Утверждена



жүктеу 0,93 Mb.
бет5/7
Дата22.05.2018
өлшемі0,93 Mb.
#15760
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7

Әлеуетті өнім беруші басқа шығыстарды да көрсетуге құқылы, оның ішінде:


      жеңілдіктер берілетін жағдайда, оның көлемі

Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келісеміз.

Келесі балама төлеу шарттарын ұсынамыз

____________________________________________________________________________

(бар болса балама төлеу шарттары атап өтіледі)

немесе басқа шарттар

(атап өтіледі ________________________________________________________________)
Мыналар жанында баға жеңілдіктерін пайдалануға береміз мөлшерде________________

                                                                    (жазба түрімен ақшадай көрсету керек)

_______________      ______________________________

       (Қолы)                         (Лауазымы, тегі)

 

М.П.


 

 

Ескерту: Әлеуетті өнім берушіге жалпы бағаның құрамын көрсетпеуге болады, мыналар жанында тап осы жолда көрсетілген баға конкурс комиссиясымен Әлеуетті өнім берушінің барлық шығынын айқыны деп есептеледі және қайта қаралмайды



Конкурстық құжаттамаға

9 - қосымша



Тауарды мемлекеттік сатып алу

туралы шарты №______
Алматы қ. «__» ________ 2012 ж
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Төрайымы Мәженова Б.М., бір тараптан, және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, _____________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін_______________., арқылы, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) және 2012 жылы «__» ______ өткен жүйелiк блок, принтер және көшiргi аппаратын мемлекеттік сатып алу конкурсы қортындысы негізінде Тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1.Тапсырыс беруші тапсырма береді және төлейді, ал Өнім беруші Тапсырыс берушіге сатып алынатын тауарлардың тізіміне (Шартқа 1 қосымша) және техникалық ерекшеліктерінде (Шартқа 2 қосымша) сәйкес тауарды жеткізуді міндетіне алады, жалпы сомма:

1)1 - Лот – Жүйелiк блок /CMT/Corei7/2600/3,4GHz/4/Gb/500Gb/DVD+/RW/GMA/ HD/256Mb Windows Ult 7 Russian DVD, MS Office Pro 2010 32-bit/x64 Russian DVD, монитор LCD 24" (сапа сертификаты) ___________ (_______) теңге, ҚҚС - ты қоса алғанда;

2) 2 - Лот – А3+, А3, А4 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі бар қара-ала баспасымен лазерлі принтер _________(________) теңге, ҚҚС - ты қоса алғанда;

3) 3 - Лот - А3 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі, көшіргі аппарат, дуплекс, автоподатчик 75 параққа, 2 лоток, қатты диск 40 Гб, көшіруде рұқсат 600х600dpi, 2 қосымша 100% толтырылған картридж жиынтығымен., ҚҚС - ты қоса алғанда;

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» - Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Тауар» - Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуге тиіс жүйелiк блок, принтер және көшiргi аппаратын өнімдерін білдіреді.



4) «Ілеспе қызметтер» - Тауарды жеткізуді, оның ішінде Тауарды орауды және оны Тапсырыс берушінің орналасқан жеріне дейін тасымалдауды қамтамасыз ететін қызметтерді білдіреді.

5) «Тапсырыс беруші» - «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы;

6) «Өнім беруші» - онымен жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет етуші _______.

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) Ерекшелікте көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі (Шартқа 1 қосымша);

3) техникалық ерекшелік (Шартқа 2 қосымша).

4) Мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың нысаны (Шартқа 3 қосымша).

4.Өнім беруші мәлімделген және шартты баға арасындағы айырмашылық ретінде алынған пайданы пайдалану туралы ақпаратты мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға келіседі



5. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алынатын тауарлар тізбесіне (Шартқа 1 қосымша) және техникалық ерекшелікке (Шартқа 2 қосымша) сәйкес мөлшерде, сапада және мерзімдерде Тауарды Өнім беруші сатуға және жеткізуге, ал Тапсырыс беруші қабылдап алуды және ақысын төлеуді міндетіне алады. Тауарды қабылдау кезінде, Өнім беруші Тапсырысшыға шығын накладной, салық счет - фактурасын, Тауармен бірге қазақ және орыс тіліндегі техникалық құжаттарды, қосымшаны және Тауарға сапа сертификатын (Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2010 жылғы 20 сәуірдегі №367 Қаулысына сәйкес міндетті түрде сәйкестік сертификациядан өткізілетін тауарларға) беруі тиіс.

6. Шарттың бағасынан 5 % (бес пайыз) көлемде аванстық төлем тараптармен Шартқа қол қойылған сәтінен 5 (бес) жұмыс күннің ішінде төленеді. Шарт бойынша төлемақы Тапсырыс берушіге Өнім беруші ұсынған шот негізінде Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өнім берушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.

7. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: Тауарды қабылдап алу-беру актісі, төлем шоты, шот-фактура, накладная.

8. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да ережелердің өзгермейтін шарты жағдайында шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы шартта көрсетілген тауарлар бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты Шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Мұндай өзгертуге осы тауарларды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;



2) егер өнім беруші шартты орындау үдерісінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

3) егер шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын тауарларға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша тауарларға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде жол беріледі.

Шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

9. Осы Шарт шеңберінде берілетін техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс (Шартқа 2 қосымша).

10. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

11. Шартты іске асыру мақсатын қоспағанда Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты пайдаланбауға тиіс.



12.Жеткізіп беруші тауардың жаңа, пайдаланылмаған, Сатып алушының елі үшін дағдылы жағдайларда дұрыс қолдану кезінде құрылымына, материалдарына немесе жұмысына қатысты ақаусыз екендігіне кепілдік береді.

13.Жеткізілетін тауардың кепілдік мерзімі тауарды толық көлемде қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған сәттен бастап 12 (он екі) айды құрайды

14. Ақау шыққан туралы хабарламаны алғаннан кейін, Өнім беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

15.Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 1 % (бір пайыз) сомасындағы тұрақсыздық айыбын Өнім беруші есебінен шығыарады және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

16. Өнім беруші кепілі қызмет көрсеткен тауардың кепілдік мерзімі кепілді қызмет көрсетілген уақыт кезеңіне ұзартылады. Тауарға 1 айдан астам уақыт кепілді қызмет көрсету кезінде тауар кепілді қызмет көрсетуден қайтарылғанға дейін ұқсас тауармен уақытша ауыстырылады. Шарттың осы бабына сәйкес ауыстырылған тауарға шарттың осы бабында көзделген тәртіппен кепілдік мерзімі белгіленеді.



17.Тауар техникалық ерекшелікті (Шартқа 2 қосымша) көрсетілген сипаттарға сәйкес келмеген жағдайда Тапсырыс беруші Тауардан бас тартуына болады не болмаса Өнім беруші ақауы бар тауарды алмастырады не болмаса Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес қажетті өзгерістерді енгізеді.

18. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.

19.Ілеспе қызметтерге баға Шарт бағасына кіргізілуі тиіс.

20. Жеткізілген Тауар үшін Өнім берушіге ақы төлеу осы Шарттың 6 және 7 тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімдерде жүргізіледі.

21. Шартта Тапсырыс беруші көрсеткен баға Өнім берушінің конкурстық өтінімінде көрсетілген бағаға сәйкес келуі тиіс.

22. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

23. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарларды беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде түзетуді жүргізуге Өнім берушінің барлық сауалдары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде қойылуы тиіс.

24. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз толық не ішінара бермеуге тиіс.



25.Тауарды жеткізуді Өнім беруші сатып алынатын тауарлардың тізбесінде (Шартқа 1 қосымша) көрсетілген кестеге сәйкес жүзеге асырады.

26.Өнім беруші кінәсынан Тауарды негізсіз бермеу оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Тапсырыс берушінің Шартты бұзуы не болмаса тауарды уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.

27. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте Тауарды уақтылы жеткізуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

28. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші  тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде Өнім берушіге әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 1 % (бір пайыз) сомасындағы тұрақсыздық айыбын есептен шығарады.

29.Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші осы Шартты бұза алады немесе Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып ішінара бұза алады:

а) егер Өнім беруші Тауарды Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

30. Өнім беруші егер Шартты орындауды кідірту форс-мажор жағдайларының нәтижелері болып табылса, онда оның шарттарын орындамауға байланысты тұрақсыздық айыбын немесе Шартты бұзғаны үшін жауапкершілік алмайды.

31. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

32. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада тиісінше жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

33. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушінің атына тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

34. Тапсырыс беруші Өнім берушінің атына тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

35. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

36.Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда осы Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім беруші осы негіздер бойынша Шартты бұзумен байланысты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ.

37. Шарт бұзылған кезде, Өнiм берушi 5 % (бес пайыз) көлемде аванстық төлемін Тапсырыс берушiге 3 (үш) жұмыс күн қайтарып береді.

38. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

39. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

40.Егер Өнім берушімен заңнамамен белгіленген мерзімде Шартқа қол қойылмаса, Тапсырыс беруші Өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы туралы айыпты өзінің қарауы бойынша Алматы қ. табылатын сотқа беруді құқылы. Егер Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, Шарт бойынша талқылаулар Алматы қ. орналасқан сотында қаралатын болады.

41. Шарт 2 (екі) данада жасалды: мемлекеттік және орыс тілінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан. Шарттың мәтін түсіндірулері негізінде даулы мәселердің пайда болулары жағдайда Тараптар орыс тілінде құратстырылған Шарттың данасын басшылыққа алады.

42. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

43. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

44. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

45. Өнім беруші өзінің мәртебесі («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124-III Қазақстан Республикасының Заңы 6 бабына орай мәртебе кәсіпкерлігі) жайлы және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттарды Шартқа қол қойғаннан соң (Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 Бұйрығы), (Шарттың 2 қосымшасы) нысанына сәйкес 5 (бес) күннің ішінде беруге келісім береді.

46. Осы Шарт оған Тапсырыс беруші мен Өнім беруші қол қойғаннан кейін күшіне енеді және не болмаса Шартта көрсетілгеен негіздер бойынша оны мерзімінен бұрын бұзу күніне дейін әрекет етеді.

47. Тараптардың мекен жайлары мен деректемелері:


Тапсырыс беруші:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру» АҚ Алматы қ, Көктем 3 ш.а., 21 үй тел. 8(727) 2720551 СТН 600400112748 ЖСК KZ59 125KZT1001300138 ҚР ҰБ ММ БСК NBRKKZKX БСН 991240000414 Кбе 15

______________________Б.Мәженова

М.О.


Өнім беруші:

«__» ______ 2012 ж № ____

Тауарды сатып алу шартына1-қосымша

Сатып алынатын тауардың тiзбесi


лоттың



Тапсырыс

берушiнiң
атауы


Тауарлардың атауы

Өлшем бiрлiгi

Саны, көлемi

Тауарларды жеткізу мерзімі


Бір данасының бағасы, ҚҚС

Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сома, теңгеде, ҚҚС

Тауарларды жеткізу орыны

Аванстық төлем мөлшерi, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ



Жүйелiк блок /CMT/Corei7/2600/3,4GHz/4/Gb/500Gb/DVD+/RW/GMA/ HD/256Mb Windows Ult 7 Russian DVD, MS Office Pro 2010 32-bit/x64 Russian DVD, монитор LCD 24" (сапа сертификаты)

дана

10

шартқа қол қойған сәттен бастап 60 календарлық күн ішінде


369 187,00


3 691 870,00


Алматы қ, Көктем-3, ш.а. 21 үй


5 %


2

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ



А3+, А3, А4 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі бар қара-ала баспасымен лазерлі принтер

дана

1

шартқа қол қойған сәттен бастап 45 календарлық күн ішінде

428 175,00



428 175,00


Алматы қ, Көктем-3, ш.а. 21 үй


5 %


3

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ



А3 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі, көшіргі аппарат, дуплекс, автоподатчик 75 параққа, 2 лоток, қатты диск 40 Гб, көшіруде рұқсат 600х600dpi, 2 қосымша 100% толтырылған картридж жиынтығымен.

дана

1

шартқа қол қойған сәттен бастап 45 календарлық күн ішінде

749 336,00



749 336,00


Алматы қ, Көктем-3, ш.а. 21 үй


5 %


* Тауардың толық сипаты және сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі

  Заказчик:



Поставщик:

___________ Б. Маженова ___________

м.п. м.п.


«__» ______ 2012 ж № ____

Тауарды сатып алу шартына 2-қосымша



Жүйелік блок, принтер және көшіргі аппараттың техникалық айрықшалығы

жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау