Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет256/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   262

530 

 

Студенттердің  едәуір  бөлігін  белсенді  шығармашылық  өмірге  жұмылдыру  үшін 



педагогтар  жоспарлаудың  негізгі  бөлімін  оқушылардың  белсенді  қызметіне  бағыттайды. 

Бұл:  репетициялар,  концерттерді,  спектакльдерді  көрсету,  костюмдерді  дайындау,  т.б. 

Қалған  уақыт  тақырыптық  әңгімелесулерді  өткізуге,  электрондық  презентацияларды, 

бейнефильмдерді  көруге,  мәтіндерді  жаттауға,  т.б.  бөлінген.  Үйірме  мүшелері  түрлі  іс- 

шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. Дәстүрлі іс-шаралар: Ұстаздар 

күні, «Екі жұлдыз», Наурыз, т.б. Біздің шығармашылық ұжымның қойылымдары колледж 

ішінде  өтетін  іс-шараларда,  қалалық,  облыстық  байқаулар  мен  фестивальдерде  бірнеше 

рет  жүлделі  орындарға  ие  болды. 

Павлодар  қаласында  Жастар  саясатының  мәселелері 

бойынша  басқарманың  бастамасымен  алғаш  рет  өткен  облыстық  «Жас  аймақ  –  2015»  І 

жастар театр фестиваліне «Жас өркен» көркемөнерпаздар үйірмесі ақиық ақын Мұқағали 

Мақатаевтың  «Қош,  махаббат!»  атты  ақынның  өшпес  туындысын  көпшіліктің  назарына 

ұсынған еді, «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп шықты. 

Студенттердің  жалпы  мәдениеттік  құзыреттіліктерді  қалыптастыруда  педагог 

айтарлықтай  рөл  атқарады.  Педагогтің  кәсіптік  құзырлылығы  –  өз  кәсіптік  қызметін 

жүзеге  асыру  қабілеті  екенін  атап  өту  керек  [3].  Педагогтің  кәсіптік  құзыреттіліктері 

жалпы  адамдық  құндылықтарды  қалыптастыратын  оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін  дамыту  саласындағы  құзыреттілік  тұрғыдан  құрылады.  Ол  үшін  педагог  өзі 

шығармашылық  әлеуетін  дамытып,  қолдана  алатын  шығармашылық  тұрғыдан  ойлайтын 

маман болуы қажет. 

 

Әдебиет тізімі 

1. 


Сейтенова  С.С.,  Есказинова  Ж.А.,  Алиева  Д.А.Басқа  тілді  студенттердің 

қазақ  тілінде  кәсіптік  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру//Қарағанды  университетінің 

хабаршысы – 2015 – 66 – 67б. 

2. 


Зосименко  И.А.  Формирование  общекультурных  компетенций  у  студентов 

технического  вуза  при  изучении  социологии  и  политологии  //  Современные  технологии 

учебного процесса – 2012 –С. 1 – 2. 

3. 


Курлыгина  О.Е.  Компетентность  как  характеристика  готовности  будущего 

учителя  к  осуществлению  профессиональной  деятельности  //  Современные  проблемы 

науки и образования. – 2014. – № 4. 

 

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында заманауи технологияларды тиімді 



қолдану 

 

А.К.Токжигитова , Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

 

XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ 



беру  -  үйреншікті  жай ғана шеберлік  емес, ол  –  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»,  -  деген 

екен.  Сондықтан  қазіргі  таңдағы  педагогика  жаңалықтарын  пән  ерекшелігіне  қарай 

қолдана  отырып  күнделікті  сабақты  жаңарта  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден-бір 

жолы. 


Оқыту - кешенді үдеріс, ал оқу дегеніміз не? 

Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтауға 

мүмкіндік берді: 

1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып 

табылады (негізгі міндет - көп білу). 



2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже - қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді 

ақпарат. 



3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже - есте сақталып, қажет болған жағдайда 


531 

 

қолдануға болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы. 



 

4.  Оқу  мағынаны  ұғыну  және  оның  мәнін  анықтау  ретінде.  Нәтижесі  - 

оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды 

анықтай алуы. 

5.  Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі  - әлемді 

өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу 



[1]

 

Оқу  бар,  бірақ  сонымен  бірге  оқуды  үйрену  бар.  Оқушыларға  оқуды  үйретудің 

тиімді жолы – оқу үдерісінде қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану. 

Сындарлы  оқытудың  мақсаты  –  оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін 

дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез  келген  жағдайда  тиімді  пайдалана 

білуін  қамтамасыз  ету.  Сол  арқылы  оқушының  субъект  ретінде  өзін  әр  қырынан 

танытуына, өзгені тануына, сыни ойлауына, өз көзқарасын, пікірін білдіруіне, ойлау қабілеті 

мен  сөйлеу  қабілетінің  дамуына  жағдай  туғызу.  Ал  бұл  оқытушының  оқу  стратегияларын 

қолданудағы шеберлігіне байланысты. 

Стратегия  дегеніміз  —  философия,  әдістемелік  ұстаным.  Мұғалім  мен  оқушы  кез 

келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс 

нәтижелі болмақ, сонда ғана ғылым негіздері игерілмек. 



Пән негіздерін меңгеру –мәтінмен таныстықтан басталады.Оқушы мәтінмен 

танысады,  түсінеді,  түсіндіреді,  талдайды,  талқылайды;  мәтінмен  жұмыс  жасау 

барысында  сөйлеу  мен  ойлау  дағдысын  дамытады,  сөздік  қорын  молайтады, 

танымдық қабілетін арттырады, дүниетанымын кеңейтеді. 

Сонда,  тіл  мен  сананың,  сөйлеу  мен  ойлаудың  бірлігі  –  әр  адамның  жеке  басы 

қасиеті  мен  қабілетінің  даралығын  танытатын  белгі.  "Ойлаусыз  тілдік  қатынас  та  жоқ. 

Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол - бүкіл сөйлеу әрекетінің өзегі деп саналатын 

адамзаттың болмысы" (Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас теориясы мен әдістемесі. А., 2001, 

112-6.)


[2]

 

Тіл  мен  әдебиет  сабақтарыңда  осы  бірлікті  оқу  үдерісінде  жүзеге  асырудың  ең 



тиімді жолы – мәтін арқылы оқытуда оқу стратегияларын ұтымды қолдану. 

Әдіскер-ғалымдар  мәтін  арқылы  оқытудың  артықшылықтары  ретінде  білімді 

күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын мынадай мәселелерді атайды. 

Осы  орайда,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  оқушыны  оқыта  отырып 

сөйлету, сөйлете отырып сыни ойлауын дамыту үшін түрлі жұмыстар жүргізуге болады: 

Мысалы,  оқу  арқылы  қабылдайтын  оқушыларға  мәтін  мазмұны  бойынша  талдау 

тапсырмалары  берілсе,  жазу  арқылы меңгеретін  балаларға  жұмыс  парақтарында  берілген 

сұрақтарға жауап беру, семантикалық карта, сатылай кешенді талдау, композициялық талдау, 

салыстыру сияқты тапсырмаларды беруге болады. 

Осы тапсырмаларды орындау барысында бала  бір жағынан, мәтінді игеру деңгейін 

көрсетсе,  бір жағынан, сыни  тұрғыдан ойлауына тура келеді. Балалар өз ойларын тек ойлап 

қана қоймай, қағаз бетіне жүйелеп түсіріп отырады



[3]

. 

Оқушылардың  мәтінмен  жұмыс  кезінде  жиі  қолданған  белсенді  оқыту 

технологиясының  «Миға  шабуыл»,  «Аяқталмаған  сөйлем»,  «Ашық  сұрақтар»,  «Жұптық 

жұмыс»,  «Өз  ұстанымыңды  тап»,  «Нақты  жауап»,  «Пікірлер  шкаласы»,  ал  сын 

тұрғысынан ойлау технологиясының «Бес жолды өлең», «Топтастыру», «Түртіп алу», 

«INSERT»,  «Семантикалық  карта»,  «Т  кестесі»,  «Рафт»  сияқты  стратегиялар  сабақты 

түрлендіріп  өткізуге  мүмкіндік  туғызумен  қатар,  әр  баладан  еркін  жауап  алуға,  баланың 

өзіне  сенімділігін  арттыруға,  бір-бірінің  және  өзінің  жұмысына  баға  беріп,  сын  көзбен 

қарауға  итермеледі,  сабақ  үстіндегі  оқушы  қызығушылығын  тудырып,  белсенділігін 

арттырды.



[4]

 

Сабақтың  мақсаты  --  жазушының  өмірі  туралы  қысқаша  мәлімет  беріп,  «Бір 

атаның  балалары»  хикаятынан  үзінді  мазмұнын  игерту.  Сабақтың  тақырыбы,  мақсаты 

айқындалған соң 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау