Лемма. Вектордың уақыт бойынша алынған абсолют туындысы сол вектордың салыстырмалы туындысына бұрыштық жылдамдық векторымен вектордың өзін векторлық түрде көбейтіп алып қосқанда шығатын векторға тең (2.112).
Осы тақырып соңында мынадай ескерту айтамыз. Кинематиканың салыстырмалы туынды туралы леммасы (2.108)-теңдік түріндегі жіктелуімен берілген векторлар үшін қолданылады. Салыстырмалы туынды ұғымы тек осындай векторларға арналған.
2.4.2. Жылдамдықтарды қосу туралы теорема
Бізге күрделі қозғалыстағы М нүктесі берілсін. Осының алдында айтқанымыздай бұл нүктенің қозғалмайтын жүйеге қарағандағы орны -радиус-векторымен, ал қозғалмалы жүйеге қарағанда -радиус-векторымен анықталып отыратын болсын. Сонда:
= 0 + , (2.113)
Достарыңызбен бөлісу: |