51
жазған И.В. Захарованың қолжазба еңбектеріне берген пікірі сақталған. Онда
Н.Сәбитовтың әрбір беттерге, параграфтарға, бӛлімдерге жасаған ескертпелері мен
ұсыныстары кӛрсетілген. Осыған қарап отырып, Н.Сәбитовтың аталған мәселені жетік
білгендігін, этнограф маман ретіндегі дәрежесінің жоғары болғандығының бір кӛрінісін
кӛруге болады. Аталған монографиялық еңбек жарық кӛргенде, Қазақстан
этнографиясына қосылған зор үлес болар еді. Бірақ, ғалым қайтыс болғаннан кейін осы
еңбектің Н.Сәбитов дайындаған тараулары Тарих, археология және этнография
институтының «Еңбектерінде» (1956, 3 т.) «Общественная жизнь и семейный быт казахов-
колхозников» атты үлкен мақала ретінде жарық кӛрген.
Н.Сәбитовтың алдына қойған мақсаттары кӛп еді. Солардың бірі Институттың
жоспарында кӛрсетілген «Социализм дәуірі кезіндегі СССР халықтарының тұрмысы мен
мәдениеті» деген мәселе бойынша зерттеу жүргізу болатын. Тақырыпты орындаушылар –
филология ғылымының кандидаты Н.Сәбитов (жетекші), тарих
ғылымының кандидаттары
И.В. Захарова, Ғ.Уәлиханов тағайындалып, ол 1954 ж. қаңтарынан 1955 ж. қазанына
дейінгі уақытты қамтиды [28].
Тақырыптың негізгі мақсаты социализмнің негізгі экономикалық заңдылықтарының
қызметін кӛрсету, яғни ауыл еңбекшілерінің тұрмысындағы түбірлі қайта құру мен
мәдени жетістіктердің қорытындыларын шығару. Негізгі міндет - жыл бойында (1954 ж.)
мағлұматтар жинап, оларды жүйеге келтіріп, бір этнографиялық экспедиция ұйымдастыру
болатын. Осы тақырып бойынша Н.Сәбитов монографиялық еңбектің қолжазбасын
дайындайды. Ол «Қазақ ауылындағы социалистік ӛзгерістер (этнографиялық очерк)» –
деп аталып, кӛлемі 112 б. құрады (6 б.т.).
1954 ж. 18 қазанында жазған мазмұндамасында Н.Сәбитов қарастырылатын
мәселелерге шолу жасаған. Монография мынадай тараулардан тұрады:
1-ші тарау: «Қоғамдық қатынастардағы түбірлі ӛзгерістер» деп аталды. Онда
қарастырылған мәселелер: кӛне және жаңа ауылдағы қоғамдық қатынастардағы ӛзгерістер,
қазіргі ауыл адамдары, олардың тұрмыс тіршілігі, еңбекке деген социалистік кӛзқарастар,
патриотизм және халықтар достығы;
2-ші тарау: «Отбасылық тұрмыстағы түбірлі ӛзгерістер» деп аталады. Мұндағы
кӛтерілген мәселелер: кӛне және жаңа отбасы, ондағы әйелдердің жағдайы, қазіргі
замандағы неке және оның түрлері, баланың дүниеге келуі және оны тәрбиелеу,
отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, феодалдық-байлық, діни қалдықтар, мейрамдар
мен демалыстық ойын-сауықтар және т.б. ;
3-ші тарау: «Социалистік мәдениеттің ӛсуі мен дамуы». Ондағы мәселелер: бұрынғы
замандағы қазақ мәдениетінің жалпы жағдайы, мәдениеттегі түпкілікті ӛзгерістер,
ауылдағы мәдениеттің одан әрі дамуы, қазіргі ауылдағы мектептердің кең қанат жаюы,
сауаттылықтың ӛсуі мен әдебиеттердің таралуы, мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысы,
«қызыл үй» және оның жұмысы, ауылдағы кӛркем ӛнерпаздар, халық ауыз әдебиетінің
жетістіктері, дене шынықтыру және спорт, радио мен киноның дамуы.
Бұл монография орыс тілінде жазылған және жалпы оқырман қауымға арналған деп
ғалымның ӛз қолымен жазылған аннотациясы сақталыпты [29]. Н.Сәбитовтың осы аталған
монографиясына Н.Т. Сауранбаев 1954 ж. 25 желтоқсанда қысқаша пікір берген. Онда
академик бұл тарихи-этнографиялық очерктік монографияның жетістіктеріне тоқтала келе
былай дейді: «Ценность такого рода очерка определяется двумя главными моментами. Во-
первых, популярностью общего содержания, во-вторых, он построен на основе реальных
фактов, которые более что-либо характеризуют процесс, происходящий в общественной и
культурной жизни современного казахского аула. Факты взяти из жизни населения
определенных районов, сельсоветов, колхозов. Они не оставляют ни малейшего сомнения
в реальности описуемых процессов» - деп, оны тезірек баспаға беру керек екендігін атап
кеткен [30]. Қолжазба түрінде дайындалып, пікірлері жазылып баспаға дайындалған бұл
монография кейінірек жарыққа шықты.