25
қалай құрастыру қажет, оларды қалай бағалау тиімді, сонымен қатар,
зерттеушілік дағдыларын тиімді дамытуға әсер ететін пікірлерді қалай жазу
керек (мысал үшін Калифорниядағы US Davis университеті). Кейбір
университеттерде оқытушыларға арналған арнайы курстар ұйымдастырылады.
Принстонс университетіндегі «Writing across University» бағдарламасы немесе
Чикаго университетіндегі «Writing pedagogy» курстарын мысал ретінде
қарастыруға болады. Калифорниядағы US Davis университетінде ғылыми
мектептер қызметі өте жоғары деңгейде жұмыс жасауда. Студенттер өз
мамандықтары және қызығушылықтары бойынша ғылыми мектеп ұсынатын
түрлі бағыттағы курстарға қатыса алады. ЖОО жасалынатын зерттеулердің
басым бөлігі студенттермен ғылыми мектептер негізінде жасалынады.
Жоғары оқу орындарындағы зерттеушілік іс-әрекетті Ұлыбританияда
мемлекеттік университеттер мен зерттеу орталықтарында жүргізу тәртібін
реттейтін принциптердің бірыңғай кодексі бар. Ұлыбританияның қоғамдық
өмірді стандарттау комитеті (Committee on Standards in Public Life) дайындаған
нормативтік құжаттар зерттеушілік жобаларға демеушілік жасайтын қорлар мен
ұйымдардың (мысалы, «Велком Траст» қоры) және университеттердің (мысалы,
Кембридж қ. университеті) [85] жарғылық құжаттарының негізін құрайды.
Ғылыми-зерттеу
қызметіне
оқытуды
Кембридж
университетінің
мәліметтерінен қарастыруымызға болады. Университеттің зерттеушілік іс-
әрекетіне
байланысты
нормативтік
құжаттарда
келесі
мәселелер
қарастырылған:
моральдық
нормаларға
сәйкестік;
объективтілік;
есепберушілік; ашықтық; әділдік; ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылу.
Осы принциптердің ғылыми-зерттеушілік іс- әрекетті ұйымдастыру мен
өткізуге тікелей қатыстылығы маңызды мәселелердің бірі. Осылай, мысалы,
Кембридж университетінің құжаттарында зерттеушілік институттардың
жетекшілері зерттеудің қатысушыларының барлығы идеялармен еркін алмасып,
өздерінің зерттеушілік біліктерін дамыта алатын серіктестік ахуалында
жүргізілуіне жауапкершілігі көрсетілген.
Ұлыбритания зерттеу университеттерінің міндеттеріне университет
қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың сапасын жоғарылату бойынша
университеттің жалпы бағдарламасының құрамына кіретін, ғылыми
зерттеулердің жетекшілерін даярлау бойынша қолданбалы курсты өзіне
қосатын зерттеушілік жобаларды бақылау және жетекшілік етуді қамтамасыз
ету жүйесі қызмет етеді. Жетекшілерді даярлау курсы зерттеушілермен
кездесулер қаншалықты жиі өту керектігін, сонымен қатар студенттер мен
аспиранттардың зерттеушілік қажеттіліктерін дамыту мен негізгі ақпаратты
тексеруге қатысты жетекшілердің міндеттерін түсіндіретін нұсқауларға сәйкес
ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Зерттеу жобаларының жетекшілерінің
міндеттеріне зерттеу болжамын құрастыру, қаржыландыруға сұранысты
даярлау, эксперимент хаттамаларын жасау, нәтижелерді тіркеу мен талдауды
қоса алғанда, зерттеудің барлық сатыларына бақылау жүргізу қызметінен
құралады.
26
Зерттеу университеттерінде жарғылық құжаттарға сай студенттер мен жас
зерттеушілерге арналған көптеген курстар қызмет етеді. Бұл курстар бойынша
зерттеушілік жұмысты жүргізудің алдыңғы тәжірибесін түсіну мен игеруді
қамтамасыз етуі қажет. Зерттеудің жетекшілері студент және әріптес-
зерттеушілердің оларға қажетті курстарға өздерінің кәсіптік даму
бағдарламасының бөлігі ретінде қатысуын қадағалап отыруы қажет. Мұндай
бағдарламалар мен курстарға «Кәсіптік тәжірибе және этика», «Зерттеуді
жобалау», «Зерттеушілік жабдықтарды қолдану», «Зерттеу нәтижелерін
тіркеу», «Зерттеу нәтижелерін қорғау» және т.б. бағдарламаларды жатқызуға
болады [85].
Зерттеу университеттерінде білім алатын бакалавриат студенттері ғылыми-
зерттеу қызметі көп көлемде ақпаратты іздеу, жинау, талдау және жалпылау
біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Кембридж университетінің оқу
жоспарына жүргізілген талдау нәтижесі бакалавриат студенттерінің ғылыми-
зерттеу қызметі нәтижелерін ұсыну формалары берілген тақырыптар бойынша
қарастырылған әдебиеттер бойынша эссе (essays), сонымен қатар курстық
жұмыстар (thesis, paper) екенін көрсетті, ал жоғары курстарда – зерттеу
жобалары (research projects) немесе диссертациялар (dissertation) орындайды.
Зерттеу университетінде студенттермен жүргізілетін ғылыми-зерттеу
жұмыстарының қызметінде кітапхананың маңыздылығын атап өтуге болады.
Ұлыбритания зерттеу университеттерінің кітапханалары ақпаратпен
жұмыс жасау негіздерін үйрету бағытында студенттерге арналған білім берудің
әртүрлі бағыттарында бағдарламаларын ұсынады. Мысалға Кембридж
университетік кітапханасы студенттерге арналған зерттеушілік біліктерді
дамытуға бағытталған Research Skills Programme бағдарламасын даярлап,
жүзеге асыруда. Осы бағдарлама аясында кітапхана бірінші курс студенттері
мен оқудың басқа сатыларындағы студенттерге жыл бойы таныстыру
семинарларын өткізеді. Зерттеу іс-әрекеті біліктерін дамытуға бағытталған
бағдарлама міндеттері студенттерді қағаз және электронды бастауларда ақпарат
іздеуді жүзеге асыра алу қабілеті, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау,
сонымен қатар жұмыстың әр түрлеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз
етудің түрлерін қолдана алу қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Зерттеу нәтижелеріне сүйене келе, ХХІ ғасырда әлемдік білім беру
жүйесіне біршама өзгерістер орын алған. Білім беру жүйесінің негізгі даму
алғышарттарына:
-
әлемдік қауымдастық даму жылдамдығының жеделдеуі нәтижесінде,
өзгермелі жағдайларға жылдам бейімделе алатын адамдар даярлау
қажеттілігінің туындауы;
-
постиндустриялды, ақпараттық қоғамға көшу, мәдени қарым-
қатынастар аймағының кеңею нәтижесінде коммуникабелділік және
толеранттылық факторларының ерекше маңыдылығы;
-
глобалды мәселелердің пайда болуы және өсуі мәселелерінің шешімі
халықаралық қауымдастықтың өзара қарым-қатынас нәтижесінде өскелең
ұрпаққа заманауи ойлауды қалыптастыруы қажет;
Достарыңызбен бөлісу: |