Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет258/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262

534 

 

тақырыптық талдау, проблемалық талдау, тұтас  талдау. 



Көркем  шығармаға  талдау  жасау  екі  түрлі  болады:  тілдік  талдау  және  әдеби 

талдау. Мәтінде тілдік талдау мәтіндегі пайдаланылған, әдеби шығарманы дұрыс ұсынуға 

тікелей  қатысы  бар  тілдік  тұлғалардың  мән-мағыналары  мен  қолдану  жағдайларын  ашу. 

Тілдік талдаудың негізгі объектісі– шығарманың сөздік қоры.Талдаудың басты мақсаты - 

оқушылардың өзіндік қабылдауын, пікірін әдебиеттану талабына сай арнаға бағытта 

Уақыт  талабына  сай  әрбір  мұғалім  өз  сабағын  жаңаша  ұйымдастырып,  жаңа  тың 

ізденістерге  талпынады.  Сабаққа  әзірлену  –  мұғалімнің  ең  жауапты  жұмысының  бір  түрі. 

Мұғалімнің саналуан ізденісі, білімі әдістемелік-теориялық ұстаздық біліктілігі осы сабақта 

көрініс табады 

 

Әдебиеттер: 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 

2. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 6, 2016 

3.  «Сапалы  білім  беру  және  тәрбие  –  Қазақстанның  мемлекеттік  саясатының 

басымдылығы» тақырыбында өткен тамыз кеңесінің материалдары. Ақтөбе 2016. 

4. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Ақтөбе 2016. 

 

Патриоттық тәрбие: Рухани жаңғыру аясында 



Оразалина А.Б., Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің тарих 

пәнінің оқытушысы, Павлодар қ. 

 

Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес, 

нағыз патриот кемшіліктерді байқап, 

оларды түзетуге ықпалдасатындар. 

 

Н.Ә.Назарбев 

 

Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  берудің  маңызы  зор  екендігі  бүгінгі  күн 



қажеттілігінен  туындап  отыр.  Қазақстан  Республикасының   президенті  Н.Ә.Назарбаев: 

«Біз  демократия  мен  нарықтық  экономиканы  принципті  түрде  сақтаймыз.  Алайда  әр 

қоғамның  өз  ерекшелігі  бар,  діни,  тарихи  қасиеттерге  ие.  Ал  енді  бұны  кімде-кім 

түсінбесе,  кімде-кім  жақындық  және  рухани  тұрғыда  өз  халқының  мәдени  кейпінде 

болмаса,  онда  ол  өз  тамырын  ғана  жоғалтып  қоймайды,  сонымен  бірге  одан  кез  келген 

басқа  мәдениет  теріс  саналады.  Бұл  –  тура мағынасындағы  мәңгүрттікке  бастайтын  тура 

жол», - деп, қоғам үшін де, ұлт үшін де аса маңызды мәселе жөнінде орнықты пікір  айтты. 

«Қазақстан  -  2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Қазақстан  халқына  жолдауының  негізгі  жеті  бағытының  бірі  «Жаңа  қазақстандық 

патриотизм  –  біздің  көпұлтты  және  көпконфессиялы  қоғамымыз  табысының  негізі»  деп 

атады.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  “Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның  идеялық 

бірлігінде”,  “Тарих  толқынында”  деген  еңбектерінде  идеялық  мәселелерге  топтасудың 

керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, 

еңбек  ұжымы  сияқты  дәстүрлі  институттардың  маңызды  роль  атқаратынын,  олардың 

ықпалы  ерекше  тиімді  болатынын  баса  айта  отырып,  “Біздің  тағы  бір  аса  маңызды 

идеологиялық  міндеттеріміз  –  Қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу,  әрбір  азаматтың 

өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға 

алып,  ұрпақтарды  аздырмай-тоздырмай  қазіргі  сауда-сатықтың,  алдау-арбаудың  

ықпалына  жібермей,  етегіне  сүйретпей  еліміздің  болашақ  өркениетті  дамуын  алға 

бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек,”-дейді. 

Бұл  –  бүгінгі  күнде  өз  тәуелсіздігіне  қол  жекізген  Қазақстан  үшін  өз  келбетінен 

айрылып қалмау мақсатындағы өзекті де өткір пікір. Еліміздің ертеңгі жас болашағы – жас 

ұрпақты  елжандылыққа, өз Отанының адал азаматы болуға ұлттық,  халықтық тұрғыда 



535 

 

тәрбиелеу  –  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.  Қазақ  ұлт  болып  қалыптасқаннан  бергі  ұзақ 



тарихында  сан  алуан  кезеңдерді  бастан  кешіріп,  небір  қиын-қыстауды  көрсе  де  болашақ 

ұрапағының тәлім-тәрбиесіне өте көп көңіл бөле отырып, елін, жерін сыртқы-ішкі жаудан 

қорғайтын азаматтың бойына ұлы дала перзентіне тән еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық 

пен  қайырымдылық,  ақ  ниеттілік  пен  парасаттылық,  ерлік  пен  өрлік  тәрізді  асыл 

қасиеттерді дарыта білген. 

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік. 

«Патриотизм – дегеніміз (гр. рatriotеs — отандас, patrio — отан, туған жер) Отанға деген 

сүйіспеншілік,  бойындағы  күш  қуаты  мен  білімін  Отан  игілігі  мүддесіне  жұмсау,  туған 

жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. 

«Патриотизм»  ұғымының  мазмұнын  түсіндіруде  саяси  сөздіктерде  әр  түрлі 

өлшемдер 

қабылданған. 

Патриотизмнің 

әлеуметтік, 

тарихи, 

саяси 


құбылыс 

болғандығында  жатыр  және  заманына  орай  әр  түрлі  әлеуметтік  мәнге  ие  болуына 

байланыстылығында.  Кеңестік  патриотизм  Отанына,  халқына  сүйіспеншілікпен  қатар 

интернационализмді,  Кеңес  Одағы  халықтары  мен  бүкіл  дүние  жүзі  ұлттарына  деген 

достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста 

«патриотизм»  ұғымын  жаңаша  ұғындыру  саясаттану  ғылымының  басты  мәселесіне 

айналып отыр. Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерден де байқауымызға болады. Онда 

патриотизмге  адамгершілік,  саяси  принцип,  әлеуметтік  сезім,  Отанның  өткені  мен 

бүгінгісін  мақтан  тұту,  өзіндік  және  топтық  мүддені  елдің  ортақ  мүддесіне  бағындыру, 

Отанға  қызмет  ету  және  оны  қорғау  өлшем  бірліктерінің  негізінде  анықтама  берілген. 

Алайда патриотизм өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі. 

Патриотизмнің  мәні  туралы  сөз  еткенде,  оның  идеяларының  ежелгі  дәуірден 

бері  қарай  қалыптасып  келе  жатқанын  және  патриоттың  тәрбие  ісінде  маңызды 

орны бар екенін білеміз. Патриотизм идеясының идеялар  мен құндылықтар жүйесі 

ретінде  пайда  болуы  және  дамуы  Аристотель  мен  Платонның,  Цицеронның,  ХVIII 

ғасырдағы француз материалистерінің есімдерімен тығыз байланысты. 

Цицерон  өзінің  еңбегінде,  патриоттық  сана  Отанға  деген  көзқараспен  өлшенбек 

деген  пікір  айтып,  «Мемлекет  туралы»  тілдесуінде:  «Ең  ізгі  ойлар  —  отанның  игілігі 

үшін»,  —  деп  тұщымды ой  айтады.  Оның ойынша,  Отан  дегеніміз  —  ең  алдымен,  саяси 

орта,  құқықтық  қатынастармен  маталған  адамдардың  бірлестігі  және  мемлекет».  Ежелгі 

ойшылдардың  пайымдауынша,  отан  алдындағы  қарыз  дегеніміз  —  оны  тек  соғыс 

жағдайында  қорғау  ғана  емес,  сонымен  бірге  мемлекетті  басқару  ісіне  белсене 

қатысу.Патриотизм  мен  халықтар  бауырластығының  бұл  идеясын  Н.Г.Чернышевский  

одан  әрі  жалғастырып:  «...орыстың  әрбір  ұлы  адамының  тарихтағы  орны  оның  Отанға 

сіңірген қызметімен, ал адамгершілік парасаты  – патриотизмінің қуатымен өлшенеді»,  — 

деп тұжырымдады. Оның пайымдауынша, «Отан дегеніміз — ең алдымен халық». Белгілі 

бір  жерде  тарихи  қалыптасқан  халық,  сол  жерді  өзінің  терімен  суарып,  гүлдендіреді, 

бостандық  пен  тәуелсіздік  үшін  күресте  қан  төгіп,  сол  жерді  қорғайды,  өз  жерін  

әлеуметтік  мазмұнмен  байытып,  түрлендіретін,  Отан  мағынасына  енгізетін  де  дәл  сол 

халық. 

Қазақстандық  саясаттану  ғылымында  ұлттық  бірегейленудің  негізін  құрайтын 



этникалық  және  саяси-азаматтық  ұлт  қалыптастырудың  негіздемелері  -  ұлттық  идея  мен 

жалпыұлттық  идеяның  бүгінгі  қазақстандық  қоғамдағы  идеялық  және  идеологиялық 

негіздемесі  және  ұлттық  патриотизм  аспектілері  жөнінде  қазақстандық  ғалымдар  - 

А.Б.Абсаттаров, Б. Абдыгалиев, Н.М. Садықов, Б.Г. Аяған, К.Н. Бурханов, Ж.Х. Жүнісова, 

Г.Ибраева,  Р.А.Нұртазина,  К.  Қалиев,  С.М.  Бөрбасов,  Р.К.  Қадыржанов,  Ә.Нысанбаев, 

А.Сейдiмбек, Ә.Ғали, А.Шәрiп, I.Ерғали т.б. еңбектерінде қарастырылған. 

Патриотизм  мен  интернационализм  азаматтық  тәрбиенің  негізі.  Жас  ұрпаққа 

азаматтық тәрбие берудің мақсаты - еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны 

орындау,  жастарды  азамат  ретінде  теуелсіз  Отанына  сүйіспеншілікке,  айналамыздағы 

адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдылық , 




жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау