143
компонент (кәсіптік іс-әрекеттің мәні мен ерекшелігі туралы білім; зерттеушілік
құзыреттіліктің болмысы мен арнаулылығы туралы білім; әдіснамалық білім
мен әдіснамалық бекітулер; ойлау ерекшеліктері: жүйелік, мәселелік,
дәлелділік, ізденімпаздылық және т.б.); креативті-рефлексиялық компонент
(өзінің ретінде, жеке жетістіктерін, мәселелерді талдай алу білігі; кәсіптік іс-
әрекет рефлексиясын жүзеге асыра алу білігі).
Аграрлық саладағы зерттеу университеті студентінің заман талабына және
сұранысына сай мамандар даярлау «Зерттеу университетінде мамандарды озық
даярлаудың теориясы мен тәжірибесі» атты элективті курс аясында
қалыптастырылса тиімді болатыны дәлелденді. Осы орайда «Зерттеу
университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен тәжірибесі» атты
оқу-әдістемелік құралын негізгі құрал ретінде пайдалануға болады деп
санаймыз.
144
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытынды жасалынды.
Ұсынылған диссертация аграрлық саладағы зерттеу университетінде
мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздеріне арналған.
Теориялық тарауларда аграрлық саладағы зерттеулер университетінің
қалыптасу кезеңдері мен даму алғышарттары, қазіргі кезеңде әлемдік
тәжірибеде
зерттеу
университетінде
мамандарды
кәсіптік
даярлау
ерекшеліктері, зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінің
өзекті мәселелері, мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінің әдіснамалық
тұғырлары, зерттеу университетінде озық білім беру технологиялары, зерттеу
университетінде мамандарды даярлау үдерісінде жүйелік тәсілдеме негізінде
озық білім беру әдістемесі жан-жақты талданып сараланды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында аграрлық саладағы зерттеу
университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық
негіздерін қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды. Аграрлық
саладағы зерттеу университеті студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігін
қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды.
Зерттеу нәтижесі аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды
кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыруда нәтижеге
жету төмендегі шарттарды қамтитындығын байқатты:
-
әлемдік озық тәжірибені бейімдей отырып, әлемдік деңгейдегі оқу
орнына айналу;
-
мемлекет, қоғам, ғылыми техниканың қарқынды дамуы білім
деңгейіне, заманауи өзекті зерттеулердің жүргізілуіне байланысты;
-
дәстүрлі білім беру технологияларының бүгінгі күн сұранысына
қанағаттандыра алмауы оқытудың жаңа жолдарын іздестіріп, оны жетілдіруді
талап етуде.
Сонымен бірге, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында аграрлық
саладағы зерттеу университеті студенттерін кәсіптік даярлаудың ғылыми-
әдіснамалық негіздерін қалыптастыру мынандай қажеттіліктерден туындайды:
-
аграрлық саладағы зерттеу университеті студентінің заманауи кәсіптік
білім алумен қатар сапалы зерттеушілік әрекеті ауылшаруашылығы
саласындағы қызметтің жалпы сапасын арттырады;
-
дүние жүзілік жаһандану үдерісінде өркениетті мемлекет құрудың,
ғылым мен білімді жетілдіру, озық техника мен технологияны, озық ойлау,
озық білім беру технологияларын меңгеру дәрежесі зерттеу университеті
студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Сонымен қатар, қорғауға ұсынылған төмендегідей қағидалар теориялық
негізделіп және практикалық апробациядан өткізілді:
1. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастырудың қажеттілігі және
осы мәселені зерттеудің ғылыми-практикалық алғышарты Қазақстан
145
Республикасында және шет елдерде зерттеу университеті студенттерінің
кәсіптік іс-әрекеті, зерттеушілік қызметі білім беру жүйесінің тәжірибесі
жинақталуымен
байланысты.
Еліміздің
экономикалық
дамуы,
ауылшаруашылығының дамуы аграрлық саладағы зерттеу университеті
қызметімен байланысты және жоғары кәсіптік деңгейде мамандар даярлануын
талап етеді. Аграрлық саладағы зерттеу университеті педагогы және студенті
әрекетінің барлық салалары оның зерттеушілік сипатын өзектендіреді. Зерттеу
университеті студенттерінің зерттеушілік құзыреттілігі оның әрекет
салаларының жүйе құраушы өзегі болып табылады.
2. Педагогика ғылымындағы отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми
зерттеулері мен оқу-әдістемелік құралдарындағы «зерттеу университеті»
ұғымын, заманауи зерттеу университеті құрылымы, ерекшеліктері, өзекті
мәселелері талдап, анықтауға мүмкіндік берді.
3. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде жүйелік тәсілдеме
негізінде озық білім беру технологиясы, әдістемесі, мүмкіндіктері
қарастырылды.
4. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздерінің
құрылымдық
моделі
мотивациялық-дербестік,
когнитивті-интеллектуалдық,
креативті-
рефлексиялық компоненттерінен тұрады.
5. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыру үдерісінде бірнеше
педагогикалық шарттардың орындалуы тиімді жүзеге асады. Бірінші шарты
білім мазмұнының қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде бірдей берілуі. Кәсіптік
даярлау үдерісінде оқу ақпаратын қабылдау үдерісінде білім алушының
сенсорлы жүйесін қосу болып табылады (мультимедиа және интернет-
технологияларды
белсенді
пайдалану),
үшінші
шарты
теориялық
материалдарды практикалық жаттығулармен бекіту.
6. Зерттеу барысында зерттеу университеті студенттеріне тиімді оқу
үдерісін қалыптастыруға бағытталған оқу құралы, Элективті курс бағдарламасы
жасақталды. Аграрлық саладағызерттеу университеті студенттерін кәсіптік
даярлау үдерісінде озық білім беру технологияларына негізделген «зерттеу
университетінде мамандарды озық даярлау теориясы және тәжірибесі» атты
элективті курсты пайдалану тиімді.
Алғаш рет Қазақстанда аграрлық саладағы зерттеу университетінде
мамандарды
кәсіптік
даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздерін
қалыптастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырылды. Университеттік
білім беру жүйесінде зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыруға бағытталған «Зерттеу
университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен тәжірибесі»
элективті курсының негізінде жүзеге асырудың теориялық және практикалық
аспектілері негізделді.
Біз зерттеуде алынған нәтижелер негізінде, бұл жұмысты ары қарай
дамыту мақсатында, аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды
Достарыңызбен бөлісу: |