В республике казахстан


Мәйіттерді сақтау тәртібі



жүктеу 7,47 Mb.
бет8/43
Дата04.12.2017
өлшемі7,47 Mb.
#3193
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

2. Мәйіттерді сақтау тәртібі

50. Мәйіттің киімі мен онымен бірге жеткізілген басқа да заттар денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамасы органдарына қандай күйде түссе, сол күйінде сот-медициналық сараптама жүргізу басталғанға дейін сақталады.

51. Мәйіттер, сондай-ақ бөлінген мәйіттердің бөлшектері денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамасы органдарында шіру процестерінің дамуына жол бермейтін жағдайларда сақталады.

52. Жарақаттарды (зақымдарды) қарау кезінде оларды зондымен тексеру және бастапқы түрін немесе зақымданудың қасиетін өзгертуге алып келетін басқа да әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ кепкен қанды, заттай дәлеледемелер болуы мүмкін ұсақ бөлшектерді (шынының, металдың сынықтары, ыс және тағы басқалар) жоюға жол бермес үшін шығуларды жуу, сүрту және өзге жолмен оны жоюға жол берілмейді.

Мәйіттің сот сараптамасына дейін зақымданулардағы шегенделген қаруды және жарақаттардағы заттарды алуға, қозғауға жол берілмейді.

53. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері басқа мәйіттерден оқшауланған түрде сақталады.

54. Мәйіттер сот сараптамасы органдарында сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін үш тәуліктен асырмай сақталады.
3. Мәйіттерді қайтару тәртібі

55. Мәйіттерді санитарлар жерлеу үшін өлген адамның туыстарына немесе жақындарына не сот сараптамасын тағайындаған органның (адам) жазбаша рұқсаты бойынша өзіне жерлеуді алған уәкілетті қоғамдық ұйымдарға (жергілікті ұлттық ғұрыптарға сәйкес жуылған және киіндірілген түрде) береді.

56. Карантиннен және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттерінің табытын ашуға құқығынсыз жерлеу (кремациялау) орнына жеткізу үшін беріледі.

Сот сараптамасы   объектілерін пайдалану ережесіне қосымша  


Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды

тіркеу журналы
(1-нысан)

Сараптама нөмірі тіркелген күні

Сараптаманы тағайындаған тергеу органы және лауазымды адам

Қылмыстық немесе азаматтық істің, АТК-ның нөмірі

Қызмет, сараптама шифры

Сараптаманың тапсырылған күні, орындаушысы

Тұжырымдар

Ерекше белгілер

Бақылау өндірістерін алғандығы туралы белгі

Сараптаманы алғандығы туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін материалдарды

тіркеу журналы
(2-нысан)

р/с


Сараптама нөмірі, келіп түскен күні

Сараптаманы тағайындаған орган, судьяның, тергеушінің Т.А.Ә., лауазымы, шені

Қылмыстық, азаматтық істің, АТК-ның нөмірі мен санаты, күдіктінің, айыпталушының Т.А.Ә.

Сараптама шифры, зерттеу объектілері

Сарапшының Т.А.Ә., алғандығы туралы белгі, қолы

Өтініштер туралы белгі:
жіберген күні,қанағаттандыру уақыты,тоқтата тұру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы




Статистикалық деректер

Сараптаманың тапсырылған күні, сарапшының Т.А.Ә.

Сараптаманы алғандығы туралы белгі, алған адамның Т.А.Ә., алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

объектілердің саны

сұрақтардың саны

тұжырымдар саны

санатты

болжамды

ҚДМЕ

сараптама мерзімі

күрделілігі

безендіру

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды

тіркеу журналы
(3-нысан)

Р/с


Сараптама нөмірі, тіркелген күні

Сараптаманы тағайындаған орган, тергеуші Т.А.Ә., лауазымы, шені

Қылмыстық немесе азаматтық істің, АТК-ның нөмірі, ұсталғанның, күдіктінің, айыпталушының Т.А.Ә.

Пакеттердің саны, объектілердің түрлері, салмағы, көлемі

Объектілерді кім әкелді, күні, қолы

Сарапшының Т.А.Ә., сараптаманы алған күні

Қорытындының кеңсеге берілген күні

Сұрақтардың, жауаптардың саны, сараптама мерзімі

Сараптама мен объектіні алған адамның Т.А.Ә., алған күні, қолы, қызметтік куәлігінің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Иір ойықты қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар менқұрылғыларды

тіркеу журналы
(4-нысан)

Р/с



Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектіні алған сарапшының Т.А.Ә., қолы

Сақтауға берілгендігі туралы белгі, қолы

Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8


Аудио-, бейнетаспаларды, бағалы металдар мен тастарданжасалған бұйымдарды, бағалы қағаздарды, ҚазақстанРеспубликасының және басқа мемлекеттердің ақшабанкноттарын тіркеу журналы
(5-нысан)

Р/с



Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектіні алған сарапшының Т.А.Ә., қолы

Сақтауға берілгендігі туралы белгі, қолы

Алғандығы туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 24 мамырдағы

№ 193 бұйрығы
1. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында (бұдан әрі - Орталық) сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастырудың шарттары мен тәртібін белгілейді.

«Орталық» ұғымы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің осы мемлекеттік мекемесінің құрылымына кіретін барлық аумақтық бөлімшелерді қамтиды.


2. Орталықта сараптама жүргізуді ұйымдастыру

2.Орталыққа келіп түсетін сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарымдар, дәл сол күні сараптамаға келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.

3. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы (бұдан әрі - басшы):

келіп түскен материалдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК), «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін басқа да актілерініңнормаларына сәйкестігін тексереді;

зерттеуді орындау үшін сараптама жүргізуді нақты бір сарапшыға тапсырады, комиссиялық, кешенді, қайталама сараптама жүргізу үшін сарапшылар комиссиясы мен үйлестіруші-сарапшыны белгілейді, ол туралы сараптаманы тағайындаған органға (адамға) үш тәуліктің ішінде хабарлайды;

Заңмен белгіленген мерзімдердің шегінде (сараптамалардың күрделілік дәрежесіне байланысты) сараптама өндірісінің нақты мерзімін айқындайды.

4. Келіп түскен материалдар заңнамаға сәйкес болмаған жағдайда, басшы сараптаманы тағайындаған органға (адамға) сараптама тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін орындаусыз кері қайтарады.

5. Сараптама жүргізу үшін Орталықтың қызметкері болып табылмайтын маманды, оның ішінде шет мемлекеттің сарапшысын тарту қажет болған жағдайда, басшы бұл туралы сараптама тағайындаған органға (адамға) өтініш-талап жолдайды.

Сараптама тағайындаған орган (адам) өтініш-талапты орындағанға дейін, сараптама өндірісі Заңмен белгіленген мерзімдер шегінде тоқтатыла тұрады.

6. Күрделі, көпобъектілі, кешенді және қайталама сараптама жүргізу үшін басшы екі немесе одан көп сарапшылардың құрамындағы сарапшылар комиссиясын құрады. Олардың ішінен біреуіне комиссия қызметін үйлестіру жүктеледі, бірақ аталған адам қорытындының тұжырымдарын құрастыру кезінде комиссияның басқа мүшелерінің алдында артықшылықтарды иеленбейді.

7. Қайталама сараптама тағайындалған жағдайда басшы бұл туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысын және алдыңғы сараптама жүргізілген аумақтық бөлімшенің басшысын хабардар етеді.

Басшының келісімімен алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшы қайталама сараптаманы жүргізу кезінде қатысуы және сараптамалық зерттеу басталғанға және қайталама сараптама қорытындысының тұжырымдарын құрастырғанға дейін комиссияға түсініктеме беруі мүмкін.

8. Сарапшы, басшының өзіне тапсырған сараптаманы өндірісіне қабылдап алып, ұсынылған материалдар мен объектілерді зерделейді және олардың өзінің алдына қойылған сұрақтар бойынша қорытынды беруге жарамдылығын және жеткіліктігіне көз жеткізеді.

Сараптамаға жүргізу үшін ұсынылған материалдар жарамсыз және жеткіліксіз болған жағдайда, сарапшы басшымен келісе отырып сараптаманы тағайындаған органға (адамға) қосымша материалдарды ұсынудың қажеттігі туралы өтініш-талап жасайды.

Сараптама тағайындаған орган (адам) өтініш-талапты орындағанға дейін, сараптама өндірісі Заңмен белгіленген мерзімдер шегінде тоқтатыла тұрады.

Өтініш-талап қанағаттандырылмаған жағдайда сарапшы зерттеуді ұсынылған материалдардың көлемінде жүргізеді, ал олар қорытынды беру үшін жеткіліксіз және жарамсыз болған жағдайда сарапшы қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама құрастырады.

9. Егер сараптама жүргізу үшін 30 күннен асатын мерзім қажет болса, онда сарапшының іс материалдарымен алдын-ала танысуынан және оның сараптама жүргізу үшін қажетті уақыттың тиісті есебін ұсынуынан кейін, басшы 3 күннің ішінде сараптаманы тағайындаған органға (адамға) дәлелді өтініш-талап жолдайды.

Өтініш-талапты сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) қанағаттандырмаған жағдайда, басшы басқа аумақтық бөлімдердің сарапшыларын тарта отырып сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады.

Бұл жағдайда сараптама жүргізу мерзімі тоқтатылмайды.

10. Cот сараптамасын жүргізу мерзімі сараптама тағайындау туралы қаулының, ұйғарымның Орталықта тіркелген күнінен бастап есептеледі.

Сот сараптамасының мерзімі сарапшы қорытындысы Орталықтың кеңсесіне тапсырылған күні аяқталады. Егер сараптама жүргізудің белгіленген мерзімі жұмыс емес күнге сәйкес келсе, онда мерзімнің аяқталу күні келесі жұмыс күні болып есептеледі.

11. Егер басшы зерттеудің толық еместігін, қате тұжырымдарға әкеліп соғатын сараптама жүргізу кезіндегі әдістемелік және іс жүргізушілік бұзушылықтардың орын алғандығын, дұрыс рәсімделмегендігін, немесе қорытындының зерттеушілік бөлігі мен тұжырымдары жүргізілген зерттеулердің адалдығына күмән келтіретіндігін байқаған жағдайда, қорытындыны қажетті өзгертулер мен нақтылауларды енгізу үшін сарапшыға қайтарады.

Егер сарапшы өз зерттеулерінің барысы мен ол бойынша жасаған тұжырымдарының дұрыстығынан қайтпаса, онда басшы аталған кемшіліктерді сарапшы қорытындысын жолдау хатта көрсетеді.

12. Сараптаманы жүргізу аяқталғаннан кейін барлық статистикалық мәліметтер (өтініш-талапты жасау және оны қанағаттандыру күндері, келіп түскен зерттеу объектілерінің, қойылған сұрақтардың, берілген тұжырымдардың саны, жүргізу мерзімі және сараптаманың күрделілік дәрежесі) сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналына енгізіледі.

13. Сарапшы қорытындысы немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама, ол әзірленген кейін 3 күннің ішінде сараптама тағайындаған органға (адамға) жолданады.


3. Сарапшы қорытындысын рәсімдеу

14. Сот сараптамасы өндірісінің нәтижесі жазбаша нысанда бяндалады және «Сарапшы қорытындысы», «Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама» деген құжаттар түрінде рәсімделеді.

Сарапшы қорытындысына, Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға сараптама жүргізген сарапшының немесе сарапшылар комиссиясының қолы қойылады, қолтаңбалары сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

Сарапшы қорытындысын безендіретін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, диаграммалар, слайдтар) қорытындыға тіркеледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық материалдарға сараптама жүргізген сарапшы немесе сарапшылар комиссиясы қол қояды, қолтаңбалары сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

Сарапшы қорытындысына сараптаманың жасалған күні, іс жүргізушілік шығындары, қорытындының мәтіні мен безендіруші материалдың бет саны туралы мәліметтері бар басшының (оның орынбасарының) сараптаманы тағайындаған органға (адамға) жолдау хаты тіркеледі.

15. Сарапшының қорытындысы, Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама екі данада әзірленеді. Бірінші данасы сараптаманы тағайындаған (органға) адамға жіберіледі, ал екіншісі - Орталықтың мұрағатында сақталады.

Комиссиялық, кешенді немесе қайталама сараптамалардың қорытындысы сараптама тағайындаған (органға) адамға және сарапшысы осы сараптаманы жүргізуге қатысқан әрбір сараптама мекемесіне, аумақтық (құрылымдық) бөлімшеге жолдауға қажетті данада әзірленеді.

16. Сараптама тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген қайсы бір сұрақтар бойынша сарапшы қорытынды берсе, ал басқалары бойынша қорытынды беруге мүмкіндік жоқ екендігі туралы хабарлама жасауға негіз болса, бірыңғай құжат – «Сарапшының қорытындысы» әзірленеді.



17. Сарапшының қорытындысы өзінің мазмұны мен нысаны бойынша жүргізілген сараптаманың іс жүргізушілік мәртебесін (жеке дара, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді), келіп түскен материалдардың өту тәртібін, зерттеу барысын, алынған нәтижелер мен қорытындыларды бейнелейді.

18. Сараптаманың іс жүргізу мәртебесінің - жекедара, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді болуына қарамастан – сарапшы қорытындысы кіріспе, зерттеу, синтездеу бөліктері мен тұжырымдардан тұрады.

19. Қорытындының кіріспе бөлігі жүргізілген сараптамалық зерттеудің ұйымдастыру-басқару тұрғысын бейнелейді. Қорытындының кіріспе бөлігінде:

келіп түскен және нәтижелерді рәсімдеу күні, сараптаманың жүргізілген орны;

сараптаманы тағайындаған орган және лауазымды тұлға;

сараптама жүргізудің негізі (қаулы немесе ұйғарым, ол қашан, қандай іс бойынша шығарылған);

зерттеу объектілерінің тізбесі (заттай дәлелдемелер, сараптамалық зерттеуге арналған үлгілер, олардың күйі);

зерттеуге келіп түскен объектілерді жеткізу тәсілі;

сараптама жүргізу кезінде қатысуға сараптама тағайындаған орган рұқсат берген адамдар туралы мәліметтер (тегі, аты-жөні, іс жүргізу мәртебесі);

сарапшының шешуіне қойылған сұрақтар;

бірнеше сұрақтар болған жағдайда, сарапшы оларды зерттеу жүргізудің ең тиімді ретін қамтамасыз ететін жүйелікке келтіре отырып, бірақ мағыналық мазмұны өзгермейтіндей етіп топтастырады;

егер қаулыдағы, ұйғарымдағы сұрақ қабылданған ұсыныстарға сәйкес құрылмаған, бірақ оның мағынасы сарапшыға түсінікті болса, онда сұрақты алғашқы тұжырымға келтіргеннен кейін сарапшы өзінің арнаулы ғылыми білімдеріне сәйкес бұл сұрақты қалай түсінетінін түсіндіріп беруі тиіс;

ескертулер: мұнда сарапшы нақты деректер мен жағдайларға құқықтық баға беруді талап ететін не оның құзыретіне кірмейтін сұраққа жауап берудің мүмкін еместігін көрсетеді; жауабы іс үшін маңызды жағдайларды анықтауға мүмкіндік беретін сұрақты құрастырады (сараптама тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша); қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініш туралы, оны жолдаған және жауабын алған күндерін, оны қарастырудың нәтижесі туралы мәліметтерді көрсетеді; зерттеу объектілерінің түрін өзгертуге немесе оларды жоюға рұқсат беруге өтініш туралы, оны жолдаған және жауабын алған күндерін, оны қарастырудың нәтижесі туралы мәліметтерді көрсетеді; зерттеу объектілерінің ұсынылмауына байланысты сараптама жүргізуді тоқтата тұру туралы мәліметтерді; сарапшының қызметтік іс сапарда, сотта болуына, оның науқастануына байланысты сараптаманы жүргізуді тоқтата тұру туралы мәліметтерді; зерттеу объектісінің басқа сарапшыда болуына байланысты сараптаманы жүргізуді тоқтата тұру туралы мәліметтерді; азаматтық және әкімшілік істер бойынша алдын ала ақы төленбеуіне байланысты сараптаманы жүргізуді тоқтата тұру туралы мәліметтерді; келіп түскен құжаттарда мекеменің тиісті бұрыштама белгілері туралы;

сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, білімі. ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы, сарапшылық мамандығы, сарапшылық жұмыс өтілі;

көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшының ескертілгендігі туралы сілтеме көрсетіледі.

20. Қосымша сараптаманы жүргізу кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерден бөлек, сарапшы қорытындысының кіріспе бөлігінде сараптаманың қосымша екендігі атап өтіледі, алдыңғы сараптама туралы мәліметтер беріледі: қорытындының нөмірі мен шыққан күні, сарапшының тегі мен аты-жөні, сараптамалық мекеменің атауы, шешуге қойылған сұрақтар мен олар бойынша берілген тұжырымдар келтіріледі.

Қайталама сараптаманы жүргізу кезінде сарапшылар қорытындысының кіріспе бөлігінде қайталама сараптама екендігі атап өтіледі, алдыңғы сараптама туралы мәліметтер: қорытындының нөмірі мен шыққан күні, сарапшының тегі мен аты-жөні, сараптамалық мекеменің атауы, алдыңғы сараптаманың тұжырымдары мен қайталама сараптаманы тағайындаудың себептері баяндалады.

Комиссиялық сараптаманы жүргізу кезінде сарапшылар қорытындысының кіріспе бөлігінде сараптама комиссиялық екендігі атап өтіледі және оның жүргізілген орны (бір немесе бірнеше зертханалар, лицензиясы бар сарапшы туралы, шет мемлекеттің сот сарапшысы туралы мәліметтер) көрсетіледі.

Кешенді сараптаманы жүргізу кезінде, жоғарыда көрсетілген мәліметтерден бөлек, сарапшы қорытындысының кіріспе бөлігінде сараптама кешенді сараптама екендігі атап өтіледі, оның жүргізілген орны (бір немесе бірнеше бөлімшелер, мекемелер, лицензиясы бар сарапшы туралы, шет мемлекеттің сот сарапшысы туралы мәліметтер) көрсетіледі.

21. Қорытындының зерттеу бөлігінде барлық зерттеу барысы мен оның нәтижелері баяндалады, анықталған нақты деректер мен жағдаяттарға ғылыми негіздеме беріледі.

Зерттеу бөлігі, саны мен ерекшелігі сарапшылық мамандықтың ерекшелігімен, нақты объектілерді зерттеу әдістемесімен және тікелей сол объектінің ерекшелігімен айқындалатын бірнеше бөлімдерден тұрады.

Зерттеу бөлігінде:

қорытынды беру үшін елеулі мәні бар және сарапшы бастапқы деректер ретінде қабылдаған іс жағдаяттары;

сараптама жүргізу кезінде пайдаланылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттердің тізбесі;

сараптамалық зерттеу объектілерінің күйінің, олардың орауышының сипаттамасы;

сарапшылық қараудың, эксперименттерді жүргізудің және сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алудың мақсаты, шарттары мен нәтижелері;

сараптамалық зерттеудің пайдаланылған әдістерін сипаттау, оларды қолданудың техникалық шарттары, алынған нәтижелері;

құқықтық және анықтамалық материалдарға, компьютерлік деректер базасына, есептеу бағдарламаларына сілтемелер, сондай-ақ безендірулерге, қосымшаларға сілтемелер мен оларға қажетті түсіндірмелер;

тергеу әрекеттерінің (жауап алу, қарау, эксперименттер) нәтижелері, егер олардың тұжырымдарды негіздеу үшін мәні бар болса;

тұжырымдарды құрастыру үшін негіздеме ретінде зерттеудің жекелеген кезеңдерін және жалпы барлық алынған нәтижелерді сарапшылық бағалау көрсетіледі.

Безендіру материалын рәсімдеу кезінде оларды сарапшы қорытындысы мәтінінің арасында орналастыруға жол беріледі. Бұл ретте, қорытындының зерттеу бөлігінде пайдаланылған құрылғылардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша сипаттамасы, суреттері бар файлдың атауы мен көлемін көрсете отырып суреттерді алу мен басып шығару тәртібі келтіріледі.

Қорытындының зерттеу бөлігінде объектілермен және үлгілермен жүргізілген барлық іс-әрекеттерді көрсету қажет.

Егер кейбір қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның себептері зерттеу бөлігінде көрсетіледі.

Зерттеу бөлігі сарапшылық білімі жоқ адамдар үшін қосымша түсіндіру мен түсіндірмені қажет етпейтін терминдермен және ұғымдармен баяндалады.

Зерттеу әдістемесі сарапшының оны толық қолданғанын бағалауға мүмкін болатындай, ал тұжырымдардың дұрыстығын тексеру қажет болғанда барлық зерттеуді қайталауға болатындай етіп сипатталады.

Сараптаманы жүргізу кезінде, бекітілген әдістемелермен бірге Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға міндетті болып табылатын ақпарат көздері де пайдаланылады, атап айтқанда: нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар (халықаралық, ұлттық және салалық стандарттар, техникалық шарттар, ережелер, нормалар, қағидалар, нұсқаулықтар, ұсыныстар, тізбелер).

Сараптама жүргізу кезінде қажет болған жағдайларда Интернет жүйесінің ақпараттық деректер базасы, сондай-ақ белгіленген заңнама тәртібімен бекітілген бағдарламалық өнімдер пайдаланылады.

22. Егер сарапшы қосымша сараптама жүргізген кезде алдыңғы сараптаманы жүргізу кезінде пайдаланылған әдістер мен құралдарды пайдаланып, сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, онда ол қосымша сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде алдын жүргізілген зерттеудің барысы мен нәтижелерін баяндамай, алдыңғы сараптамаға сілтеме жасауына болады.

Кешенді сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде әр сарапшының зерттеулері бөлек баяндалады. Жеке зерттеулерді бағалаудың нәтижелері мен солардың негізінде жасалған жеке тұжырымдар да бөлек баяндалады (аралық синтездеу бөлігі). Кешенді зерттеу нәтижелерінің бірлескен бағасы қорытындының зерттеу бөлігінің соңында, синтездеу бөлігіндегі тұжырымдардың алдында баяндалады. Кешенді сараптаманы жүргізу кезінде бір ортақ қорытынды (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасалады. Сараптаманың қорытындысында әр сарапшының қандай зерттеулер жүргізгені және олардың қандай деректерді анықтағаны белгіленеді. Әр сарапшы ортақ қорытындыға не өзі жеке жүргізген зерттеулердің барысы мен нәтижелерін көрсететін бөлікке қол қояды.

Комиссиялық сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы немесе сарапшылар тобы сараптаманың жеке қорытындыларын (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасайды.

Қайталама сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы өзінің тұжырымына қол қояды.

23. Қорытындының синтездеу бөлігі барлық жүргізілген зерттеудің жалпы қорытындысын көрсетеді және келесі жағдайларда:

объектілердің көптеген мөлшерін зерттегенде;

әдістер кешенін пайдаланғанда;

зерттеуі ахуалды шешудің деңгейінен шығатын күрделі объектілер болғанда;

кешенді, комиссиялық және қайталама сараптамалар болғанда жеке бөлімдерге бөлінеді.

24. Сарапшы қорытындысының тұжырымдарында сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі. Әрбір қойылған сұраққа мәнісі бойынша жауап беріледі не оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Тұжырымдарды құрастыру олардың мағыналық мазмұны қойылған міндеттерге (сұрақтарға) сәйкес болатындай және әр түрлі түсіндірмеге жол берілмейтіндей етіп жүзеге асырылады.

Егер зерттеу бөлігінде баяндалған және қойылған сұраққа толыққанды жауабы бар зерттеу нәтижелерін егжей-тегжейлі сипаттамайынша тұжырымды құрастыру мүмкін болмаса, қорытындының осы бөлігіне сілтеме жасауға жол беріледі.

Егер сарапшылар бір пікірге келсе, комиссиялық, қайталама сараптамалардың тұжырымдарына сарапшылар комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Объектілерді зерттеудің қандай да бір тармағының алынған нәтижелерін бағалау мәселесі бойынша комиссияда келіспеушілік туындаған жағдайда, тұжырымдардың аталған тармағы бөлініп көрсетіледі және сарапшы оған жеке өзі қол қояды.

Шеңберінде зерттеу жүргізілген сарапшылық мамандықтың ерекшелігіне сәйкес алынған нәтижелерден шығатын кешенді сараптаманың тұжырымдарына әрбір сарапшы жеке өзі қол қояды.

Егер зерттеу барысы мен әр түрлі сарапшылық мамандықтардың білімдерін пайдалану шеңберінде алынған нәтижелер бір-біріне қарама-қайшы болмайтын және болған оқиғаның механизмін ашатын бірыңғай тұжырымды қалыптастыруға негіз болатын жағдайда, онда зерттеудің әрбір бағыты бойынша тұжырымдар баяндалғаннан кейін, осы бірыңғай тұжырымға сарапшылар комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

25. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама үш бөліктен тұрады: кіріспе, дәлелдеу және қорытынды бөліктер. Кіріспе бөлігінде сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады. Дәлелдеу бөлігінде әр сұрақ бойынша қорытынды берудің мүмкін болмауының себептері егжей-тегжей баяндалады. Қорытынды бөлігінде сарапшының алдына қойылған әр сұрақ бойынша жауап берудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

26. Зерттеу жүргізу аяқталғаннан соң объектілерге (құжаттарға, хаттамаларға, фотокестелерге), сондай-ақ, заңнамаға сәйкес бөгде белгілерге жол берілмейтін құжаттарды (төлқұжатты, жеке куәлікті, бағалы қағаздарды, «құпия», «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды) қоспағанда, бастапқы деректерді қамтитын істің басқа да материалдарына «Сот сараптамасы орталығы» деген бұрыштама таңбасы басылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған объектілерге «үлгі» бұрыштама таңбасы басылады.

27. Сараптаманы жүргізу аяқталған соң сарапшының қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы), зерттеу объектілері мен үлгілер кеңсеге немесе сақтау камерасына тапсырылуға тиіс, бұл туралы сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында белгі қойылады.

28. Орталықтың мұрағатынан сарапшылардың қорытыларының және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламалардың көшірмелерін беру сараптама тағайындаған органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Сарапшы қорытысының немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның көшірмесі мұрағат (кеңсе) қызметкерінің қолымен және Орталық мөрімен расталады.

29. Адвокаттардың жазбаша сұраулары («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) келіп түскен кезде сарапшылар ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып мамандандырылған зерттеулер жүргізеді.

30. Мамандандырылған зерттеу жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеуге ұқсас жүзеге асырылады.

31. Мамандандырылған зерттеулер азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде жүргізілетін сот сараптамаларына ұқсас келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

32. Мамандандырылған зерттеулердің нәтижелері жазбаша түрде баяндалады және «Маман қорытындысы» нысанында рәсімделеді.

Маманның қорытындысы маманның атынан жасалады және мөрмен куәландырылады, онда сарапшы маман ретінде қол қояды.

33. Маманның қорытындысы үш бөліктен тұрады: кіріспе, зерттеу бөліктері және тұжырымдар. Кіріспе бөлігінде сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады. Зерттеу бөлігінде зерттеу процесі және оның нәтижелері баяндалады, анықталған фактілерге негіздеме беріледі. Маман қорытындысының тұжырымдарында қойылған сұрақтарға жауап баяндалады.

34. Маманның қорытындысына мәтіндік қосымшалар және зерттеу барысы мен алынған нәтижелерді безендіретін фотокестелер, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, схемалар графиктер түріндегі безендіру материалдары қоса беріледі.

35. Маман қорытындысы екі данада жасалады. Бірінші дана өтініш берушіге жіберіледі, екіншісі Орталықтың мұрағатында сақталады.


жүктеу 7,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау