34
таңдаулы патриоттық қасиеттерін, батырлық жасауга ӛзінің әзірлігін іс жүзінде ашу қажет
болған жағдайларда пайда болады. Демек, адамның ерлігі оның патриотизмінен туады,
сондықтан ерлік патриотизмнің жоғарғы сатысы болып табылады. Егер адам бойында
патриоттық сезімдер болмаса, ерлік қылық та болуы мүмкін емес.
Ғылыми әдебиеттерде «ерлік» ұғымы мен «батырлық» ұғымы қатар жүреді, олар сан
қырынан қарастырылады: «Батырлық
– айбындылық, даңқты ерлік, жанкештілік»;
«Батырлық
– ерлік, батылдық, ӛжеттілік, асқан ержүректік»; «Ерлік
– даңқтылық,
батырлық,
жан аямас батылдық, айбындылық».
Бұл арада «батыр» сӛзі түрліше мағынада кӛрініс бергенімен, оның негізінде
ержүректік, айбындылық, батылдық, табандылық қасиеттері орын алады. Тіл мен
әдебиетте бұл сӛздер адамның немесе адамдар тобының жауынгерлік әрекеттер немесе
басқа маңызды тапсырмалар орындаған кездегі ең маңызды істерін атап кӛрсету қажет
болған жағдайда қолданылады. Бір сӛзбен айтқанда, «батыр» сӛзі және осы мағынадан
туындайтын басқа да сӛздер (батырлық, ерлік, ержұректік және т.б.) «жанқиярлық»,
«батылдық», «айбындылық», «қайтпас қайсарлық», «табандылық», «тӛзімділік»,
«адалдық» секілді патриоттық санаттарымен (категорияларымен) үйлесімде саналы түрде
қолданылады. Сонымен, патриотизм мен ерлік бір-бірімен жымдаса ӛріле отырып, ерлік-
патриоттық сана мен ерлік іс-әрекеттің қорытындысы болып табылатын жеке адамның
күрделі біртұтас қасиеті ретінде кӛрініс алады.
Қазақ халқы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылған жұмыс формалары
арқылы жеткіншектер
мен жастарды патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеген:
1. Дәстүрлі еңбек түрлеріне араластыру (қолӛнер еңбегі, ағаш ұқсату, металл ӛңдеу,
сүйек, тері ұқсату, киіз басу, кілем тоқу, киім тігу, мал шаруашылығы, егін
шаруашылығы);
2. Айтыскер адамдармен кездестіру (айтыскер ақындармен, әнші- күйшілермен,
зергерлермен, жыршы-жыраулармен, ержүрек батырлармен, ертегішілермен және т.б.);
3. Ұлттық мерекелерге қатыстыру (Наурыз, Құрбан айт, Биебау, Қымыз-мұрындық
және т.б.);
4. Салт-дәстүрлер бойынша ӛткізілетін іс- шараларға қатыстыру;
5. Ұлттық спорт
ойындарына қатыстыру;
6. Аңшылық рәсімдерге қатыстыру (аң аулау, құс ату, тұзақ, қақпан құру, тазы салу
т.б.).
Патриоттық-ерлік тәрбиесін жүзеге асыруда мынадай әдіс-тәсілдер мен амал-
жолдарды пайдаланған: үйрету, кӛрсету, жаттығу, қайырымды, ілтипатты қатынас жасау,
адамгершілік сезімін ояту, ақыл-кеңес беру, моральдық қолдау, үлгі кӛрсету, үлгі ету,
сенім арту, ренжу, наразылық білдіру, айыптау, еркелетіп кінә арту, жалған енжарлық
кӛрсету, қолдау, ескерту, сұрау, сендіру, талап ету, мақтау-мадақтау, тапсырма беру,
қайрау, алғыс айту, азғыру, жарыстыру, жазалау, жанама ықпал жасау, қызықты да
жауапты іс-әрекетке баулу, бұйыру, тұспалдап айту, теріс бата беру т.б.
Осы әдістердің ішінде халық, әсіресе, сенім арту, үлгі ету әдістеріне аса мән берген.
Бұл әдістер арқылы баланың патриотизм, ерлік, ұлтжандылық, отансүйгіштік туралы
түсінігін,
адамгершілік
принциптері
мен
моральдық-этикалық
кӛзқарасьн
қалыптастырған. Адамгершілік, патриоттық кӛзқарастағы мінез-құлыққа қажетті
дағдыларды жетілдіру мақсатында түрлі жаттығуларды пайдаланған. Осы жоғарыда
айтылғанның бәрі қазақ халық педагогикасында патриоттық-ерлік тәрбиенің жүйемен
жүзеге асырылатынын, тәрбиелік мүмкіндіктерінің жоғары екендігін айғақтайды.
Қазан тарихындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының да, Қазан кӛтерілісінің де
халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуына, ұлттық патриотизмнің дамуына әсері мол
болды. Ұлттық патриотизм мен интернационалдық кӛзқарасты Алаш қозғалысына
шығатын қазақ зиялыларының (А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов және т.б.) ой-
пікірлері мен іс-әрекетгері де айғақтайды.
«Кӛзіңді аш, оян, қазақ, кӛтер басты,
35
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті,
дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты!»
– деп басталатын ӛлең шумақтары қазақ халқын егемендік үшін күреске шақырып,
ар-намысын жаниды, патриоттық рухын кӛтереді.
Кейінгі тарихи оқиғалар кезеңінде, әсіресе Ұлы Отан соғысында, қазақ халқының
ӛзін патриотизм мен халықтар достығы жолын қуушы ретінде кӛрсетуі прогресшіл
патриотизм идеяларын меңгеруінің жарқын дәлелі болып табылады. Осы соғыста есімі
аңызға айналған Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы: «Соғыс жылдарында
Отанымыздың, партиямыздың шақыруымен жүз мыңдаған қазақстандықтар ел намысын,
ер намысын қорғап, олар майдан шебінде тірескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін
сындырып айқасты. Оларға бел
тірек болған ер намысы, ел намысы болды» - деп жазды.
Желтоқсанның қақаған аязында ӛз елінің бостандығын аңсап алаңға шыққан
қазақтың қайсар да батыл ұл-қыздары халықтың ұлттық рухын жоғары деңгейге кӛтеріп,
сана-сезімі мен намысын оятты. қазақ жастарының атадан балаға мұра болып келе жатқан
батырлық мінезін, азаттыққа деген ұмтылысын байқатады, отарлау саясатына қарсы
тұрған
елдің қаһарын танытқан қимыл болып саналады.
Халық педагогикасын арқау етіп жауынгерлік дәстүр негізінде оқушыларға білім,
тәрбие беру мүмкіндіктері шексіз. Сол мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалануға
еліміздің бүгінгі ӛмірі жол ашып отыр. Еліміз егемендік алып, тіліміздің мемлекетік
мәртебесіне ие болуы, ұлттық байрағымыздың, елтаңбамыздың, әнұранымыздың дүниеге
келуі халқымыздың еңсесін кӛтеріп тастады, атадан-балаға жалғасып келе жатқан салт-
дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жаңғырды /2/.
Қазіргі кезде республикамыз егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғайтын,
соғысты болдырмаудың алды-ала шараларын кӛздейтін әскери доктрина жасалып,
біршама әскери заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасы қауіпсіздік концепциясы тек
қорғаныс бағытына негізделген. Бүгінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту,
бейбітшілігін сақтау мемлекетіміздің аса маңызды қызметінің бірі болып есептеледі.
Жастардың әскери қабілетін арттыру, Отанын сүюге баулумен қатар, халқымыздың
даңқты әскери және еңбексүйгіштік дәстүрін нығайту білім беру мен тәрбиенің басты
міндетіне айналды.
Ұлттық жауынгерлік дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану
мүмкіндіктерін зерттеуіміз тӛмендегідей қорытынды және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
жасауға мүмкіндік берді:
- Ұлттық жауынгерлік дәстүрлер тарихтың алыс қойнауынан бастау алады.
Халқымыздың жауынгерлік дәстүрлерін, кӛне түркі елінің артына қалдырған ӛшпес
мұрасын,
халқымыздың ерлік тарихын, батырлардың ерлігін бүгінгі күн тұрғысынан қайта
қарап жазғанда М.Полоның, Н.Я.Бичуриннің, Л.Н.Гумилевтың, В.В.Бартольдтің,
В.В.Радловтың, А.Левшиннің, Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері құнды тірек бола
алатыны сӛзсіз. Жас ұрпақты ұлттық жауынгерлік, дәстүр арқылы ерлікке баулу күннің
ӛзекті меселесі екені айқындалып, ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді/62/.
- Қазақ халқыкың кене заманнан бергі рухани азығы,
таусылмас қазынасы, медениеті,
философиясының негізі – ауыз едебиеті фольклорда жатыр. Халықтық жауынгерлік және
ерлік дәстүрлері тасқа ойылып жазылған таңбаларда, батырлар жырлары мен аңыз-
әңгімелерде, ән-күйлерде бейнеленіп қалған. Жаугершілік замандағы жыр-жоқтаулар,
аңыз-әңгімелер үлкен тәрбиелік мәні бар білім мен ӛнегенің қайнар кӛзі. Ақын-жыраулар
шығармаларынан халықтық тәлім-тәрбиелік мұраларды меңгерумен қатар, сол кездегі
ӛмір сүрген ірі тұлғалардың қоғамнан алатын ӛзіндік орындарын айқындауға болады.
Ата-бабаларымыздың дәстүрлі бесік жырлары арқылы бала бойындағы ұлттық ерлік
сезімді оятып тәлім-тәрбиенің алғашқы қадамдарынан бастап, бізге жеткен ақын-
жыраулар шығармалары, нақыл сӛздері, мақал-метелдері, бата-тілектері арқылы