Управление образования павлодарской области



жүктеу 6,91 Mb.
Pdf просмотр
бет34/262
Дата27.12.2019
өлшемі6,91 Mb.
#25101
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   262

71 

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын «Тіл белсенділігінің 



жаттығу құрылғысы арқылы дамыту». 

 

Ғ.С. Жапсарбаева,№22 сәбилер бақшасы қазақ тілі мұғалімі 

 

 Слайд 4.Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. 



Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапты қарау баршамыздың негізгі міндетіміз. 

Елдің мәдениетін, әдебиетін, тілін жақсы меңгеріп өсуі үшін бала жастан тәлім 

– тәрбие алуы керек. 

Тіл  –  адамзаттың  қарым-қатынасы  үшін  ең  незгі  мәдени  құралы  болып 

табылады, халықтың ақылгөй таусылмас көзі, ұлттық сана-сезім негізі. Тілді өте жақын 

игеру,  таным  дамуына,  көркем  сөзге  баулуға  қолайлы  жағдай  туғызады.  Баланы 

балабақшада қазақ тіліне үйрету – ең күрделі әдіс болып табылады. Үлгілік қағидалар 

бағдарламасы,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тіл  дамыту  міндеттерін  және  сөйлеу 

қызметін анықтайды, яғни оның ойын қалыптастырып, сөз арқылы сәйкесендіріп, тілді 

шебер  қолдана  білуді,  мәтін  байланысын  қолдана  білуге  қалыптастырады. Бұл мектеп 

жасына дейінгі балалардың коммуникативті дамуының ең бір маңызды жағы. 

Бірақ  та  баланы  сұраққа  жауап  беруге  ғана  үйрету  емес,  сонымен  қатар,  олар 

өздері  сұрақ  қоюға,  белсенді  түрде  айта  білу,  құрбыларымен  ара  қатынас  жасауға, 

әңгімені  қолдауға,  таласты  жүргізуге  үйрету  керек.  Бұл  коммуникацияның  бір  жағы 

яғни ой және сөз, сенім, өзара қатынас, қызмет және сапа, тұлға және қауымдастықтың 

қиылысуы. Жанды сезім ықпалымен бала екі сөз айтса ол өте маңызды, өйткені ол оны 

ашық әсермен айтты, ол оны «сипаттау әңгіме» түрінде құрастырған жоқ. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорын,  тіл  белсенділігін  қалай 

дамытуға  болады  ?деген  сұраққа  жауап  іздей  келе,  тіл  жаттықтырушы  құралдарының 

қызметімаңызды екенін түсіндім.Тіл жаттықтырушы құралы дегенде нені түсінеміз? 

 Слайд  5.Тіл  белсенділігінің  жаттығу  құралы  –  бұл  көп  функциялы  құрал,  ол 

балалармен ойын сабағының жаттығу барысының түрлі деңгейінде көмектеседі. 

Тіл  белсенділігін  арттыратын  жаттығулар  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

оқуға  деген  ынтаны  арттыруға  және  коммуникативтік  белсенділігін  жақсартуға  ықпал 

етеді. 

Жаттығу 


құралғысын 

дыбысты 


және  дыбыстың 

естілуін, 

лексико- 

грамматикалық  және  тілдің  байланыс  жағын  дамытуда  қолданады.  Құралмен  жұмыс 

психикалық  қызмет  жағдайының  әр  жағын  дамытады  –  зейін,  ойлау,  қабылдау,  тіл, 

өзін-өзі  бақылау  машығын  қалыптастырады.  Сөздің  қызметі  баланың  тұлға  ретінде 

дамуына  өте  бағалы.  Сөз  –  кішкене  адамның ой  өрісінің,  қабілетінің  дамуына,  таным 

белсенділігінің ұлғайуына, ой өрісінің кеңеюіне себеп береді. Үлкендердің міндеті ата- 

ана және педагогтар оған жазба және ауызша түрдегі сөзді меңгеруге көмек беру. Сөз 

белсенділігінің жаттығу құралы «помогатор»-бұл жай ғана және сонымен қатар өзіндік 

көп  функционалды  құрал  болып  табылады.  Ойын  тапсырмаларының  түрлі  қатарында 

қолдануға  көмек  беретін  және  әр  түрлі  деңгейдегі  балалармен  жаттығуда,  қоршаған 

айналамен  қарым-қатынаста  төменгі  коммуникативті  тіл  кемтарлығын  дамытуда, 

баланың  жас  ерекшелігіне  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  тұйықтық  жағдайында 

көмек береді[1]. 

Жаттығу құралы «Помогатор текшесі». 

Мақсаты: сөздерді дұрыс айту, есте сақтау. 

«Сөйлеу тынысын» дамытуға арналған ойындар. 

Баланың  әдемі,  мәнерлі,  анық,  қалыпты  темпте  сөйлеу  үшін,  сөйлеу  тынысын 

тәрбиелеу керек. 

 Слайд 6. «Айналмалы текше» құралы . 



72 

 

Мақсаты:  Айналмалы  алты  текшенің  ұтқырлығына  байланысты  жаттығу 



сипатын  ұтымды  пайдалануды  ұйымдастыру  -  берілген  тапсырмаларды  шешуге 

байланысты  материалдың  өзара  алмасуы  (лексика,  грамматика,  жүйелі  сөз,  тіл 

дыбысы). 

Оқу құралы жан-жақты болып табылады: 

-барлық  текшені  пайдалану  арқылы  жұмыс  істеу;  жыл  мезгілдері  схемасына 

қарап әңгімелепберу; 

-схема сурет арқылы сөйлем құрастыру. 

 Слайд  7.Дөңгелек  диаграммалар  -  балабақшадағы  сөйлеу  белсенділігін 

арттыратын жаттығулар. 

Дөңгелек  диаграммалар,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға,  көбінесе  «Менің 

Қазақстаным»,  «Астана  –  бас  қала»  және  «Павлодар  тарихы»  сияқтыкүрделі 

тақырыптарды  әңгімелеуді  дамытуда  қолданылады.  Осындай  диаграммалар  әртүрлі 

лексикалық  тақырыптарда  көптеп  қолданылады,  себебі,  онын  басты  мақсаты– 

сұрақтарды құрастыру және сол сұрақты пайдаланып шағын әңгіме құруға негізделген. 

«Логодиск» ойыны 

- сөздерді айтуды бекіту. 

- сөйлемнен сөзді бөліп айту. 

- берілген сөзге сөйлем таңдау. 

- сөйлемнен сөз орнын анықтау. 

Оқу  тапсырмасы,ойын  әрекеттері  мен  ережелерінің  арасында  тығыз  байланыс 

бар.Тапсырма - ойын әрекеттерін анықтайды, ал ережелер ойын әрекеттерін орындауға 

және тапсырмаларды шешуге көмектеседі. 

Ойындар барысында бала дыбыстарды және сөздерді айтқан кезде ерінін, тілін, 

ауызын  басқаруға,  сөз  мен  сөйлемнің  мағынасын  дәл  жеткізуге  арналған  екпін  мен 

интонацияны қолдануға үйренеді. 

Осылайша,  мұғалімнің  міндеті  балаға  сөйлеудің  дамуын,  белгілі  бір  саланы 

нығайтуын  және  балаға  мұғалімдер  мен  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға 

мүмкіндік беретін ойынмен қамтамасыз ету болып табылады. 

Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  дамыту  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін    күнделікті 

өмірде  еркін  қолдану,  әрі  оны  күнделікті  іс-әрекет  кезіндегі  тілдік  қарым-қатынаста 

қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі  тіл 

дамытудың негізгі бір міндеттері. 

Балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы 

заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін 

ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым, 

түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорларын  дамыту  ісінде  мұғалімнің 

міндеттері: 

-балалардың сөздік қорларын дамыту; 

-жаңа сөздерді меңгерту; 

-үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап,әрі байыту. 

Баланың  сөздік  қорын  дамыту  жұмысында,  олардың  біріншіден  есте  сақтау 

қабілеттерің  дамыту  маңызды:  себебі  бала  сөздерді  есте  сақтағанда  ғана  оны  қолдана 

алады [2, с.101]. 

 Слайд 8. «Музыкалы қолғап» ойын. Сөздерді  дұрыс айту, есте сақтау, сөздерге 

ауызша сөйлем құру. 



жүктеу 6,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   262




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау