Статика аксиомалары Галилей – Ньютонның жалпы зандарынан туындайды. Олар механикаға толығынан негіз бола алмайды, бірақ олар статикада қарастырылатын барлық мәселелерді қорытып шығаруға әбден жеткілікті.
1 аксиома. Еркін абсолют қатты денеге түсірілген екі күш тепе- тендікте болу үшін олардың модульдері тең болуы және бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталуы қажет және жеткілікті (1.2 сурет).
1.2-суретте абсолют қатты денелерге түсірілген, бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, шамалары тең мен күштері көрсетілген. Демек, мұндағы екі күш нөлге эквивалент күштер жүйесін береді:
~0, .
Сонымен, екі күш әсер ететін еркін қатты дене тепе-теңдікте болу үшін ол күштердің сан мәндері тең, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |