Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет39/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99

81 
 
қашықтықтан  оқыту  мәселелерін  шешуде  Қазақстанда  С.С.Құнанбаева,  Б.Б.Баймұханов, 
Е.У.Медеуов, 
Д.М.Жүсібалиева, 
С.С.Үсенов, 
Г.Б.Ахметова, 
А.И.Тәжіғұлова, 
Ж.М.Тусубаева  және  т.б.  ғалымдар  елеулі  үлес  қосқан.  Сонымен  қатар,  келесі  шетел 
ғалымдарының  С.Г.  Григорьев,  В.П.Демкин,  С.А.Жданов,  А.Ю.Кравцова,  Г.А.  Краснова, 
В.В.  Лукин,  Е.С.Полат,  И.В.  Роберт,  И.Н.Скопин,  О.Г.Смолянинова,  А.Н.Тихонов, 
И.И.Трубина, С.А.Щенников және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап ӛтуге болады.  
Қашықтықтан  оқыту  технологиялары  бойынша  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі 
ережелерінде қашықтықтан оқыту технологиясы ретінде «білім алушы мен педагогикалық 
қызметкердің  жанама  (қашықтықтан)  немесе  толық  емес  жанама  әрекеттесу  кезінде 
ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдар  кӛмегімен  іске  асылылатын  оқыту 
технологиясы»  делінеді  [5:6].  Ал  А.Н.Щукин  ӛз  еңбегінде  бұл  жайында:  «Қашықтықтан 
оқыту  бұл  оқушылардың  оқу  курстарын  әртүрлі  оқу  бейіні  арқылы  ӛтулерін,  ба қылау 
жұмысын орындауды, күндізгі (сырттай) оқу нәтижесін бағалауды қарастырады»,− деп ой 
түйеді  [6:92].  Бұған  қоса  қашықтықтан  оқыту  әдісі  жӛнінде  Жүсіпалиева  Д.  М: 
«Қашықтықтан оқыту –  бұл әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді тиімді  шешуші  құрал, 
яғни  ол  демократизациялық,  гуманизациялық,  индивидуализациялық  оқыту  процесінде 
мәдени  ақпараттың  дамуы  мен  сапалы  білімді  жоғарлатуына  әсерін  тигізетін  оқыту 
формасы», − деп анықтама береді [7:8].  
Қашықтықтан  оқыту  технологиясының  маңыздылығы  мен  оның  білім  саласында 
пайдаланудағы  пайдасы  жӛніне  келсек,  АҚШ-та  1  миллионнан  астам  адам  қашықтықтан 
оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын 
әлемнің  120  мемлекетінен  35  мыңнан  астам  қолданушыларды  қамтамасыз  етеді.  Ал 
Түркияда  алыс  аймақтағы  тұрғындарға  мамандық  алуға  кӛмектесу  мақсатында  1974 
жылдан ашық  университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы 
курстар ӛткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді. 
Қазір  дәстүрлі  қашықтықтан  оқыту,  электронды  қашықтықтан  оқыту,  аудиториялық 
сабаққа  түрлі  электронды  құралдарды  пайдалану  сияқты  қашықтықтан  оқыту  үлгісінің 
2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі 
және  телевидение  сынды  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарының 
кӛмегімен  қашықтықтан  оқыту  түрі  таңдалған-ды.  Қашықтан  оқытудың  ерекшеліктері 
классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: 
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, кӛлемі және қимылы бойынша); 
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 
- Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; 
-  Экономикалық  (оқу  алаңы,  транспорты,  техникалық  құралдардың  шығынын 
қысқарту есебінен); 
- Жаңа технологияларды қолдану; 
- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен 
денсаулық жағдайына қарамастан); 
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі; 
- Материалдарды кӛбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;  
- Оқып үйренушілердің ӛз-ӛзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.  
Бүгінгі  таңда  шетелдік  компаниялар  ӛздерінің  электронды  оқыту  платформаларын 
ұсынып  және  оларды  отандық  оқу  орындарына  сатып  та  үлгергендері  бар.  Мәселен, 
қазіргі таңда Алматы техникалық  университеті Tamos  University Suite деген қазақстандық 
ӛнімді  пайдаланса,  Қ.Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университеті  –  Сlіх, 
Германиялық  ІМС  фирмасының  жасап  шығарған  ӛнімін  ендіруде.  Сондай-ақ  Platonus 
Прометей  сынды  Ресейдің  қашықтықтан  оқытуға  арналған  оқу  бағдарламасын  қолданып 
жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Алайда бұл деректер еліміздегі  қашықтықтан 
оқыту  технологиясының  әлемдік  деңгейге  жеткендігінің  дәлелі  бола  алмайды  және  тағы 
бір ескере  кететін жайт, осы саланы зерттеп жүрген ғалымдардың кӛпшілігінің еңбектері 


