В данной дипломной работе было создано база данных для управления



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата01.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#2635
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

 

 

 

34 

 

Ақпараттық  жүйелердің  дамуындағы  негізгі  қадам  файлдарды 



басқарудың  орталықтандырылған  жүйелерін  пайдалануға  көші  болып 

табылады. қолданбалы бағдарлама тұрғысынан файл- деректерді жазып, одан 

деректерді    шығарып  алуға  мүмкңн  болатын  сыртқы  жадының  аталған 

аймағы. Файлдарды атау ережесі- ондағы ақпараттарға қол жеткізудің амалы, 

ол  деректердің  құрылымы  файлдарды  басқарудың  нақты  жүйесіне 

байланысты.  Файлдарды  басқару  жүйесі  сыртқы  жадыны  таратып,  ондағы 

файлдардың атауын тиісті орындарда көрінуін қамтамасыз етеді. 

Файлдардың  нақты  модельдерімен  стандартты  операцияларды  іске 

асыра алады: 

- файлды құру (талап ететін типі мен көлемі); 

- бұрынырақта жасалған файлды ашу; 

- Файлдағы жазуды оқу; 

- файлға жаңа жазуды қосып, файлдың аяғына жаңа жазуды қосу. 

Әртүрлі  файлдық  жүйелерде  бұл  операциялар  бір-бірінен  ерекшеленіп 

тұрғанымен,  жалпы  мағынасы  осыған  келіп  саяды.  Мұндағы  файлды  жазу 

құрылымы  тек  қана    онымен  жұмыс  жасайтын  бағдарламаға  мәлім  болды, 

файлдарды  басқару  жүйесі  одан  бейхабар  болып  отырды.  Сондықтан  да 

файлдан белгілі бір ақпаратты шығарып алу үшін файлды жазу құрылымының 

ерекшелігін  битке  дейінгі  нақтылықпен  білу  керек.  Әрбір  бағдарламада 

файлдың  құрылымына  сай  болатын  деректер  құрылымы  болуы  тиіс. 

Сондықтан  да  файлдың  құрылымын  өзгерту  барысында  бағдарлама 

құрылымын  өзгерту  қажет  еді,  яғни  ол  компилляцияны-  орындалатын 

машиналық  кодтарға  бағдарламаны  ауыстыруды  талап  етеді.  Яғни 

бағдарламалар файлдарға тәуелді болғанда болды. Ақпараттық жүйелерге тән 

нәрсе  алуантүрлі  тұтынушылардың  (бағдарламалар)  болуы  және  олардың 

барлығының  бірдей  файлдарда  сақталатын  информацияны  өңдеудің  өзіндік 

спецификалық  алгоритмдері  бар.  Бір  бағдарлама  үшін  файл  құрылымының 

өзгеруі  сол  файлмен  жұмыс  жасайтын  басқа  бағдарламалардың  да  қосымша 

реттелуін  қажет  етеді.  Аталмыш  кемшіліктің  болуы  ақпарат  сақтау  мен 

басқарудың жаңа жүйелерінің пайда болуына әкелді. 

Файлды  жүйелер  әртүрлі  бағдарламаларға  тиесілі  файлдардың  жалпы 

қоймасы болғандықтан, файлдарды басқару жүйесі файлдарға қол жеткізудің 

авторизациясын қамтамасыз ету керек. Жалпы түрде әрбір есептеуіш жүйенің  

тіркелген  тұтынушысы  үшін  қолда  бар  файлдың  әрқайсысына  іс  әрекеттер 

белгіленген.  Заманауи  жүйелердің  көбісінде  файлдарды  басқарудаОС  UNІX-

те алғаш пайдаланылатын оларды қорғау жүйесі қолданылады. 

Бұл  операциялық  жүйеде  әрбір  тіркелген  тұтынушыға  бүтінсанды 

идентификатордың жұбы сәйкес келеді. Бірінші идентификаторға тұтынушы, 

екіншісі  топағы  өзіндік  идентификатор  жатады.  Әр  файлда  оны  құрған 

тұтынушының  толық  идентификаторы  сақталады  және  ол  файлды  басқа  топ 

тұтынушылары қалай пайдаланатыны бекітіледі. Файлға қол жеткізу режимін 

басқару  негізінен  оны  жасаушы  іске  асырады.  Бір  пәндік  аймақтағы 

ақпараттық модельді бейнелейтін көптеген файлдар үшін осындай орталыққа 



 

 

 

35 

 

бағынбайтын 



принциппен 

жұмыс 


жасау 

тиімсіз 


болды. 

Орталықтандырылмаған  басқару  әдістерінің  болмауы  ДҚБЖ  жасау  себебінің 

бірі. 

Көптеген  тұтынушылардың  бір  файлдармен  қатарынан  жұмыс  жасауы 



үшін ДҚБЖ ұйымдастыру керек болды. Жалпы жағдайда файлдарды басқару 

жүйесі  көптұтынушылық  қолжеткізуді  қамтамасыз  ету  үшін  керек.  Егер 

операциялық  жүйе  көптұтынушылық  режимді  қамтамасыз  етсе,  онда  бір 

мезетте екі немесе одан да көп қолданушылардың бір  файлмен жұмыс істеуі 

әбден мүмкін.  Егер барлық қолданушылар файлды тек оқығысы келсе, онда 

ештеңе болмайды. Алайда біреуі болса да файлды өзгерткісі  келген жағдайда, 

бұл  қолданушылардың  дұрыс  жұмыс  істеуіне  олардың  файлға  деген  іс-

әрекетінің өзара синхронизациясы қажет болады. 

Файлдарды  басқару  жүйесінде  әдетте  келесідей  тәсіл  қолданылған. 

Файлды  ашу  кезінде  (файлмен  жұмыс  жасау  кезіндегі  бірінші  әрі  міндетті 

операция)  басқа  да  параметрлердің  ішінен  жұмыс  істеу  режимі  (оқу  немесе 

өзгерту  режимдері)  таңдалатын.  Осы  операцияның  PR1  тұтынушылық 

процесімен  орындалуы  кезінде  кейбір  файл  басқа  PR2  процесімен  өзгерту 

режимінде ашық болған жағдайда, онда жүйенің ерекшеліктеріне байланысты 

PR1  процесіне  файлды  ашуға  рұқсат  жоқ  екені  хабарланатын,  болмаса  PR2 

процесі файлды  жабу  операциясын орындағанша бұғатталатын.    Бір  уақытта 

бірнеше  қолданушының  жұмысын  ұйымдастырудың  мұндай  тәсілі  кезінде 

файлдың  модификациясына  байланысты  жұмыс  не  орындалмайтын,  не  өте 

ұзақ уақытты алатын.  

Бұл 


кемшіліктер 

ақпараттық 

жүйені 

құрастырушылар 



үшін 

ақпараттарды  басқарудың  жаңа  әдісін  ұсынуға  итермеледі.  Бұл  әдіс  жаңа 

бағдарламалық  жүйелер  негізінде    құрастырылды,  кейіннен  ол  -  деректер 

қорын  басқару  жүйесі  (ДҚБЖ)  деп,  ал  осы  жүйенің  басқаруымен  жұмыс 

істейтін  ақпаратты  сақтау  деректер  қоры  немесе  деректер  банкі  (ДҚ  және 

ДБн) деп аталып кетті. 

Бірінші кезең – үлкен ЭЕМ-дерде деректер қоры. 

ДҚБЖ-ның даму тарихы 30 жылды қамтиды. 1968 жылы ең бірінші IBM 

компаниясының  өнеркәсіптік  ДҚБЖ  ІMS  жүйесі  қолданысқа  берілді.  1975 

жылы  деректерді  өңдейтін  тілдер  бойынша  бірінші  ассоциация  стандарты  –  

Conference of  Data System  Languages  (CODASYL)    пайда болды.  Ол  деректер 

қоры жүйесі теориясында әлі күнге дейін деректердің желілік моделінің негізі 

болып табылатын  бірнеше фундаменталды түсініктерді қалыптастырды.   

Деректер  қоры  жүйесі  теориясының  дамуына  үлкен  еңбек  сіңірген 

деректердің  реляциялық  моделін  құрастырған  америкалық  математик  Э.  Ф. 

Кодд  болып  табылады.  1981  жылы  Э.Ф.Кодд  реляциялық  модель  мен 

реляциялық  алгебраны  құрастырғаны  үшін  есептеу  техникасы  бойынша 

Америкалық ассоцияның Тьюринг беделгі сыйлығын алды.   

Одан кейін 200 жылдай уақыт өтсе де, есептеу техникасының және оның 

қоғамдағы  рөлінің,  дербес  ЭЕМ-дердің  және  ЭЕМ-нің  қуатты  жұмыс 

станциялары мен желілерінің жылдам дамуы деректер қоры технологиясының 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау