36
жедел дамуына ықпалын тигізді. Бұл бағытта дамудың 4 кезеңін атап өтуге
болады. Алайда, осы кезеңдер арасында аса қатты уақыттық шектеулер жоқ
екенін де аңғаруға болады: олар бір-біріне бірқалыпты ауысады, тіпті бір-
бірімен қатар өмір сүрген, сонда да берілген кезеңдерді атап өту деректер
қоры даму технологиясының жекелеген сатыларын,олардың ерекшеліктерін
нақтырақ сипаттауға мүмкіндік береді.
ДҚБЖ дамуының бірінші кезеңі IBM 360/370, ЕС-ЭЕМ сияқты үлкен
және Digital Equipment Corporation – DEC фирмасының типті PDP11 кіші
машиналарында, Hewlett Packard фирмасының әртүрлі HP модельдерінде
деректер қорын ұйымдастырумен байланысты.
Деректер қоры орталық ЭЕМ-ның сыртқы жадысында сақталған,
олардың қолданушылары пакетті режимде жіберілетін есептер болған.
Интерактивті рұқсат ету режимі жеке есептеу ресурстары жоқ және орталық
ЭЕМ-нің енгізу/шығару құралдары ретінде ғана қызмет атқаратын консольді
терминалдардың көмегімен қамтамасыздандырылатын. ДҚ-ға рұқсат ету
бағдарламалары әртүрлі тілдерді жазылған және қарапайым сандық
бағдарлама ретінде жіберілген. Қуатты операциялық жүйелер бір мезетте
көптеген есептеулерді жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз еткен. Бұл жүйелерді
бөлінген қол жеткізулерге жатқызуға болады, себебі деректер қоры
орталықтандырылған және орталық ЭЕМ-ның сыртқы жадыдының
құрылғыларында сақталған, ал оған кіру көптеген қолданушы-есептеулермен
қамтамасыз етілген.
Осы кезеңнің дамуының ерекшеліктері келесіде көрінеді:
- Барлық ДҚБЖ қуатты мультиесептеулі операциялық жүйелерге (MVS,
SVM, RTE, OSRV, RSX, UNIX) негізделеді, сондықтан көп қолданушылық
рұқсат ету режимінде орталықтанған деректер қорымен жұмыс атқару
қолданылады.
- Ресурстарды таратуды басқару функциялары операциялық жүйемен
жүзеге асады.
- Деректерге навигациялық рұқсат ету әдісіне бағытталған
манипуляциялаудың төменгі деңгейіндегі тілдер қолданылады.
-
Деректер қорының реляциялық моделінің негізделуі және
заңдастыруына нақты жұмыстар жүргізіледі. Алғаш рет деректер қорының
реляциялық моделінің идеологиясын іске асыратын System R жүйесі пайда
болды.
- Орталықтандырылған ДҚ-ының сұраныстарын оптимизациялау және
басқарудың таратылған рұқсат етуіне теориялық жұмыстар жүргізіледі,
транзакция ұғымы енгізілді.
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелері баспасөзде ашық талқыланады,
деректер қорының теориясы мен практикасының барлық аспектісіне қатысы
бар көпшілікке рұқсат етілген публикациялардың қуатты ағыны жүреді,
теориялық зерттеулердің нәтижелері белсенді түрде коммерциялық ДҚБЖ-ға
енгізіледі.
37
- Реляциялық деректер қорының жұмысына арналған алғаш жоғарғы
деңгейлі тілдер пайда бола бастады, алайда пайда болған тілдердің
стандарттары болмады.
Дербес компьютерлер дәуірі.
Дербес компьютерлер біздің өмірімізге қарқынды түрде кіріп, есептеу
техникасының орны мен рөлі туралы қоғамның түсінігін өзгертті. Енді
компьютерлер әр қолданушы үшін жақын әрі қолжетімді болды. Бірқатар
қолданушылардың түсініксіз және күрделі бағдарламалау тілдерін қолдану
керек деген үрейі сейілді. Дайындығы аз қолданушылар үшін де қарапайым
бағдарламалар ойлап табылды. Бұл бағдарламалар өте қарапайым, қолдануда
оңай және түсінікті болды. Олар, алдымен әртүрлі мәтіндік редакторлар,
электрондық кестелер және т.б. болды. Файлдарды көшіру, ақпаратты бір
компьютерден екінші компьютерге көшіру, мәтінді, кестелерді және
жоспарларды шығарып алу операциялары жеңіл әрі түсінікті болды. Жүйелік
бағдарламашылар екінші орынға ысырылды. Әрбір қолданушы өзін осындай
қуатты және ыңғайлы, қызмет аспектілерін автоматтандыруға мүмкіндік
беретін құрылғының толықтай иесі болып сезіне алды. Әрине, бұл деректер
қорымен жұмыс істеуге де әсерін тигізді. Деректер қорын басқару жүйесі деп
аталатын, ақпараттың едәуір көлемін сақтауға болатын көптеген
бағдарламалар пайда болды. Олардың мәліметті толтыруға ыңғайлы
интерфейсі, әртүрлі есептеулерді генерациялайтын кіріктірілген құралдары
болды. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар бұрын қолмен енгізілген есепке алу
функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік берді. Дербес компьютерлердің
құнының ұдайы түсуі оларды тек қана ұйымдар мен фирмаларға ғана емес,
сондай-ақ жекелеген қолданушыларға сатып алуға қолжетімді болды.
Компьютерлер құжаттарды және өзіндік есепке алу функцияларын жүргізуді
қамтамасыз ететін құралынға айналды. Аталғандардың барлығы деректер
қорының дамуына тура да, кері де әсерін тигізді. Дербес компьютерлердің
қарапайымдылығы мен қолжетімділігі көптеген дилетанттардың пайда
болуына септігін тигізді. Бұл құрастырушылар, өзін білгір санап, ұзаққа
жарамайтын, шынайы өмір объекттерінің көптеген ерекшеліктерін
ескермейтін деректер қорын жобалай бастады. Нақты объекттердің даму
заңдары мен қарым-қатынасына жауап бермейтін біркүндік-жүйелер көптеп
құрылды. Алайда, дербес компьютерлердің қолжетімділігі бұрын есептеу
техникасын
жұмысында
пайдаланбаған
басқа
салада
жүрген
қолданушылардың өз қызметінде пайдалануға септігін тигізді. Дамыған
ыңғайлы бағдарламаларға сұраныстың артуына байланысты бағдарламалық
қамтаманы жеткізушілер desktop ДҚБЖ деп аталатын жаңа жүйелерді әкелді.
Өнім берушілер арасындағы едәуір бәсекелестік осы жүйелерді одан әрі
дамытуға, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына, интерфейсті жаңартуға,
жүйенің тез жұмыс істеуіне және бағасының арзандауына ықпалын тигізді.
Нарықта ДҚБЖ көп болғандықтан осы жүйе үшін ақпараттарды экспорттау-
импорттау әдісі және деректерді сақтау форматының ашылуы құрастырылды.