В данной дипломной работе было создано база данных для управления



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет13/20
Дата01.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#2635
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

 

 

 

40 

 

Деректер қорын басқару жүйесінің даму перспективалары. 



Бұл деңгей интранет – ақпаратқа рұқсаттаманың жаңа технологиясының 

пайда 


болуымен 

сипатталады. 

Аталмыш 

деңгейдің 

клиент-сервер 

технологиясынан  негізгі  айырмашылығы:  арнайы  клиенттік  бағдарламалық 

қамтаманы қолданудың еш қажеттілігі жоқ.   Алыстатылған деректер қорымен 

жұмыс  істеу  үшін  Microsoft    Internet  Explorer  немесе  Netscape  Navigator 

сияқты  интернет-браузерлер  пайдаланылады,  яғни  соңғы  қолданушы  үшін 

ақпараттарға  сұраныс  жасау  ғаламтормен  жылжу  процесіне  ұқсайды  (Сурет-

2.2.8).  Java,  Java-scrіpt,  Perl  және  т.б.  тілдерде  жазылған  HTML-парақшалар 

коды  арқылы  қолданушының  барлық  іс-әрекетін  бақылап,  оны  төменгі 

деңгейдегі  SQL-сұраныстарға  жібереді.  Осы  арқылы  ол  клиент-сервер 

технологиясында  клиенттік  бағдарламаның  қызметін  атқарады.  Тәсілдің 

ыңғайлылығы  тек  қана  оның  деректер  қорына  алшақтатылған  рұқсаттаманы 

қолдануға  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұйымның  локальді  желісінің 

қолданушыларының  пайдалануына  да  әкелді.  Күрделі  алгоритмдермен 

байланыспаған деректерді өңдеудің қарапайым есептері берілген архитектура 

бойынша  оңай  және  тиімді  құрастырылуы  мүмкін.    Бұл  жағдайда  берілген 

есепті  пайдаланатын  жаңа  қолданушыны  қосу  үшін    қосымша  клиенттік 

бағдарламалық  қамтаманы  орнатудың  қажеті  жоқ.  Бірақ,  алгоритмі  күрделі 

есептерді    арнайы  клиенттік  бағдарламалық  қамтаманың  көмегімен  клиент-

сервер архитектурасында шешкен абзал.  

Жоғарыда  аталып  өткен  барлық  деректермен  жұмыс  істеу  әдістерінің 

өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олардың қолданылу аясы сол 

ерекшеліктеріне  қарай  анықталады  және  қазіргі  таңда  бәрі  кең  қолданыста 

жүр.  

 

 



 

Сурет 2.2.8 – Интранет технологиясында деректер қорымен қарым-қатынас 

 



 

 

 

41 

 

 



2.2.9 Microsoft SQL Server жайлы ақпарат 

 

Microsoft  SQL  Server    деп  –  деректер  қорын  басқарудың  реляционды 



жүйесін  (ДҚБЖ)  айтамыз.  Деректер  қорының  реляционды  жүйесінде 

ақпараттар    кестелерде  сақтаулы  болады.  Өзара  байланысы  бар  ақпараттар 

кестелерге топтастырыла алу мүмкіндігі бар, сондай-ақ,  кестелердің арасында 

да  байланыстар  орнатылатын  жағдайлар  да  кездеседі.  Осыдан  реляционды 

деген  атаудың  бастамасы  алынады,  ол  relational  деген  ағылшын  сөзінен 

алынған,  қазақша  аударғанда  туыстық,  байланысқан  деген  мағынаны 

білдіреді.  Пайдаланушылар  мәліметтерге  қосымшалардың  көмегімен  қол 

жеткізе алады, ал администраторлар серверге тікелей өту мүмкіндіктері бар. 

Масштабталатын  деректер  қорының  бірі  болып  SQL    Server  

саналатындықтан,  ол  үлкен  көлемдегі  ақпараттарды  сақтай  алады,  бірнеше 

пайдаланушының жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, қамтамасыз ете алады.  

Пайда болғаннан, яғни 1989 жылдан бастап ДҚБЖ SQL  Server -і талай 

өзгерістерге  ұшырады.  Ол  өзгерістерге  өнімнің  масштабтала  алу  қабілеті, 

оның  тұтастығы,  өнімділігі  және  функционалды  мүмкіндіктерінің  артуы 

жатады.  SQL  алғашқы кезде  жай  ғана пайдаланушының дерекқормен жұмыс 

жасауының әдісі болған және келесідей операцияларды орындауға мүмкіндік 

берген: 

 

- жаңа кестені мәліметтер қорында құрастыруға; 



 

- ұйымдастырылған кестеге жаңа мәліметтерді қосуға; 

 

- ақпараттарды өзгертуге; 



 

- деректерді жоюға; 

 

- бір немесе бірнеше кестелерден ақпараттарды алуға; 



 

- кестелер құрылымдарын өзгертуге.  

 

Уақыт  өте  SQL  тілі  жаңартылып,  дамып,  жаңа  конструкциялармен 



толықтырылып,  жақсартылды.  Мысалы,  индекстер,  көріністер,  триггерлер, 

сақтап қоюға болатын процедуралар, күрделі функциялар және т.б. 

 

Клиент-серверлі немесе автономды «үстелдік» жүйе түрінде SQL  Server  



жүйесі  жүзеге  асырыла  алады.  Деректер  қорына  бір  мезетте  рұқсат  алуға 

міндетті  қолданушылардың  санына  және  орындалуға  тиісті  жұмыс  сипатына 

жобаланатын жүйенің типі байланысты болады.  

 

SQL операторлары төменде көрсетілгендей түрлерге бөлінеді: 



 

Деректерді анықтауға қатысатын операторлар (Data Definition language, 

DDL): 

 

-  CREATE  операторы  деректер  қорының  объектілерін  құрады,  яғни 



дерекқордың  өзін,  кестелерді,  көріністерді,  қолданушыларды,  триггерлерді, 

функцияларды және т.б. құрады; 

 

- ALTER операторы объекттерді өзгерту үшін арналған; 



 

- DROP операторы объекттерді жою үшін қолданылады. 

 

Деректермен  манипуляция  жасауға  арналған  операторлар  (Dаtа 



Manipulation Language, DML): 


 

 

 

42 

 

 



-  SELECT  егер  берілген  шарттар  қанағаттандырарлық  болса,  онда  бұл 

команда деректерді оқиды; 

 

- INSERT операторы арқылы жаңа ақпараттарды қосады; 



 

- UPDATE бар деректерді өзгерту үшін қажет; 

 

- DELETE ақпаратты жоятын оператор. 



 

Ақпараттарға  қол  жетімділікті  анықтау  үшін  пайдаланылатын 

операторлар (Data Control language, DCL): 

 

-  GRANT  қолданушыға  немесе  топтарға  объектпен  белгіленген 



операцияларды орындауға рұқсат, яғни привилегия береді; 

 

-  REVOKE    операторының  алдында  берілген  мүмкіндіктерді  қайтарып 



алу қабілеті бар; 

 

- DENY тыйым салу операторы. 



 

Транзакцияларды  басқаруға  арналған  операторлар  (Transaction  Control 

Language, TCL): 

 

- COMMIT транзакцияларды қабылдау міндеті жүктелген оператор; 



 

-  ROLLBACK  қазіргі  транзакцияда  істелінген  барлық  өзгерістерді 

қайтара алу қабілеті бар; 

 

- SAVEPOINT транзакцияны кішігірім бөліктерге бөлетін оператор. 



 

 

2.2.10    Microsoft  SQL    Server  -дің  артықшылықтары  және 

кемшіліктері 

 

 

SQL  Server -дің артықшылықтарына мыналар жатады: 



 

1. Нақты деректер қорының басқару жүйесінен тәуелсіздігі.  Синтаксисі 

мен  диалектісінің  айырмашылығы  болса  да,  DDL  және  DML  құрамынан 

тұратын  сұраныстарды  SQL  сұранысының  мәтінінбір  деректер  қоры  басқару 

жүйесіненекінші басқа біреуіне оңай ауыстыруға мүмкіндігі бар. 

 

2. Стандартының бар болуы. 

 

3.  Декларативтігі,  яғни  бағдарламашы  SQL  арқылы  өзіне  қажетті 



ақпараттарды шығару немесе түрлендіре алу қабілеті бар. 

 

Артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жоқ емес: 

 

1.  Реляционды  деректер  моделінің  сәйкессіздігі.  SQL-ді  реляционды 



деректер  моделін  құрастырған  Эдгар  Кодд,  Кристофер  Дейт  және  олардың 

қасындағы  көмекшілері  мен  сыбайластары,  жақтаушылары  шынайы 

реляциондық  тіл  деп  есептемейді.  Олар    Реляционды  деректер  моделінің 

құрушылары  Эдгар  Кодд,  Кристофер  Дейт  және  олардың  жақтаушылары 

SQL-ді  шынайы  реляциондық  тіл  деп  есептемейді.  Олар  SQL-дің  төменде 

көрсетілгендей  ақауларын    реляциондық  теория  көзқарасы  бойынша 

түсіндіреді: 

 

- қатарлар – көшірме нұсқалар; 



 

- анықталмаған мәндер (null); 

 

- бағаналардың реттігін пайдалану; 



 

- аты жоқ бағаналар мен қайталанатын бағаналар аты; 

 

- «=» операциясымен дұрыс істемеушілігі; 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау