Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет68/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99

140 
 
Аннотация 
Мақалада ТарМПИ-ның мектепке дейінгі мекемелердің болашақ педагогтарын жаңартылған 
бағдарлама  бойынша  даярлаудың  тәжірибесі  келтірілген.  Дуалды  оқу  жүйесінің  ерекшеліктері, 
мақсат-міндеттері  айқындалған.  Сонымен  қатар  студенттердің  кәсиби  деңгейін  кӛтеруге 
бағытталған оқу үдерісінде болашақ маман даярлаудың жолдары қарастырылған 
Аннотация 
В  статье  представлен  опыт  работы  ТарГПИ  по  подготовке  педагогов  дошкольного 
образования  по  обновленной  программе.  Рассмотрены  особенности,  цели,  задачи  дуальной 
системы  обучения  студентов,  рассмотрены  условия,  способствующие  повышению  уровня 
профессиональной подготовки будущих воспитателей детских дошкольных учреждений. 
Annotation 
The article presents the experience of TarSPI on preparing teachers of pre-school education  in the 
updated program. The features, objectives, targets students of the dual education system, conditions for 
contributing to raising the level of professional training of future teachers of kindergartens. 
 
 


141 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА 
 
ӘОЖ 681.142.37 
 
КЛАСТЕРЛІК ЖҤЙЕЛЕРДЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Дҥйсембиев Е.Е., Казакбаев С.З., Алтаев Н.С., Ергебек Д. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Соңғы  жылдары  параллель  есептеулерге  негізделген  жоғары  ӛнімді  компьютерлер 
жасанды интеллект жүйесін жасауда, жаңа технология  құрастыруда, космос, астрофизика, 
аэрогазодинамика, мұнай-газ, экология, медицина, экономика, социология, криптография, 
сейсмология,  криминалистика  және  де  кӛптеген  басқа  күрделі  ӛндірістік,  әлеуметтік 
мәселелерді  шешуде  кеңінен  қолданыс  табуда.  Ғалымдар  о  бастан-ақ  уақытты  неғұрлым 
үнемдейтін және сапалы ӛнімдер даярлайтын техникаларды  шығаруды мақсат етіп келеді. 
Себебі,  жоғары  ӛнімді  техникалардың  қолданыста  болуы  қай  салада  болса  да  жұмысты 
жеңілдетеді,  әрі  сапалы  ӛнімдер  даярлауда  минималды  шығын  шығарып,  максималды 
нәтижеге қол жеткізеді.  
Қазіргі  таңда  қоғамда  болып  жатқан  ӛзгерістер  білім  беру  саласының  дамуына  да 
ықпал  етуде.  Сондай-ақ  ақпараттық  қоғамда  және  ӛндірістің  дамуының  негізгі  құралы 
болып  ақпараттық  ресурстардың  қажеттілігі  кӛрінеді.  Сондықтан  білім  беру  әлемі  де 
ӛзінің дамуы үшін жаңа  қадамдар жасауда. Қазіргі таңда  ғылым мен білімнің  дамуы әр 
мемлекеттің  мәдениеті  мен  экономикасына  ықпал  ететіні  сӛзсіз.  Соңғы  толқындағы 
алдыңғы  қатарлы  суперкомпьютерлердің  қуаттылығы  ӛте  жоғары,  олардың  секундына 
бірнеше  квадриллион  операция  жасай  алатын  мүмкіндіктері  бар.  Қазақстан  енді-енді 
қадам  басқан  ақпараттық  технологиялардың  биік  белестерінің  бірі  –  осы 
суперкомпьютерлер. 
 
Соңғы  жылдары  жоғары  ӛнімді  техниканы  жасауды  дамыту  келесі  бағыттарда 
жүргізілуде: 
- векторлы-конвейерлі компьютерлер; 
- таратылған жадылы массивті-параллель компьютерлер; 
- ортақ жадылы параллель компьютерлер; 
- кластерлі архитектуралы компьютерлер.  
Кластерлі архитектуралы компьютерлерге жеке тоқталайық.  
Алғашқы  жобалардың  бірі,  параллель  жүйелердің  тұтас  бір  класына  атау  берген  - 
Beowulf  кластері  болды.  Ол  NASA  Goddard  Space  Flight  Center  (GSFC)  орталығында 
дүниеге  келді.  Beowulf  жобасы  1994  жылдың  жазында  басталып,  кӛп  ұзамай  Intel 
486DX4/100  МГц  процессорларының  базасында  16-процессорлы  кластер  құрастырылды. 
Оның әрбір торабына (түйінде) кәдімгі  Ethernet желісі үшін 16 Мбайт жедел жады және 3 
желілік  картадан орнатылған. Бұндай  конфигурациялармен жұмыс  істеу үшін  қолжетімді 
желілік карталар арасында тарифтерді бӛлетін арнайы драйверлер құрастырылды.  
Кейінірек GSFС орталығында theHIVE – Highly-parallel Integrated Virtual Environment 
кластері  құрастырылды.  Бұл  кластер  332  процессорды  және  екі  бӛлінген  хост-
компьютерді  біріктірген  тӛрт  ішкі  кластерлерден  (подкластер)  Е,  В,  G  және  DL  тұрады, 
және кластердің барлық тораптары Red Hat Linux басқаруымен жұмыс істейді.  
1998ж  Лос-Аламос  ұлттық  зертханасында  астрофизик  М.Уорен  және  теориялық 
астрофизика  бӛлімінің  бір  топ  ғалымдары  Alpha  21164A    процессорлары  базасында 
тактілік  жиілігі  533  МГц  Avalon  Linux-кластерін  құрды.  Алғашқыда  Avalon  68 
процессордан тұрды, одан кейін процессорлар саны 140 дейін кӛбейтілді. Әр түйінде 256 


142 
 
Мбайт  жедел  (оперативті)  жады,  3  Гбайт  қаты  диск  және  Fast  Ethernet  желілік  адаптер 
орнатылды.  Avalon  жобасының  жалпы  құны  313  мың  долларды  құрады.  LINPACK 
тестінде  кӛреткен  ӛнімділігі  –  47,7  Гфлопс,  Тор500  тізімінің  12-ші  редакциясында  оған 
114  орынды  иеленуге  мүмкіндік  берді.  Осы,  яғни  1998  жылы  жоғарыӛнімді  есептеулер 
облысы 
бойынша 
ӛткен 
Supercоmputing‘98 
конференциясында 
Avalon 
–ды 
құрастырушылар  «Avalon»  деген  тақырыпта  доклад  ұсынды,  және  ол  «ең  үздік 
баға/ӛнімділік арақатынасы» номинациясы бойынша бірінші премияны иеленді.   
2000  ж.  Корнельский  университетінде  биомедициналық  зерттеулер  жүргізу  үшін 
Velocity+  кластері  орнатылды.  Ол  әрқайсысы  тӛрт  Intel  Pentium  III  процессорынан 
тұратын 64 тораптан құралды. Тораптар Windows 2000 операциялық жүйесі басқаруымен 
жұмыс істейді және cLAN желісімен біріктірілген.  
Lots of  Boxes on Shelfes жобасы  АҚШ-ң ұлтық денсаулық институтында 1997 жылы 
іске  асырылды.  Онда  коммуникациялық  орта  ретінде  Gigabit  Ethernet  технологиясы 
қолданылады. Алғашында бұл кластер екі Pentium Pro/200 МГц процессорлы, 47 тораптан, 
128  Мбайт  жедел  жадысынан  және  әр  торапта  1,2  Гбайт  дискіден  тұрды.  1998  жылы 
жобаның  келесі  этапы  –  LoBoS2  іске  асырылды.  Онда  тораптар  кластерге  біріктірілуі 
сақталған дәстүрлі столға  қойылатын компьютерлерге ӛзгертілді. Қазір  LoBoS2 әрбірі екі 
Pentium  II/450  МГц  процессордан,  256  Мбайт  жедел  және  9  Гбайт  дискілік  жадыдан 
құралған  100  есептеу  торабынан  тұрады.  Кластерге,  жалпы  кӛлемі  1,2  Тбайт  RAID-
массивімен 4 басқарушы компьютер қосымша қосылған.  
2000  жылы  құрастырылған  KLAT2  (Kentucky  Linux  Athlon  Testbed  2)  кластері 
әрбірінде  AMD  Athlon/700  МГц  процессоры,  және  128  Мбайт  жедел  жадысы  бар  64 
дискісіз  тораптардан  тұрады.  Бағдарламалық 
қамтама, 
компиляторлар  және 
математикалық 
кітапханалары 
(SCALAPACK6 
BLACS 
және 
ATLAS) 
AMD 
процессорларының  3D-Now!  технологиясын  тиімді  пайдалану  үшін  түзетіліп  істеп 
бітірілген. Бұл жұмыс жүйенің ӛнімділігін айтарлықтай арттыруға мұмкіндік берді. Әрбір 
торапта  тӛрт  желілік  адаптар  Fast  Ethernet  орнатылған,  ал  тораптар  тоғыз  32-порттық 
коммутаторлар  кӛмегімен  жалғастырылған.  Сонымен  қатар  кез-келген  екі  торап  үшін 
коммутаторлардың  бірі  арқылы  әрқашанда  тікелей  жалғасу  бар,  бірақ  мүнда  барлық 
тораптарды  бірыңғай  (дара)  коммутатор  арқылы  жалғастырудың  қажеттілігі  жоқ.  AMD 
архитектурасына 
және 
FNN 
топологиясына 
бағдарламалық 
қамтаманы 
тиімділеу(оптимизациялау)  арқасында  LINPACK  тестінде  баға/ӛнімділік  қатынасының 
рекордты кӛрсеткішін алуға қол жеткізілді – 650 доллар/1 гфлопс. 
Кластерді  бӛлімдерге(разделы)  бӛлу  идеясы  Аргондық  Ұлттық  зертханада 
дайындалған  Chiba  City  жобасында  жүзеге  асырылды.  Мұнда  басты  бӛлім  256  есептеу 
тораптарын  қамтиды,  олардың  әрбірінде  екі  Pentium  III/500  МГц  процессор,  512  Мбайт 
жедел және кӛлемі 9 Гбайт жергілікті жады орнатылған. Жүйеге есептеу бӛлімінен басқа: 
шолу  (визуализация)  бӛлімі  (Мatrox  Millenium  G400  графикалық  карталарымен  32  IBM 
Intellistation,  512  Мбайт  жедел  жады  және  300  Гбайт  диск),  деректерді  сақтау  бӛлімі 
(Xeon/500  процесорларымен  және  300  Гбайт  дискімен  8  сервер  IBM  Netfinity  7000)  және 
басқарушы  бӛлім  (12  компьютер  IBM  Netfinity  500).  Олардың  бәрі  параллель 
қолданбаларға  (приложениелерге
)
  қолдау  кӛрсету  үшін  пайдаланылатын  Myrinet 
желісімен біріктірілген. Басқарушы және  қызметтік мақсаттар үшін  Gigabit Ethernet және 
Fast  Ethernet  желілері  пайдаланылады.  Барлық  бӛлімдер  32  компьютерден  тұратын 
«қалаларға»  (towns)  бӛлінеді.  Олардың  әрқайсысының  ӛзінің  «мэрі»  бар,  ол  ӛзінің 
«қаласына»  жергілікті  қызмет  атқарады  және  қызметтік  желіге  жүктемені  азайтып, 
жергілікті ресурстарға жылдам қатынасты қамтамасыз етеді.  
Россияның бас қаласы Москваның Ведомостаралық суперкомпьютерлік орталығында 
орнатылған  МВС-1000М  суперкомпьютерін  де  кластер  қатарына  жатқызуға  болады. 
Компьютер  әрқайсысы  64  екіпроцессорлық  модульдерді  қамтитын  алты  базалық 
блоктардан  тұрады  (Сурет  1).  Әрбір  модульдің  құрамына  екі  процессор  Alpha  21264/667 
МГц  (екінші  деңгейлі  кэш-жады  4  Мбайт),  модуль  процессорларымен  бӛлінген  2  Гбайт 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау