85
қалатын қара құдырет болмаса керек еді. Бірақ күннің ӛзін де кейде шала бұлт кӛлегейлеп
қалады. Демек, сол шала бұлтты ысырып тастауға тырысу керек, оны қалай біліп, қалай
ысырарсың‖ (Ш.М.,Рысқұл,424).
Бұл Тұрардың ойы. Мәтінде декрет сӛзі ұш рет қайталанған. Декрет сӛзінің
әрқайсысы ӛзіндік мәнге ие болып тұр. Олардың айтылу мәнері де, интонациясы да бірдей
емес. Екінші сӛйлемдегі декрет бойынша дегенде зілді кескін бар. Ӛйткені декретте
жазылғанның бәрі іске асып отырмағанын Тұрар күнделікті ӛз басынан ӛткізіп отырған
еді.
Романдағы ойталқылардың мәні соншалықты терең, философиялық мазмұнға толы.
Автордың баяндап отырған ойталқылары заманның кейпін, халықтың жағдайын айтуда
үлкен маңызға ие болған. Мысалы:
―Түркістанда премьер-министр болғалы жұмыс жаман емес. Ісі ілгері басып тұр.
Басмашылардың басы шабылып, тобы ыдырай бастады. Халық жақсылық дәмін
татқандай, Кеңес ӛкіметіне іш тартып, жұмыла жұмыс істеп жатыр. Ашынған қарын
тойынып, ашылған етек жабыла бастады. Тӛтеннен бір лаң шықпаса, заман осылай ӛз
ырғағымен оза берсе, адам баласы ықылымнан аңсаған ақжарылқап күн туып, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалайтын шығар. Иә, кесірінен сақтасын.
Кесірінен сақтасын. Артта талай-талай арпалыс жылдар қалды. Жақсылыққа, жан
жадырар жаймашуақ заманға жетсек екен деп, ӛлермен үмітпен алға мойын созып,
қасарысып келе жатқаны қашан. Бейнеттің зейнеті бар демеуші ме еді. Енді келер сол
зейнет. Заманның шырайы жақсарып келеді. Тӛтеннен соқпаса…‖ (Ш.М., Қыл кӛпір, 373)
Осындай ойталқыларда автор романдағы болған оқиғаларға түйін, қорытынды айтып
отырады. Әрі болашаққа болар істің де шетін шығарып қояды. Айталық, қазіргі жақсарған
жағдайда шүкіршілік айта отырып, бейнеттің зейнеті бар демеуші ме еді. Енді келер сол
зейнет. Заманның шырайы жақсарып келеді. Тӛтеннен соқпаса… деп жазады. Ия, кейін
дауыл бір жағынан тӛтеннен соқты. Демек, автор болар іс туралы оқушысын бір ауыз
сӛзбен-ақ дайындап қояды.
Б.Шалабай ойталқыны әңгімелеуге кӛмекші ғана баяндау формасы деп түсіндіреді.
Ойталқы тұтас шығарманың барлық келбетін айқындамайды, тек эпизодтық қана сипатта
болады. Эпизодтық сипатта болса да, ойталқы негізгі ойдың барысын жүйелеп отырады.
Әдетте, кӛркем шығарма тілі – сӛз шеберлігінің елегінен ӛткен талғампаз
таланттардың тілі ретінде бағаланады. Профессор М.Серғалиев ӛзінің ―Сӛз сарасы‖ деп
аталатын зерттеу еңбегінде былай деп жазады: ―Әдеби тілді бағындыратын ең негізгі
фактор – кӛркем шығарма тілі‖ [5, 134]. Яғни кӛркем шығарма тілі қазақ әдеби тілін
нормаға түсіріп, оны байытып отырады. Кӛркем шығарманың негізі баяндау арқылы
беріледі десек, баяндау үлгілері әдеби нормаға тән сипатта болуы керек.
Ш.Мұртазаның ―Қызыл Жебесіндегі‖ ойталқыда, суреттеуде, әңгімелеуде әдеби
нормаға сай келмейтін сӛйлемдер немесе сӛз тіркестері мүлде кездеспейді. Автор ӛз
баяндауына ӛте салмақпен, жауапкершілікпен қарайды. Бұл арқылы біз жазушының
халықтың тіл мәдениетін дамытудағы рӛлін атап кӛрсетеміз.
Ойталқы Шерхан Мұртаза романында ерекше кӛзге түседі. Әсіресе үшінші және
тӛртінші кітаптарында ойталқы терең оймен ӛрнектелген. Айталық, Сталиннің алдына
кіргелі тұрған Рысқұлдың ішкі ойы былайша жазылған ойталқымен беріледі: Мұндайда
досқа да, қасқа да сыр бермеу керек. Мұндайда бүкіл тұлғаң тұрмақ, саусағыңның дірілі
де кӛзге түседі. ―Атасына нәлет! Қорықпа, Рысқұлов. Құдай берген жанды құдай ӛзі
алады. Осы жарық дүниеге келгеніңнің ӛзі ӛлшеусіз олжа. Келмей қалсаң қайтер едің?
Қазақтың ӛлшеусіз кең ӛлкесінің бір пұшпағында туып, зорлықпен, жетімдікпен,
аштықпен бір жерде қылжиып қалмай, адам болып, атқа қонып, ӛзіңнің емес, еліңнің
жоғын жоқтап, әрлі-берлі дүниеде ӛткен патшалардың ішіндегі ең қаһарлысының қарсы
алдында қасқайып тұрып сӛз сӛйлегеніңнің ӛзі мың бақыт емес пе? Және қарсы сӛйлеу…
Екінің бірінің қолынан келіп жатқан жоқ. Бұған да тәуба,тәуба…‖ (Ш.М.,Қыл кӛпір,388).
86
Бұл ойталқыдан автордың кӛзқарасы, ұстаған жолы айқын кӛрінеді. Нағыз жазушы-
суреткер ретінде автор сӛз қолданыстарына аса салмақпен, пайыммен қарайды.
Зорлықтан, жетімдіктен, аштықтан деген сӛйлемнің бірыңғай мүшелерін келтіру арқылы
ойын тереңдете түсіп, оқушысының кӛңілін аударуды кӛздейді. Мұндайда лексикалық
бірлігін қайталау арқылы эмоциялық күш береді.
Автор риторикалық сұрақ арқылы да кӛп мағына туғызған. Сұраулы сӛйлемнің
мағына білдірудегі маңызы мен рӛлі туралы М.Серғалиев ӛзінің ―Синтаксис және
стилистика‖ атты зерттеуінде былай деп жазады: ―Бір қызығы – сұраулы сӛйлемдегі сұрақ
ешқашан субъектінің құрамында болмайды, үнемі не предикаттың ішінде не
байланыстырушының ыңғайында келіп отырадың [6, 52]. Сұрақты предикаттың ішінен
іздеген дұрыс. Ӛйткені сұраққа берілетін жауап сұрақ-жауап, хабар түрінде келетінін
автор тәптіштеп баяндайды. Біз келтірген мысалда да сұрау мағынасы предикаттың
құрамында тұр.
Ш.Мұртаза романының тілінде қазақ тілінің сӛздік қоры мен құрамындағы сӛздер
шебер қолданылады. Сондай-ақ романда келтіретін ойталқыларында жаңа сӛз ӛрнектері
де мол кездеседі.
Ш.Мұртазаның романындағы эпитеттер мен метафоралар контекстегі эстетикалық
мағыналық қырларымен дараланады. Эпитетті тіркестерді жазушы кейіпкер портретін
даралауда, табиғат құбылысын бейнелеуде жақсы пайдаланғаны туралы жоғарыда
мысалдармен дәлелдедік. Шерхан қолданған айқындауыштар Кӛркемдікке қойылған
талаптарды – дәлдік, айқындық, қарапайымдылық, табиғилықты атқарып тұр. Әсіресе
авторлық дара мінез тілдің қарапайымдылығынан, халықтығынан айқын танылады.
Суреткер ұшқыр қиялының жетегімен небір суретті сӛздерді, ішкі мазмұны мен
сыртқы сұлулығы үйлескен бейнелегіш құралдарды жарқырата дүниеге әкелген. Бейнелеу
құралдарының бір тәсілі – метафораны суреткер бейне, характер жасау, қаһарманның
кӛңіл-күйінің ӛте нәзік жақтарын суреттеп кӛрсетуде шебер қолданған.
Қазақ тіл білімінде әдеби тілде қолданатын метафора аз зерттелген жоқ. Б.Хасанов:
―Метафора – екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде сӛздің ауыс мағынада
қолданылуы‖ - дейді. Метафора суреткер бейнесінің айнасы сияқты. Осыған орай
Г.Г.Кулиев ―Ақынның ӛзіндік бейнесін оның шығармашылық тәсілдеріне қарап,
образдары, қолданған метафоралары арқылы байқауға боладың деп айтқан. Ш.Мұртаза
ӛзіндік шеберлігімен, ұшқыр қиялымен сӛз мүмкіндігінің шексіздіген танытып, сӛз
жеткізіп айтып бере алмайтын ӛмір құбылысының жоқ екеніне кӛзімізді жеткізеді.
Автор туындысындағы дәстүрлі метафоралармен бірге ӛзіндік қолтаңбасын
айқындайтын алмастыруларды да жиі ұшырастырамыз. Мысалы: жан-жүйеңнен толқыған
сел, улы ми, жыннан жаралған жүйрік, кеуек кеуде, мәңгілік қарғыс таңбасы, ашулы
арланның кӛзіндей ызғарлы, бейкүнә аспан, мейірбан сәуле т.б.
Сӛз зергері осындай барлық сӛз таптарынан жасалған метафораларды екі түрлі
тәсілмен қолданған. Оның бірі, балап отырған затты баланып отырған затқа сырттай
болсын, іштей болсын ұқсастығын сақтап бейнелеген. Сонымен қатар сырттай ұқсастықты
сақтамай, логикалық-мағыналық ұқсастығы бар денотаттар мен сигнификаттарды не
құбылысты бір-біріне телу арқылы кӛркемдеген.
Ол кӛркемдеу құралының халық тілінде қалыптасқан құрылысын, жасалу жолын
сақтай отырып, оларды заман тынысын, ӛзінің сезім-күйін білдіру мақсатында толық
үйлестіріп, терең мағына беріп қолдана білген.
Мысалы, мынадай ойталқыға назар салып кӛрелік: ―Ал жан ше? Жанның жӛні бір
басқа. Оның жұмбағы кӛп. Жұмбақты шешкен ешкім жоқ. О дүние деген бар дейді. Шын
дүние сол деседі. Рысқұловтың мына кәзір бастан кешіп жатқандарының бәрі жалған
дүние кӛрінеді. Шын дүние әділетті сияқты. Бәле-жала, қиянат, қаралық, арамдық
атаулыға жол жоқ, қарауыл күшті кӛрінеді. Сонымен шын дүние жақсы сияқты. Бірақ
соны барып ӛз кӛзімен кӛріп қайтып келген ешкім жоқ. Бар трагедия сонда‖
(Ш.М.,Тамұқ,668).
Достарыңызбен бөлісу: |