82 
 
техникалық бағытта жазылған. Осылайша тілдік жоғарғы оқу орындарының студенттерін 
қашықтықтан  оқыту  негізінде  мәдениетаралық  қатысымдық  біліктілігін  қалыптастыру 
шешімін табуға тиіс сұрақтардың бірі болып табылады. 
   Жүргізілген  теориялар  мен  сұрақтар  талдауы  қашықтықтан  оқыту  негізінде 
мәдениетаралық  қатысымдық  біліктілікті  қалыптастыру  мәселесінің  болашағы  зор 
әлеуетті  кӛрсетті.  Себебі  зерттеудің  жетекші  идеясы  –  студенттерге  қашықтықтан 
оқытуды  кәсіби  іс-әрекеттерде  пайдалануға  даярлау,  мәдениетаралық  қатысымдық 
біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда септігін тигізетіні жӛнінде 
еді.  Ал  бұл  жетекші  идеяларын  іс  жүзінде  дәлелдеу  үшін  мына  міндеттерді  шешуге 
тиістіміз: 
- қашықтықтан оқыту мен мәдениетаралық біліктіліктің алатын орнын саралау; 
-  қашықтықтан  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  және  педагогикалық 
технологиялардың  даму  тарихына  сай  студенттердің  кәсіби  құзырлылықтарын 
қалыптастыру үлгісін құрастырып дайындау;  
-  студенттердің  кәсіби  құзырлылықтарын  қалыптастыру  үлгісі  бойынша  арнайы 
әдістер жасау; 
-  тәжірибелік  эксперимент  жүзінде  зерттеудің  мақсатының  жүзеге  асқандығын 
тексеру. 
Осы  жұмысқа  кірісіп,  талдау  үстінде  кездестірген  ӛзектілікті  білдіретін  негізгі 
жағдайларды айтып ӛтуге болады:  
1) жаһандық бірігу процесінің әсері;  
2)  мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындары  студенттеріне  деген  шетел  тілі  бойынша 
талаптың күшеюі;  
3)  мектеп  пен  жоғарғы  оқу  орындары  студенттерінің  шетел  тілі  бойынша 
білімдерінің жеткіліксіздігі;  
4) шешілуге тиісті  т.б. сұрақтар.  
Сӛзіміздің  соңында  келтірілген  деректер  тілдік  жоғарғы  оқу  орындарында 
қашықтықтан  оқыту  негізінде  мәдениетаралық  қатысымдық  біліктілікті  қалыптастыруға 
болатындығының  жарқын  кӛрінісі  деуге  болады.  Ол  үшін  дәстүрлі  түрдегі  білім  беруді, 
әсіресе  шеттілдік білім беруге әлеуметтік-қатысым сипатын бере отырып мәдениетаралық 
қатысымдық 
құзыреттіліктерді 
(лингвомәдени, 
қатысымдық 
когнитивтік, 
тұжырымдамалық)  пайдалануға  және  шет  ел  тілі  мен  мәдениетін  меңгеруді  үздіксіз, 
икемді,  сапалы  қылуымыз  керек.  Тек  осылайша  ғана  еліміздегі  тілдік  білім  беру  жүйесі 
қоғамдық  талапқа  сай  жаңа  заманның  азаматтарын  дайындап,  мәдениетаралық 
қатысымдық біліктілікті қалыптастыра алады. 
    
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты. 
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 28 Қаңтар, 2012 жыл 
2.  Кунанбаева  С.  С.  Теория  и  практика  современного  иноязычного  образования.  – 
Алматы, Эдельвейс, 2010 
3.  Чакликова.  А.Т  Научно-теоретические  основы  формирования  межкультурно-
коммуникативной  компетенции  в  условиях  информатизации  иноязычного  образования. 
Автореферат 
4.  Р.А.  Готлиб.  Общественное  языковое  образование  в  современных  условиях  при 
помощи дистанционных технологий: социально-управленческий аспект//  Дистанционное 
и виртуальное обучение. 2010. № 10 
5.  Қашықтықтан  оқыту  технологиялары  бойынша  оқытуды  ұйымдастыр.  Негізгі 
ережелер. Астана 2009 жыл 
6.  Щукин  А.  Н.  Обучение  иностранным  языкам:  теория  и  практика.  –  Москва, 
Филоматис, 2004 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау