В данной дипломной работе было создано база данных для управления



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет7/20
Дата01.12.2017
өлшемі0,67 Mb.
#2635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

 

 

 

26 

 

Тармақталған деректер типі қандай да бір бағдарламалау тілінде иерархиялық 



құрылымды есептеуге қолданылады. 

 

 



 

Сурет 2.2.3.1 – Дерекқордың иерархиялық моделінің құрылымы  

 

 

2.  Желілік  модель  дегеніміз  –  мәліметтердің  әрбір  элементінің  еркін 



графтар  түрінде  өзара  байланысқан  модель  түрі.  Желілік  деректерқор 

сұлбасын сипаттау үшін екі тип қолданылады: байланыс пенжазба типтері. 

 

 

 



Сурет 2.2.3.2 – Деректер қорының  желілік моделінің сұлбасы  

 

 



3.  Реляциялық  модель.  Ақпараттардыңқатынас  ұғымына  негізделген 

реляциялық  моделін    Эдгар  Код  ұсынған.  Ол    IBM  фирмасының  қызметкері 

болған.  Қатынас  деп  –картежді  айтамыз,  ал  картеж  дегеніміз  –  белгілі  бір 

элементтер  жиыны.  Екі  өлшемді  кестені  пайдалану  қатынасты  бейнелеуге 

арналған көрнекті форма болып табылады. 



 

 

 

27 

 

 



4.  Постреляциялық  модель.  Деректердің  постреляциялық  моделі 

кеңейтілген  реляциялық  модель  болып  табылады.  Бұл  модель  кестенің 

жазбаларында 

сақталған 

ақпараттардың 

бөлінбеушілік 

шектеуін 

алыптастайды.  Постреляциялық  модель  көп  мәнді  болып  келеді,  яғни 

көптеген өрістерден тұрады. Ал өрістерішкі мәліметтерден құралады.  

 

5. Көпөлшемді модель деп – көптеген жүйелерге талдау жүргізуге және 



шешім  қабылдауға  арналғанмәліметтерді  жедел  әрі  өте  тез  уақытта  өңдеуге 

мүмкіндік беретін модель түрін айтамыз. Көпөлшемді  тәсілде  де  реляциялық 

дерекқорын  пайдаланады  және  қордағы  ақпараттарды  қарастырады.  

Ақпараттық  желінің  өңдеуге  мүмкіндігі  бар,  себебі  көп  өлшемді  жүйелерге 

талдау жүргізіп, шешім қабылдау керек. 

 

6.  Объектіге  бағытталған  модель.  Ол  тармақталған  түрде  бейнеленіп, 



сипатталады.    Бұл  модельдің  логикалық  құрылымы  иерархиялық  деректер 

қорының моделіне сырттай ұқсас болып келеді. 

 

 

2.2.4 Деректер түрлері 

 

 

Деректердің бірнеше түрі бар: 



 

1. Мәтіндік – есептеулерді жүргізуді қажет етпейтін сандар (255 таңбаға 

дейін) немесе мәтін. 

 

2.  Сандық  –  әртүрлі  форматтаға  сандық  деректер.  Олар  да  есептеулер 

жүргізуге арналады. 

 

3. Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтауға арналады. 



 

4.  Ақшалы  –  бүтін  бөлігінде  15  таңбаға  дейін,  бөлшек  бөлігінде  4 

таңбаға дейін дәлдікпен жүргізіліп, математикалық  есептеулерде қолданысқа 

түсетін сандық деректер мен ақшалық мәндер. 



 

5. Mеmo – көп көлемді мәтінді сақтайды. 



 

6.  Санауыш  арнайы  сандық  өріс  болып  табылады.  Мұнда  әрбір  жазуға 

автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді. 

 

7. Логикалық – екі мүмкін болатын мәндерден тек біреуін ғана қабылдай 

алатын деректер түрі, яғни иә немесе жоқ. 

 

Деректер  қорындағы  кестелердің  сипаттары  тұтас  кестенің  көрінісі, 

болмаса  оның  әрекетіне  әсерін  тигізетін  кестенің  төлсипаттары  болып 

табылады.  Кестелердің  бейнелену  жолдарын  көрсетуге  арналған  көрініс 

сипатын орнатуға мүмкіндік бар.  

 

Деректер  қоры  деректер  қорын  басқару  жүйесімен  (ДҚБЖ)  тығыз 



байланысты  болады.  Бұл  бағдарламалық  құрылымдар  кешені  жаңа  қордың 

структурасын    құруға,  оны  ақпараттармен  толтыруға,  мазмұнын 

редакциялауға, яғни түзетуге және де ақпаратты визуалдандыруға арналған. 

 

 



 

 

 

 


 

 

 

28 

 

 



2.2.5 Деректер қорының архитектурасы 

 

 



Деректер  қоры  үшін  мәліметтерді  өңдеудің  жәнерұқсаталу  тәсілдері 

бойынша,  сондай-ақ,  деректер  базасының  орналасқан  орнына  байланысты 

қосымшалар архитектурасын бірнеше түрлерге бөлуге болады: 

 

1.  Жергілікті  архитектура.  Бұл  архитектура  түрінде  бағдарламаның  өзі 



де, деректер қоры да бір компьютерде орналасады.  

 

2.  Файл-серверлі  кархитектура.  Деректер  қоры  серверде  орталық  деп 



танылған компьютерде орналасады. Ал клиенттік бағдарламалар, орнатылған 

дербес  компьютерлер  оған  жергілікті  желі  бойынша  қосыла  алады.  Мұндай 

архитектура  түрінде  бірнеше  қолданушыларға  бір  дерекқормен  бір  мезетте 

жұмысістеуге мүмкіндік береді. 

 

 

 



Сурет 2.2.5.1 –«Файл-сервер» архитектурасы  

 

 



3.    Клиент-серверлік  архитектура.  Мұнда  деректер  қоры  серверде 

сақталады  және  қолданушылар  сұраныстарын  өңдейтін  деректер  қорын 

басқару 

жүйесі 


(ДҚБЖ) 

жұмыс 


жасайды. 

Бұл 


архитектураның 

түріндеқолданушылар    деректер  қорыменалға  қойылатын  тапсырмаларды 

орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДҚБЖ-ның көмегімен жұмыс 

атқарады.  Табылған  деректер  сервер  арқылы  клиентке  желі  бойынша 

жіберіледі.  Клиент-сервер  архитектурасының  ерекшелігі  болып  SQLServer-ді 

пайдалану  табылады.  Ол  –  құрылымдық  сұраныстар  тілі  болып  саналады. 

Клиент-серверлік    архитектурада  екі  немесе  одан  да  көпқолданушыларға  бір 

уақытта бір дерекқормен жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады.  

 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау