Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы «28» шілдедегі
№ 222/8 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынумен Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушіге тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны беріледі – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындайды – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4) көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның өкіліне сенімхат бойынша) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6. Рәсімнің нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өтудің реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, ХҚО-ға жүгінеді.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi;
ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
ХҚО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өнделу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:
1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО АЖ) ХҚО қызметкерін авторландыру процесі;
1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын ХҚО АЖ-да тексеру;
2-процесс - ХҚО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚО АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (жеке тұлғалар үшін де деректер енгізу, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты куәландыратын сканерленген құжатты бекіту) толтыру;
4-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;
2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен ХҚО АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
5-процесс - қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;
7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдаланып қалыптастырады және ХҚО-ның ақпараттық жүйесіне жібереді;
8-процесс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама болып табылады.
10. Ауылдык округ әкіміне өтініш білдірген кезде:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізімімен Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушіге тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны беріледі – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Әкімдіктің бас маманы өтінішті кіріс құжаттар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді – 4 (төрт) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы әкімдіктің бас маманы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындайды - 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы әкімге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны береді - 5 (бес) жұмыс күні.
Әкімдіктің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны береді - 5 (бес) жұмыс күні.
Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары, сондай-ақ басқа көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін толық сипаттауы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
және байланыс деректері
Р/с
№
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Байланыс деректері
|
1
|
«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8(7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz
|
2
|
«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,
телефон: 8(71877)70455
zan_ekibastuz@mail.ru
|
3
|
«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8(71837)50105
zanak@yandex.ru
|
4
|
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8(71841)21173
aktogai_sozprog@mail.ru
|
5
|
«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8(71840)91481
pavlzan@yandex.ru
|
6
|
«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8(71831)22146
gelez_oszn@mail.ru
|
7
|
«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8(71832)21474
irtyshk@yandex.ru
|
8
|
«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Качир ауданы,
Кравченко көшесі, 85а-үйі
телефон: 8(71833)21371
kachirrouz@mail.ru
|
9
|
«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы,
Амангелді көшесі, 57-үй
телефон: 8(71839)21399
OZiSP@yandex.kz
|
10
|
«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8(71838)91434
center5556@rambler.ru
|
11
|
«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8(7182)533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru
|
12
|
«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8(71834)91400
zanusp@mail.ru
|
13
|
«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836)21354
sherb_zanet@mail.ru
|
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы
|
1
|
Іс-қимылдың
(жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Барлық қажетті құжаттар-ды қабылдау
|
Ұсынылған құжаттарды тексеру. Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн алу. Кіріс құжаттар журналында тіркеу, құжаттарды қарау
|
Құжаттарды қарау
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беруді жүзеге асыру
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Тіркеу күні көрсетілген үзбелі талонды беру
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындау
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
1 жұмыс күні
|
4 жұмыс күні
|
1 жұмыс күні
|
1 жұмыс күні
|
Ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген кезде:
Процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы
|
1
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының,
ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2
|
Атауы
|
Әкімдіктің бас маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы
|
Әкімдіктің бас маманы
|
3
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипат-тамасы
|
Барлық қажетті құжаттар-ды қабылдау
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, кіріс құжаттар журналында тіркеу
|
Ұсынылған құжат-тарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжат-тар журналында тіркеу
|
Құжаттарды қарау
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберуді жүзеге асыру
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны қабылдау
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)
|
Тіркеу күнін көрсету-мен үзбелі талон беру
|
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберу
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындау
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберу
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
1 жұмыс күні
|
4 жұмыс күні
|
5 жұмыс күні
|
2 жұмыс күні
|
5 жұмыс күні
|
5 жұмыс күні
|
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Талан беру, ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу, кіріс журналында тіркеу. Тағайындау (бас тарту) туралы хабарламаны дайындау
(5 жұмыс күні)
Құжаттарды қарау, тағайындау (тағайындау-дан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою
(1 жұмыс күні)
(ауылдық округ әкімдігінен түскен кезде 2 жұмыс күні)
Прием уведомления, либо мотивированного ответа об отказе
Выдача услугополучателю результата
(В течение 5 рабочих дней)
Барлық ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу күні көрсетілген үзбелі талон беру
(1 жұмыс күні)
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылғанын тексеру
иә
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
Журналда тіркеу және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу
(4 жұмыс күні)
жоқ
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберуді (беруді) жүзеге асырады
(1 жұмыс күні)
(селолық округ әкіміне 5 жұмыс күні)
Нәтижені қолына беру немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жіберу
Тағайындау (бас тарту) туралы хабарламаны қабылдау. Көрсетілген қызметті алушыға нәтижені беру
(5 жұмыс күні)
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
Достарыңызбен бөлісу: |