Мысал. Вертикаль өсті w=10с–1 бұрыштық жылдамдықпен айнала қозғалатын , центрден тепкіш Уатта реттегішінің шарлары, машина күшінің өзгеруіне байланысты осы өстен алшақтайды және қарастыратын орнында бұрыштық жылдамдығы w1=1.2с–1. Берілгені: =50см, 2e=10см, a1=a2=a=30°. Қарастыратын уақыт мезгілінде реттегіш шарларының абсолют жылдамдығын табу керек.
Шешуі: Қозғалмалы санақ жүйесін реттегіштің өсті айнала қозғалатын бөлшектерімен байланыстырамыз. Шарлардың тасымал қозғалысы, олардың wе=w=10с–1 бұрыштық жылдамдықпен вертикаль өсті айнала қозғалысы , ал салыстырмалы қозғалысы, шарлардың сырықтарымен бірге олардың wr=w1=1.2с–1 бұрыштық жылдамдықпен ілінетін өсті айнала қозғалыста болады.
2.32-сурет.
Әрбір шардың центрінің тасымал қозғалыс траекториясы, центрі реттегіш өсінің бойында жататын горизонталь шеңбер болады. Салыстырмалы қозғалыс траекториясы, центрі сырық ілінетін өстің бойында болатын және регулятордың жазықтығында жататын радиусы -ге тең шеңбер доғасы.
Тасымал қозғалыс шеңберінің радиусы:
Достарыңызбен бөлісу: |