Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет237/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   262

491 

 

жырлайды.  Дегенмен  де  шындық  атты  шыңыраудың  басында  Шахановтың  тұрғаны 



екібастан белгілі жайт. Оның Махамбеттей мәрт, Кенесарыдай кесімді, Өтегендей өтімді 

өлеңдерінің  өміршеңдігінің  сыры  да  сол  болса  керек.  Ақынның  елім  деп  соққан  жүрегі 

әрдайым  шындық  атты  байрақты  көтеріп,  оны  өз  биігінен  ешқашан  құзға  құлатпады. 

Ақынның : 

 

Мың намыссыз жағымпаздан құлдық ұра құлаған, 



Қымбат маған қасқайып кеп шындықты айтқан бір адам- 

деуі де, жоғарыдағы сөзімнің бірден- бір дәлелі бола алады. 

Ақынның қай туындысы болмасын қазақ поэзиясының алтын қорынан ойып тұрып 

орын  алатын  таптырмас  туындылар.  Кез  келген  нәрсені  өлеңге  айналдыра  алатын  бұл 

талантты ақын әрбір өлеңінетүйдекті ой мен сиқырлы сезімді сыйдыра білген[2,4]. Ақын 

шығармашылығы  көне  дәстүрді  кемелдендіре  отырып  жаңаша  дәстүрді  де  қалай  білді. 

Көптеген  жылдар  бойы  ақынның  өлеңдері  халықты  сезімге  бөлеген  болатын.Ол  тек 

махаббатты,  жастық  шақты  ғана  жырлап  қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  елдік,  ерлік, 

туған елін, жерін қорғау туралы жырлары жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды. 

Қара тастар жинала кеп қара тауға айналар, 

Өз тарихын ұмытқандар тауды көріп ойланар- 

деп,  айтуының  да  астарында  ел  болашағына  деген  алаңдаушылық  пен  ұлттық 

мүдде  жатыр.  Ақынның  өлеңдері  оқырманын  бірде  жігерлендірсе,  енді  бірде  қанатын 

қомдап,  намысын  қайрайды.  Автордың  қай  өлеңін  алып  қарасаң  да  тарихтың  ақтаңдақ 

беттерінің иісі аңқып тұрады.Ел басына күн туғанда басын бәйгеге тіккен ақын, кешегі 

«Желтоқсан  жастарына»  да  араша  түсіп,ботадай  боздаған  боздақтарды  ақтап  алам  деп 

жанұшыра жүгіргендігі де бәрімізге мәлім. 

Дүниені  дүр  сілкіндірген,  тәуелсіздік  туын  ең  алғаш  көтерген  әйгілі  86-ның 

желтоқсаны  туралы  шындық  мерзімді  баспасөз  беттерінде  аз  жазылған  жоқ.  Сонау 

қылышынан қан тамған колбинизм заманының өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек 

жоқ»  деп,  баспасөз  бетінен  алаңдағы  оқиғаның  ақиқатын  батыл  айта  білген  қазақ  ақын- 

жазушыларының  есімін  бүгінде  бүкіл  әлем  таниды.  Солардың  ішіндегі  шоқтығы  биік 

тұрған тұлғалардың бірі, алты алаштың алақанына салып, ардақ тұтқан азаматы- Мұхтар 

Шаханов.  Өз  өлеңдері  арқылы  шындықты  шырылдата  айта  білген  ақын  «Төрт  жыл 

кешіккен шындық» өлеңінде ел алдындағы азаматтық, ақындық болмысын танытады: 

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, 

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның. 

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның![3,6] 

Шахановтың  өлеңдері  алпыс  екі  тамырыңды  иіріп,  бойыңа  ыстық  қан  жүгіртетін, 

халық көкейіндегі көмескіленіп қалған ақиқатты дөп басатын өткір де өтімді поэзия. Оның 

әр  туындысынан  тарихтың  тарам-тарам  беттерінде  қалып  қойған,  уақыт  өткен  сайын 

біртіндеп  өше  бастаған  қазақ  халқының  өткені  мен  бүгінінің  жойқын  да  жарқын 

бейнелерін көреміз. 

Бұл желтоқсан оқиғасы бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиға. 

Ұмытылмайтыны-  оның  халық  тағдырымен  тікелей  байланыстылығында.  1986-жылғы 

Алматы оқиғасы да ауыл үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алты құрлықты аралап кеткен, жеңіп 

алған  демократиясымен  салыстырғанда  құрбандығы  он  есе,  бәлкім,  жүз  есе  қымбатқа 

түскен,  қымбаттығы  себепті  бүтін  бір  ұлыстың  жанына  салған  жарақаты  ауық-ауық 

алдынан  шығып,  ақырғы  бір  ышқынысқа  келгенде  Тайбурылдың  қырық  үш  кемдігіндей 

кетілтіп кеткенін сездіре беретін ғаламат оқиғаның бірі болды. 

Қазақ  тұрмысында  жиырмасыншы  ғасырда  өткен  қадау-қадау  қасіретті 

нәубеттердің қатарына ойланбай-ақ қосуға болатын бұл буырқаныстың ұлт басына 



492 

 

үйірген үрей бұлты жуық арада сейілер емес. Сейілу былай тұрсын, сол бір ызғары ерте 



түскен  қыс  күндерінде  тоқырау  тажалының  табанында  аяусыз,  армансыз  тапталған  ар- 

намыстың ышқынған даусы желтоқсан алаңында әлі де естіліп тұрғандай. 

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... 

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, 

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылыс өткен жер, 

Қайта оянған ұл намысы қызыл қанға бөккен жер, 

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, 

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер... 

Бұл  ақынның  өскелең  ұрпаққа  айтқан  насихаты  еді.  Егер  біздер  қазақ  әдебиеті 

сабағында  тек  бағдарламада  берілген  тақырыптармен  ғана  шектеліп  қалмай  ,  сонымен 

қоса,  сабақты  тарихпен  байланыстырсақ  көптеген  ақиқатқа  терең  бойлап,  көз  жеткізер 

едік.  Әсіресе,  Мұхтар  Шахановтың  өлеңдерін  көптеп  оқыту  арқылы  біраз  нәрсеге  қол 

жеткізуге болады. Атап айтар болсақ, біріншіден, оқушылар өткен күн мен бүгінгі бейбіт 

күнді саралап, тарихтың қатпарлы беттерінен шындықтың шымылдығын айқара ашар  еді. 

Екіншіден,  ақынның  өлеңдері  арқылы  біз жас  ұрпақты  Отанын  сүюге,  ұлтын  ұлықтауға, 

салтын ұмытпауға, ар мен ақиқатты қатар ұстап, азаматтық борышты абыроймен атқаруға 

тәрбиелер едік. 

Нағыз  ақынның  әр  туындысы  өмірдің  ащы  шындығы  мен  сұлу  сырларына,  пенде 

баласының  қуанышы  мен  көңіліндегі  кірбіңіне,  халықтың  арман-  мұратына  тікелей 

байланысты туындайды[2,5].Оқырман ақынның өлеңін оқи отырып, санасына ұялаған сан 

сауалға жауап, көңілдегі алаңына жұбаныш тапқандай болады. Сөйтіп ақынның азаматтық 

болмысын, дара тұлғасын таниды. Міне, оқырман көңілінен осылай орын алған ақын ғана 

тұлға  дәрежесіне  көтерілмек.  Өзіміз  сөз  етіп  отырған  ақын  туралы  ойымыз  да  осыған 

саяды. 


Ұлт мүддесі- ақын мүддесі. Ақындықтың жауапкершілгін, міндеті мен азабын 

терең түсініп, түйсінген ақын өзінің ұстанымын былай танытқан екен: 

Басты мақсат – өз халқының сан ғасырлық ағысын, 

Жеңісі мен жеңілісін, тілін, рухын, намысын, 

Жүрегінің санасынан, елегінен өткізу, 

Және оның қасіретін, 

Ұлтқа, тілге бас иетін, 

Қалың елге жырмен, іспен, мінезіңмен жеткізу. 

Жеткізе алмай дірілдесең...ол-шошыну, тосылу, 

Үркектердің, қорқақтардың қатарына қосылу. 

Ондайлардың маңдайына мәңгілікке сор қатқан, 

Ешқашан да шыншыл адам шыққан емес қорқақтан! 

Ақындық  мұратын  ұлт  мүддесі,  ана  тілі  мүддесі  үшін  тынымсыз  күреспен  тығыз 

байланыстырған  қаламгердің  өр  екпінді  поэзиясын  күрескер  рухтың  өміршең  жырлары 

деп  бағалаймыз.  Шахановтың  боямасыз,  бүкпесіз,  әрлі  де  әсерлі  лирикасын  өскелең 

ұрпақтың құлағына сіңіріп өсіретін болсақ, ұтпасақ ұтылмайтынымыз анық. 

 

Әдебиеттер: 



1. 

«Егемен Қазақстан», 2012 жыл, 3-шілде, Әскербекқызы Жанат «Ұлт 

рухының шырақшысы». 

2. 


«Сарыарқа самалы», 2012 жыл, 31-шілде, Әбсаттарұлы Фазылбек. 

3. 


«Желтоқсан құрбандарын жоқтау», Алматы, «Жалын» баспасы, 1992 жыл, 6- 

бет. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау