Управление образования павлодарской области


«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы арттыру»



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет32/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   262

67 

 

«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы арттыру» 



 

Дощанова Р.К., № 120 мемлекеттік тілде оқытатын 

этномәдени тәрбие беруорталығы – сәбилер бақшасы, Павлодар қаласы 

 

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  мектепке  дейінгі  мекемеде  жаңа  өзгерістер 



мен  әлемдік  білім  беру  тәжірибелерін  пайдалана  отырып,  баланың  жеке  дара  күшінің 

дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған 

Республиканың  «Білім  туралы»  Заңында  «Әр  баланың  қабілетіне  қарай 

интеллектуалдық  дамуы,  жеке  адамның  дарындылығын  дамыту»  сияқты  мәселелер 

мемлекеттің  білім  саясатының  басты  ұстанымында  атап  көрсетілген.  Сол  себепте 

қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі  – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай 

алатын,  логикалық  ойлауы  дамыған,  жаңаша,  тәуелсіз,  ойлай  алатын  шығармашыл 

тұлға тәрбиелеу. 

Обьективтік  пікірлерге  негізделген  процесс  логикалық  ойлау  деп,  ал  дұрыс 

ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. 

Ойлау  аса  күрделі  психологиялық  процесс.  Бұлардың  ішінде  психология  мен 

логиканың орны ерекше. 

Бала  ойын  дамытуда  логикалық  ойындар  ерекшеліктерін  алуға  болады. 

Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – 

логикалық  ойындар.  Логикалық  ойындар  баланы  тапқырлыққа,  логикалық  ойлауға 

баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге 

әсер етеді.Әр тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық 

түсінуі қажет деп біліп, мен де өз жұмысымда баланың логикалық ойлауын дамытуды 

мақсат еттім. 

Балалардың  бойында  кіші  жастан  танымдық,  шығармашылық  қабілеттерін, 

интеллекттісін, қисынды ойлау бейімін қалыптастырып  дамыту, математикалық тілдің 

элементтерін  меңгерту,  яғни  «математикалық  сауаттандыру»  балалардың  зейінін, 

ойлау,  зерде  үрдістерін  дамыту;қиялдарын  ұштау;тапқырлыққа  жетелеу;қызықты 

ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру. 

Бұл мақсатқа жету үшін алдыма міндеттер қойдым: 

балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету; 

логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; 

балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. 

Мектепалды  даярлық,  балаларының  логикалық  ойлауларын  дамытудың  негізгі 

кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты  –бейнеліден 

абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой 

-  өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын 

дәлелдеуге үйрене бастайды. 

Негізінде  баланың  логикалық  ойлау  қабілеті  дегеніміз  –  қарапайым 

математикалық  алғашқы  ұғымдарын  меңгертуден  басталады  десек  қателеспейміз.Оны 

жүйелі  түрде  шыңдау  тәрбиешінің  басты  міндеті.  Сондықтан  да  тәрбиеші  балаларды 

үнемі  ойланып  оқуға  бағыттауы  тиіс  бұған  оқу  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыру,  сабақта 

бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 

Баланың  қажеттілігі  мен  қызығушылығын  түсіне  білу,  бүлдіршіндердің  ой  - 

өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті. 

Бүлдіршіндердің  логикалық  қабілетін  дамытуда  қарапайым  математиканың 

алғашқы  ұғымдарын  ойын  арқылы  үйретудің  заттары  әртүрлі  геометриялық 

пішіндерден  құрастырудың,  ауызша  есеп  шығарудың,  көру  арқылы  салыстырудың, 

қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені 




68 

 

меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық 



ойлау  сезімін  қалыптастырады.  Логикалық  ойдың  ерекшелігі  қорытындылардың 

қисындылығы  да  олардың  негізіне  сай  келуі.  Логикалық  ойлауға  түскен  құбылыс 

түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. 

Логикалық ойды дамыту жұмыс кезеңдері: 

• 

Талдау-  бұл  нәрселерді  бөліктерге  жіктеу  және  олардың  белгілерін  айқындап 



көрсету.  Мысалы  «қызылша»  біз  ойша  оның  пішіні  дөңгелек,  бүдірлеу,  түсі-қызыл 

сары, ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген. 

• 

Жинақтау-талдау  нәтежесінде  алынған  белгілерін,бөліктерін  ойша  біртұтас 



бүтінге біріктіру. Мысалы: ол көкөніс. 

• 

Салыстыру-  нәрсенің  мәнді,  мәнсіз  белгілеріне  қарай  ұқсастықтары  мен 



ерекшеліктерін  анықтау.  Мысалы:  кызанақпен  қарбызды  алсақ  пішіні  бірдей  көлемі 

әртүрлі. 

• 

Абстракциялау-нәрсенің  белгілі  бір  белгілерін  ойша  баса  көрсету  және  оны 



басқалардан дерексіздендіру. Мысалы: олардың екеуінің формасы бір, дөңгелек 

• 

Жалпылау-  біріңғай  нәрселерді  ойша  кейбір  кластарға  біріктіру.  Мысалы: 



геометриялық пішінге жатқызу. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  логикалық  қабілеттерін  дамыту  мынадай 

тапсырмаларды орындаудан басталады. 

«Жан-жануарлардың төлдерін ата» , «Қарама-қарсы кескінді тап», 

«Бірдей  өрнекті  тап»,  «Заттардың  сыңарын  тап»,  т.б  тапсырмаларды 

орындағанда оның бір ғана жауабы болмайтынын , көп екенін , тағы іздеуге 

болатынын  түсінеді.  Күнделікті  сабақтарымда  логикалық  тапсырмаларды  бере 

отырып, баланың ой-өрісі дамиды. 

Мысалы бірнеше заттардың бейнесін көрсеткен кезде, бала сол суреттерге қарап, 

топтап,  жүйелеп  логикалық  ой  қортындысын  жасайды.  Мысалы:  Бұл  суреттердің 

ішінен сәйкес келмей тұрғанын табу деп суреттер көрсетіп, мына суретте не артық деп 

сұрасақ ,бала артық заттарды атайды 

Осы тектес суретшінің қатесін тап суретін көрсетіп, тапсырмаларды орындатуға 

болады.  Әуленің  ойыншықтары:  қоян,  піл,  қонжық  арыстан,  көбелек,тышқан  қайда 

жасырынған?  Мына  суреттегі  артық  затты  тап,  қалғандарын  бір  сөзбен  ата  деген 

логикалық тапсырмалар балаларды тапқырлыққа ойлай білуге үйретеді. 

Күтілетін нәтиже: Бала ойынға қызығу арқылы оның ой-өрісі,қиялы , логикалық 

ойлауы  қалыптасады  .  Логикалық  ойлауы  дамыған  бала  шығармашылыққа,  ойлана 

әрекет  етуге,  өзінің  іс  -әрекетін  талдауға  үйренеді.Аталған  жұмыс түрлері,  бала  үшін, 

оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың 

шығармашылық 

деңгейін 

көтереді, 

қызығушылықтарын 

арттырады.Өзімнің 

тәжірибемде  балалардың  қиялына  қанат  бітіріп,  ойлау,таным  қабілеттерін  жетілдіріп, 

тапқырлыққа баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын, Осы мақсатта 

балалардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруде математика сабағының рөлі ерекше. 

Қорытынды 

«Тәрбиеші  еңбегі  –  нәтижелі  жұмысымен  көрінер»  Қорыта  келгенде,  мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  оқу  үрдісінде  «логикалық  ойын»  түрлерін  пайдалану, 

біріншіден,  балалардың  білімін  берік  меңгерту  құралы  болса,  екіншіден,  балалардың 

сабаққа  деген  қызығушылығын,  белсенділігін  арттырып,  білім  сапасын  көтеру  болып 

табылады.  Осындай  логикалық  тапсырмалар  баланы  жан  -  жақты  дамытып,  білімді 

толық  игеруіне  көмектеседі.  Осы  бағыттағы  ізденістің  нәтижесінде  балалардың 

логикалық  ойлау  қабілетін  арттыру  бағытындағы  тапсырмалардың  басты  назарында 

болуының әсері де болар. Тобымдағы балалардың ойлау қабілеттері жоғары деңгейдегі 

балалар көріне бастады. 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау