Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет13/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99

28 
 
музыка  тыңдаву  дағдыларын  үйрену  музыканың  сұлулығын,  әсем  сазын  терең  түсініп, 
одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. 
Қазіргі  кезде  жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқулықтарының  тәжірибесіне,  әдет-
ғұрыптарына,  салт-дәстүріне,  рухани  қазынасына,  саяси-әлеуметтік,  экономикалық 
ерекше-ліктеріне  ыңғайланып  жасалуда.  Бұны  біз  ұрпақтарымызға,  қасиеттерімізді 
сіңірудің  қажеттілігінен  туындаған  жағдай  деп  түсінуіміз  керек.  Яғни,  ұрпағымызға 
ұлттық тәрбие беру  қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жӛнінде былай деп ой түйеді:  «Әрбір 
ұлттың  балаға  тәрбие  беру  туралы  ескіден  келе  жатқан  жеке-жеке  жылдары  бар.  Ұлт 
тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  кӛп  қолданылып  келе  жатқан  болғандықтан,  әрбір 
тәрбиеші,  сӛз  жоқ  ұлт  тәрбиесімен  таныс  болуға  тиісті.  Және  әрбір  ұлттың  баласы  ӛз 
ұлтының арасында, ӛз ұлты үшін  қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеленетін баланы 
сол ұлттық тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті». 
Қазақ  мәдениетіндегі  маңызды  салаларының  бірі-музыка.  Музыка-ой  мен  сезім 
бірлігі  арқылы  әлемнің  тұтастай  кӛрінісін  жасайтын  адам  әрекетінің  бір  түрі.  Халық  ӛз 
салты  мен  дәстүрін,  мәдениетін  қазірге  дейін  жеткізе  білген.  Осы  ғасырлар  бойы  жиған -
тергенін  асыл  рухани  қазыныларын,  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіріп,  дүниетанымын 
қалыптастыруда  музыкалық  ӛнер  арқылы  тәрбиелеу  ӛзекті  мәселелрдің  бірі.  Музыканы 
сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінез-
қылықты  қастерлейді.  Қазақтың  әні  мен  күйін  естіп  ӛскен  адамды  биік  мұраттарға 
жетелейді. Оның кӛп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан 
басталуы  тиіс.  Сонау  Эллада  дәуірінде  ақылмен  Аристотель  адамның  жан-жақты  мәдени 
және  рухани  дамуына  ерекше  мән  беріп,  әсіресе,  ӛнер,  соның  ішінде  музыка  адамдарды 
тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған.  
«Біз  қазір  музыка  саласында  ӛзіміздің  халқымыздың  дәстүрінен,  дүниежүзілік 
класси-калық үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз  қажет,-дейді  ғалымдар Ә.Нысанбаев 
пен  Т.Әбжановтар,  -  ӛйткені  музыка  халқымыздың  адамгершілік  пен  парасаттылық 
қасиетке жетудің жолы дейді». Ӛте тура да әділ айтылған пікір. Ендеше осы халқымыздың 
дәстүрінде-гі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін 
жол. Осы бір аса бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де 
айырықша. Сол үшін де ӛнер сүйген қауым тәтті ізгі қасиетті қастерлейді.  
Әл-Фараби  бабамыз  музыканың  адам  психологиясына  әсері  жӛнінде  -  «Музыка 
денені  шынықтыратын  гимнастика  тәріздес,  ол  адамның  жанын  жетілдіреді.  Алдымен 
ләззатқа бӛлейді, одан соң құмарлықты оятады,  қиялға  жетелейді»,  - деп пікір айтқан. Ал 
ұлы  грек  ойшылы  Платон:  «Музыка-адам  жан  дүниесін  еріксіз  еліктіріп,  тұрмыс-
тіршіліктің  қандайда  болсын  мұң-заласын  ұмыттыратын  қасиетті  күш»,-деп,  ой 
түйіндеген.  Халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  кӛлемінде  жинақталып  қалыптасқан  бай 
музыкалық  фольклоры  бар.  Атап  айтар  болсақ:  тарихи  әуендер,  эпикалық  жырлар, 
тұрмыс-салт  жырлары,  лирикалық  әндер  т.б.  Міне,  осы  фольклорымызбен-ақ  ұлттық-
тәрбиемізді,  болмысымызды  қалыптастыратын  тәлім-тәрбие  беріп  отырған  тарихи 
шындық. 
Ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандаған  тәуелсіздікке  қолы  жеткен  еліміздің 
білім,  тәрбие  беру  ісіндегі  басты  мақсат-рухани  жан  дүниесі  биік,  жеке  тұлға 
қалыптастыру.  Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз-ол баланың бойында белгілі бір 
қызығушылықты ояту,  қажетті құндылық  бағдарын, соның ішінде пайдалы  іс-әрекеттерді 
қалыптастыру, дарындылық кӛзін ашу деген сӛз. 
Ұлттық музыкалық тәрбие беруде мектепте әр түрлі үйір мелерді құру арқылы жүзеге 
асады.  Үйірмеге  қатысушы  балалардың  музыкалық  дарынына  қоса  ықыласымен  ынтасы 
болуы  керек. Мектептерде мынадай үйірмелер болуы  шарт:  Хор, оркестр, жеке аспаптар, 
әншілер,  би  үйірмелері,  фольклорлық,  музыка  театры  және  т.б.  Бұлардың  бәрі  қазақтың 
ұлттық  музыкалық  ӛнеріне,  мәдениетіне  деген  қызығушылықты  дамытуды  және  музыка 
сабағында  алған  білімдерін  толықтырып,  оларды  әрі  қарай  ӛнер  биігіне  жетелуді  қажет 
етеді. Жаппай жүргізілетін ұлттық музыкалық тәрбие жұмыстары балалрдың білімділігіне 


29 
 
байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы 
болуы  қажет. Бұл салаға дәріс  концерт,  кӛпшілікпен бірге театрға, музыкалық  киноларға 
бару, музыкалық кешті үйымдастырып жүргізу, карнавал, байқаулар ӛткізу кіреді.   
Ӛткізілетін  тәрбиелік  іс-шаралардың  арнайы  сценарий  құру  онда  мереке  барысында 
болатын  кӛріністер,  тақырыпты  ашатын  фрагменттер  кештің  бір  бӛлігінен  екіншісіне 
ауысуы  оған  қатысушылардың  белсенділігін  арттыру  әдістері,  яғни  байқаулар,  ойындар, 
тосын  сәттер,  мереке  ӛтетін  орынды  безендіру  мен  жабдықтау  рет-ретімен  баяндалуы 
қажет.  Әр  халықтың  эстетикалық  дүние  танымы,  кӛркемдік  мәдениеті  ӛзіне  тән  ӛнер 
туындыларымен  ерекшеленетіні  ӛмір  шындығы.  Ұрпақ  тәрбиесінде,  туған  халқымыздың 
ұлттық ӛнерін, оның нәзік те кӛркем сырын ұғындыру  мектепке дейінгі тәрбиеде баланың 
әсемдікті  түйсіне  білуге  баулу  құралы  екені  сӛзсіз.  Сондықтан,  мектепте  ӛнерге  деген 
қызығушылықты  қалыптастыруда  халық  ӛнері  мен  мәдениетінің  саналуан  түрлері 
жайында қарапайым түсініктер беру кӛзделеді.  
Бүгінгі  оқушы  -  ертеңгі  біздің  болашағымыз  Қазақстанның  келешегі 
жеткіншектерінің  қолында  екені  бәрімізге  мәлім.  Олай  болса,  ХХІ  ғасыр  жас 
жеткіншектердің жан - жақты терең білімді, интелектуалды деңгейі жоғары болуын талап 
етеді. Қазақстан Республикасы-ның «Білім туралы Заңының» 8 - бабында былай делінген. 
«Білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  жағдайлар  жасау,  жеке  адамның  шығарма-
шылық рухани мүмкіндіктерін дамыту; жеке басының дамуы үшін жағдай  жасау арқылы 
ителлектісін байыту». Сондықтан да бүгінгі күні  әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-
жақты  дамыған,  білімді  азамат  етіп  тәрбиелеу-біздің  парызымыз.  Олай  болса  музыка  
саласында    халқымыздың    ӛскеніне  терең  үңіліп,  сол  ӛнер  қазынамызды  оқушыларға 
белгілі  бір  жүйелі  бағатта  теориялық  және  іс  тәжірибеде  қолдана  білсе,  сонда  біз  жас 
жеткін-шектердің рухани байлығын шығармашы-лық бағытта тәрбиелей алуымыз мүмкін.  
Бүгінгі  таңда,  мектепте  жас  ұрпаққа  кӛркемдік  білім  мен  тәрбие    беру  жүйесінде 
кӛркем  әдебиет,  музыка  ӛнері,  бейнелеу  ӛнері,  ұлттық    қолӛнер    сияқты  эстетикалық 
мәнде-гі  пәндер  арқылы  оның  ішінде,  халықтық  дәстүрлі  ӛнерін  игерте  отырып, 
оқушының  бойындағы  әсемдікті  қабылдау,  сезіну,  ӛнер  шығармаларын  әсемдік 
заңдылықтарына  сәйкес  бағалай  білу  қаблеттерін,  кӛркемдік  талғам  деңгейінде  
қалыптастыру  қажеттігі  маңызды  мәселенің  бірі.  Сонымен  бірге,  қазақ  халқымыздың 
кӛркемдік  мәдениетін,  ӛнердегі  салт  -  дәстүрін  зерттеу  мәселесі  де  ұрпақ  тәрбиесі  үшін 
ерекше маңызға ие болып отыр.  
Қазіргі  білім  беру  мазмұнын  байыту  мүмкіндіктерін  кеңірек  пайдалану,  білімге, 
шығармашылықпен  қарау,  жастардың  ӛмірінде  жасамаздық  ахуал  тудыру,  тәрбиенің 
барлық  құралдармен  жастардың  бойында  білім  мен  еңбекке  дұрыс  кӛзқарасты,  
дүниетанымды,  адамгершілік  пен  шынайы  эстетикалық  мәдениетті  қалыптастыруға 
мейлінше  тиімді  ықпал  жасаудың  жолдарын  белгілеу  -  бүгінгі  таңда  кезек  күттірмейтін 
мәселе.    
Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалы-эстетикалық асыл мұраларды домбыра 
мен аңыз қатар ӛрбіді. Халқымыздың аңыз әңгімесінің рухын күй сарыны күшейте түссе, 
күйлердің  сарыны  аңызды  әсерлеп  жеткізуге  ықпал  ете  алады.  Домбыра  бар  жерде  қазақ 
халқының тілі, ӛнері, тарихы бірге жүреді. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні-
ӛмірдегі,  табиғат  пен  ӛнердің  әсемдік-ті  қабылдап,  бағалауға  және  түсінуге  қаблетті 
адамды  пәрменді  түрде  қалыптастырудың  нысаналы  жүйесі.  Қоғам  дамуының  әрбір 
кезеңінде  эстетика  мен  кӛркемӛнер,  әсемдік  пен  тоғышарлық,  трагедиялық  пен 
комедиялық  туралы  ӛз  ұғым-түсініктері  қалыптасып,  олар  жақсылық  пен  жамандық, 
ақиқат  пен  жалғандық,  әділдік  пен  әділетсіздік  туралы  ұғымдармен  біте  қайнасып 
отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы  халықтарының, оның ішінде 
қазақ  халқының  мәдениетінің,  халықтық-музыкалық  шығарма-шылығының  қалыптасу 
және даму тарихына азды-кӛпті тоқтала кеткенді жӛн кӛріп отыр-мыз. 
Қазақтың  ұлттық  музыкасының  тәрбиелік  мәнінің  аса  маңызды  құралы  ӛнер  болып 
табылады.  Ӛнердің  тәрбиедегі  ролі  оның  мәнімен,  оның  ӛзіндік  атқаратын  қызыметімен 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау