Прецеденттер диаграммалары немесе пайдалану нұсқалары жобалануға тиіс жүйеге қойылатын тапсырыс берушінің талаптарын анықтау және оларды формальді түрде бейнелеу үшін қолданылады. Пайдаланушының сұраныстарын өңдеуге қандай информация қажетті екендігін, пайдаланушыға жүйе қандай мүмкіншіліктер бере алатынын диаграмма арқылы сипатталынады. «Прецедент» деген термин кейін үлгі немесе мысал болатындай жағдайды көрсетеді.
Соңғы пайдаланушы адам немесе белгілі бір техникалық құрылғы болуы мүмкін. Ол кішігірім адамның фигурасы арқылы бейнеленеді. Прецедент диаграммасы сопақша (эллипс) түрінде бейнеленіп, оның ішіне пайдалану нұсқасының аты жазылады. Мазмұнның түсініктемесі немесе ескертудің графикалық бейнесі шеті қайырылған қағаз парақ түрінде белгіленеді. Ескертудің мәтіні осы параққа жазылады. Осыдан кейін ескерту осыған қатысты диаграмма элементімен пунктир сызық арқылы байланыстырылады.
Прецеденттер диаграммаларында жиі қолданылатын элементтің бірі –интерфейс. Интерфейс дегеніміз кластардың немесе компоненттердің беретін операцияларының жиыны. Интерфейс пайдаланушы информация алуы үшін пайдаланылады. Интерфейс кішігірім дөңгелекпен бейнеленеді. Интерфейс аттары I әрпімен басталады, мысалы, ISensor.
Прецеденттер диаграммаларының арасында әртүрлі қатынастар болуы мүмкін. Қатынастар прецедент пен пайдаланушы арасында, пайдаланушылар арасында да болуы мүмкін. Қатынастарды бейнелейтін UML нотациялары:
-association relationship (ассоциация қатынасы) жүйедегі пайдаланушы ролін орнатады. Оны белгілеу үшін пайдаланушы мен прецедент арасын тұтас сызықпен қосады; стрелка үстіне жазылған цифрлар қатынастың қайталануын көрсетеді; қатынастың қайталануын (multiplicity) белгілеу үшін жұлдызды цифрлар қолданылады; олар осы қатынастың мүмкін болатын компоненттер санын көрсетеді;
-extend relationship (кеңейту қатынасы) екі прецедент арасындағы байланысты көрсетеді; үстіне «extend» деген сөз жазылған пунктир стрелкамен бейнеленеді; стрелка қосылатын прецеденттен кеңейтілетін прецедентке бағытталған;
-generalization relationship (қорыту қатынасы) бір компоненттің (прецедент немесе пайдаланушы) екіншісінің жеке жағдайы болатынын көрсетеді; жалпыдан жекеге бағытталған стрелкамен белгіленеді;
-include relationship (кірістіру қатынасы) бір прецедентті екіншісіне құрама бөлігі ретінде кірістіруді көрсетеді. Бір прецедент бірнеше ірі прецедентке кіруі мүмкін. Үстіне «include» деген сөз жазылған, негізгі прецеденттен кірістірілетін прецедентке бағытталған пунктир стрелкамен белгіленеді.
Осы аталынған прецеденттер диаграммаларын пайдаланып, тапсырыс берушінің ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарын сипаттауға болады.
Ескерту. Прецеденттер диаграммаларында амалдардың орындалу тәртібі көрсетілмейді. Ондай информация белсенділік, әрекеттестік және жағдайлар диаграммаларында болуы мүмкін.
Дестелер. Күрделі жүйелерде оларды бірнеше бөліктерге бөлу қажет болады; ол жағдай компоненттерді бейнелеуде көрсетілуі тиіс. Ол үшін UML тілінде пакеттер (дестелер - Package) қолданылады. Десте үстіне «Package» деген сөз жазылған тіктөртбұрыш түрінде болады. Белгілі бір дестеге жататын компоненттер оның сыртында да қолданылатындай болады. Ол үшін ол компоненттің аты мен ол орналасқан десте аты жазылуы керек:
Имя_пакета: Имя_Компонента
Бұл десте өзінің аттар кеңістігін құрайтынын көрсетеді. Модельдің дестеге кіретін элементтері бір-бірімен логикалық байланыста болады. Егер жүйедегі кластар саны өте көп болса, онда диаграммалар дестесі қолданылады. Осы арқылы жүйе жоғары деңгейдегі бөліктерге бөлінеді. Кластар диаграммалары туралы төменде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |