатқан іс-шаралары әлемнің
кӛптеген елдерінде болып ӛткен конференцияларда халықаралық сарапшыла тарапынан
жоғары бағалауға ие болып отыр[19].
Жалпы алғанда, біздің елеміздегі ұлт саясаты тӛмендегідей принциптерге сүйенеді:
адам құқықтары мен ұлт құқықтарының мен ұлт құқықтарының парасаты түрде үйлесім
табуы; ұлттар, ұлыстар мен халықтар арасындағы ізгілік, ұлтаралық келісім мен
ынтымастық қатынастары, ӛзара кӛмек пен бірін-бірі қолдау; қоғамның тұрақтылығы мен
тұтастығы; ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлестірілуі;
конструтивті ұлттық-ерекшелікті мүдделердің жүзеге асырылуы; елдегі барлық ұлттар
мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуының теңдігі мен
теңестіріуі.
Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр
олардың
ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады. Біздің еліміздің
жүргізіп отырға ұлт саясаты ӛзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және
келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді.
Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам
ӛміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған
факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Ӛркениетті экономика, ӛркенді саяси-
рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі –
ұлттық ынтымастық пен бірлік [20].
Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және
әлеуметтік құрылыс қазақ халӛымен бірге барлық қазақстандық халықты ӛркениетті
ӛмірге әкелетіндігі сӛзсіз. Халықтар Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА)
— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы»
Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында
1995 ж. наурыздың 1 құрылған.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ашурков В.Н., Кацюба Д., Матюшкин Г.Н. Историческое креведение. М., 2009
2. Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. А., 2000.
3. Юньев И.С. Краеведение и туризм. М.,2004.
4. Внекласная работа по истории краеведения. М., 2005.
5. Матюшкин Г.Н. Археология в школе. М., 2004.
6. Кацюба Д.Б. Краеведение в воспитании учащи хся. М., 2005.