128
Салт-дәстүр негізінде бiлiм беру – бұл ана тiлi мен тӛл мәдениеттiң құндылықтарын
қоса игеру арқылы этникалық мәдениет сәйкестiгiн сақтауға бағытталған бiлiм болғандықтан
қазақ этнопедагогикасы мектептiң ұлттық нышанын айқындауы қажет. Аталған идеяны
жүзеге асыру үшiн мынадай шарттар орындалуы тиiс. Алдымен бiлiм беру мен мектептiң
ұлттық бастауларын дамыту және нығайту керек. Сонымен қатар мұнда жан-жақты
мәдениеттi тұлға қалыптастыру үшiн алдымен мектеп жасындағы балаға ана тiлiн үйретумен
қатар ӛткен тарихын, географиялық санасын, дiни кӛзқарасын бойына дарытып,
дүниетанымын кеңейту қарастырылған.
Жан-жақты мәдениеттi тұлға кемел лингвистикалық сана иесi. Ана тiлi мен мемлекеттiк
тiлдi бiлу, шетел тiлдерiн үйрену, тұлғаның дүниетанымын кеңейтедi, оның сан қырлы
дамуына жол ашады, сабырлық пен дүниенi байыпты және кең ауқымды тану дағдысын
қалыптастыруға жәрдемдеседi. Салт-дәстүр негізінде сананың келесi бiр түрi бедерлi тарихи
сана иесi. Нақ осы тарихи сана эстетикалық жалпы мемлекеттiк сананың негiзi болып
табылады. Тарихи сана негiзiнде ұлттық менталитеттi, этностың мыңдаған жылдар
тарихында қалыптасқан аңыздарды, нышандарды, бейнелердегi ұғымдарды тек халық
тарихын бiлу арқылы ғана тануға болады. Егер де бұл пән ретiнде ӛнер тарихын,
дүниежүзiлiк және ұлттық философия тарихы, дәстүрлер мен ғұрыптар тарихы, ұлттық киiм
мен сән-салтанат т.б. тарихы ретiнде оқытылса, онда ұлттық және дүние жүзiлiк мәдениеттi
қастерлейтiн және бiлетiн сан қырлы рухани жетiлген тұлғаны тәрбиелеуге ӛрiс ашады.
Жан-жақты мәдениеттi тұлға тарихи сана мен қатар айқын географиялық санамен,
экологиялық санамен, сонымен қатар туған ӛлке, кiшi отан, туған жер, туған шаңырақ
санасымен қарулануға тиiс. Ғылым мен бiлiмнiң экологиясы, адамгершiлiк экологиясы,
этнос экологиясы т.с.с. жаңа бағыттары болып отырады. Жан-жақты мәдениеттi тұлға
барынша айқын кӛркемдiк-эстетикалық сананың ұшқыр қиял мен нәзiк сезiмнiң әсемдiк
құштарлық пен әдемiлiктi бағалай бiлетiн қасиеттiң, театр, кино, теледидар, әдебиет, музыка,
кескiндеме сабақтары дарытатын кӛркем талғамның, ӛнер туындыларын түсiне алатын
қабiлеттiң иесi болуға тиiс.
Қазақтың ұлттық мәдениетi мен ӛнерiн жүрегiмен ұғыну, қадiрлеп-қастерлеу тұлғаның
әлеуметтiк құндылықтарын игеруiне, рухани баюына жол ашуы ӛте маңызды.
Ата-бабаларымыздың дәстүрлерi, халықтық тәрбиесiнiң тәжiрибесiне кӛз салсақ, тәрбие
беру iсi жан-жақты тiл үйрету, ақыл-ойын ӛсiру, денесiн жетiлдiру, еңбекке баулу, ең
бастысы адамгершiлiк iзгi қасиеттерiн сiңiру бағытында жүргiзiлгенiн кӛремiз.
Халқымыздың салт-дәстүрлерiн бала тәрбиесiне қолдануына ғалымдар мынадай
ұсыныс жасайды:
1. Қазақтың салт-дәстүрiне байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
2. Педагогтар, халық даналығына сәйкес сабақ жүргiзу. «Салтын бiлген-халқын сүйедi»
демекшi, салт-дәстүр арқылы балаларды халық даналығы мен дарындылығы, ӛнегесi, ақыл-
ойын кеңейтiп, оята алатындай етiп тәрбиелеудi кӛздеймiз.
Халықтың ӛмiршең әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн салт-дәстүр негізінде бiлiм беру
арқылы балаларды тәрбиелеу бiр ғана адамның, бiр ғана мезгiлде атқарар мiндетi емес,
жалпы жұртшылықты жұмылдыра қолға алып, кейiнгi ұрпаққа жеткiзу. Бiлiм негiзi
бастауышта болғандықтан оның мұғалiмi- басты тұлға. Бастауыш мектептiң алдында тұрған
негiзгi мәселе – оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетiнде қалыптастыру,
олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
Салт дегенiмiз–халықтардың кәсiбiне, сенiм-нанымына, тiршiлiгiне байланысты
қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Жеке адам жаңа
салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бұкiл
халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгiзiп, оны қоғамдық болмыс
кӛрiнiсерiне бейiмдеп ӛзгертiп отырады [6].
Салт-дәстүр халықтың белгiлi бiр әдет-ғұрыптарына байланысты туады. Мысалы: бала
тәрбиесiне байланысты: шiлдехана ӛткiзу, cүйiншi сұрау, балаға ат қою, бесiкке салу, тұсау
кесу, атқа мiнгiзу, сүндетке отырғызу тойлары жатады.
129
Дәстүр ұғымына Қазақ энциклопедиясында «дәстүр - ұрпақтан-ұрпаққа кӛшетiн,
тарихи қалыптасқан әлеуметтiк нормалар мен принциптер. Дәстүр - қоғамдық ұйымдар мен
халықтың мiнез-құлқы мен iс-әрекетiнiң негiзi»-деп анықтама берсе, философиялық сӛздiкте
«дәстүр (лат.traditio-жапсыру, жалғастыру) - тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртiп, заң, мұрат пен игiлiк, мiнез-
құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтiк топтарда ұзақ уақыт
бойы сақталатын әлеуметтiк- мәдени мұра элементтерi»- делінген.
Дәстүр - адамзат есiндегiлердi және әлеуметтiк-тарихи тәжiрибенi ұрпақтан-ұрпаққа
жеткiзушi және жинақтаушы. Дәстүр бiрнеше ұрпақтың мәдениетi мен мәдениеттiлiгiнiң
кӛптүрлi және бiрлiгi жинақталған. Дәстүр қоғамдық ӛмiрдiң барлық саласын, тәжiрибесiн
қамти отырып қоғамдық әр деңгейiндегi ақылды, даналықты бейнелейдi. Салт пен дәстүрдiң
айырмашылығы неде деген келсек, салт адам ӛмiрiнiң күнделiктi тiршiлiгiнде жиi
қолданылатын мiнез-құлық, қарым-қатынас ережелерi мен жол-жора, рәсiм, заңдарының
жиынтығы. Ол жеке адам ӛмiрiнде еңбек, iс-әрекет, адамгершiлiк, құқық, дiни ережелермен
байланысты кӛрiнiс бередi де бiртiндеп ауыл, аймақ, ру, тайпаға, ортақ рәсiмге айналады. Ал
дәстүрдiң ӛрiсi салттан әлдеқайда кеңiрек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық сапаларымен
байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бiрiңғай кӛзқарасын, әдет заңын
марапаттайтын ретуал. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте халықтық ортақ ӛнерде немесе
қоғамдық қатынаста кӛрiнiс беретiн құбылыс.
Салт-дәстүр негізінде бiлiм берудiң мүмкiндiктерi қарастыруда Қазақстан Республикасы
―Бiлiм беру туралы‖ заңның ―Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi‖ бӛлiмнiң 2-бабында ―қазақ
халқының мәдениетi мен салт-дәстүрiн оқып үйрену үшiн жағдай жасау керек‖ деп
белгiленген. Бастауыш мектепте салт-дәстүр негізінде бiлiм беру қазiргi ӛмiр талабына сай
келiп отыр. Кӛптеген қазақ мектептерiнде ұлттық тұрғыда тәрбие берiледi. ―Халқым қандай
десең, салтынан танып бiл‖,-дегендей бастауыш мектеп оқушыларына салт-дәстүрiмiздiң
түрлерi мен таныстырып оны ӛмiрде қолдана бiлуге тәрбиелеу. Ұрпақ болашағын ойлау-исi
қазақтың қасиеттi борышы. Қазiргi қазақ мектептерiнiң мiндетi-ұлттық мiндеттi кӛтеру,
ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық ауыз әдебиетiн пайдалану дiни
дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен iзгiлiктi, жат әрекеттерге сын
кӛзбен қарап, ӛз бағасын бере бiлетiн, ӛз Отанын қорғайтын азамат тәрбиелеу бала
ыңғайына, талап-тiлегi, дарынымен қабiлетi, талантына қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр,
ӛткен тарихымызды енгiзе отырып жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы қажет. Салт-
дәстүрге байланысты туған ӛлең-жырларды, мәтiндердi бастауыш мектеп оқушыларына
оқыту, оларды айнала қоршаған ортаны танып бiлуге, ӛткенi мен бүгiнiн елестете алу
қабiлеттерiн арттырады. Табиғаттың сиқырлы күштерiн сезiне бiледi, халқымыздың
әдептiлiк, әдемiлiктi сезiнуi, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсiнiк алады.
Ұлттық мiнез-әрбiр адамның жеке басының мiнез-құлқы емес, бүкiл ұлттық мiнез-
құлықты кӛрсетедi. Қазақ халқына тән мiнез-құлық ӛзге ұлттардан ерекше, олар ақжарқын,
бауырмал, жуас, кiшiпейiл, қонақжай, үлкендi үлкен, кiшiнi кiшi деп сыйлайтын халық.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерi: бала тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс
салт-дәстүрлер, әлеуметтiк салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бӛлiнедi.
Бала тәрбиесiне байланысты салт-дәстүрлердiң бiрнеше түрi бар:
1. Шiлдехана; 2. Сұйiншi сұрау; 3. Балаға ат қою; 4. Бесiкке салу; 5. Баланы қырқынан
шығару; 6. Баланың тiлi шыққанға дейiнгi тәрбиесi; 7. Баланың тiлiн дамыту; 8. Тұсау кесу;
9. Атқа мiнгiзу; 10. Сүндет тойы; 11. Ата кӛрген оқ жонар; 12. Қыз ӛссе елдiң кӛркi.
Егемен елiмiздiң рухын кӛтеру, алдымен салт-дәстүр негізінде бiлiм беруде бала
тәрбиесiне қатысты ұлтық тәрбиенi бастауыш мектепте дұрыс қолдана бiлуiмiз қажет. Әрбiр
берiлетiн сабақ ұлттық тұрғыда қарастырылсын. Күнде балаға салт-дәстүр негізінде бiлiм
берiлетiн болса, жеке тұлға болып қалыптасып келе жатқан бала ӛз ұлттына, салт-дәстүрiне
деген кӛзқарасы ӛзгеше болады. Бала алған бiлiмiн теория мен тәжiрибеде ұштастыра бiлуi
тиiс. Бала қай қоғамда ӛмiр сүрсiн, ол ӛзiнiң ұлттық болмысын ұмытпайды. Қазақ халқы
тазалықты, әдептiлiк пен инабаттылық, адамгершiлiк қасиеттерiн ӛз бойларынан жоғалтпай
Достарыңызбен бөлісу: |