В данной дипломной работе было создано база данных для управления



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет12/20
Дата01.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#2635
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

 

 

 

38 

 

Алайда  бұл  кезде  де  стандартты  бағдарламалау  тілдерін  пайдалана 



отырып өзінің жеке ДҚБЖ-лерін құрастыратын әуесқойлар пайда болды.  Бұл 

тұйық  нұсқа  болды,  себебі  алдағы  дамулар  көрсеткендей,  стандартты  емес 

форматтан деректерді жаңа ДҚБЖ-ға ауыстыру қиындау болды, кей жағдайда 

еңбек шығындарын талап еткені соншалық, одан да жаңадан ДҚ жобалай салу 

оңайлау  болды,  бірақ  ақпаратты  бәрібір  жаңа  перспективалық  ДҚБЖ-ге 

ауыстыру керек болды.  

Бұл деңгейдің ерекшеліктері мынандай: 

-  Барлық  ДҚБЖ  монополиялық  рұқсат  етілген  деректер  қорын  жасауға 

арналған. Бұл – түсінікті. Компьютер дербес және ол желіге қосылмаған, оның 

ішіндегі  деректер  қоры  бір  адамның  жұмыс  істеуіне  негізделген.  Кей 

жағдайларда  бірнеше  қолданушының  кезекпен  жұмыс  істеуі  қарастырылған, 

мысалы,  алдымен  бухгалтерлік  құжаттарды  енгізген  оператор,  ал  кейіннен 

бастапқы құжаттарға сәйкес желілеуді жүргізген бас бухгалтер. 

-  Көптеген  ДҚБЖ  ыңғайлы  әрі  дамыған  қолданушылық  интерфейсі 

болды.  Көбісінде  ДҚ-мен  жұмыс  істеудің  интерактивті  режимі  болған.  Ол 

деректер қорының сипаттау шеңберінде де, сұраныстарды жобалау аясында да 

қолданылды.  Сонымен  қатар,  айтарлықтай  барлық  дерлік  ДҚБЖ-ның  дайын 

қосымшаларды  бағдарламалаусыз  дайындауға  болатын  ыңғайлы  және 

дамыған  аспаптар  ұсынылды.  Аспаптар  ортасы  қосымшалардың  экрандық 

нысандар, 

есептер, 

заттаңба 

(Labels), 

сұраныстардың 

графикалық 

конструкторы түріндегі дайын шаблондардың элементтерінен тұрды. 

- Барлық desktop ДҚБЖ-да реляциялық модельдің сыртқы деңгейі ғана, 

яғни деректер құрылымының сыртқы кестелік түрі қолданылды. 

- Реляциялық алгебра және SQL типінде деректерді манипуляциялайтын 

жоғары  деңгейлі  тілдердің  бар  болғанына  қарамастан,  desktop  ДҚБЖ-да 

кестенің жеке жолы деңгейінде деректерді манипуляциялайтын кіші деңгейлі 

тілдер қолданылды.  

-  Desktop  ДҚБЖ-да  деректер  қоры  бүтіндігінің  сілтемелік  және 

құрылымдық қолдау  құралдары болған  жоқ.  Бұл  функцияларды  қосымшалар 

істеу керек болған, бірақ қаражаттың тарлығынан жүзеге асырылмай қалатын, 

бұл жағдайда  осы функцияларды қолданушыдандеректер қорында сақталған 

ақпараттарды енгізу мен өзгерту кезінде қосымша бақылауын талап етті.  

-  Монополиялық  режим  жұмысы  бар  болуы  ДҚ  администрациялау 

функциясының  деградацияға  түсуіне  әкелді,  соған  байланысты,  ДҚ-ны 

администрациялаудың аспаптық құралдарының болмауына әсер етті.  

-  Сонымен,  ақырғы  және  қазіргі  таңда  оң  ерекшелігі  –  бұл  ДҚБЖ 

тарапынан  міндеттемелерінің  аппараттық  қамтамаға  салыстырмалы  түрде 

қарапайым  болуы.  Мысалы,  Clipper-де  жұмыс  істеуге  қабілетті  қосымшалар 

PC 286-да жұмыс істеді. 

-  Негізінде,  оларды толыққанды  ДҚБЖ деп  те  атауға  қиын.  Бұл  өрістің 

жарық  өкілдері  осы  уақытқа  дейін  Dbase  (Dbase  ІІІ+,  Dbasel  V),  FoxPro, 

Clipper, Paradox ДҚБЖ-ны қолданды.  

Көп қолданушылық бөлінген деректер қоры. 




 

 

 

39 

 

Көпшілікке  белгілі,  тарих  спираль  түрінде  дамиды,  сондықтан  да 



«дербестендіру» процессінен кейін  кері процесс – интеграция жүрді. Локальді 

желілердің  саны  артуда,  ақпараттар  компьютерлер  арасында  таратылып, 

жіберілуде,  транзакциялардың  параллельді  өңдеуіне  байланысты  мәселелер 

қойылуда.  Транзакция  дегеніміз  –  деректер  қорына  жасалатын  операциялар 

тізбегі.  Осы  есептерді  дұрыс  шығару  көп  қолданушылық  реттелген  деректер 

қорының  пайда  болуына  әкелді.  Олар  үстелдік  ДҚБЖ-ның  барлық 

артықшылықтарын  сақтап,  сонымен  қатар  бір  мезетте  ақпараттың  өңделуін 

және ДҚ-ның бүтіндігін қамтамасыз етеді.   

Бұл деңгейдің ерекшеліктері: 

-  Жаңашыл  ДҚБЖ-ның  барлығы  дерлік  толық  реляциялық  модельдің 

қолдауын қамтамасыз етеді, яғни: 

 

1.  Құрылымдық  бүтіндігі  –  реляциялық  модель  түрінде  көрсетілген 



деректерді ғана қоюға жол беріледі. 

 

2.  Тілдік  бүтіндігі,  яғни  деректерді  манипуляциялаудың  жоғары 



деңгейлі тілдері (негізінен алғанда SQL). 

 

3.  Сілтемелік  бүтіндігі,  белгіленген  уақыт  ішінде  жүйенің  жұмыс 



істеуінің сілтемелік бүтіндігін  басқару және осы шектеулерді ДҚБЖ-ның бұза 

алмайтынына кепілдік беру.  

-  Көптеген  жаңашыл  ДҚБЖ  көп  платформалы  архитектураға 

негізделген,  яғни  олар  архитектурасы  және  операциялық  жүйелері  әртүрлі 

компьютерлермен  жұмыс  істей  алады,  сонда  да  әртүрлі  платформаларда 

басқарылатын  ДҚБЖ  үшін  қолданушыларға  деректерге  рұқсат  етілуі  іс 

жүзінде айырмашылықтары білінбейді.  

-  Деректер  қорымен    көп  қолданушылар  деңгейде  жұмыс  істеуде 

қолдаудың  қажеттілігі  және  ақпараттарды  орталықтандырылмаған  сақтау 

мүмкіндігі ДҚ администрациялау құралдарының дамуын талап етті. 

- Жаңа жүзеге асыруларға деген қажеттілікті елеулі көп қолданушылық 

реализацияны  оңтайландыру  ДҚ-на  теориялық  еңбектердің  жазылуы  және 

белгілі бір транзакциялармен жұмысы тудырды.  

-  Бұрын  үстелдік  ДҚБЖ-ны  қолданған    клиенттерін  жоғалтып  алмау 

үшін барлық дерлік жаңа ДҚБЖ-ларда үстелдік ДҚБЖ-ны пайдалана отырып 

құрылған клиенттік қосымшаларды қосу құралдары бар және дамудың екінші 

деңгейіндегі ДҚБЖ форматтарынан деректер экспорты құралдары бар.  

-  Дәл  осы  деңгейге  деректерді  сипаттау  және  манипуляциялау  тілдері 

негізінде  стандарттар  жиынын  құруды  жатқызуға  болады.  Оларға  SQL89, 

SQL92,  SQL99  және  әртүрлі  ДҚБЖ  арасында  ақпарат  алмасатын  Microsoft 

фирмасы  ұсынған  ODBC 

 

(Open  DataBase  Connectivity)  хаттамасын 



технологияны жатқызуға болады.  

- Дәл осы кезеңге объектті-бағытталған ДҚ – ОБДҚ-мен жұмыс істеудің 

басын жатқызуға болады. Екінші деңгейге жататын ДҚБЖ-ға MS Access және 

барлық жаңа деректер қоры серверлерін Oracle 7.3, Orаclе 8.4, MS SQL-Server 

6.5,  MS  SQL-Server  7.0,  System  10,  System  11,  Informix,  DB2,  Progress, 

SQLBase жатқызуға болады.  




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау