Вакантные должности



жүктеу 60,73 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі60,73 Kb.
#13393
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік

қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
070004 Өскемен қаласы, Тоқтаров көш. 85., байланыс тел. 8 (7232) 25-26-21, электрондық мекенжай B.Makhmutova@economy.gov.kz
1. Сауда және қызмет көрсету саласының статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Қызмет көрсету саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерін зерделеу және үздіксіз қорытындылау. Статистикалық байқаулардың, статистикалық жұмыстардың, аналитикалық жоспарлардың сапалы орындалуын және уақытында қамтамасыз ету. Аудандық және қалалық статистика бөлімдердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың есеп қызметкерлерімен нұсқау кеңесін өткізуіне қатысу. Аналитикалық жұмыстары, статистикалық есеп беруді әзірлеу және жинау мәселелері бойынша аудандық және қалалық статистика бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Статистикалық бюллетендерді, жедел-ақпараттарды, жинақтарды, басқа жариялау басылымдарды дайындау және шығару. Жариялау іс-әрекетін жүзеге асыру. Бір жолғы тексерудің өткізуін ұйымдастыру, қызмет саласы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық есептіліктерді беру, әзірлеу, жинау бойынша үйлестіру. Динамикалық қатарларының құрамын әзірлеу және оның жүргізуін жүзеге асыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) «Экономика және бизнес» (статистика, экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, есеп және аудит), немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары білім рұқсат етіледі; 2) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 3) жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылу саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасау. Статистикалық жинақтарды дайындау және шығару. Статистикалық өңдеулерінің шығатын кесте жинағының мәліметтерін талдау. Динамикалық қатарларды және мұрағат құжаттарды жүргізу. Іріктеу көрнекілін қалыптастыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) «Экономика және бизнес» (статистика, экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, есеп және аудит) бөлімінің мамандықтары бойынша жоғары білім рұқсат етіледі; 2) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 3) жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Еңбекке ақы төлеудің мөлшері мен жағдайлары:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

С-О-5

83 282

112 431

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір тәулік бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысандағы өтініш; 2) персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 85 мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары мен 2016 жылғы 19 мамырдағы №104 бұйрығымен енгізілген өзгерістер негізінде жүргізіледі.
жүктеу 60,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау